« Зоонозды инфекция қоздырғыштары оба инерсиниялары, бруцеллалар. Реферат Таырыбы Зоонозды инфекция оздырыштары оба инерсиниялары, бруцеллалар, туляремия франциселласы, сібір кйдіргісі
Скачать 143.97 Kb.
|
Реферат Тақырыбы: « Зоонозды инфекция қоздырғыштары: оба инерсиниялары, бруцеллалар, туляремия франциселласы, сібір күйдіргісі» Орындаған: Тобы: Қабылдаған: Шымкент – 2014ж. Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Оба Бруцеллёз Туляремия Сібір күйдіргісі Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе Зоонозды жұқпалар ауруларының таралуы кез келген жұқпалар мен көптеген соматикалық аурулардан пайда болады, бірақ диагноз тек зертханалық зерттеу кезінде белгілі болады. Антибиотикограммдардан бөлінген өсіндіден, әр уақытта бір аурудан таралатын жұқпалардың емдеу түрлерін анықтайды. Зоонозды және аса қауіпті жұқпалы аурулардың диагностикасын зерттеу үшін зертхана, қысқа уақыт ішінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының көптеген түрін теңестіріп беретін бірегей жабдықтармен жабдықталған. Бактериологиялық әдіс бактериологиялық анализаторды қолдана отырып қоздырғыштарды теңестіру уақытын жылдамдатады, микроскопия жүргізіледі ( фазалы- қарама-қарсылық, ЛЮМ, стереокопиялық, бинокулярлы микроскоптар) экранға жоғары сапалы оптикалық жүйемен шығарылады. Серологиялық микро және макро әдістер, РПГА, РТПГА, РНат, РНаг, РСК, РА, Райта- Хеддльсон, Розбенгал сынама, антидене және антигендердің сақиналы сынамасы 2-5 сағат ішінде анықталады. Иммуноферментті талдау заманауи жабдықтармен жүргізіліп, сенімді және нақты нәтиже көрсетеді. Толығымен автоматтандырылған жүйе, тест - жүйелер өзгешелігімен және жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді, зертханалық зерттеудің нәтижесі 3-5 сағат ішінде анықталады. Генетикалық әдіс, полимеразды тізбек реакциясы молекулярлы-биологиялық әдістердің ішіндегі ең сезімтал болып табылады. ПТР әдісі нақты уақытта жоғары сезімталдығымен, өзгешелігімен және жан- жақтылығымен ерекшеленеді, талдау нәтижесін 3,5- 4,5 сағат ішінде алады. Оба Оба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады. Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато(1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі. Емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар. Бруцеллёз_Бруцеллёз_(мальта_қызбасы).'>Бруцеллёз Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жараларарқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру. Бруцеллёзбен ауыратын науқас Бруцеллёз қазақша: Сарып Этиологиясы Brucella тұқымына 6 түр кіреді: Br.melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі Br.abertus Br.suis Br.cauris Br.neotomae Шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді. Бруцеллёз қоздырғышы Эпидемиологиясы Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері) алиментарлық ауа-шаң (аэрогенді) Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады. Инфекцияның мүмкін болатын көздері Патогенезі Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді: лимфогенді фаза гематогенді фаза көп ошақты себу жайылу фазасы экзоошақты себу фазасы метомффоз фазасы Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты. Патоморфологиясы Бруцелледегі негізгі зақымдану тамыр жүйесі жағынан болғандықтан (энда, - пери,- панваскулиттер, тромбоваскулиттер) поли ошақтық ағзалардың патологиясы байқалады. Клиникасы Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастыңасқазанның буындардың ауыруы формасында өрбиді. Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін. Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін. Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі: Ағымы бойынша: жеңіл орташа ауыр латентті Ұзақтығы бойынша: жедел (3 айға дейін) жеделдеу (6 айға дейін) созылмалы (6 айдан кейін) ирезидуальды Жедел бруцеллездегі симптомдар: Әр түрлі сипаттағы қызба (толқын тәріздес, ремиттирлеуші, субфебрильді) 1-2 аптадан 2-3 айға дейін. Қалтырау және тершеңдік Жалпы интоксикациялық синдром (бас ауру, әлсіздік) Микрополиаденит Гепатомиенальдық синдром Қысқа мерзімдік әлсіз немесе айқын түрдегі артралгия, миалгиялар. Жеделдеу бруцеллезге тән симптомдар: айқын интоксикация ағзалар мен жүйелер зақымдану симптомдары: полиартрит, бруссит, спондилоартриттер, спондиметтер менингит, менингоэнцефалит, миелит, энцефалит эндокардит, миокардит, перикардит нефриттер, нефроздар түсіктер, бедеулік, жатыр түтікшелерінің қабынуы, менистризация циклінің бұзылуы орхит Созылмалы бруцеллезге тән симптомдар: Висцеральды түрі: жүрек-қантамыр жүйесі тыныс алу жүйесі гепателиенальды синдромдармен жүреді Сүйек буын түрі: буындар сүйектер жұмсақ тіндер аралас түрде зақымдану Нервтік түрі: орталық жүйке жүйесі перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы психобруцеллез Урогенитальді түрі Клиникалық араласқан түрі Балалардағы бруцеллездің клиникалық ерекшеліктері Негізгі жұғу жолы: алиментарлы (қайнатылмаған сүт арқылы) Ауру біртіндеп басталады Көбінесе қызба болмайды, субфибрильді болады Терісі бозғылт, эрт. бөртпелер байқалады, 9-15% Лимфа түйіндері сирек үлкейеді Тірек-қимыл жүйесі жағынан әлсіз өзгерістер байқалады Перифериялық-жүйке жүйесі, зәр шығару жүйесі сирек зақымданады. Негізгі аяқталуы- сауығу. Диагностикасы бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау) иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР) серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР) аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы Диф.диагностикасы Іш сүзегімен, Қу-қызбамен, грипп, безгек, эпидемиялық бөртпе сүзегімен, Бриль ауруымен жүргізіледі. Емдеу жолдары Этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин қабылдауға қарсы: вольтарен, напроксен дезинтокциялық: тек ауыр түрінде антигистаминді иммунды жүйені қалыптастыру: левамизол, тимамен витаминтерапия физио және симптомдық санаторлы-курортық Бруцеллёзден сезіктенсеңіз дәрігерден кеңес алыңыз, өйткені көп жағдайда бұл ауру-мен басқа аурупарды шатастырады, ал емдеу үшін көп уақытта, қаржы да шығын болады. Тетрациклинмен емдеңіз: ересектер: 250 миллиграмдық капсулды күніне 4 рет екі түйірден үш апта ішу керек. Сақтану шараларын орындаңыз. Немесе ко-тримоксазол ішіңіз. Диспансеризация Жедел және жеделдеу түрінде 3 жыл. Созылмалы түрінде әр 3 ай сайын тексерілуі керек. Алдын алу Қайнатылған немесе пастерленген сүтті ішіңіз. Бруцеллёз тараған жерлерде қайнатыпмаған сүттен дайындалған ірімшікті жеуден тартынған жөн. Ауру малдарды бағып-күткен кезде аса сақ бопыңыз, әсіресе сіздің денеңізде жы-рылған немесе тілінген жер болса. Ветеринария қызметкерлерімен кеңесіңіз, қолыңыздағы малдың денсаулығын қадағалап отырыңыз. Емдеу Ем науқаста сарыптың клиникалық белгілері болған кезде тағайындалады. Сарыптың жедел, жеделдеу түрлерінде төменде көрсетілген емді қолданған дұрыс: - антибактериальдық ем, - дезонтоксикациялық ем, - қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер, - иммуномодуляторлар. Ал аурудың созылмалы түрлерінде тағайындалатын ем: - гипосенсибилизациялық ем, - антибактериальдық ем (инфекциялық процесстің белсенділігі болған жағдайда оны жоюға арналған), - қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер, - симптоматикалық ем, - био-және иммуностимуляторлар, - физиотерапиялық ем, - емдік және шынықтыру, - ине рефлексті терапия, - санаторлық–курорттық ем. Туляремия Туляремия-қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру. Этиологиясы:Қоздырғышы-Frahcisella tularehsis, Francezella туысы, Brucellaceae тұқымдасына жатады. Екі антигендік комплексі бар: қабықтық Vi антиген соматикалық О антиген Ұсақ кокк тәрізді және таяқшалар, капсула түзеді, эндотоксин бөледі, сыртқы ортада төзімді. Гр «-». Қоздырғыштың 3 түрі бар: арктикалық емес (американдық) орта азиаттық галарктикалық (европа-азиаттық) Эпидемиологиясы:Туляремия кең тараған, спородикалық вспышкамен өтетін, табиғи ошақты болып кездесетін ауру. Табиғи ошақтың 5 түрі бар: орманда, қырда, таулы-өзенді, тоғайсыз, тундралық. