Главная страница
Навигация по странице:

  • Теологиялық парадигма

  • Натуралистік парадигма

  • Әлеуметтік парадигма

  • Ұлттық саясаттану мектептері.

  • Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.. 1 Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері. Реферат Таырыбы" Саясаттануды негізгі парадигмалары мен мектептері " Дайындаан Наурызбай. С


    Скачать 40.95 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы" Саясаттануды негізгі парадигмалары мен мектептері " Дайындаан Наурызбай. С
    АнкорСаясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері
    Дата15.10.2021
    Размер40.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.docx
    ТипРеферат
    #248488

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

    Абай Мырзахмет атындағы Көкшетау университеті

    Реферат

    Тақырыбы:” Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері

    Дайындаған: Наурызбай.С

    Тексерген: Курманжан.Д

    Көкшетау 2021

    Жоспар:

    1. Теологиялық парадигма

    2. Натуралистік парадигма

    3. Әлеуметтік парадигма

    4. Ұлттық саясаттану мектептері

    5. Қорытынды

    6. Тезис


    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Гаджиев К. С. саяси ғылым: Оқу құралы. – М., 1995

    2. Дугин А. консервативті революция. // Издательство Арктогея, М., 1994"Метафизические корни политических идеологий"

    3. Пугачев в.п., Соловьев А. и. саясаттануға кіріспе. М., 1995

    4. Cаяси идеологиялар. Сб. мақала. - Кемерово: КемГУ, 1996

    5. Санистебан Л. саясат және идеология. // Диалог, 1993, № 8-9

    6. Соловьев А. и. саясаттану: саяси теория, саяси технологиялар: ЖОО студенттеріне арналған оқулық. – М., 2001

    7. http://www.politnauka.org

    8. http://politologa.net/

    9. http://www.emc.komi.com

    Парадигма (грекше -«үлгі» деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

    Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Г.Кун. Ол сондай-ақ, белтілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс. Саясаттанудың негізгі парагдигмаларына : Теологиялық парадигма, Натуралистік парадигма, Әлеуметтік парадигма жатады.

    Қысқаша тоқталар болсақ: Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.

    Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.

    Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.

    Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді:
    қақтығыстық парадигма (конфликт), XIX ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді.

    мәмілеге келу парадигмасы (консенсус). Өкілдері: М.Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.

    Теологиялық парадигма

    Теологиялық парадигма (гр. Тео — құдай, logos — ілім) саясаттың және оның проблемаларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады. Биліктің пайда болуын, билік өкілеттіктерінің мәні туралы, биліктің өз іс-әрекетінде жүзеге асыратын заңдары туралы, адамның билікке және биліктің адамға қатынасы туралы мәселелерді діни ілімнің белгілі бір догматтық құрылысы арқылы шешеді. Адамға саясат әлемің саяси катынастарды түсіндіретін діни пайымдар құдай берген деп қабылданады. Осы ретте теологиялық парадигма адамдардың жердегі өмірінің жетілмегендігің оны жақсарту қажеттілігін ескереді. Бұған жетудің негізгі жолы құдай жазып қойған тағдырға сену.

    Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңдерінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде өр түрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Мұнда билік табиғаттан тыс, ерекше абсолютті күш ретінде қарастырылады. Ол құдіретті күштің құралы, сондықтан адам билікке бой ұсынып, көнбістік танытуы керек. Теологиялық парадигма билік етуші субъектінің билік құру құқығын ор- нықтыруға қызмет етті. Бұл үшін билік құрушы адамдардың (көсемдер, монархтар) құдайлық тегі туралы, олардың билік құруға деген шексіз кұқығы туралы әр түрлі діни-мифологиялық конструкциялар пайдаланылады.

