су добы. Иманбек Г.Т. ҚТӘ-25 СУ ДОБЫ РЕФЕРАТ. Реферат таырыбы Су добы ойыны Орындаан Иманбек Г. Т. Тобы Т25 Тексерген Сыздыков А. А. Павлодар,2022
Скачать 239.86 Kb.
|
Павлодар педагогикалық университеті РЕФЕРАТ Тақырыбы: «Су добы» ойыны Орындаған: Иманбек Г.Т. Тобы: ҚТӘ-25 Тексерген: Сыздыков А.А. Павлодар,2022 Мазмұны: 1. Кіріспе. 2. Негізгі бөлім: • Су добы ойынының шығу тарихы • Су добының саңлағы 3. Қорытынды. 4. Пайдаланылған әдебиеттер. КІРІСПЕ СУ ДОБЫ – суда өткізілетін командалық ойын. 30х20 м су айдынында қарама-қарсы ұз. 3 м, биктігі 0,9 м қақпа қойылып, салмағы 400 – 500 г, шеңбері 68 – 71 см доппен екі (әр командада 7 адам) команда ойнайды. Ойын 5 минуттан төрт кезеңде өтеді. Су добы алғаш рет Англияда пайда болды. 1900 ж. Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. 1925 жылдан бастап Су добынан КСРО чемпионаты өтті. Қазақстанда 1950 жылдан өткізіліп келеді. Қазақстанның ерлер командасы КСРО чемпионы (1981 – 82), күміс жүлдегері (1984, 1988), қола жүлдегері (1978, 1980, 1983, 1985) және Азия ойындарының чемпионы (1994, 1998), Азия чемпионы (1995, 2000). КСРО халықтары спартакиадасының күміс (1987) және қола жүлдегері (1971, 1983) болып, бірқатар Олимпияда ойындарына қатысқан (2000, Сидней, Афина, 2004). Қыздар командасы екі дүркін КСРО чемпионы және кубогының иегері (1990 – 91) атанды. Су добы ойынының шығу тарихы Су добы ойынының шығу тарихы кездейсоқ оқиғаға байланысты. Балалар ұзақ уақыт ыстық күндегі футбол ойынынан кейін суға шомылмақ болып, суға түсіп салқындағаннан кейін, баяғы ойыннан суда жалғастыра беріпті, бірақ аяқпен тебу мүмкіншілігі болмағандықтан қолмен ойнай бастаған. Міне, кездейсоқ мұндай жағдай су добы ойынын ойлап табуға себепші болған дейді, спорт тарихы туралы деректерде. Ал шын мәніне келгенде бұл спорт ойынының өзіндік тарихы, белгілі даму кезеңдері бар, мұның делелі 1885 жылы құрылған су добы федерациясы. Ол 1900 жылы француз спорт мамаңдарының ұсынысымен екінші Олимпиада ойынының бағдарламасына кіреді де ол ойынға екі француз ойыншыларымен бірге тағы да екі команда қатынасып, барлығы төрт команда, су добынан олимпиада медалын сарапқа салыпты.Ал 1920 жылғы олимпиадаға дүниежүзінің 12 командасы қатынасады. Су добы алғашқы уақытта судағы футбол деп аталынғанымен біртіндеп өз ережесі, өз құрал-сайманы бар спорт ойынына айнала түседі. Алғашқы кезенде су добы, ұзындығы 45 метірлі су айдынында өтеді, қақпаның орнына «гол» - деп жазылған нысана қойылады, егер қарсы жақтың ойыншысы лақтырған доп көрсетілген нысанаға тисе ұпай есептелетін болған. Қазіргі кезенде су добы 30х20 метірлік су айдынында айналады. Ережеге сәйкес бассейіндегі судың тереңдігі 2 метірден кем болмауы керек. Қақпаның кеңдігі 3 метр, ол су бетінен 0,9 метрлік биік тұруы міндетті. Су добының дөңгелектігі 68-71 см, салмағы 400-500 гр болады. Допты екі қолымен ұстауға тек қақпашыларға ғана рұқсат етіледі,ойыншылар тек бір қолымен ғана доп ұстайды. Алғашқы Европа біріншілігі 1926 жылы өтіп, 1973 жылдан бастап дүниежүзілік чемпионат өткізіліп келеді. Су добының отаны аталған ағылшындар командасы 1920 жылдары алдына команда салған емес, олар 4 мәрте олимпиада чемпионы болды. Рессей тарихында су добынан алғашқы жарыс 1910 жылы өткізілген. ҚСРО-біріншілігі 1925 жылдан бастап өткізіліп келеді. Су добы өнерінің кең таралуына байланысты оның ойыншыларының бойында өсе береді.