Главная страница
Навигация по странице:

  • Жоспар: Кіріспе Негізгі Бөлім. 1.Талап арыз туралы түсінік 2.Талап қою арқылы іс жүргізу Қорытынды.

  • Негізгі Бөлім .1.Талап арыз туралы түсінік.

  • Ю 34 Таңірберген Самат Азаматтық. Реферат Таырыбы Талап арыз жне талап ою


    Скачать 60.39 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Талап арыз жне талап ою
    Дата09.12.2021
    Размер60.39 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЮ 34 Таңірберген Самат Азаматтық.docx
    ТипРеферат
    #298101
    страница1 из 2
      1   2

    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

    Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

    Реферат

    Тақырыбы «Талап арыз және талап қою»

    Орындаған:Тәңірберген Самат

    Тобы: Ю 34

    Қабылдаған: Асетова Г.Б.

    2021

    Жоспар:

    Кіріспе

    Негізгі Бөлім.

    1.Талап арыз туралы түсінік

    2.Талап қою арқылы іс жүргізу

    Қорытынды.

    Кіріспе

    Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғам мүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады. Қоғамымыздың  әрбір  азаматы  еліміздің Конституциясының   13-бабының    2-бөлігіне сәйкес, қаралған құқықтары мен бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің  бұзылған жағдайларында оларды қорғау үшін азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Сонымен қатар мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда  өзге   адамдардың  белгісіз   бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін  қорғау  туралы  сотқа  арыз  беру құқығы бекітілген.

    Азаматтық іс жүргізу - бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттердің жиынтығы болып табылады. жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдык әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктелген.Сотқа талап қою бойынша талап арыздар беру Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің 150, 151-баптарының талаптарына сәйкес реттелген. Азаматтық іс-жүргізу құқығында талап қою арқылы іс жүргізу өте маңызды болып табылады. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуына құқығы бар Конституциямызда көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезде мүдделі тұлғаның бұзылған құқығын және заңды мүддесін қорғаудың құқықығы толығымен заңдарда жетілдірілген.Қазіргі кезде азаматтық қоғамның негізі ретінде талаптық іс жүргізу жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның мүліктік немесе мүліктік емес жеке құқықтарын қорғаудың құралы болып табылады.Сондықтан талап қою арқылы іс жүргізу бұл мүдделі тұлғаның құқық туралы дауласудан шығатын талабы азаматтық істі қараудың ең негізгі процедурасы.Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларынан шығатын талап қою арқылы іс жүргізудің тәртібінде материялдық құқықтық қатынастарының әр түрінен пайда болатын құқық туралы даулар бойынша азаматтық істер қаралып шешіледі.Сонымен қатар талап қою арқылы іс жүргізуде қаралатын істер оларда құқық туралы дау-жанжалдар мен заңды мүдделерінің болуымен сипатталады.

    Негізгі Бөлім.

    1.Талап арыз туралы түсінік.

    1 Талап ұғымы

        Азаматтық іс жүргізу  құқығы бойынша әдебиеттерде  талаптың түсінігіне қатысты  әртүрлі көзқарастар айтылады  және олар белгілі бір дәрежеде  осы құқық саласындағы ғалымдардың әртүрлі топтарының ой-пікірлерін, ұста-нымдарын  білдіреді.

    Ғалымдар тобының біріншісі талаптың екі жеке түсінігі, яғни материалдық-құқықтық және іс жүргізушілік мағынадағы түсініктері туралы идея ұсынған М.А Гурвичті қолдады. Ол материалдық-құқықтық мағынадағы талап ретінде талапкердің жауапкерге мәлімдеген құқықты немесе заңды мүддені қорғау туралы талап етуін түсініп, талапты бұл тұрғыда материалдық құқық институты деп есептеді. Іс жүргізушілік мағынадағы талап ретінде талапкердің сотқа құқығын қорғау үшін жүгінуі түсініліп, бұл мағынасында ол іс жүргізу құқығының институты болады. Осыған ұқсас көзқарасты С.Н. Абрамов пен В.П. Чапурский де келтіреді. Екі автор да іс жүргізушілік мағынадағы талапты – соттан құқықты қорғауды талап ету ретінде, ал материалдық мағынада – талапкердің жауапкерден сот арқылы материалдық-құқықтық талап етуі, яғни сот қорғайтын азаматтық құқық ретінде түсінеді. С.Н. Абрамов былай дейді: Талап бұл туындаған азаматтық құқықтық дау бойынша әділ төрелікті жүзеге асыру үшін соттың қызметін қозғалысқа келтіруге түрткі болатын құрал болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының институты, ал талап ету азаматтық қатынастан шығатын және талаппен қорғалатын өзінің заңды табиғаты жағынан азаматтық құқықтың институты немесе талап қоюшының жауапкерге сот арқылы қойған талап етуі. Осылардың негізінде автор іс жүргізушілік мағынадағы талап материалдық құқық институты ретіндегі талаптың жүзеге асырылу нысаны болып табылатыны жөнінде қорытындыға келеді.