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Francisella tularensis жиынтығы. Инфекция көзі:әр түрлі жабайы омыртқалы жануарлар (кеміргіштер, қояндар, тышқандар) ауылшаруашлық жануарлар (қой, шошқа, ірі қара малдар, солтүстік бұғысы) үй жануарлары (иттер) инод кенелері (қосымша резервуар) Таралу механизмі:контактілі, қарым-қатынас арқылы (зақымдалған тері жабыны, шырышты қабат арқылы). тағам арқылы ауа-шаң трансмиссивті (тістеп алса немесе кене, масаны езіп жіберсе жұғады) Мерзімділігі:жаз-күз айлары. Иммунитет:өмір бойы сақталады. Патогенезі:туляремия патогенезінде 3 маңызды фактор бар: . инфекциялық .токсикалық .аллергиялық Қоздырғыш ағзаға жарақатталған тері арқылы немесе тыныс жолдарының және көздің шырышты қабаты арқылы енеді. Кіру қақпасы аурудың клиникалық түрін анықтайды. Кіру орнында инфильтрация мен қабыну ошағы дамиды, жиі қоздырғыш жергілікті лимфа түйіндеріне түседі, онда көбейіп, біртіндеп өледі. Эндотоксин бөледі, ол қанға сіңіріліп (токсинемия), интоксикацияға әкеледі. Регионерлік лимфа түйіндерінде некрозбен іріңді қабыну дамиды (біріншілік бубондар). Инфекциялық процестің дамуына байланысты ЖСБТ бойынша организмнің аллергиялық құрылысы өзгереді. Туляремия Патоморфологиясы:Туляремияда патоморфологиялық өзгерістер спецификалық туляремиялық гранулема түзілумен (ортасында некроз болады), олар ішкі мүшелерде лимфа түйіндерінде және әсіресе біріншілік бубондарда түзіледі. Клиникасы:Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, кейде 10 күн болады. Туляремияның клиникалық жіктелуі: Клиникалық түрі Жұғу жолдары бубонды түрі көздің шырышты қабаты, тері арқылы жаралы-бубонды осы сияқты көз-бубонды осы сияқты ангинозды-бубонды ауыз арқылы өкпелік (бронхиттік және пневмониялық түрлері) тыныс жолдары арқылы генерализивті немесе біріншілік септикалық түрі кез-келген жұғу түрінде кездеседі, әлсіз адамдар ауырады Ағым ұзақтығы бойынша: жедел (3 айға дейін) жеделдеу (6 ай және ұзақ) рецедивтер Ағым ауырлығы бойынша: жеңіл түрі орташа ауыр түрі ауыр түрі Клиникасында 2 синдром бар: .интоксикация .жергілікті өзгерістер Интоксикациялық симптомдар: қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, бұлшық еттердегі ауырсыну (аяқ, бел, арқа бұлшық еттері), ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, құсу, галлюцинация. Беті, коньюктива, ауыздың шырышты қабаты, жұтқыншақтың бозаруы және гиперемиясы және склера тамырларының иньекиясы байқалады. Гепатомиенальды синдроммен жүреді. Кейбір науқастарда эритема, разеола, петехиялар симметриялы кездеседі. Бубонды түріндеауру басталғаннан 2-3 күні біріншілік бубон түзіледі. Жиі қолтық асты, жақ асты бубондары болады, түйіндер қатты, ауырсынбайды, қозғалмалы, шеті айқын. Жаралы-бубондытүрі: қарым-қатынас және трансмиссивті жолмен жұққанда дамиды. Қоздырғыш енген орнында дақ түзіледі (біртіндеп 6-8 күнде папулеға айналады) 5-15 мм. Көз-буббондытүрі коньюктива арқылы түскенде 1-2% жағдайда кездеседі. Біржақты зақымдалу тән. Коньюктива қызарады, одан кейін папула жараға айналады, қабақтың ісінуі, алдыңғы мойын, құлақ маңы, жақ асты лимфа түйіндері ұлғаяды. Бірніші аптадан айға созылады. Тамағында аздаған ауырсыну болады, аурудың 4-5 күні бадамша безі ұлғаяды, кір-сұр түсті жабынмен жабылады. Баспамен біргі біржақты лимфаденит болады. Мезантериальды лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталады. Науқастар іштегі қатты ауырсынуға, құсу, іш өтуге шағымданады. Пальпацияда сезіледі. Өкпелік түрі.