Мысалы, венгриялық ойыншы Иштван Совоштың бойы 2 м 2 см. Мұндай жағдай бассейіңдегі суды тағы да 15 см тереңдетуге мәжбүр етті. Сөйтіп 1964 жылғы Токиода өткен олимпиада бассейінің тереңдігі 2 метр, 17 см-ге көтерілді. Судобы ойынында деген қызығушылық қыздар арасында да кеңінен етек ала бастады, нәтижеде су добы федерациясы 1972 жылы Эквадорда Австралия, Канада және Америкалық қыздар командасыңың алғашқы байқау ойынын өткізді. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының құрама командасы ТМД елдеріңдегі таңдаулы команда болып есептелінеді, олар 1995 жылғы өткізілген Азия ойынынның жүлдегерлері. Жамбылдық ватерполшы қыздардың «Химик» комаңдасының атағы ҚСРО-ның кезінде-ақ әлемге жайылып үлгергенді. Еске ала кетуге де болады. 1991 жылы жоғары лигада жасөспірімдер арасында алғаш рет өнер көрсеткеніне қарамастан Кеңестер Одағының чемпионы атанып. ҚСРО кубогының жеңімпазы болды. Жалпақ жиһаннан хабар алып жүрген спорт шолушылары мен мамандарының айтуынша, әлемдік су полосы тарихыңда мұңдай құбылыс болған емес. Өкінішке орай, сол тұстағы спорттық қоғам бұл жетістікті жамбылдықты ватерполшылардың басына кездейсоқ қонған бакыт құсына балаған да қойған. Алайда, спортшы қыздар 1992 жылы ТМД біріншілігіңде де кубокты жеңіп алып, өздерінің жай ғана әуесқойлар ғана емес екеңдігін дәлелдеді. Содан кейін әлем кубогы үшін жарысқа жолдама алды. Бірақ бұл жетістік олар үшін оңайға түскен жоқ. Жамбыл қаланың қарапайым бассейінінде жаттығудан өткен қыздарымыз іріктеу турнирінде спортшылары әлемдік аренаға жүздері жарқырап шығатын Германия, Англия, Франция және Греция сияқты елдердің командаларымен күш сынасып, қайсарлықтық арқасыңда ғана жеңіп шықты. Келесі кезеңде венгриялық құрбыларымен тең ойнайды. Сөйтіп, су добының жамбылдық сұлулары финалда кұрметті сегізінші орыңды иемденді. Әрине, қаржының жетімсіздігі, материалдық базасының нашарлығы, ватерполшы кыздардың жаттығуына, көңіл-күйіне қиындық келтіріп жүрді. Бірақ спортқа деген сүйіспеншілік оларды алған бағыттарынан қайтарған жоқ. Өткен жылғы әлем чемпионатында Голландия, Австралия, Канада командалары қатысқан жарыста жетінші орынға ие болу көптеген мемлекеттер үшін әзірге арман ғана. Алдағы уақытта жамбылдық ватерполшы қыздар Златоуст, Алматы, Мәскеу қалаларындағы жарыстағы Голландиадағы Олимпиада алдындағы турнирге қатысуы керек. Сонау Канададан бірлескен жаттығулар өткізу үшін шақыру келді. Өкінішке қарай, қаржының жетіспеушілігі, тағы да қол байлау болып отыр. Басқасын былай қойғанда, су добын шыр көбелек айналдырып, әлемдік жарыстарға танымал болып жүрген қыздарымыздың бүгінде жаттығу жасайтын