торлы құрылым. Реферат физиология ЖМҚБ 05-21 Досыбай Ш. (1). Реферат таырыбы Торлы рылымны физиологиясы. Орындаан Досыбай Шыла
Скачать 1.27 Mb.
|
"Қалыпты және патологиялық физиология" кафедрасыРЕФЕРАТТақырыбы: Торлы құрылымның физиологиясы. Орындаған: Досыбай Шұғыла Тобы: ЖМҚБ 05-21 Қабылдаған: Шымкент 2022ж. Торлы құрылымның физиологиясы. Жоспары: I. Кіріспе II.Негізгі бөлім - Торлы құрылым - Торлы құрылымның құрылысы - Торлы құрылымның қызметі III.Қортынды IV.Қолданылған әдебиеттер Торлы құрылым (ретикулярлык формация) пішіні әртүрлі, үлкенді-кішілі, көптеген кыска тармакты (дендритті) жасушалар тобы. Олардын дендриттерi көп бұтакты. Олардын арасында көптеген түйіспелер кұрылады. Мәселен, екi нейрон дендриттерi арасында 30 000-ға жакын түйіспелер болуы мүмкін. Сондыктан торлы кұрылымның гистологиялық препаратын жай микроскоппен карағанда ол тор тәрiздi болып керiнедi. Осыдан 150 жылдай бұрын торлы кұрылымға бірінші сипаттама берген Дейтерс болатын. Торлы кұрылым ми бағанында орналаскан. Оның нобайы ортанғы мида, бiразы көпірде, үлкен нейрондылары сопакша мида топтаскан (20-сурет), шет кей орналаскан ағзалармен тікелей байланыспаған. Ағзалардағы кабылдағыштардан ақпараттық мағлұматтар торлы құрылымга жулыннын жоғары ми сыңарлары кыртысына карай ерлеушi жолдарынан коллатераль (жалғама) байланыстар арқылы келедi. Оған серпіністер көлденен бұтақшалар аркылы тiптi көру, дыбыс жүйкелерiнен де келіп түседі. Торлы кұрылым кейде бейарнамалы жүйке жүйесi деп те аталады. Өйткенi ол орталык жүйке жүйесiнiң барлык белiмдерiнiн (ми кыр тысынан бастап жұлынға дейін) кызметiн белсендiредi. Жалпы алганда торлы құрылым ми бөлiмдерiмен карама-карсы екi бағытта байланыскан. Торлы құрылымның физиологиялык мәнi жакын арада ғана анықтала бастады. Амери кандык Мегун (1948) мен итальяндык физиолог Морруций (1949) ми қыртысы биотоктарын жазу және электр тогымен торлы курылымның ортаңғы мндагы белiмiн тiтiркендiру аркылы, мунын ми сыңарлары кыртысынын кызметін түгелдей күшейтетінін аныктады. Ортангы мидагы торды курылымды тiтiркендыртысынын кай белiмiнiн электро энцефалаграммасы болса да, онда альфа және бета толкындары пайда болады. Ұйқыдағы жануардын торлы кұрылымын тiтiркендiрсе, ол оянып кетедi. Бул кезде электроэнцефалограммадағы тежелудi көрсе тетiн үлкен және сирек толкындардын орнына кiшi және жиi (альфа, бета) толкындар пайда болады. Торлы курылым мен ми қыртысы сы нарларын косатын жолын кесiп жiберсе, жануар катты уйкыга кетеді. бул айтылгандар торлы белiмнiн ми қыртысын ширатып, онын кыз метін күшейтетінін көрсетеді. Осыған орай торлы курылымды ми кыр тысы кызметiн түгелдей күшейтетiн бейарнамалы жуйке жүйесi деп те атайды. Ол мн кыртысына әсер еткенмен де өзi ми кыртысына Тауелдi. Мн кыртысы торлы курылым арқылы өзiнiн кызметін езі реттейдi, ягни кері байланыс аркылы ми қыртысы торлы кұрылым дагы козуды кушейте немесе бәсендете алады. Мұнымен катар торлы кұрылым орталык жуйке жүйесiнде козу мен тежелу үрдiстерiнiң жай ылуын және бір орталыкка жиналуын реттейді. Бастапкы кезде торлы құрылымда белгiлi бiр дербес, кызметтi рет тейтiн орталык жок деп