Бронхтық және пневмониялық варинтпен жүреді. Құрғақ жөтел, кеуде артында ауырсыну, құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Субфебрильді қызба. Ауру ұзақтығы 8-12 күн. Пневманиялық түрі.Қабыну мен ауыр ағыммен сипатталады, кеудеде ауырсыну, құрғақ жөтел, шырышты іріңді немесе қанда қақырық болуы тән. Рецидив болуы тән. Генерализденген түрі.Ауыр ағымды, тиф тәрізді немесе септикалық вариантпен жүреді, регионарлы лимфаденит тән. Жиі бөртпе, полиморфты эритема, гепатоспленомегалиямен жүреді. Өте ұзақ, рецидив болу мүмкін. Асқынуларыекіншілік туляремиялық пневмония менингит, менингоэнцефалит миокардиодистрофия, перикардит жедел өкпе немесе жүрек тамыр жетіспеушілігі Диагностикасы:биологиялық серологиялық аллергиялық Емі:этиотропты препараттар патогенетикалық дезинтоксикациялық заттар физиотерапия Сібір күйдіргісі Сібір күйдіргісі (койда - топалаң, жылқыда - жамандат, ірі карада -караталак, түйеде - ақшелек, карабез) мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Онымен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Сібір жарасы кең тараған ауру. ҚоздырғышыҚоздырғышы. Сыртқы ортаға төзімді келетін таяқша тәріздес, Грам әдісімен, аналин бояуларының барлық түрімен боялатын, капсула түзетін аэробты микроб. Жер қыртысында өсіп-өнеді және спора түзеді. Топалан бацилласы вегетативті түрде сыртқы ортаның әсеріне онша төзімді емес, споралы түрі бұған керісінше өте төзімді ж/е ұзак жылдар бойына тіршілік кабілетін сақтайды. Сойылмаған бітеу өлікте ауру қоздырғышы жаз кездері 1-3 тәулік ішінде кұрып бітеді. Топалаңнан өлген малды сойған кезде оттегінің әсерінен қоздырғышы спораға айналатындықтан мұндай малды жарып көруге қатаң тиым салынады. Спора әр түрлі химиялық заттар мен физикалык құбылыстарға аса төзімді, тіпті ол тікелей түскен күн сәулесінен 4 күнге дейін өлмей, шыдап баска, кайнаған суда 45-60 минутқа, 140 градусқа дейін қызған ауада 3 сағатқа, 1 пайыз формалин мен 10 пайыз күйдіргіш натрий ерітіндісінде 2 сағатқа төзеді. Ол тұздалған теріде де тіршілік ете береді. Ауру қоздырғышы сырткы ортада сапрофит ретінде өмір сүріп, шаң-тозаң, ағынды су, қан сорғыш кенелер аркылы бір жерден екінші жерге ауысып жанадан індет ошағын құрайды. ЭпизоотологиясыЭпизоотологиясы. Сібір жарасы өте кең тараған ауру. Оған ірі қара, қой, ешкі, жылқы, бұғы, түйе т.б. сондай-ақ жабайы шөп қоректілер шалдығады. Шошқа сирек, ит пен мысық бацилламен өте көп мөлшерде залалданғанда ғана ауырады. Сақа жануарларға карағанда төл індетке біршама жиі шалдығады. Сібір жарасы - маусымды індет. Ол әсіресе қуаңшылықты жылдары маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды. Ауру қоздырғышы - індетке шалдыққан жануарлардың зәрі, и т.б. аркылы тарайды. Бұл індетпен өлген малдың бүкіл органдары ұлпаларында бациллалар өте көп болады. Осы аурудан өлген хайуандарды сойып ішін жаруға болмайды. Өйткені өлген немесе сойылған малдың терісі, еті, жүні т.б. арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады. Қоздырғыштың таралуына ет қоректілер мен жыртқыш құстар да себепкер болады. Сібір жарасы малға оларды ауру коздырғышымен ластанған жайылымдарға жайып баққанда, шөп, су аркылы тарайды. Індет негізінен жаз айларында өршиді. Малдың ауыз, жұткыншақ, кілегей қабықшаларындағы жарақаттар немесе ас қорыту жүйесіндегі ақаулар аурудың тарауына негізгі себеп болады. Малдың жалпы күйі төмендегенде (ашығу, витамин жетіспеуі, дене қызуының көтерілуі т.