    Теологиялық парадигма өзінің ортақ белгілерін (бірлесіп өмір сүрудің, биліктің, оның зандары мен талаптарының табиғаттан тыс негізін мойындау, осы тұрғыда билік пен оның акцияларының легитимділігін түсіндіру) сақтағанымен, әрбір әлеуметтік-мәдени ортада өзгеріске түсіп отырады және тиісті өмірлік мазмұнға ие болады. Сондықтан да, теологиялық парадигма таза абстрактілі, догматтық, мифологиялық көзбояушылық емес, ол сондай-ақ өз уақытының саяси сұрауына жауап беруге ұмтылады. Теологиялық парадигма, саяси өмірдің маңызды құбылысы ретінде билік үшін күрестен шет қалмайды, ол бұл күресті бейнелеп, идеологиялық тұрғыңа негіздейді. Көрнекті христиан философы Аврелий Августин (б.з. 354-430 жж.) адамдар қауымдастығының бір-біріне карама-қарсы екі түрі: "құдай қаласы" және "жер қаласы" өмір сүреді деп есептеді. "Жер қаласы" — кемеліне жетпеген адамдардың шынайы өмірі, ал "құдай қаласы" — Құдайды сүю мен іздеу, бірақ оның жерде тұрағы жоқ болғандықтан ол қаңғыбастық пен үйсіздікке душар болған. Осылай Әулие Августин адамдардың нақты өмірі мен олардың саяси проблемаларының "жер қаласында" болатындығын атап көрсетті.

    Дің мен шіркеудің саяси позициялары жеткілікті түрде берік болған Ортағасырлық Еуропада шіркеу билікті занды деп тануды мойындау мәселесі туралы саяси жорамалмен қаруланды. Сондықтан да көптеген ақсүйек билеушілер үшін өздерінің билік өкілеттіктерінің шіркеу тарапынан қоадауға ие болуы мен танылуы биліктің сақталуының негізі болды. Фома Аквинскийдің (1225-1274 жж.) тиранға қарсы халықтың көтерілу құқығы туралы белгілі ережесі осылай пайда болды. Бұл ереже ортағасырлық барлық діни ересьтің өзегі болды. Теологиялық парадигма өзінің идеялық формасы жағынан схоластикалық, догматталған жүйе болса да, шынайы өмір өзінің саяси проблемаларымен осы жүйеге еніп кетті, себебі ұлы теологтарға өз уақытының өзекті саяси сұрақтарына жауап беру қажет болды.

    Саяси ойлардың тарихындағы теологиялық парадигманы қарастырғанда, біз өзіміздің жерлесіміз, ортағасырдың көрнекті философы Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл Фарабидің (850-950жж.) көзқарастарынан аттап кете алмаймыз. Теология туралы еңбектерінде ол дінді философияға бағындырды, өйткені философияның ықтималдық пен софистикалық тән теологиядан ерекшелігі оны дәлелденген ойлар деп санады. ізгі кала туралы ілімінде ол жалпыланған формада, өз заманының саяси ойларының табыстарына сүйене отырып, қоғамдық істерді идеалды басқару туралы, дұрыс мемлекеттік құрылыс туралы түсініктерді берді. Теологиялық парадигма жаңартушылық, тіпті модернистік тенденциялар да жат емес саяси мәдениеттің кабатын жасады.Сондықтан да, оны есептен шығарын тастауға, болмайды. Әрине, биліктің құдайдан берілгендігі, тарихи процесті тағдырдың жазмьпііы ретінде түсіну және бәрі құдай еркімен жүзеге асуы туралы идеялардың өзінің теориялық мәнін жоғалткдндығы сөзсіз. Бірақ біз идеялардың саяси салмағын қарастырғанда, оның қарабайырлығына, теориялық жарамсыздығына сүйенбеуіміз керек.

    Идеялардың саяси салмағы оның бұкара халыққа ықпал ету дәрежесімен, оларды "саяси ерлік" жасауға тарту қабілеттілігімен аныкталынады. Бұқара халық терең мазмұнды рефлексияға қабілетсіз болғандықтан идеяларды жанжақты талдамайды. Идея бұқараны еліктіріп, өзінің қандай да бір аспектісі бойынша оған ұнап, саяси белсенділікке итермелейтіндіктен материалдық күшке айналады. Мәселен, шығармашылық элитасы әлемдік мәдениетке баға жеткісіз үлес қосып, философиялық рефлексияның ұлы үлгілерін жасаған неміс халқы нәсілшілдік пен ұлтшыл- социализмнің қарадүрсін идеяларымен саяси процеске қатыстырылды. Қазіргі күнде біз ислам дүниесінде өмір сүру үлгісі ретіндегі ислам дінінің адамгершілік жағынан үстемдігі, оларға батыс христиандық өркениеттің келеңсіз аспектілері тән еместігі туралы идеяларды халық бұқарасының ұстанып отырғанын көріп отырмыз, ал бұл өз кезегінде лаңкестіктің ордасы болып табылатын діни фанатизм формасындағы қарама-қарсылықты тудыруда. Оның әлеуметтік базасы люмпендендірілген халық бұқарасы болып табылатын солшыл радикализм де саяси құбылыс ретінде теологиялық парадигманы жаңғыртып, өзектендіреді. 60-шы ж. ортасында ұлт-азаттық қозғалыстардың өсуі кезеңінде Латын Америкасының көптеген елдерінде "азат ету теологиясы"деп аталатын идеология пайда болды. Саяси тұрғыдан алғанда бұл идеология АҚШ-қа тәуелділіктен құтылу, өздерінің дербес даму жолын таңдау төрізді саяси бағыт ұстанды.