        Келесі бір тобы (А.Ф.  Клейнман, А.А. Добровольский, Н.И.  Авдеенко, Д.М. Чечина, Н.А. Чечот)  талап екі жағы-іс жүргізушілік және материалдық- құқықтық жақтары бар ортақ түсінікті білдіреді деген пікірді ұсынады. Сотқа құқық қорғау туралы мәлімденген талап ету іс жүргізушілік жағын, ал талапкердің жауапкерге мәлімдеген талап етуі материалдық-құқықтық жағын құрайды. Бұл авторлар талаптың екі жағын негізге алып, талап ретінде бір тұлғаның екіншісіне сотта белгілі бір іс жүргізу тәртібі мен қарау және шешу үшін мәлімдеген, даулы материалдық-құқықтық қатынастан туындайтын, нақты заңды фактілерге негізделген материалдық-құқықтық талап етуін атайды.

    Олар талаптың ортақ түсінігінде  негізгі өзек етіп талаптың материалдық-құқықтық жағын алады. Сот талапкердің  жауапкерге мәлімдеген материалдық-құқықтық талап етуіне жауап бере отырып, талапкердің сотқа өзінің бұзылған немесе дауланған құқығын қорғау туралы жүгінуіне де жауап береді. Талапкердің жауапкерден талап етуі талаптың нысанасын құрайтындықтан, екеуі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды .

    А.А. Добровольский былай деп жазады: Құқық қорғау құралы ретіндегі кез-келген талаптың мәні тараптар арасындағы туындаған дау негізінде талап арыз түрінде рәсімделген талап қоюшының жауапкерге қойған материалдық-құқықтық талабы іс жүргізуді қозғау құралы болады және сот қызметінің нысаны болады, себебі сот талап қоюшының жауапкерге қойған материалдық-құқықтық талабының заңдылығы мен негізділігін қарайды. Талаптың тек материалдық-құқықтық жағының болуы, яғни талап қоюшының жауапкерге қойған құқықтық талабын іс жургізудің талапты тану, талаптан бас тарту, соттық бітімгершілік келісім сияқты іс жүргізу институттарын бар екендігімен түсіндіруге болады. Е.В. Рябованың көрсетуінше, азаматтық іс жүргізуде талаптың бір ғана түсінігі бар, ол – азаматтық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру бойынша соттың қызметін қозғайтын, бұзылған немесе дауланған құқықты не заңды мүддені қорғау туралы талап етіп сотқа жүгіну. Екінші пікірді жақтаушыларды кейінгі уақыттарда осы мәселемен айналысып жүрген ғалымдардың ішінен де кезіктіруге болады. Мысалы, М. Рожкова былай деп жазады: Талапты (талаптық талап ету) жауапқа тартылған тұлғаға бағытталған мүдделі тұлғаның жеке материалдық-құқықтық талабынан тұратын заңда арнайы көрсетілген талап арыз қалыбында рәсімделген мемлекеттік мәжбүрлеу туралы сотқа жіберілген талап ету. А.А. Добровольский құқықты талап қою арқылы қорғау нысаны сотта қорғалуға ғана тән емес, сондай-ақ құқық туралы дауды төрелік, аралық сот және басқа да органдар қараған кезде де қолданылатынын көрсетіп, талаптың келесі анықтамасын береді: Құқықтың бұзылуын жою жөніндегі бір тұлғаның екінші бір тұлғаға сот немесе басқа да орган арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыру үшін берген және белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қаралуға жататын талап етуді талап деп атаймыз.

