Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған

  • Қорытынды

  • Негізгі бөлім

  • Тотығу - тотықсыздану реакциялары

  • Тотықтырғыш Тотықтырғыш

  • Тотықтырғыш

  • Тотығу

  • Тотығу тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері

  • тотығу реферат. Реферат Таырыбы Тотыутотысыздану реакциялары Орындаан 150411 тобыны білім алушысы Рахымбек М. А


    Скачать 28.59 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Тотыутотысыздану реакциялары Орындаан 150411 тобыны білім алушысы Рахымбек М. А
    Анкортотығу реферат
    Дата11.05.2022
    Размер28.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатотығу реферат.docx
    ТипРеферат
    #523707

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

    Реферат

    Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары

    Орындаған: 1504-11 тобының білім алушысы Рахымбек М.А.

    Қабылдаған: доц. Керімбаева К.

    Шымкент 2021
    Мазмұны

    1. Кіріспе 3

    2. Негізгі бөлім4

    2,1 Тотығу-тотықсыздану реакциялары 5

    2,2 Тотығу 5

    2,3 Тотықтырғыш 5

    2,4 Тотықсыздандырғыш 6

    Қорытынды8

    Пайдаланылған әдебиеттер9

    Кіріпе

    Тотығу-тотықсыздану реакциялары ең көп тараған реакциялардың бірі. Бұл реакциялардан, электрондарбір атомдардан, молекулалардан немесе иондардан басқаларға ауысады. Тотыққан кезде атомдардың тотығу дәрежелері әрқашанда жоғарылайды, ал тотықсызданғанда-төмендейді. Яғни тотығу тотықсыздану реакцияларында тотығу-тотықсыздану, тотықтырғыш ұғымдарды пайдаланады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының электродтарда жүретін реакциялар бар. Яғни ондай реакцияларды электролиз деп атайды. Негізгі бөлімдер осы тақырыптар аясында баяндалады.

    Негізгі бөлім

    Тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) - реакцияға қатысушы заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакциялар.

    18 ғасырдың аяғында А.Лавуазье жанудың оттекті теориясын ұсынған кезден бастап тотығу заттардың оттекпен қосылуы, ал тотықсыздану оттекті бөліп алу процестері деп қаралған. 1920 – 1930 ж. химияда электрондық түсініктің қалыптасуына байланысты оттек қа-тыспайтын реакциялардың да Тотығу-тотықсыздану реакциялар болатындығы анықталды. Тотығу-тотықсыздану реакциялар процестері көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін Тотығу-тотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады

    Тотығу - тотықсыздану реакциялары

    Тотығу атомнын , молекуланын , ионның электронды беріп жіберуі нәтижесінде элементтердің тотығу дәрежесі арта жүретін процесс . ррТотықсыздану - атомнын , молекуланын , ионнын электронды косып алуы нәтижесінде элементтердің тотығу дәрежесі кеми жүретін процесс .

    Тотығу - тотықсыздану реакциясы реакцияға катысушы атомның молекуланын , ионнын электронды өзара алмасуы нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар .

    Тотықтырғыш - тотығу - тотықсыздану үрдісі кезінде электрондарды өзіне кабылдаушы зат .

    Тотықсыздандыргыш тотығу - тотықсыздану үрдісі кезінде өзінен электрон бөліп, тотығу дәрежесі кемитін атом немесе бөлшек ( бейтарап атом молекула, ион ).

    Тотықсыздандырғыш реакция кезінде өзi тотыгады , ал тотыктыргыш тотықсызданады

    Тотықтырғыш

    Тотықтырғыш (Оксидант, окислитель) — тотығу процесіне себепші болатын заттек (озон, азот қос тотығы, асқын тотықтар және тағы басқа). Тотықтырғыш ақаба судың тазаруына себепші болады, ксепобиотиктердің ыдырауын тездетеді.

    • Zn + 4HNO3(конц.) = Zn(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O

    • 3Zn + 8HNO3(40 %) = 3Zn(NO3)2 + 2NO + 4H2O

    • 4Zn + 10HNO3(20 %) = 4Zn(NO3)2 + N2O + 5H2O

    • 5Zn + 12HNO3(6 %) = 5Zn(NO3)2 + N2 + 6H2O

    • 4Zn + 10HNO3(0.5 %) = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O

    Тотықтырғыш - тотығу-тотықсыздандыру үрдісі кезінде электрондарды қабылдаушы зат.

    Тотықсыздандырғыш 

    Тотықсыздандырғыш - тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде өзінен электрон бөліп, тотығу дәрежесі өзгеретін атом немесе бөлшек. Тотықсыздандырғыш – электрон беруші бөлшек (бейтарап атоммолекулаион), ал электрон беру процесі – тотығу деп аталады, демек Тотықсыздандырғыш реакция кезінде тотығады. Тотықсыздандырғыш ретінде металдардың бейтарап атомдары, кейбір бейметалдар (мысалы, C, Sі, H2, S, J, Br), теріс зарядталған бейметалл иондары (мыс., Cl2), құрамына тотығу дәрежесі төмен немесе өте төмен болатын элементтер енетін күрделі заттар (FeCl2, FeSO4, Cr2(SO4)3, MnSO4, H2S, HCl, HBr, HJ, NH3, CO, N2H4, NH2OH, NO, SO2, H3PO4, H2SO3) және олардың тұздары, (HNO2, SnCl2, Na2S2O3), органикалық заттар – альдегидтерспирттерглюкоза, құмырсқа және қымыз қышқылдары, электролиз кезіндегі катод, т.б. қолданылады. Техникада және лаб-да жиі қолданылатын аса маңызды Тотықсыздандырғыштар: көміртек (С) пен көміртек оксиді (СО). Тотықсыздандырғыштар металлургияда оксидті кендерден металл алуға, кейбір активтігі аз металды ерітінділерінен бөлуге; темір, мырыш, алюминий, қалайы және органик. заттар алуда, нитроқосылыстарды тотықсыздандыруға, фотографияда, мата өнеркәсібінде, т.б. жерлерде қолданылады.