    Латын Америкасы елдерінде байқалған экономикадағы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты жетістіктер "азат ету теологиясы" идеологиясының пайдалы жақтарының іске асуымен түсіндіріледі. Өзінің құрылымы жағынан ол бұқараға жақын, түсінікті, оларды белсенді теріс іс-әрекеттерге итермелемейді, қоғамды кең тұрғыда реформалаудың идеологиялық базасы ретінде қызмет етті. Тоталитарлық діни секталардың пайда болуы, өздерін мессия, адамзаттың жаңа құтқарушыларымыз деп жариялайтын адамдардың көптеп пайда болуы теологиялық парадигманы ескермеуге болмайтындығын, оның өз өзектілігін жоғалтпағандығын көрсетуде.

    Натуралистік парадигма

    Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады. Бұл жағдайда ең басты себеп ретінде адамдардың бірлесіп өмір сүрулерінің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік факторлар емес, керісіңше адамның биологиялық, психофизиологиялық құрылымы мен сондай-ақ қоршаған табиғи ортамен аңықталатын табиғи фактор алдыңғы орынға қойылады.

    Табиғат - адамзаттың бастапқы негізі. Оған ол өзінің кіндігімен байланған. Өркениеттің даму себебін іздестіргеңде адамзаттың ақыл-парасатының табиғи факторларға көңіл аударуы заңды нөрсе. Саяси ойлар тарихында натуралистік парадигма негізінде өрқилы тектегі геосаяси, биосаяси, психологизаторлық концепциялар пайда болып отырды.

    Геосаяси идеялар әр түрлі географиялық ортада өмір сүретін мемлекеттік құрылымдарды, халықтардың саяси өмірін салыстыру негізінде пайда болды. Географиялық фактор ретінде климат, жергілікті жердің рельефі, адамдар қауымдастығының өмір сүру ортасы, су бассейнінің болуы сияқты аймақтық ерекшеліктер ұсынылды.

    Географиялық ортаның саясат пен мемлекеттік құры- лысқа тигізетін ықпалына ертедегі ойшылдар да көңіл аударған. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.з.д.460-370 жж.) өзінің "Ауа, су және жергілікті жер туралы" шығармасында аталған табиғи факторлардың адамның денсаулығына, оның мінез-құлқына, сондай-ақ жергілікті жердің қоғамдық жөне мемлекеттік құрылысына тигізетін ықпалына көңіл бөлді. Адамды "саяси хайуан" деп атай отырып Аристотель қоғам мен мемлекеттің пайда болуының табиғи негізінің бар екенін көрсетті.

    Географиялық фактор ірі географиялық ашулар орын алған жөне осының негізінде өздерінің табиғи-климаттық жағдайларымен ерекшеленетін, әр түрлі құрлықтарда өмір сүретін халықтардың саяси өмірі мен мемлекеттік құрылы- сын салыстыру мүмкіндігі пайда болған 15-16 ғғ. бастап ерекше мәнге ие бола бастады.

    Ғылымдағы географиялық бағыт пен геосаяси идеялар- дың негізін салушы ретінде француздың саяси ойшылы, заңгер Жан Боденді (1530-1596жж.) есептеуге болады, ол өзінің "Тарихты жеңіл үйрену әдісі" (1566) атты шығармасында қоғам дамуына табиш орта ықпалын тигізеді деген идеяны ұсынды. Географиялық бағыт мейлінше тиянақты түрде француз ойшылы Шарль Луи Монтескьенің (1689-1755) "Заңдар рухы жайлы" деп аталатын еңбегінде жете зерттелді. Оның көзқарасы бойынша, климаттық жағдайлар, жергілікті жердің топырағы, рельефі халықтардың мінез-құлқына ғана емес, өте үлкен дәрежеде қоғамдық дамудың сипатына, ха- лықтар өміріндегі саяси процестерге де ықпалын тигізеді. Географиялық детерминизм идеяларын біршама жұмсарта отыра Монтескье географиялық фактордың әсері адамдар қоршаған ортаның жағдайларына тәуелді болған өркениет дамуының бастапқы кезендерінде ерекше байқалғанымен, өркениеттің даму барысымен өндіріс, жеке меншік, басқару принциптері, әдет-ғұрып, дін секілді әлеуметтік факторлардық ықпалының күшейетіндігін атап көрсетті.