бассейні де жоқ екен. Басқа салса, амал бар ма? Қыздар қазір баскетбол, волейбол ойнап жаттығуда. Бірақ осыған қарамастан, қыздардың суда жүзу техникасы қарсыластарынан анағұрлым басым көрінеді. Күш қолдану әдісі де ағылшыңдық және канадалық әріптестерін орта жолда қалдырады. Су добының саңлағы Қазақ спорты тарихында су добынан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сонар биікке шыға білген спортшылар саусақпен санарлық қана. Солардың бірі, әрі бірегейі – халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Асқар Оразалинов. Асқардың су добы спортында жеткен жетістіктері бір түйеге жүк артқандай. "Қасқа биеден қасқа тумаса да төбел туады" - деген жақсы бір айтылған сөз бар. Ол енді жақсының жақсы болуы тегіне де қатысы бар деген мағына берсе керек. Негізі ғалымдардың пайымдауынша, сол тектіліктің түбі адамның генетикалық түп-тамырына тікелей байланысы бар деп айтады. Келісуге себеп жетерлік. Иә, бұл үлкен ғылыми мәселе екені белгілі. Дегенмен де адам баласының жақсы жағынан қарағандағы мінез-құлқы, түр-түсі, батырлығы, адамгершілігі, адалдығы тағысын тағы түрлі ерекше қасиеттері сол бабаларынан жалғасып келе беретін секілді. Бұл айтып отырған сөзіме бір мысалды келтірудің жөні түсіп отыр. Келтіріп кетер дәлелім – су добының саңлағы Асқар Оразалинов болмақ. Асқардың бойында бабаларынан қалған қайсарлық, батырлық, адалдық деген айрықша қасиеттер қалыптасқан азамат. Әкесі Сабалақ Оразалинов Ұлы Отан соғысы кезінде фашистердің тоқтаусыз атқылап қызыл әскерлерді шыбындай қырып жатқан айдаhардың аузындай дзотын кеудесімен жауып, ерлік көрсеткен екен. Ол кісі өз естелігінде былай деп жазады; "Мен атқылап жатқан дзотқа қарай соңғы күшімді жинап жүгірдім, құлағымның түбінен зуылдаған оқтардың дыбысын естідім. Бар күшімді жиып қолымдағы жарылғышты лақтырдым да дзотты кеудеммен барып жауып құладым. Содан кейін не болғаны есімде жоқ. Барлығы мені өлдіге санаса керек. Көрер жарығым бар екен. Арада 15 күн өткенде барып, бірақ есімді жидым" деп жазады. Сабалақ атамыз соғыстан кейінгі ауыр жылдары 7 баласын елден кем қылмай асырап, теміржол саласында зейнетке шыққанша ерен еңбек еткен. Ерлігі Александр Матросовтан кем емес. Тек айырмасы Александр Матросов Совет Одағының батыры да, ал біздің атамыз ол марапатқа лайық деп таппаған екен. Әрине сол кездегі орыстардың батыр тек орыс халқынан болуы керек деген шовинистік ойлары да болуы әбден мүмкін. Әйтпесе Бауыржандай хас батырдың ерлігін біле тұра қаншама рет батыр атағын бермеудің амалдарын қарастырып шеттетіп келген ғой. Ақыры Бауыржан Момышұлы атамыз дүниеден озғаннан кейін,еліміз егемендік алғаннан кейін барып, бірақ батыр атағы берілді. Көзі тірісінде бермеген сол кездегі қисық-қыңыр саясатқа қалай ғана күйінбейсің? Сабалақ атамызға да сол батыр атағы солай берілмей қалған. Иә, уақыт өз батырын өзі тауып тарих бетіне шығарды. Сабалақ атамыздың бел баласы Асқар Оразалинов бейбіт өмір кезінде дүниеге келіп, спорт саласында толағай табысқа қол жеткізген