есептелетін. Қазір воролий копiрiнде орнала скан торлы курылымда ми кыртысындагы тежеудi тездететін, жану арды уйыктататын орталык бар екенi аныкталып отыр. Ал сопакша мидары торлы курылымда жулын кызметiн күшейтетін және тежейтін әсерi таменге карай бағытталған екі орталыктын бар екені белгілі болды. Торлы курылым ауырсыну сезімін тудыруға да катысады. Мәсе лен торлы кұрылымға ғана әсер ететiн барбитураттар тобынан дәрі iшiп ауырсыну сезiмiн жоюға болады (аналгезия). Торлы құрылым, гипоталамус, таламус және көне мн кыртысы косылып лимбиялық жүйе құрады. бул жүйе эмоция мен мотивация ны тудырып адамның іс-әрекетіне, мiнез-құлқына ықпал жасайды. Торлы құрылым-formatio reticularis. Торлы құрылым (ретикулярлық формация) сыртқы пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Ми сауабының жамылғысынан және жұлынның шашыранды клеткаларымен түзілген. Торлы құрылым (ретикулярлық формация). Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бірбірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр. Ол бірнеше нервтік жолдарға бөлінеді. Афференттік жолдары: 1) жұлын-торлы құрылым жолы, 2) ми-торлы құрылым, 3) ми қыртысы-торлы құрылым; Эфференттік жолдары: 1) торлы құрылым-жұлын, 2) торлы құрылым-ми жолы, 3) торлы құрылым-ми қыртысы жолы. Торлы құрылым ми сабауы бөлімдеріне орналасып, мынадай морфологиялық ерекшеліктерімен өзгешеленетін құрылымдардың жиынтығын түсінеді: Торлы құрылым нейрондарының құрылысында олардың басқа нейрондарынан өзгелешейтін айырмашылықтар болады. Олардың дендриттері көп тармақталмайды, нейриттері, керісінше жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлініп, олардан көптеген бүйір тармақтар шығады, соның нәтижесінде аксон аса көп нерв жасушаларымен байланысқан. Нерв талшықтары алуан бағытта өтеді, микроскоппен қарағанда торға ұқсайды, осы себепті бұдан 125 жыл бұрын Дейтерс оны тор немесе торлы құрылым деп атайды. Торлы құрылым жасушалары кей жерде шашырай орналысып, кей жерде ядролар түзеді. Оларды бөліп жіктеу негізін, көпір жамылғысының торлы ядросын сипаттап жазған В.М.Бехтерев . Торлы құрылымның физиoлoгиялық мaңызы электрофизиологиялық әдiспeн анықтaлды. Торлы құрылымның жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсері; ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсері болады. Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр. Ол бірнеше жүйкелік жолдарда бірігеді. Торлы құрылым орталық нерв жүйесінің барлық бөлімдерімен байланысқан. Ол байланыстардың мынадай түрлерін ажыратады: • мидың барлық бөлімдерінен шығатын reticulo-петалды байланыстар. • ми мен жұлынның сұр заты мен ядроларына баратын reticulo-фугалды байланыстар. • торлы құрылымның түрлі ядолары арасындағы байланыстар. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде жануар оянады да, зақымдағанда ұйқыда болады. Симпатикалық нерв арқылы торлы құрылым бұлшық еттердiң қызметiне, нерв жүйесiне, сезiм және iшкі мүшелерге, iшкі секрециялық бездерге, олардағы гормондар мен медиаторлардың мөлшерiне әсер етедi. Ортаңғы ми мен Варолий көпірінiң торлы құрылымының жасушаларының бiраз бөлігi адреналин мен норадреналиннiң әсерінeн қозады, Ал орта ми мен аралық мидың торлы құрылымының бiраз бөлігi ацетилхолиннiң әcеpiнeн қозады. Ацетилхолиннiң торлы құрылымға әcеpi оның iшкі мүшелерге eтeтiн шеткі әсеріне қарама-қарсы. Сопақша мидың торлы құрылымын электр тогымен тітіркендіргенде көптеген жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi байқалған. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде пайда болатын нәтиже тітіркендіргіштiң күшiне байланысты болған. Әлсiз тітіркендіргішпен торлы құрылымның бiр жақ бөлiгiне әсер еткенде жұлынның сол бөлiгiндегi нейрондар тежелген, ал күштi тітіркендіргішпен әсер еткенде екі бөлiгiнiң де нейрондары тежелген. Және де ондай нәтиже торлы құрылымның вентромедиальды бөлiмiн тітіркендіргенде ғaнa байқалады. Ал басқа жерлерін тітіркендіргенде ондай нәтиже болмаған. Торлы құрылым тыныс еттерiн, жұлынның симпатиқалық орталықтарын және тыныс алу мен вазомоторлық жауаптарды реттейтiн мотонейрондарды қоздырады және тежейдi. Айтылғандардың барлығы торлы құрылымның төмен бағытталған әcepiнің болатындығын көрсетеді. Торлы құрылым ми қыртысына, яғни жоғарыға қарай бағытталған белсендiру әсерін ми бағанасының және таламустың белсендiрушi жүйесiне бөледі. Ми бағанасындағы жүйе жинақталған белсендiліктi тудырады, ал таламустық жүйе жергіліктi әсер eтeдi. Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсер етеді. Ми қыртысы өз тарапынан торлы құрылымға әсер етеді. Торлы құрылымның нейрондарына әсер ету арқылы ми қыртысы олардың сезiмталдығын өзгертедi, яғни ми қыртысы торлы құрылымның қызметiн реттейдi және бағыттайды. Торлы құрылым гипоталамуспен және лимбиялық жүйемен тығыз қарым-қатынаста болып, ағзаның вегетативтік және гомеостатикалық қызметiнiң бiрлескен реакциясын қамтамасыз етедi. Торлы құрылым тітіркендіргішке баяу жауап қайтарады, бiрақ қозуы ұзаққа созылады. Ол бұлшық еттердiң ширығуын жеңiлдетедi немесе тежейдi. Ортаңғы ми мен аралық мидағы торлы құрылым жануардың рефлекторлы қимылын жеңiлдетедi. Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi. Торлы құрылымның организмнің ұйқы-cepгектiк, эмоция және стрес күйлерінің көрініс беруіне қатысы бар. III.Қортынды Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады. Торлы құрылым гипоталамуспен және лимбиялық жүйемен тығыз қарым-қатынаста болып, ағзаның вегетативтік және гомеостатикалық қызметiнiң бiрлескен реакциясын қамтамасыз етеді. Торлы құрылым тітіркендіргішке баяу жауап қайтарады, бiрақ қозуы ұзаққа созылады. Ол бұлшық еттердiң ширығуын жеңiлдетедi немесе тежейдi. Ортаңғы ми мен аралық мидағы торлы құрылым жануарлардың рефлекторлы қимылын жеңiлдетедi. Ми қыртысы өз тарапынан торлы құрылымға әсер етеді. Торлы құрылымның нейрондарына әсер ету арқылы ми қыртысы олардың сезiмталдығын өзгертедi, яғни ми қыртысы торлы құрылымның қызметiн реттейдi және бағыттайды. IV.Қолданылған әдебиеттер Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева, Ө.А.Өтепбергенов. Адам физиологиясы.Алматы 2010 С. Төлеуханов, Н.Торманов. Адам физиологиясы. Алматы 2010 В.М Покровский, Г.Ф.Коротько. Физиология человека https://ppt-online.org/259776 https://engime.org/torli-rilim.html |