    Тұтастай алғанда географиялық парадигма ғылыми тұрғыдан аса жемісті болды. Ол ғылымдағы географиялық мектептердің институтталынуына алып келді, географиялық себептер мен жағдайларды ескере отырып саяси процестерді түсіндіруге тырысатын саяси географияның пайда болуын қамтамасыз етті.

    Географиялық парадигма мемлекеттердің, халықтар мен ұлттардың арасындағы өзара қарым-қатынастарда маңызды рөл атқаратын қазіргі геосаяси доктринаның қалыпта суында ерекше мәнге ие болды. Геосаяси доктриналар мемлекеттің саясй бағытының қалыптасуында басты қызмет атқарады. Қазіргі геосаясат бөтен территорияны жаулап алу, агрессия ғана емес, өзінің сыртқы саясатынық бағытын айқындау үшін географиялық жағдайларды пайдалану, сырткы саясаттағы проблемаларды шешуде қалыптасқан географиялық ахуалды мейлінше толық ескеру.

    Геосаясат сыртқы саяси басымдықтарды да анықтайды, себебі олар географиялық ортаның ресурстарын (мемлекеттің өмірлік маңызы бар орталықтарынық кеңістіктік қорғанысын анықтайтын шекара кауіпсіздігі, пайдалы казбалардың болуы және оларды экономикалық айырбастауды ұйымдастыру үшін пайдалану мұмкіншілігі, мемлекет территориясының әлемдік транспорттық байланыстарды ұйымдастыру желілеріне жақындығы және т.б.) пайдаланумен байланысты. Қазіргі геосаясат баламалы айырбастауды қамтамасыз етуге жағдай жасай отырып, үйлесімді түрде өлемдік нарықтық жүйеге енеді. Алайда бұл жағдай геосаяси проблемалардың дербестігін, мемлекеттің сыртқы саясаттағы және ішкі саясаттағы акцияларын қамтамасыз ету үшін оларды белсенді идеологиялық тұрғықа пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осы жерде Қазақстанның геосаяси жағдайын ескеретін Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеясының жемістілігін айта кеткеніміз жөн. Бұл идея Қазақстан Республикасына екі құрлықтың экономикалық, рухани факторларын біріктіруге және елдер мен халықтарды байланыстыратын көпір болуға мүмкіндік береді.

    Натуралистік парадигма сонымен бірге, саясаттың, саяси мінез-құлықтың, саяси құрылымдардың шығу көздерін адамзаттың биологиялық табиғатынан іздеуге талпынатын әр түрлі биосаяси доктриналарда қолданылады. Биосаясат адамның инстинктілік, генетикалық, туа біткен табиғи касиеттері оның саяси мінез-құлқының, сондай-ақ қоғамдық өмірдің саяси құрылысының ерекшеліктерін анықтауда шешуші рөл атқаруын ескереді.

    Жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерінің (мысалы, жынысы, жасы) саяси реакцияның ерекшелігін анықтау мен саяси жүріс-тұрысты қалыптастырудағы мәнін толықтай жоққа шығаруға болмайды. Аффектілер — тән мен жанның байланысы (Спиноза), сондай-ақ тұлғаның генетикалық ерекшеліктері де, мәселен, оның реактивтілігі саяси жүріс-тұрысқа әсерін тигізеді. Алайда, неміс ғалымы П. Мейердің көзкдрасы бойынша адамның саяси жүріс-тұрысы екі деңгейден тұратындығын ескергеніміз жөн. Жоғарыда айтылғандардың бәрі төменгі деңгейге, тікелей реакцияға жатады. Саяси жүріс-тұрыс- тың ең жоғары деңгейі рефлексия нәтижесінде пайда болады, яғни оны анықтауда ақыл-ой, символдар жөне әлеуметтік-мәдени нормалар шешуші рөл аткарады. Осында, батыстық биосаясаттың адамдардың саяси жүріс-тұрысының жеке тұлғаның жынысына, жасына, генетикалық ерекшеліктеріне тәуелді болатындығын зерттеу барысында қолданбалы саясаттануда біршама табыстарға қол жеткізгендігін айта кету керек. Биосаяси мәліметтерді қолданбалы саясаттану референдумдардың, сайлаулардың нөтижелеріне саяси болжам жасауда, саяси оқиғаларға бұқараның көзкдрасын анықтау үшін пайдаланады. Саяси ғылым индивидуумның не әлеуметтік топтардың саяси оқиғаларға қатынастағы психологиялық көзқарастарына ерекше көңіл бөлетін әр түрлі психологизаторлық ағымдарды да натуралистік парадигмаларға жатқызады.