нағыз жеңімпаз. Су добынан Кеңестер Одағы құрамасының сапында ойнаған қазақтың талантты ұлы. Асқарды әкесі 12 жасында Оқушылар сарайындағы су спорты үйірмесіне алып келеді. Алғашында жүзу үшін жасөпірімдерге берілетін талаптарды орындай алмай қалады. Келесі күні қайта барғанда,сол жерде балаларды су спортына қабылдап алып жатқан бапкердің назарына түсіп, бірден үйірмеге алынады. Осылайша бозбала Асқар өзінің көңілі қалаған спорты су добына 1973 жылы бозбала шағында келіп, алдымен Валерий Александрович Иншаковтың, сосын Л.Смолеевтың қарамағында жаттығуын шыңдап алға қойған мақсаттарына біртіндеп жете бастайды. Жарыс сайын ширыға түскен талантты жас сол кездегі аты дүркіреп тұрған "Динамо" командасына келуі оңайға соқпаса керек. Ол кезде "Динамоның" дүбірі Кеңес одағы көлеміне шығып тұрған кез. Жасөспірімдер арасында тамаша жетістікке жеткен жалынды жасты командаға алмау мүмкін емес еді. Асқар өзін талантты ойыншы ғана емес алдыңғы буынды атақты ағаларының алдында өзін төмен көрсетпеу үшін бар шеберлігін аямай тартысты ойын көрсете бастайды. Команда бір бүтін ағза секілді екені анық. Команданың негізі бөлшегі болу үшін жанын салып жаттығыу арқылы өзін мойындата білген. Нидерланд елінде 1980 жыл өткен Еуропа чемпионатында тамаша өнер көр көрсеткені үшін "Динамо" командасының негізі ойыншысы атанып қана қоймай, сол жылы КСРО құрама командасының сапына үздіксіз еніп отырады. Асқар командалық деңгейде екі мәрте, яғни, 1981-1982 жылдары КСРО чемпионатының чемпионы атағын жеңіп алса, 1984-1986 күміс жүлдегер,1980,1983,1985,1987,1988 жылдары айтулы Кеңестер Одағы чемпионатының қола жүлделерін жеңіп алған. Алғашында алматылық командаға мұрын шүйіріп қараған Одақтың белді командалары бара-келе Кеңестер Одағының құрамасына қарсы спарринг қарсылас ретінде шақырып жаттығу жасаған екен. Сол кезде өзінің жеке су алабы жоқ команданың осындай Кеңестер Одағының марқасқа командаларын тізе бүктіріп, өздеріне құрметпен қарауына мәжбүр етуі ерлікпен пара-пар еді. Асқар Кеңестер Одағы құрамасының сапында Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына аттануына аз уақыт қалғанда, Алматыда өткен сол 1986 жылдағы желтоқсан оқиғасына қатысты командадан шеттетіп тастайды. Иә, жұлдызы жарқырай түскен таланттың алдын орап, оның орнына басқа өз адамдарын құрамаға кіргізуіне олар үшін зор мүмкіндік ашылса керек. Дегенмен де "алтын күлдің арасында жатса да жылтырап жатады" демекші, су добының саңлағы 1980-1989 жылдары Кеңестер Одағының ең үздік ойыншысы атағына ие болған екен. Асқар бойы биік, иықты, денелі болмаса да табиғи талантты ойыншы екенінде дау жоқ еді. Мысалы, су ішінде өзін бейнебір балықтай сезіне отырып, атанжілікті қарсыластарын әбжіл қимылмен алдап өтіп пас беріп, не болмаса қақпаға соғатын доптары міндетті түрде нәтижесін беріп отырған. Асқардың өзі осындай хас шеберліктің қайдан келгені туралы сұрасаң; "Алланың берген маған сыйы шығар, осы спорт түрінде бар шеберліктерді аша білуге мүмкіндік берген", - деп айтып