метрология. Реферат Метрология. Реферат Таырыбы Сатылы білікті длдік крсеткішін лшеу. Вертикалды зындылшегіш изв2 аспабы
Скачать 0.74 Mb.
|
4 кесте
4 Жұмыстың жеке кезеңдерін орындау бойынша мәлімет Ұзындықөлшеуіш шкаласын 0-ге дұрыстау келесідей түрмен жүзеге асады. Сермер 19 және бұрама 20 көмегімен миллиметрлі шкаланың нөлдік штрихын екеулі нөлдік иіру серіппесінің ортасына корпусты 21бұрамамен 23 бекітеді. Аспапты құрастырып, өлшеуіш өзекті көтеріп, оны бұйым өлшейтін столға қойып, өлшеуіш өзекті ұшты бұйыммен түйістіргенше төмен түсіреді. Микраскоптың 18 шкаласы бойынша (5-ші сурет) есепті есептейді. Есептеу үрдісін нақты мысалдармен қарастырамыз. Есепті микраскоптың көру аумағында (8-ші сурет) біркелкі көрінетіндер: үлкен сандармен белгіленген миллиметрлі шкаланың үш штрихы «11», «12», «13», қозғалмайтын шкаланың миллиметрдегі он еселі бөлінуі «0» ден «10» дейін; дөңгелек шкала есебі үшін миллиметрдегі жүз, мың еселі бөліну мен екі еселі иілу серіппесі. Ең алдымен есептеу алдында екі еселі иілуде миллиметрлі штрих, иілу сызықтарының дәл арасында болғандай етіп екі еселі иілу серіппесін сермермен жақындастыру керек. Миллиметрлі есептің индексі болып, шкаланың нөлдік штрихының он еселі миллиметрі саналады. 8-ші суреттегі миллиметрлі штрих «12» шкаланың он еселі миллиметрінде нөлдік штрихынан өтті, ал жақын тұрған «13» үлкен штрихы нөлдік шкалаға өткен жоқ. Есеп «12» штрихынан шкала миллиметрінің он еселі нөлдік штрихына дейін 12 мм тесіктермен болады. Бұл тесік он еселі шкала штрихынан соңында өткен миллиметрде он еселі сан «2» мен белгіленеді. Миллиметрдегі жүздік, мыңдықтар дөңгелек шкала бойынша анықталады; мұнда есеп индексы болып, шкала көрсеткіші қызмет етеді; дөңгелек шкаласының бөлінуі – 0,001 мм. 8-ші суретте «72» штрихы көрсеткіштен және интервал шкаласының кейбір бөлімдерінен өткен. Бұл интервал бөлігінің он еселі бөлінуін көзбен жобалап анықтайды: Ол шамамен дөңгелек шкаласының 0,5 бөлігіне тең. Осылайша соңғы есеп 12,2725 мм болады. 8 сурет - Есептік микроскоптың шкаласы 5 Қауіпсіздік шаралары 1 Жұмыстың тәжрибелік бөлімін орындауға ИЗВ-2 ұзындықөлшеуіш құрылғысының жұмыс істеу тәртібімен танысқан жағдайда ғана орындау. 2 Ұзындықөлшеуіште тетік өлшемін өлшеу тағы да сол сияқты жұмыстарды зертханашы бар кезде орындау. 3 Ұзындықөлшеуішті 220 В ток көзіне қоспай тұрып, оның төменгі трансформаторға қосылғанына көз жеткізу керек. 4 Өлшеулерді орындап болған соң, ұзындықөлшеуішті ток көзінен өшіру керек. Қорытынды: Дұрыс жасалынған сандық есептеу материалдық, энергетикалық (электр тоғы, жылу, газ, су) ресурстардың үнемделуіне сеп болады. Бүгінгі күнгі салмақ өлшейтін, детальдардың жарамдылық-жарамсыздық тағы басқа параметрлерін өлшейтін аспаптардың қателіктерінен, мерзімді тексеруден өтіп, жарамды деген қорытынды алған күнде де жүктің немесе өндіріс өнімдерінің 1% есепке алынбай қалып жатыр. Электр санауыштарының қателіктері 2% жəне т.б. сондықтан өлшеу аспаптарының дəлдік дəрежесін көтеру əркез маңызды шаруа. Метрологияның өндірістің бар саласында, адам баласының өмірінде алатын орны зор. Қандайда болмасын бір өнімнің, қызметтің сапасын бірыңғай бағалаған кезде, олардың бəсекелестігі артады да, əр ел арасындағы сауда алмасуы да жоғарылайды деген сөз. Қазақстанның экономикасының артуы үшін ВТО-ға кірудің маңызы бар. Ғылыми–техникалық прогресті ары қарай дамыту үшін, метрология өзінің дамуында, ғылым мен техниканың басқа салаларына қарағанда көш ілгері жүріп отыруы керек, өйткені нақты өлшемдер олардың дамуының бір жолы болып есептелінеді. Өндірістері жоғары дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциалының деңгейі олардың өлшеу техникасының даму деңгейімен бағаланады. Сондықтан өндірісте теориялық жəне заңдастырылған метрологияның негізгі ережелерін жақсы білетін, оларды іс жүзінде қолдана білетін білгір мамандар қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Машина жасау мамандығы бойынша «Өзараауыстырымдылық негіздері» пәнінің оқу- әдістемелік кешені. Бектібай Б.Ж., Бимен Д.М., Жаханова И.Ж., Нұрымов Е.Қ. Алматы: ҚазҰТУ, 2010 ж. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті Самсаев М.Б, т.б., Алматы 2008 Практикалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар. Асқаров Е.С., т.б., Алматы ҚазҰТУ, 2004 |