    Мінез- құлықтың психологиялық түрткілерінің бастапқылығын мойындай отырып, бихевиоризм оларды саяси мінез-құлықтың мотивациясын индивидтің немесе бұқараның (тобырдың) рефлекторлы-инстинктивті сезімдері арқылы анықтайтын микрофактор ретінде қарастырады. Ескеретін жайт, біздің саясаттануда бұқараның саяси мінез-құлқынық психологиялық негізі тіптен зерттелмеген проблема. Биосаяси доктриналардың қатарына нәсілшілдік те жатады. Нәсілшілдік белгілі бір саяси қажеттіліктерге қызмет ететін идеологиялық және саяси доктрина болын табылады, ол ақ нәсілге жатпайтын халықтар топтарынық нәсілдік кемдігін танумен, әр түрлі нәсіл өкілдерінің жалпы өркениеттік дамуға қосқан үлесінің теңсіздігін мойындау мен және қазіргі кезеңдегі саяси процестердегі ақ нәсілдің рөлінің басымдылығын дәлелдеумен байланысты. Нәсілшілдік идеология ретінде БҰҰ тарапынан айыпталып және қазіргі жағдайда мемлекетаралық қатынастарда саясат факторы ретінде қолданылмаса да, психологиялық тұрғыда адамдардың мінез-құлықтық реакциясына ықпалын тигізіп, бұкаралық санада маңызды орын алып отыр.

    Әлеуметтік парадигма

    Әлеуметтік парадигма қоғамдық ғылымдарда өте кең тараған. Ол саясаттың шығу тегін, оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіреді. Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде дәлелденген жүйесі жасалған. Ол әлеуметтік шынайылықтың, оның проблемалық мазмұнының барлық байлығын көрсететін концептуалды негізге айналды.

    Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама-қайшылыққа толы процесс ретінде қарастырады. Үлкен әлеуметтік топтардың (байлар мен кедейлердің, ауқаттылар мен жарлылардың, сословиелердің, таптардың) мүдделерінің антагонизмі қарама-қайшылықтың негізі. Әлеуметтік парадигма таптар мен тап күресінің идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады.

    К. Маркс пен Ф. Энгельс бірігіп жазған "Коммунистік партияның манифесті" атты белгілі шығармада әлеуметтік парадигма адамзатты қанаудан құтқаратын пролетариаттың бүкіл әлемдік-тарихи мессиялық рөлін орнықтыратын революциялық идеологиянық концептуалды негізі ретінде қолданылады. Бұл тарихи міндетті пролетариат революция жасағанда және өзінің таптық диктатурасын орнатканда ғана орындай алады. В.И. Лениннің ойы бойынша марксизмдегі ең басты мәселе — пролетариат диктатурасының тарихи болмай қалмайтындығы мен оның тарихи кажеттілігін мойындау.

    Марксизмде әлеуметтік парадигма әлеуметтік - экономикалықка өзгереді. К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша, қоғамдық дамудың іргетасы адамдардың материал- дық игіліктерді өндіруі болып табынады, ал ол сатылы процесс ретінде, өндірістің ерекше тәсілі ретінде жүзеге асырылып, қоғамның экономикалық базисін қалыптастырады.

    Осы базистің үстінде қондырма деп аталатын құрылымданған жүйе пайда болады. Қондырма базиске қатынасы бойынша қайтарымды әрі белсенді.Әр түрлі өлеуметтік институттар қондырманың маңызды компоненттері болып табылады. Олар: идеологиялық көзқарастар, ұйымдар, мекемелер, бұлардың арасынан беделді орынды идеология және ұйымдастырушы құрылым ретінде (мемлекеттік билік, саяси партия және басқалары) саясат иеленді.