қояды. Иә, расымен де солай шығар. Өйткені су добының сұңғыла спортшысы, Олимпиада чемпионы Сергей Котенко: "Мен осы спортта үлкен нәтижемен шыңына жетсем де, кей кезде Асқар жасайтын кейбір айла-тәсілдерді жасай алмаймын" деп таңғалған екен. Асқар 1985 жылы Қазақтың Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт иниститутын тәмамдап, жоғары білімін шыңдап алады. Сонымен қатар дарынды спортшы 1982 жылы КСРО кубогінің иегері атанған. Ал әлемдік деңгейде КСРО құрамасының сапында 1985 жылы ересектер арасында Еуропа чемпионы атанса, жастар арасында 1980 жылы Еуропа чемпионатының күміс медаліне қол жеткізген құзар биігі болып саналады. Осы алған жүлделерге 1983-1985 жылдары Универсиада ойындарында алтын медальдарын қосуға болады. Сонымен қатар жеңіс үшін жанын салатын, қазақтың намысты қайсар ұлының Азия аймағында жеңіп алған алтындарын айта кеткен орынды болар. Мысалы, 1995 жылы Азия чемпионы болып жеңіс тұғырына көтерілсе, 1994, 1998, 2002 жылдары Азия ойындарының чемпионы болып танылады. Әр спортшының асқар арманы, ол, әрине Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатын жеңіп алу екені белгілі. Асқар 2000 жылы ұлттық құрамамен Аталанта Олимпиадасында бағын сынау құрметіне ие болса, 1994-1998 жылы әлем чемпионаттарына қатысып ел намысын қорғаған спортшы. Кезінде Асқардың су добының хас шеберлігіне тәнті болған шетелдік мамандар өз командаларынан қазақтың талантты спортшысын көру жолында жұмыс жасаған екен. Айталық, дарынды вотерполшы Венгрия, Нидерланд және Испанияның мемлекеттерінің белді клубтарының қатарында ойын көрсетіп, тамаша жетістіктерге жеткен. Су добынан Еуропаның маңдайалды командаларында ойын көрсетіп, әбден тәжірибесі толыққан шағында елге оралып, Ұлттық құрама командамыздың сапында су добынан Азия өңірінің үздіктері қатарынан көрінеді. Бапкерлік қырынан да су добының сүлейі толағай табыстарымен елді қуанта білген. Айталық, Ұлттық құраманың тізгінін ұстаған 2000-2008 жылдары Қазақстан ватерполшылары Азия аймағында салтанат құрғаны белгілі. Еліміздегі су добының дамуына қосқан үлесі үшін Асқар Сабалақұлы 2002 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды. "Батырдан батыр туар" демекші, әкесі Сабалақ соғыс кезінде оқ бораған дзотты кеудесімен жауып батырлық істесе,туған ұлы, дарынды спортшы Асқар бейбіт өмірде үлкен спортта артына сара жол сала білді. Меккеде әлемдегі 53 мұсылман мемлекеттің аламан ойындарының ашылуы болды. Бұл аламан жарыс спорттың 15 түрінен Жедда , Мекке, Мәдина, Тайф секілді қалаларында жалауын көтерді. Осылайша әлемдік деңгейде бас қосқан мұсылман мемлекеттерінің дүбірлі ойындарына барып қайтқан едік. Жарыс басталғаннан бастап қазақстандық спортшылардың қарқыны жоғары болды. Спорттың әр түрінен барлық спорт алаңдарында өтіп жатқан сындарда еліміздің намысын қорғаған саңлақтарымыз барын салып жүлделі орындарды ешкіммен бөліспеуге тырысты. Әсіресе, су добынан Қазақстан құрамасын осы елге бастап келген, су добының аты әйгілі маманы, ардагер спортшы Асқар