Главная страница
Навигация по странице:

  • ІІ.Негізгі бөлім

  • 1.Кең таралған тыныс алу түрлері

  • Өкпе обырын тудыратын негізгі төрт себеп бар

  • Бронхы демікпесі (астма)

  • Бұл аурудың сырттай белгілері

  • Бронхит

  • Ересектерде аурудың екі түрі бар

  • Тұмау

  • Туберкулез

  • Пневмония

  • 1. Оттегін ингаляциялық

  • 2. Оттегін мұрын катетрі арқылы беру.

  • 3. Оттегін маска арқылы беру.

  • 4. Оттегін балоннан беру

  • Оттегін аппарат Боброва арқылы беру

  • ІІІ.Қорытынды бөлім

  • ІV.Пайдаланған әдебиеттер

  • Тыныс аурулары бар науқастарды лабораториялық және. Реферат Таырыбы Тыныс аурулары бар науастарды лабораториялы жне инструментальды тексеру дістері


    Скачать 380.42 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Тыныс аурулары бар науастарды лабораториялы жне инструментальды тексеру дістері
    Дата05.09.2021
    Размер380.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТыныс аурулары бар науқастарды лабораториялық және .docx
    ТипРеферат
    #229617

    Атырау жоғары медициналық колледжі

    Реферат

    Тақырыбы: « Тыныс аурулары бар науқастарды лабораториялық және инструментальды тексеру әдістері» Орындаған: Дюсупова Зира Мұратқызы-335 топ Тексерген:Каримова Ботагөз Сатыбалдиевна

    Атырау қ.-2021 ж

    Жоспар:

    І.Кіріспе бөлім ІІ.Негізгі бөлім 1.Кең таралған тыныс алу түрлері 2.Оксигенотерапия туралы түсінік. КөрсеткіштеріІІІ.Қорытынды бөлім ІV.Пайдаланған әдебиеттер

    І.Кіріспе бөлім

    Тыныс алу жүйесі – ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу үрдісін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Адам тіршілігіндегі маңызды жүйе. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын шығарады. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшық еттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) тыныс алу арқылы ғана жүзеге асады.

    Тыныс алу мүшелері ауруларының барлығы дерлік ауа арқылы таралатын, жұғатын аурулар. Ол аурулар пайда болған мүшеге қатысты 3 түрге топтастырылған:

    1) Мұрын аурулары: сасық тұмау, гайморит, ринит, полип, кеңсірік аурулары, т.б. 2) Көмей, кеңірдек және бронх аурулары: бронхит, тонзилит, ларингит, т.б.

    3) Өкпе аурулары – плеврит, өкпе рагы, туберкулез, т.б.

    Ауру себептері

    Атмосфералық және өндірістік шаң-тозаң, газ, түтін, шөп, тоғай өртенгенде пайда болған түтін, күл, құмды жерде желмен көтерілетін және қала көшелерінен, жерден көтерілген шаңдар, өндірісте болатын шаң-тозаң әр түрлі завод-фабрикалардан, шахталардың қалдықтарынан көтерілген шаң тыныс жолының түрлі ауруларына себеп болады. Яғни физикалық, химиялық құрамы зиян шаң тыныс алу жолдаын жыбырлатып, тітіркендіріп, жөтелтіп, түшкіртеді. Шаңда ауру тудыратын түрлі микробтар болуы мүмкін. Шаң-тозаңнан мұрын бітіп, дауысы қарлығады, кейде өкпе ауруымен ауруы да мүмкін. Мәселен, туберкулез, тұмау, т.б.

    Тыныс алу мүшелерінің аурулары инфекция түскеннен де пайда болады. Адамдар қолын жумастан мұрындарын шұқиды. Ондағы жабысқақ кілегейлерді қолдарымен алады. Ал мұрын қуысындағы жабысқақ кілегейдің өзіндік қызметі бар. Кірген ауа осы кілегейлер арқылы тазаланады. Мұрынды күнделікті арнайы сумен тазалап тұрған дұрыс. Егер мұрынды күнделікті тазаламаса, ірің пайда болады. Сонымен қатар мұрынға тиген соққылар кезінде де адамның тыныс алуы өзгереді. Қисайған мұрын, кеңсірікті хирургиялық жолмен түзеткенде тыныс алу жүйелері ашылады.   

    Тыныс жетіспеушілігі

    Тыныс жетіспеушілігі медицинада арнайы қарастырылған. Оның алқыну, патологиялық тыныс және асфиксия деген түрлері бар. Тыныс жетіспеушілігінен адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Науқастың ауа жетіспегенде тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Бала кезден басталып, өмір бойына жалғасуы мүмкін. Ол жұқпалы емес, алайда ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді.