        Үшінші көзқарастың туындауына  Н.Б. Зейдердің мүдделі тұлғаның  соттан құқығын қорғауды өтінуінің талап болып табылатыны жөніндегі пікірі әсер етті. Н.Б. Зейдердің көзқарасына К.С. Юдельсонның келесі пікірі жақын: Талап-бұл заңмен қорғалатын мүддені заңмен қорғалатын мүддені немесе құқықты қорғау үшін және сот қызметін қорғау үшін сотқа жүгінудің бір әдісі. Талап – бұл заңды мүдделі немесе өзгеше де бір мүдделі немесе өзгеше бір құқық әрекеттілікке ие тұлғаның азаматтық құқықтық дауды қарауды және құқықты қорғауды сұрауы. Осы көзқарасты қолдап, Г.Ф. Елисейкин былай деп  жазды: “Талап – бұл азаматтық құқық жөнінде дауды қарау мен шешуді талап ету”. Г.Л. Осокинаның пікірі де осы топтағы ғалымдардікіне жақындау, ол талапты даулы азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықтық қатынастардан туындайтын, қатал белгіленген тәртіппен қаралуға және шешілуге жататын, мүдделі тұлғаның өзінің бұзылған немесе дауланған құқығын не заңды мүддесін не басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талап етуі ретінде қарастырады . Сонымен ғалым іс жүргізушілер ұсынып, негізделген талаптың әр түрлі түсініктері осындай. Әрбір көзқарас оның жақтаушыларының ойынша дұрыс сияқты болғанымен, оның бұрыс жақтарының да бар екенін бұл көзқарастың қарсыластары негізді дәлелдер келтіре отырып айқын көрсетеді. Бірақ ғалымдардың бірі-бірінің пікіріне ғылыми өзара сын айтуы талаптың түсінігін дәл анықтауға жол ашатыны сөзсіз. Енді төменде әр көзқарастың кемшіліктеріне қатысты ойларға тоқталайық. Талаптың түсінігі жөнінде алғашқы көзқарасқа, яғни талаптың  дербес екі мағынасы туралы  теориялық пайымдауларға Н.И. Авдеенко, М.А. Викут, А.А. Добровольский, А.Ф. Клейнман, Г.Л. Осокина, Д.М. Чечина, Н.А. Чечот және т.б. қарсы шықты. Мысалы А.Ф. Клейнман М.А. Гурвичтің талапты сотқа құқықты қорғау туралы жүгіну ретінде қарастыруымен келіспейтіндігін былайша көрсетеді: “ Егер талап құқықты қорғау үшін сотқа жүгіну болса, онда одан кейін іс сотта қаралады,  бірақ онда талап жоқ, себебі ол бірінші сатыдағы сотқа жүгіну арқылы жүзеге асты. Талап беру мұнда іс жүргізушілік әрекет болуы мүмкін, бірақ талап емес. Сондай-ақ, А.Ф. Клейнман В.П. Чапурскийдің және С.Н. Абрамовтың пікірлерімен келіспей, бұл авторлар анықтамаларының талаптың түсінігін тарылтатынын, талаптың субъективтік азаматтық құқықты ғана емес, отбасылық, еңбек, қаржылық, жер және әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын басқа  субъективтік құқықтарды қорғаудың іс жүргізушілік құралы екенін, тек аталған субъективтік құқықтарды ғана емес, сондай-ақ құқықты объективті мағынада, яғни құқық нормаларын, құқықтық тәртіпті сот арқылы қорғау құралы болып табылатынын атап көрсетеді. Талаптың материалдық мағынадағы түсінігін анықтауда талаптың (сот арқылы қорғау құралы, талапкердің жауапкерге сотта мәлімдеген материалдық-құқықтық қуынымы) азаматтық құқықтың өзімен ұқсастырылғанына сын айтады [8]. Н.А. Чечот пен Д.М. Чечина талаптың екі мағынасына келіспейиіндіктерін былай көрсетеді: “Материалдық-құқықтық талап ету, іс жүргізушіліктің кепілі сақтала отырып талаптық өндіріс тәртібімен қарауға жататын тиісті құзіретті органға жүгінген кезде ғана талапқа айналады.Бұл органға дейін міндетті тұлғаға қойылған материалдық-құқықтық талап ету талап болып табылмайды”. Осокинаның Г.