    Марксизмді насихаттау немесе сынау біздің міндетімізге жатпайды. Біз тек мына мәселеге ғана назар аударамыз: әлеуметтік-экономикалық парадигма революциялық идеологиянық негізі ретінде аса мақсатты болғанымен оның әлеуметтік-жасампаздық рөлі тиімді болмады, себебі ол тарихи процестің нағызжасампаз негізі ретіндегі адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының деңгейін төмендетіп жіберген еді.

    Әлеуметтік парадигмалардың қатарына әлеуметтік-экономикалықтан бөлек, патриархалды-тектік кұрылыс ыдырап, ол жаңа нормалар мен биліктік құрылымдары бар таптық қоғамға өте бастаған кезде ерекше мәнге ие болған этикалық-нормативті тәсілді жатқызуға болады. Мұндай тәсіл әсіресе Конфуций (б.з.д. 522-479жж.) мен Аристотельге (б.з.д.384-322жж.) тән. Әрине, таптық қоғамның дамуы мен мемлекет пен оның заңдарының реттеуші рөлінің күшеюіне байланысты этикалық-нормативті тәсіл екінші орынға ығысты. Бірақ азаматтық қоғам қызмет ете бастаған қазіргі кезде аталған парадигма дамудың жаңа қарқынына бет бұруда.

    Әлеуметтік парадигмалардың қатарына мәдени-антропологиялық парадигма да жатады, оның көмегімен саясаттың сырткары натуралистік жалпыәлеуметтік негіздерінен адамның өзіне, оның әлеуметтік мәдени дүниесіне, ол өмір сүретін өмірлік жағдайларға, оның осы жағдайларға бейімделуі мен өзінің жеке шешімдерін қабылдауға өтуі іске асырылады. Бұл көзқарас тұрғысынан, саясат адамның әрекетшіл мәнінің құбылысы, оның шығармашылық қызметінің жүзеге асуы болып табылады.

    Бұл парадигма бойынша, тұлға саяси өмірдің қайнары мен өзегі болады. Адамзат өзінің саясатқа қатысуын анықтайтын өзгермейтін субстанциялық касиеттерге ие. Индивидуалдық даму деңгейі, тәжірибе мен мәдениетті игеру адамның осы процеске жасампаздық тұрғыда қатысуын анықтайды. Сондықтан саясат сферасы адам осы процесте өзін саяси субъект ретінде көрсете алатын адамдардың ісәрекетінің аймағы болып саналады.

    Мұнда, саясаттың маңызды ерекшеліктері адамдардың бірлескен өзара әрекетімен анықталғанымен бұл парадигма бойынша ортақ мүдденің жеке мүдделердің жиынтығы ғана екендігін ескерген жөн. Саясатта іске асырылатын жалғыз шынайы мүдде — жеке адамның саяси іс-әрекетінің негізі, өзегі болып табылатын жеке мүдде. Сондықтан да, саясатта негізгі балама ретінде ортақ мүдде ұсынылған кезде, индивидті манипуляциялау қолға алынады, өйткені ортақ мүдде өткінші болып келеді.

    Осылай, мәдени-антропологиялық парадигма саясаттағы жекелік принциптерді концептуалды түрде негіздейді.

    Саясаттанулық концепция ретінде мәдени-антропологиялық парадигма әлсіз болғанымен, оның саясаттың қолданбалы проблемаларын зерттеуде, саяси өмір агенттерінің жеке көзқарас мәселелерін талдауда аса пайдалы нәтижелер беруі мүмкін екендігін ескеру қажет. Өйткені саясатты жеке қабылдау, жеке саяси реакция — саяси өмірдің нағыз шынайы құбылысы. Сондықтан да оларды зерттеуде, өлеуметтік-психологиялық негізін ашуда, индивидтің әлеуметтік-мәдени дамуға тәуелділігін анықтауда жемісті нәтижелерге қол жеткізуге болады.

    Мәдени-антропологиялық парадигма саяси элитаның калыптасуын және жетекші тұлғалардың (лидерлердің) жасампаздық қасиеттері мен саяси іс-әрекеттерін карастырумен байланысты мәселелерді зерттеуде ерекше құндылықка ие. Өйткені, саясат сферасында белсенді жасампаздық іс-әрекет элитарлық сипатта болады. Ол тұлғаның саяси іс-әрекетке мүдделілігі, ерекше қасиеттері мен қабілеті, яғни тұлғаның элитарлық өлшемдері болғанда ғана мүмкін болады.