    Алқыну – адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару уақытының, тыныс алу ырғағының өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сирек тыныс (брадипноз), үстіртін жиі тыныс полипноз немесе тахипноз, инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.

    Тұншығуда (асфиксия) қанға оттегінің түсуі тоқтатылады, қаннан көмірқышқыл газы шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңылаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында ауаның немесе газдың жиналуы дамығанда болады.

    Жасанды тыныс алу адам суға кеткенде, тоқ соққанда немесе газбен уланғанда есінен танған жағдайда жасалады. Яғни 5-7 минут ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру қажет. Мұндай жағдайда жүрекке массаж да жасалады. Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі қажет.

    ІІ.Негізгі бөлім Тыныс жолы ауруларының басты белгілері:

    Тыныс алу қиындайды, мұрын бітеледі;

    — Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болып, дел-сал күйде болады;

    — Кейбір ауруларда жөтел, құрғақ жөтел пайда болады;

    — Тамағы құрғап, сөйлегенде қиналады;

    — Қатты тер басады;

    — Ұйқысынан шошып оянады;

    — Ұрт жәе бет сүйек тұсы қысылып, кернеп, сыздап ауырады.

    Емдеу шаралары

    Ауру асқынған кезде жатып ем қабылдаған жөн.  Науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болғаны жөн. Науқас С  дәруменіне және белокқа бай күшті тағамдармен тамақтанып, тітіркендіретін ащы, аса ыстық немесе тым салқын тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбағаны дұрыс. Сонымен қатар ішімдік ішу, темекі тарту, ұзақ уақыт қатты дауыстап сөйлеу, айқайлаудан, т.б. аулақ бол,ан жөн. Тыныс жолы басталатын ауыз бен мұрын қуысын таза ұстау – емнің бастауы болып табылады.

    Тыныс алу мүшелерінің қызмет ету деңгейіне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмірқышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

    Гигиеналық талаптар – ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу, т.б. тазалықты сақтау мен ауызды, мұрынды шайып отыру дағдыға айналу қажет. Киім кию де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондықтан киім жеңіл, таза мақтадан, жүннен жасалған денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін ықшам болғаны жөн.

    Тыныс алу қиындаса, жоғарыда атап өткен белгілері байқалса, дәрігерге бірден көріну қажет. Өзім білемдікке салынып үй жағдайында емделмеу керек. Адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі мен ем алу мәдениеті жетілсе, сөзсіз ауру-сырқау да азаяр еді. 

    1.Кең таралған тыныс алу түрлері

    • Өкпе обыры (рак).

    О нкологиялық аурудың ішінде өкпе обыры бірінші орында тұр. Бұл ауру онкологиялық аурулардың ішінде ең қиын емделетін ауру болып табылады.

    Өкпе обырын тудыратын негізгі төрт себеп бар:

    1) Темекі шегу– темекі түтінінің канцерогенді өнімдерінің (бензапирен, палладио, висмут) өкпеге түсуі. Бұл аурумен ауыратын адамдардың 70%-дан астамы белсенді не енжар темекі шеккен. 20 жылдай бұрын бұл қауіпті аурумен, негізінен ер адамдар ауырған. Бірақ әр 10 жыл сайын ол ауру әйелдер арасында 10%-ға  артып отыр. Осындай статистикаға сәйкес көптеген өркениетті елдердің үкіметі темекі шегу сияқты зиянды әдетпен күрес жүргізіп  келеді.

    2) Қоршаған ортадан радиоактивті заттардың өкпеге түсуі.Бұл радиоактивті зақымдалған аймаққа, ядролық сынақ не жарылыс болған жерге, радиоактивті элемент кені бар орынға барған кезде болуы мүмкін.

    3) Автомобиль пайдаланған газының құрамында болатынзиянды заттармен (негізінен ауыр металдармен) тыныс алу.

    4) Зиянды өндіріс қалдықтарының ауадан өкпеге  түсуі.Өкпе обырының алдын алу үшін темекі шекпеу керек және темекі түтіні бар үй-жайда болмауға тырысу қажет. Оған қоса, көлікке толы жолдан алыс жермен күн сайын жаяу жүру; жолда машина көп болса, автомобильдің терзесін жауып қою; зиянды немесе радиоактивті шығарындылар тасталған жерден аулақ  жүру; толыққанды тамақтанып, дәрумендерді уақытында пайдаланып, көкөністер мен жеміс-жидектер жеу ; спортпен айналысу ; жылына бір рет профилактикалық медициналық қараудан өту тәрізді ережелерді сақтаса , бұл қауіпті аурудың алдын алуға болады. 