Л. ойынша, талапты талапкердің жауапкерге материалдық-құқықтық талабы ретінде анықтау талап қою мерзімі тәрізді институттың мәніне қайшы келеді, борышкердің талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін міндетін орындауымен байланысты туындайтын сұрақтарды түсіндіру мүмкін емес. Прокурордың және басқа тұлғалардың жауапкерге ешқандай материалдық-құқықтық талабы болмауына емес болуы мүмкін еместігіне қарамастан, олардың талаптан бас тарту құқығын немен түсіндіруге болады? Ал жауапкердің талапты тануына келетін болсақ, онда егер жауапкер тікелей өзіне бағытталған талапты мойындаған жағдайда өзінің немесе бөтеннің құқығын қорғауды талап ететін тұлғаның талабы бойынша қозғалған процесстің тағдыры тек оған ғана тәуелді болар еді. Жауапкердің талапты тануы сот үшін міндетті емес, өйткені сот жауапкердің талапты мойындағанына қарамастан талапты қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ, өз атынан, бірақ басқа тұлғаның құқықтаты мен мүдделерін қорғау үшін жүгінетін тұлғалардың талап етуін талап деуге болмайды, өйткені бұл талап етуде талапкердің жауапкерден материалдық-құқықтық талап етуі тәрізді белгі жоқ, мұндай тұжырымдау талап терминін бөтеннің құқығын немесе мүддесін қорғайтын тұлғаларға қатысты қолданатын заңнамаға қайшы келеді . Г.Л. Осокинаның талаптың түсінігіне қатысты екі түрлі көзқарасты жақтаушылардан берген анықтамаларының мәні жағынан бірдейц екендігі жөнінде пайымдауы да қызығушылық туғызады. Оның айтуынша, М.А Гурвич, А.Ф. Клейнман және А.А. Добровольский ойларының логикалық бағыты мәні жағынан толығымен және бүтіндей сәйкес келеді, өйткені олар бірдей алғы шарттан бастау алады, дәлірек айтқанда, талаптың бір уақытта талапкердің жауапкерге мәлімдеген материалдық-құқықтық талап етуі және сотқа жүгінуі ретіндегі түсінігіне негізделеді.Талаптың екі дербес түсінігіне екі бөліктен тұратын  бір ұғымның қарсы қойылуы  елеулі емес сипаттағы терминологиялық айырмашылықтарды көрсетеді. Г.Л. Осокина өз ойын М.А. Гурвичтің өткен ғасырдың 60-шы жылдарындағы талаптың түсінігіне байланысты көзқарасындағы өзгерістермен негіздеп, оның талапқа  берген мына анықтамасына назар аударуды ұсынады: Азаматтық іс жүргізу құқығындағы  талап дегеніміз бірінші сатыдағы сотқа жүгінген талап қоюшының заңда бекітілген әдістердің бірімен арызда көрсетілген, талап қоюшы өзінің жауапкерге қоятын талап ету құқығына байланыстыратын фактінің негізіндегі даулы азаматтық құқық немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап етуі Г.Л. Осокинамен келісе отырып, келтірілген талаптың анықтамаларын мағынасы жағынан бірінші көзқарасқа емес, екіншіге жақын деуге болады. Осы орайда А.Г. Диденконың мына сөздерін келтірген орынды болар еді: “Но к каким бы выводам ни пришел исследователь в том или ином конкретном вопросе, все же ясно, что устойчивость любых правовых теорий относительна. И когда парой думается, что истина, наконец-то, достигнута, действительности оказывается, что надо, подобно мифическому Агасферу, и вновь брать посох и отправляться в путь дальнейших поисков”. Әдебиетте талаптың құқықты қорғаудың тек іс жүргізушілік құралы болып табылатыны жөнінде үшінші теория өкілдерінің бірі П.Ф. Елисейкиннің анықтамасындағы келесі кемшілік аталады: талапты азаматтық құқық туралы дауды қарау мен шешуді талап ету ретінде анықтау дәл емес, өйткені істі қарау мен шешу – құқықты қорғау туралы талап етуді жүзеге асырудың шарттары болып табылады