    Ұлттық саясаттану мектептері.

    Қазіргі шетелдік саяси ғылымда жетекші рөлді американдық саясаттану алады. Американдық саясаттану мектебінің қалыптасуына Платон мен Аристотельдің саяси идеяларына, Т.Хоббстың классикалық конституционализміне, Дж. - Локка, Ш.Монтескье және т. б. американдық саясаттану ғылымында басым бағыт жоқ. Ең көп таралған және маңызды:

    1) Әлеуметтік бағыт;

    2) мінез-құлық (мінез-құлық) бағыты;

    3) психологиялық көзқарас.

    Американдық саясаттанудың басты міндеті дәстүрлі түрде Саяси билік мәселелерін дамыту болып қала береді. Бұл жағдайда зерттеудің екі деңгейі бөлінеді:

    1) саяси биліктің конституциялық негіздері мен қағидаттарын талдау (конгресс, президенттік және әкімшілік-басқару аппараты жүйесі және т. б.);

    2) Саяси билік пен саяси мінез-құлықты Талдау (қоғамдық пікірдің жұмыс істеу тетігі, сайлаушылардың мінез-құлқы, саяси партиялардың қызметі).

    Жақында американдық саясаттануда жаңа бағыттар қарқынды дамыды-бұл саяси басқару, Халықаралық Саясат, Саяси модернизация, Салыстырмалы саясаттану теориялары.

    Американдық саясаттану мектебі Англиядағы саяси ғылымға айтарлықтай әсер етті. Ағылшын саясаттануының қазіргі түрінде гуманитарлық білімнің жаңа саласы болып табылады, онда саяси зерттеулердің экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық бағыты барған сайын күшейе түсуде. Сонымен бірге, ағылшын саяси жүйесін, сайлау институтын, әр түрлі ресми және бейресми топтардың үкімет пен Парламентке саяси қысым жасау механизмін, сайлаушылардың саяси мінез-құлық психологиясын және т. б. талдауға ерекше назар аударылады. Қазіргі ағылшын саясаттануының негізгі мәселелері:

    1.) қақтығыс теориясы;

    2.) келісім теориясы;

    3.) плюралистік демократия теориясы.

    Англо-американдық саясаттанудан айырмашылығы, Германияның қазіргі саясаттануы негізінен теориялық және философиялық сипатқа ие және саяси және әлеуметтанулық зерттеулермен біріктірілген. ГФР саясаттанушыларының басты назарында:

    1.) Саяси жүйелер теориясы;

    2.) үстемдік түрлерін және олардың идеологиялық ресімделуін, яғни саяси ілімдерді салыстырмалы және тарихи зерттеу;

    3.) Саяси институттар, партиялар, саяси мінез-құлық социологиясы;

    4.) қоғамдық пікірді және бұқаралық ақпарат құралдарының саяси рөлін талдау болып табылады.

    Қорытынды

    Сонымен, саясаттану, басқа әлеуметтік ғылымдар сияқты, полипарадигматикалық пәндер санатына жатады, яғни тиісті топтар мен мектептерді қолдайтын саясатты зерттеудің әртүрлі тұжырымдамалық тәсілдерінің қатар өмір сүруіне мүмкіндік береді.

    Саясаттың сипаттамасы мен мәнін қарастыратын негізгі тәсілдер саяси өмір әлемінің күрделілігі мен жан-жақтылығын көрсетеді. Қоғамның қазіргі заманғы дамуы саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени және басқа салалардың өсіп келе жатқан өзара тәуелділігімен сипатталады, бұл бір парадигма аясында саяси өмір әлемін толық түсіндіру мүмкін емес екенін көрсетеді.

    Тезис

    Парадигма (грекше -«үлгі» деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

    Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Г.Кун. Ол сондай-ақ, белтілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс. Саясаттанудың негізгі парагдигмаларына : Теологиялық парадигма, Натуралистік парадигма, Әлеуметтік парадигма жатады.

    Қысқаша тоқталар болсақ: Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.

    Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.

    Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.

    Қазіргі шетелдік саяси ғылымда жетекші рөлді американдық саясаттану алады. Американдық саясаттану мектебінің қалыптасуына Платон мен Аристотельдің саяси идеяларына, Т.Хоббстың классикалық конституционализміне, Дж. - Локка, Ш.Монтескье және т. б. американдық саясаттану ғылымында басым бағыт жоқ


    написать администратору сайта