    • Бронхы демікпесі (астма)

    Б ронхы демікпесі – бронхылардың күрт тарылуынан байқалатын созылмалы қабыну.Бұл аурудың сырттай белгілері:тоқтамай жөтеліп, кейде тұншығып қалу (тарылған бронхылар оттекті өкпеге жеткізбейді).

    Ұстамаға (приступ) әртүрлі факторлар себеп болуы мүмкін.  Ол: өткір иіс, ауада шаң-тозаң болу, жануар жүні, тыныс алу мүшелерінің жұқпалы аурулары, күйзеліс, аллергия тудыратын медициналық препаратты пайдалану, суықта ауыр дене жүктемесі, атмосфералық қысымның күрт ауытқуы.

    Демікпе ұстамасы кезінде адамның дем алысында шуыл немесе сырыл болады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді.  Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін.

    Өкпе обырынан айырмашылығы бронхы демікпесі тұқым қуалауы мүмкін және қандай да бір тітіркендіргішке аллергиялық реакция болуы мүмкін. Демікпенің алдын алу үшін жоғарыда аталған ережеден басқа, тітіркендіргіштер әсерінен қашу керек.

    • Бронхит

    Бронхит – ауру тудыратын микроағзалардың әсерінен бронхының (көбінесе жоғары тыныс жолдарының) қабынуы. 

    Бронхит көбінесе суық тию және респираторлық аурулар салдарынан туындайды. Себебі, бронхит шырышты қабықшалардың, бронхтардың ауадағы қандай да бір бөлшектермен үнемі зақымдануы болған жағдайларда өте тез дамиды.

    Ш ырышты қабықтар мен бронхтар үнемі түтінмен, шаңмен, басқа бөлшектермен зақымдалғанда, науқастың тыныс алу жолдарынан қақырықты шығару үшін жиі жөтелу қажеттілігі туындайды.

    Адамға қолайсыз климат бронхиттің тағы бір себебі болып табылады, атап айтқанда: тұрақты ылғалдылық, ауа райының жиі өзгеруі, тұмандар.

    Бронхитпен сондай-ақ нашар тамақтану, тоңу, нашар өмір сүру жағдайылары кезінде, дене салмағы төмен адамдар, темекі шегетіндер жиі ауырады. Зиянды өндірістегі жұмыс темекі шегуден кем болмайтын зиян әкеледі. Жүн, химиялық, нан пісіру зауыттарының жұмысшылары да бронхитқа бейім.

    Балаларда бронхиттің үш түрі бар: жіті қарапайым, жіті обструктивті және жіті бронхиолит (нәрестелер мен кеуде балаларында пайда болады, ұсақ бронхтарды зақымдайды). Егер адамда жіті бронхит болса, онда ол келесі белгілермен ерекшеленеді: кейін ылғалдыға айналатын айқын құрғақ жөтел; дене температурасы 39 градусқа жетуі мүмкін; тершеңдік; қалтырау, жұмысқа қабілеттілік төмендейді; орташа немесе айқын симптоматика. Егер ауру ауыр болса, онда науқаста айқын ентігу пайда болады. Жіті ауру екі аптадан кейін өтеді. Егер науқас емді елемесе немесе емді жолдың жартысында қалдырса, онда ауру созылмалы сатыға өтуі мүмкін.

    Ересектерде аурудың екі түрі бар: өткір және созылмалы.

    Бронхиттің аллергиялық түрі де бар. Оның белгілері: дене қызуы жоғарылауының болмауы; құрғақ сырылдар, тыныс алу кезінде пайда болатын ентігу. 

    Егер науқаста бронхиттің уытты немесе химиялық түрі болса, онда аурудың дамуы тыныс жолдарына тітіркендіргіш заттың түсуі салдарынан болады. Бұл қышқыл бу, шаң, газ болуы мүмкін.Уытты-химиялық бронхиттің белгілері: тәбеттің болмауы; бас ауруы; қатты жөтел; тұншығуға әкелетін айқын ентігу; кеуде ауданындағы шаншу сипатының ауруы; кеуде аймағында шаншулар; тыныс алу жетіспеушілігінің және гипоксемияның белгілері; шырышты қабықтың көгеруі; қатты тыныс алу және құрғақ сырылдар.

    Бронхиттың алдын алу шараларына барлық ағзаны нығайту, оның қорғаныс қасиеттерін күшейту; дене белсенділігі, шынықтыру процедуралары, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту; таза ауада серуендеу, үй-жайларды дер кезінде желдету, шыныққан иммундық жүйе ; суық тиюді дер кезінде емдеу, дәрігерлер берген ұсынымды орындау; ойындар кезінде көшеде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге тиіс; ересектерге жылыту маусымында көмірде аз күл мен күкірт бар жоғары сапалы отынды қолдану тәрізді шаралар жатады.