    2.Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы

    Талап қою құқығын қарастырғанда  талаптың және талапқа құқықтың екі мағынадағы түсініктеріне сүйеніп, оған талапқа құқықтың іс жүргізушілік мағынасы ретінде талдау жасаймыз. Талап қою құқығы талапқа құқықтың іс жүргізушілік мағынасы ретінде субъективтік құқық немесе заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын білдіреді. Бірақ бұл жерде талап қою құқығының сотқа жүгіну құқығы көрінетін жалғыз нысан емес екендігін айта кету керек. М.А. Гурвичтің айтуынша, мұндай нысандарға талап қою құқығына қоса талап бойынша жауап беру құқығы, басталған процеске қатысу құқығы, талапты қамтамасыз ету құқығы, шешімге шағым жасау құқығы, мәжбүрлеп орындату шараларына құқық жатады. Сотқа жүгіну құқығының барлық нысандары істің ілгерілеу үрдісіндегі оның даму және ашылу фазаларын білдіреді.

    Әдебиеттерде талап қою құқығының заңдық табиғаты және оның пайда болуының шарттары туралы мәселеге байланысты әртүрлі пікірлер айтылады.

    Бір авторлар сотқа жүгіну құқығын  субъективтік материалдық құқықты соттық немесе өзге заңи қызмет арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыруға құқық ретінде қарастырады. Мысалы, Н.И. Авдеенко былай деп жазады: Мәжбүрлі тәртіпте жүзеге аспайтын азаматтық субъективтік құқық жоқ. Субъективтік құқықтың осындай түсінігі бар жерде ерекше, материалдық құқықтан айырмашылығы бар жария-құқықтық құқықөкілеттіктің құрылымында мемлекетке жүгіне отырып құқығын қорғауға ұмтылудың, яғни іс жүргізушілік мағынадағы талапқа құқықтың болуының қажеттілігі жоқ.

    Басқа ғалымдар тобы сотқа  жүгіну құқығын азаматтық іс жүргізушілік құқық қабілеттілігін білдіреді деген көзқарасты ұстанады. Бірақ бұл ойды әр ғалым әртүрлі негіздейді. Мысалы, О.В. Иванов сотқа жүгіну құқығы тікелей іс жүргізушілік құқық қабілеттіліктен туындайтыны, өйткені оның туындауы үшін қандай да бір заңды фактінің пайда болуы қажет еместігі жөнінде ой айтады. В.Н. Щегловтың ойынша, сотқа жүгіну құқығы азаматтық іс жүргізуге құқық қабілеттілік болып табылады, ол нақты іс бойынша азаматтық процестің пайда болуына әкеледі. К.И. Комиссаровтың пікірінше, сотқа жүгіну құқығының иесі ретінде кез-келген іс жүргізушілік құқық қабілеті бар тұлға бола алады. Сотқа жүгіну құқығын бұлайша түсіну революцияға дейінгі іс жүргізушілік әдебиетте кең тараған болатын.

    Келесі ғалымдар тобы сотқа талаппен жүгіну құқығын белгілі бір заңи фактілердің негізінде пайда болатын, азаматтық іс жүргізу заңымен көзделген субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқық ретінде қарастырады. Мысалы Д.М. Чечоттың пікірінше, объективтік құқық барлық субъективтік құқықтардың базасы болып табылады, бірақ ол субъективтік құқықтарды тура және тікелей туғызбайды, тек субъектілерде олардың белгілі бір шарттар болған жағдайда ғана пайда болу мүмкіндігін туғызады. Кез-келген субъективтік құқықтың қалыптасу үрдісі міндетті түрде заңи факті сатысынан өтеді.

    Талап арыз сотқа жазбаша түрде беріледі.Арыз ішінде міндеті түрде келесі ақпарат болуы керек.

    Арыз беріліп отырған соттың атауы талапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе талапкер заңды тұлға болатын болса,оның орналасқан жері. Егер арыз өкілімен берілетін болса, онда оның атауымен тұратын жеры :

    Жауапкердың атауы, тұратын жері (заңды тұлғағаның орналасқан жері)талапкер өз талаптарын негіздитін және талапкер жазған жағдайларды растайты дәлелдер.

    Талап арыздың мәтіні:

    Егер талап-арыз жауапкердің санына байланысты көшірмелерімен сотқа беріледы.Істің күрделілігі мен сипатына байланыты судьия талапкерден құжатардыңда көшірмелерін сұрауы мүмкін.

    Талап арыз және талап қою тәртібі

    Талап арыз – субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны. Әр адам өзінің субъективті құқығын немсе заң мен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсыну қажет.

    Талап арыздың мазмұны:

    - Кіріспе;

    -Сипаттау;

    -Дәлелдеу;

    - Сұрау бөліктерінен тұрады.

    Арыз ішінде міндетті түрде келесі ақпарат болу керек:

    1. Арыз беріліп отырған соттың атауы

    2. талапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе талапкер заңды тұлға болатын болса, оның орналасқан жері. Егер арыз өкілмен берілетін болсы, онда оның атауы мен тұратын жері.

    3. Жауапкердің атауы, тұратын жері (заңды тұлғаға оның орналасқан жері)

    4. талапкер өз талаптарын негіздейтін жағдайлр және талапкер жазған жағдайларды растайтын дәлелдер.

    5. талап-арыздың мәтіні

    6. егер талап-арыз бағалауға жататын болса, онда оның бағасы

    7. арызға қоса тіркелген (қосылып берілетін) құжаттардың тізбесі.

    Арызға талапкердің өзі немесе өкілі қол қоюы тиіс. Егер талап-арызды өкіл беретін болса, онда өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат талап-арызға қосылып беріледі.

    Талап-арыз жауапкердің санына байланысты көшірмелерімен сотқа беріледі. Істің күрделілігі мен сипатына байланысты судья талапкерден құжаттардың да көшірмелерін сұрауы мүмкін.

      1   2


    написать администратору сайта