Оразалиновтың командасы ең азулы команданың бірі Иранды 5:3 есебімен жеңген екен. Гол соққан сұрмергендердің төртеуі де қазақ жігіттері. Осындай бір сүйінші хабарды естіп, көңіліміз біраз көтеріліп қалды. Қазақ бауырларымыздың жеңісті қадамдарына әбден риза болдық. Асқар мырзаға өткен Олимпиада ойындары аяқталғанда бір жолыққаным бар. Сонда "Асеке, қазақ жігіттерін өзің сияқты неге су добына тартпайсың" деп, бір жағына өкіне отырып, өтініш айтқаным бар еді. Сол олқылықты Асқар бауырымыз ескерген екен. Сауд Арабиясына алып келген командасының жартысынан көбін қазақ жігіттерінен жинап алып келіпті. Көңіліміз марқайып, қуанып қалдық. Медаль алмаса да су бетінде шаштары қарайып допқа таласып жүрген қазақ жігіттерін көру мен үшін зор қуаныштың бірі еді. Жігіттер жарады. Олар қатысу үшін ғана емес, жоғары орыннан үмітті екенін айқын да шебер ойындарымен көрсете бастады. Сондықтан да жүректің түбінен үміт оты қылау бергені анық. Су добынан Асқар Оразалинов бастаған еліміздің жастар құрамасын Әзербайжан командасы күтіп тұрды. Білек күші бұлқынып, жүректері жалын атқан, ер намысты жігіттеріміз Әзірбайжандары 10-3 есебімен ойсырата жеңді. Гол соққандардың ішінде Асқар Озалиновтың ұлы мен інісі және Рүстем Үкіманов, Әділ Темірханов сынды су добында жұлдыздары жанып келе жатқан жас қазақ жігіттері бар еді. Келесі күні қазақстандықтарды осы Ислам ойындарына келген командалардың ішіндегі ең салмағы зор сақасы Египет құрамасымен кездесетін болды. Иә, мысырлықтар оңай алынар қамал емес. Біздің жігіттерге жақсы бір тактикалық ойын үлгісін Асқар бауырымыз жасап шығатынына сеніміміз зор еді. Осылайша көңілді көңіл-күймен жатар жайымызға оралдық. Сонымен кешкісін Қазақстан құрамасы азуын айға білген мысырлықтарға қарсы ойынға шықты. Египет құрамасының ойыншылары орта жастары 25-33 аралығы болса, біздің команда 18-19 аралығындағы өрімтал жастармен жасақталған еді. Жанкешті басталған ойынның алдыңғы кезеңі 8:8 есебімен тең аяқталса, екінші кезеңде дәл сондай есеппен шегіне жетті. Кездесудің шешуші кезеңінде тәжірбиелі жоғары Египет ойыншылары бір бас жоғары ойын көрсетіп, 9:8 есеп айырмасымен жеңісті жұлып әкетті. Дегенмен де команда құрамында барын салған 5 бірдей қазақтың жалынды жас жігіттердің ойын өнеріне әбден тәнті болдық. Сонымен су добынан өткен жарыс қортындысында Қазақстан құрамасы жүлделі күміс жүлдеге ие болса, бас жүлдені Египет, қола жүлдені Сауд Арабия құрамасы иеленді. Жалпы қазақстандықтар айтулы әлемдік деңгейдегі байрақты жарыста жаман өнер көрсеткен жоқ. Мысалы, су спортының өзінде 13 алтын медальді жеңген жастарымызға алғысымыз шексіз болғаны анық. Ол деген - ел спортындағы үлкен жетістіктің бірі деп бағалаймын. Хош, сонымен қасиетті жермен қимай қоштасып, туған елге атанып кеттік. Иә, бұл сол Сауд Арабиясында өткен бүкіләлемдік Ислам ойындарына су добынан Асқар Оразалинов бастап барған Қазақстан құрамасының тарихи жеңісі деп айтар едім. Барды бағалай білген орынды болар. Бүгінде сол Асқардай асыл азаматты ұлттық