    • Тұмау

    Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру.

    Тұмаумен бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады. 

    Тұмаудың алдын алу өзге тыныс ауруларымен ұқсас.

    • Туберкулез

    Т уберкулез – бактерия – туберкулез таяқшасы (кох таяқшасы) тудыратын өкпе ауруы. Туберкулез кезінде ағза әлсірейді. Ең басты сатысында адамда әлсіздік, салмақ жоғалту, тәбеті болмау, түнде терлеу белгілері байқалады. Кештеу сатысында адам жөтеледі. Бұл өлім тудыратын қауіпті инфекция, алайда дер кезінде емдесе адам толық айығып кетеді.Туберкулез кезінде  ең басты шарт – дер кезіндедәрігерге қаралып емделу керек. Туберкулездің алдын алу ережесі өкпе обыры мен тұмау ауруларының алдын алу шаралары сияқты. Тұмауда, бронхит пен туберкулез де ауа-тамшылы жолмен  ауру адамнан сау адамға жұғады.

    Ауруды анықтау жолдары: балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы); Халықты жаппай флюорографиялық  тексеру . Ал аурудың емі: Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ), ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеуде терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістерді қолданады.

    Жалпы туберкулез таяқшасы қараңғы, ылғал жерде 3 айға дейін тіршілік қабілетін сақтайды. Сондықтан , аурудың алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Бөлмелерді ылғал шүберекпен сүртіп, желдету керек, кілемді, көрпе-төсекті күнге жайып алу қажет және т.б.

    • Пневмония 

    Пневмония — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларынан, әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.  

    Пневмонияның қоздырғыштары келесі : вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) .

     Ал белгілеріне бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі; дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы; әр дем алып дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп басылып тұруы; дененің ысуы; жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан); кеуде ауыруы жатады.

    Пневмонияның алдын алу үшін жеңіл тыныс алу ауруларының басын алу ережелерін сақтау қажет.

    2.Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері

    Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.

    Оттегін мұрын катетрлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен, Боброва аппараты арқылы, тікелей баллоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.

    1. Оттегін ингаляциялық әдіспен енгізу. Оттегін қолданудың алдында тыныс жолдарының өткізгіштігіне, онда қақырықтың немесе құсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.

    Оттегін ингаляциялық жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оттегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының редукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастықтың шүмегін жабады, ауызды құрғатпау және оттегін ылғалдау үшін - дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4—5 см қашықтау ұстап, резеңке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары қысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтік-тегі шүмекісі, әрі оттегі түгел шыққанша жастықтың бұрыш-бұрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутына 4—5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4—7 минутқа жетеді, ал содан соң оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.

    Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабатын кептіреді,сондықтан оттегін мұрын катетрлері арқылы енгізу дұрыс.

    2. Оттегін мұрын катетрі арқылы беру. Бұл мақсат үшін №10 катетрлер немесе тиісті ұзындығы мен диаметрдегі пластмасса түтікшелер қолданады, олар V — тәрізді ұштықтың екі шетіне кигізіледі, ал үшіншісі кез келген оттегі көзіне (оттегі жастығына, оттегін берудің орталықтанған жүйесінің шүмегіне) қосылады. Алдын ала катетрлерді қайнатады, вазелин майымен майлайды да, төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін құсу рефлексін болдырмайтындай етіп кіргізеді. Оттегін ылғалдағыш арқылы (Бобров аппараты) 2—3 л/мин жылдамдықпен береді.

    Беру жылдамдығын оттегі көпіршігінің ылғалдағыш арқылы өту тездігі бойынша бақылауға болады. Оттегін өте тез беру қолайсыз сезімдер туғызып, газды көп шығарады.

    3. Оттегін маска арқылы беру.Маскалар металдан және пластмассадан жасалған болады. Олардың капсулалары бетке маска салғанда ауыз бен мұрынды жауып тұратындай етіп иілген. Масканың дем алатын және дем шығаратын клапандары бар. Дем алатын клапанның тубусы жұқа резеңкеден жасалған қапқа қосылған, ол оттегінің берілуін реттейді. Дем шығару кезінде оттегі қапқа жиналады да, дем алу кезінде белсенді түрде өкпеге сорылады. Дем алу қабы клапанмен қамтамасыз етілген, ол егер қаптағы оттегінің мөлшері сырқаттың дем алғанда жұтатын оттегі мөлшерінен аз болған жағдайда еркін дем алуды қамтамасыз етеді.