    Тотығу

    Тотығу – элементтің немесе қосылыстың тотықтырғышпен әрекеттесу процесі; тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында бөлшектің электрондарынан айрылу процесі. Тотығу кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі артады. Мысалы, атом электронын берсе, оң

    зарядты ионға; теріс зарядты ион электрон берсе бейтарап атомға, оң зарядты ионға айналады; оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі.

    Тотығудың үш түрі белгілі:

    Биологиялық тотығу – оксидредуктаза ферменттерімен катализденетін, тірі организмдегі тотығу-тотықсыздану реакцияларының жиынтығы. Ол тірі организм тіршілігінің негізін құрайтын энергия көзі болып табылады. Биологиялық тотығудың атқаратын маңызды қызметі организмдегі зат алмасудем алу, жасуша құрылымын құ-растыру, өсу процесіне қажет әр түрлі метаболиттерді – субстраттардыкоферменттердігормондарды және басқа заттарды түзу болып табылады.

    Мұнай өнімдерінің тотығуы (автототығу), негізінен құрылысы әр түрлі көмірсутектер қоспасынан тұратын мұнай өнімдері тотықтырғанда әр түрлі оттекті қосылыстардың түзілуі. 

    Органикалық қосылыстардың тотығуы – органикалық қосылыс молекуласына оттек атомдарын енгізу және сутек атомдарын одан бөліп шығару. Органикалық затқа тотықтырғыштың әсе-рі тотығатын заттың табиғатына, температураға, катализаторға, реагенттердің концентрациясына, ортаның қышқылдылығына, т.б. байланысты.[1]

    Тотығу — су құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін оттектің барлық тотықтану шығынымен білуге болады. 1 дм3 су құрамындағы органикалық заттардың оттекпен тотығуы 2,5—3 мг/дм3 болса, онда су құрамындағы органикалық заттардың өте көп мөлшерде болғаны және осыған байланысты зиянды бактериялар арқылы ауру жұқтыру мүмкіндігі арта түседі.

    Тотығу тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері

    Тотығу-тотықсыздану реакцияларын коэффиценттер қойып теңестірудің екі әдісі бар: электрондық тепе-теңдік және электрон-ион. Электрондық тепе-теңдік әдісі бойынша берілген және қосып алған электрондар саны элементтердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тотығу дәрежесінің негізінде анықталады.

    Электрон-ион әдісі бойынша жалпы иондық реакцияларды құру ережесіне сәйкестеп реакция сұлбасын құрайды. Күшті электролитті ион түрінде, бейэлектролит пен әлсіз электролиттерді, газдарды және тұнбаларды молекула күйінде жазады. Бұл әдіс реакция жүрген ортаның табиғатына байланысты. Себебі реакция бағытына орта күшті әсерін тигізеді. Мыс, +H2Mn+7 қышқылдық ортада Mn2+-ге дейін, сілтілік ортада Mn+6, бейтарап ортада Mn+4 O2 молекуласына дейін тотықсызданады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының стехиометр. коэффицеттерін табудың бұлардан басқа А.Гарсиа, электронды баланс, матем. әдістері де бар. Химияда Тотығу-тотықсыздану реакциялар өте көп таралған. Мысалы, аммиаказот қышқылы, күкірт қышқылын алу, электролиз (анодта электрхимиялық тотығу, катодта электрхим. тотықсыздану), жану процесі, металдар коррозиясыфотосинтез, т.б. маңызды биологиялық құбылыстар Тотығу-тотықсыздану реакциялар процесіне жатады. Тотығу-тотықсыздану реакциялар өнеркәсіпте және техникада көміртек оксидтерін, таза металл, т.б. алуда кеңінен қолданылады.

    Элемент ең төменгі тотығу дәрежесінде тек тотықсыздандырғыш, ең жоғарғы тотығу дәрежесінде тек тотықтырғыш, ал аралық тотығу дәрежесінде болса әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады.

    Бөлшек (атом, молекула) электронды бергенде оның оң тотығу дәрежесі артса, қосқанда оң тотығу дәрежесі кеміп, теріс тотығу дәрежесінің абсолюттік мәні артады.

    Қортынды

    Химияда Тотығу-тотықсыздану реакциясы өте кп таралған. Мысалы, аммиак, азотқышқылы, күкірт қышқылын алу,электролиз (анод электрмиялык тотығу, катодта электрхим, тотықсыздану ), жану процесалдар коррозиясы, фотосинтез, т.б. манызды биологиялық құбылыстар. Тотығу - тотықсыздану реакциялар процесіне жатады . Тотықсыздану реакциялар өнеркәсiпте және техникада оксидтерін , таза металл , т.б. алуда кеңінен қолданылады.

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Аханбаев К. Химия негіздері. Алматы, Мектеп, 1987.

    2. Бірімжанов, Жалпы химия, Алматы, Ана тілі, 1992.

    3. Хомчено Г.П. Химия, Алматы, Демеу, 1996.

    4. Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. Алматы: Атамұра, 2009

    5. Химия 2-бөлім Ахметжан А. Жаппарова С. Әбеу Н. Qazbilim, 2020


    написать администратору сайта