құрамаға қайта шақырып, әлі де болса толағай табыстарын көрер едік. Бірақ біздің спорттың құлағын ұстағандар айбынды, ардагер спортшыларға мұқтаж емес секілді. Сол жағы өкінішті... Тәжірибелі ардагер мамандарды шеттетпей, керісінше, кеңесші ретінде болса да ұлттық құрамаларға алса, олардың айтары да жастарға үйретері де әлі жетерлік деп білемін. Асқар Сергей Котенко, Меңдіғалиевтер секілді су добынан "Динамо" құрамында шоқ жұлдыздардан жасақталған әйгілі жандармен иық тіресе өнер көрсеткен талантты тұлғаның бай ойын тәжірбиесіне су добынан Ұлттық құрама командасы әлі де зәру екенін ұмытып кетпеген жөн шығар. "Айта, айта Алтайды..." демекші, осы спорттың жілік майын шаққан аты көпке танымал, әйгілі су добының саңлағы Асқар Оразалинов бүгінде бұл спортты тастап, биатлон спортына ауысып кеткен екен. Бұған не себеп болғаны айтпаса да түсінікті шығар. Әйгілі маман қайда жүрсе де жүрегі мен жаны су добы спортының қазіргі жағдайына қатты ауыратынын айтады. Қазіргі су добының тоқырауды басынан өткізіп отырғаны кімге де болса өтірік емес екендігін білеміз. Қолдан келер шама жоқ. Иә, Қазақстанда су добы спортын дамыту үшін, Еуропа елдеріндегідей кешенді спорт базалар көп болуы керек. Қазір Алматыдағы бірді-екілі стандартқа сай су добы кешендері ғана орын алған. Әрине, 2 млн астам халқы бар Оңтүстік астанамызға бұлі әрине теңізге тамған тамшыдай аздық етері анық. Болашақта Асқардай су добының сайыпқыраны атанған қазақ жастарын көргіміз келсе, алдымен практика-методикалық жаттығуларын шыңдайтын халықаралық деңгейдегі кешенді су добы базаларын салуымыз керек. Сонымен қатар қазір қалаларда дүбірлетіп су су добынан Қазақстан біріншілігінің кескілескен кездесулері өтіп жатқанын естімейтін болдық. Бұл спортқа насихат жетіспейтіні өкінішті. Бұқаралық түрде осы спортпен айналсуға жол ашатын бір механизм әзірге табылмайтын тұр. Олимпада, әлем жарыстарына қатысу үшін елдегі су спорты инфроқұрылымына қолдау жасаудан кеш қалмасақ екен. Әйтпесе, сол Кеңестер Одағы кезіндегі алматылық "Динамо" командасының толағай табысын сағына еске алумен ғана бірсыдырғы қалыппен күніміз өтіп, таңымыз атып отыруы әбден мүмкін. Жарқын болашаққа жақсы көзқараспен қарасақ жемісін көретінімізге сөз жоқ. ҚОРЫТЫНДЫ Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі. Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі. Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек. Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет. Пайдаланылған әдебиеттер: Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде "Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994. Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері". Алматы, "Кітап", 2001. Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224. Спорттық қызметтің мәні мен ерекшелігі. «Қазақстан жоғарғы мектебі» 2008. №1, -Б.-71-76. Тайжанов.С., Қошаев М.Н., Адамбеков М.И.,Мухтаров С.М. Баларда қозғалыс функциясын қалыптастыру // Дене тәрбиесінің жаршысы журналы., - 2004. – № 1. - 79-84 б.б. |