    4. Оттегін балоннан беру. Оттегін тікелей баллоннан қолдану процедураны бірқатар жеңілдетеді және оттегімен емдеуді ұзақ уақыт бойы үзбей өткізуге мүмкіндік береді. Медициналық оттегі бар баллонның сыйымдылығы 40 л және 150 атм қысыммен газ тәрізді оттегі бар. Оттегі 2—3 атм қысыммен ғана қолдануға болатындықтан баллонға қысымды азайтуға арналған арнайы прибор редукторды жалғайды. Редуктордың қос камерасы мен екі манометрі бар, олардың ішінен баллонға жақын тұрғаны оның ішіндегі қысымды көрсетеді. Сондықтан манометрмен баллондағы оттегінің мөлшерін біледі. Төменгі қысым камерасына жасалған екінші манометр сырқатқа беріліп отырған оттегінің қысымын көрсетеді. Ол бұрандамен 1—2 атм-ға реттеп қойылады. Орталықтандырған жүйемен палаталарға оттегін беру неғұрлым ыңғайлы болып табылады.

    Оттегі баллонын пайдалануда қысылған газ тәрізді оттегі маймен, тоңмаймен, мұнаймен жанасқанда оларға тез қосылып тұтанып жарылатынын есте сақтау қажет. Баллондар сақталатын бөлімде шылым тартуға қатаң тыйым салынады! Майланған ескі-құсқы заттарды оттегі бар баллондармен бірге бір бөлімде ұстауға болмайды. Оттегі қондырғыларына кіріп-шығып жүретін адамның қолдары, киімдері, аспаптары май және сырмен ластанбауы тиіс. Баллонды ұрып-соғудан қорғау қажет. Оны салқын жерге қабырғаға іліп тік қалыпта сақтайды. Баллонның вентилін ашқанда оған бетін қаратып тұруға болмайды, себебі көздің мырышты қабатына оттегінің күшті ағымы тисе, күйдіріп, көзді зақымдайды. Оттегі баллондары бар әрбір бөлмеде өрттен сақтану мақсатында қолайсыз оқиғаларды болдырмауға арналған өрт сөндіргіштер болуы тиіс.

    Бірқатар ауруханаларда газ берудің неғұрлым қазіргі заманғы жүйесі бар. Бір орнындағы қондырғылар «М» белгісі бар және көк түске боялған бірқатар үлкен оттегі баллондарынан тұрады, себебі тек медициналық оттегіні пайдалануға болады. Олар күннің тікелей түсетін сәулесінен қорғалған, бөлек тұратын немесе аурухана үйінің сырт жағына (қабырғалас) орнатылған металл шкафта сақталады және темір қапсырмамен қабырғаға мұқият бекітіледі.

    Оттегі орталықтандырмай берілетін ауруханаларда баллондарды сенектерде, жертөлелерде, палаталарда орнатады. Мұндай жағдайда өртке қарсы және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда қиыншылықтар туады.

    1. Оттегін аппарат Боброва арқылы беру

    Оксигенотерапияны Боброва аппараты арқылы жүргізу ең ыңғайлы және зиянсыз әдісі.

    Боброва аппараты сиымдылығы 1 л болған шыны цилиндр тәрізді ыдыс. Аппараттың жақсы жабылған резиналық тығыны бар, ішінде бірі қысқа екіншісі ұзын болып келген екі шыны жіңішке түтікшелері бар. Ыдыстың ішіне оттегі ылғалданып бару үшін температурасы 36-37болған дистилденген су немесе 1 л суға 20 гр ас содасы қосылған су, окпе ісігінде 960 спирт қуямыз. Ұзын түтікшесінен оттегі оттегі балонынан немесе оттегі жастықшасынан келіп түсіп, ылғалданып қысқа шыны түтікше арқылы науқастың тыныс алу жолдарына түседі. Оттегін ылғалдағыш арқылы 1 минутта 2-3 л жылдамдықпен береді.

    Бұл тәсілмен оттегін ендіру артықшылығы оттегімен емдеу ұзақ та және үздіксіз бір қалыпта ылғалданып беріледі.

    ІІІ.Қорытынды бөлім

    Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ Бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді.

    Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрын нан басталады.Тыныс жолдары екіге бөлінеді:

    а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары;

    ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.

    Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.

    Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

    ІV.Пайдаланған әдебиеттер

    1.«Ішкі аурулар»-Есетова Р.С 2.«Адам анатомиясы»-Рақышев А. Алматы 2004 ж. 3.Интернет желісінен


    написать администратору сайта