б.) олар ауруға шалдыққыш келеді. Індеттің ауа аркылы таралуы да мүмкін. Сонымен катар қансорғыш жәндіктердің (маса, шіркей) де ауру таратуы ықтимал. Клиникалық белгілеріКлиникалық белгілері. Аталған аурудың клиникалық белгілері барлық мал түлігінде негізінен ұқсас болады. Соның ішінде қой топалаңын сипаттауды жөн көрдік. Бұл індет койда аурудың клиникалық белгілері білінбейтін жэәе білінетін болып екі түрде жүреді. Бірінші түрінде қой бірден, 1-2 күнде өліп тынады, ауру өте жіті өтеді, көп ретте ішектер кабынады. Екінші түрінде қой денесінде жара мен тері ж/е тері асты ісіктері пайда болып, індет 5-7 күнге созылады. Әуелгі кезде кой денесінін әр жерінде көлемі онша үлкен емес, ұстап көрсең, мал ауырсынып, қолға қатты тиетін қызулы кайткан ісікке, одан қайтадан ортасы сарғыш катерлі жараға айналады. Топалаңға ұшыраған қой тісін қышырлатып, бағытсыз козғалады, денесі кұрысып, аузынан, мұрнынан, артқы ішегінен қанды көбік ағады. Індет жіті жағдайда малдың қызуы кетеріледі, мал қимылсыз күйзеліп, көз айналасы қанталап, ауыз және тыныс кілегей қабығы көгеріп, қан аралас тышқақтайды, көп ұзамай өледі. Терінің ішкі қабаты сарғыш түстеніп, қанталап, қан тамырлары білеуленіп, лимфа түйіндері ісінеді, көкбауыр өз көлемінен бірнеше есе ұлғаяды. Бауыр мен бүйрек канға толып, жүрек талшыктары босап, ішек, асқазанның ішкі жактары қанталап қабынады. Ауруды аныктағанда оның даму барысы клиникалық және өлексе белгілері, эпизоотологиялық деректер негізге алынады, түбегейлі анықтау үшін микроскопиялық, бактериологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізеді. Топалаң әдетте аса жіті және жіті, сирегірек жітіден төмен өтеді. Созылмалы түрі шошқада кездеседі. Аса жіті топалаң негізінен қой мен ешкіде, сирегірек Жылқы мен сиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалык белгісі байқалып үлгермей-ак, өліп кетеді. Мұндай жағдайда кой ентігіп, дірілдеп-калшылдап, кейде орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішінде өледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Жылкы мен сиыр еліріп, одан кейін тез басылады. Ентігіп, солығын баса алмай дем алады, тамыры жиі соғып, кілегейлі қабықтары көкішлденіп, дене қызуы 41-42 °С жетеді. Бірнеше минуттан кейін, кейде бірер сағат өткен соң ауырған малдың талықсып, денесі құрыстанып барып жаны шығады. Аурудың жіті өрбуі кезінде сиыр мен жылқыда дененің кызуы көтеріліп (41°С), тыныс алуы мен тамырдың соғуы жиілеп, бұлшык еттері дірілдейді. Мал жем-шөптен калып, ірі қарада күйіс кайтаруын токтатып, сауын сиырлардың сүті кайтады. Жылқының ішегі түйіліп, ірі караның таз қарны кебеді. Кейде іш қатып, не керісінше кан аралас іш өтіп, несепте қан байқалады. Жануар тез әлсіреп, тынысы тарылып, кілегейлі қабықтары көгеріп, канталай бастайды. Жұтқыншақ маңында, мойнында, әукесінде, қарын астында домбығу пайда болады. Аузы мен тілінің кілегейлі қабығында қанды жалқақ байқалады. Ауру белгілері білігеннен соң 2-3 күн өткенде мал өледі. Жан тәсілім кезінде мұрны мен аузынан канды көбік шығады. Жітіден төмен өрбігінде (6-8 күнге дейін) жоғарыдағы сипатталған белгілері баяулау өрбиді де, октын-октын байқалмай да кетіп, мал жазылып кеткендей әсер туғызады. Бірак артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап, ақыры өліммен бітеді. Созылмалы түрде (шошқада) өткенде аурудың негізгі белгісі - жануардың арықтауы. Тек сойылғаннан соң, ұшаны қарағанда, төменгі жактың астында қанды жалкак, жак асты және жұтқыншақ бездерінің қабынуы байқалады, топалаңға күдік туады. Бұл аурудың ангиналық түріне сәйкес келеді, ұзак өрбіген дерт дененің ыстығы аздап көтрілуі, ангина мен фарингит аркылы білінеді. Жануардың алқымы ісіп, жұтынуы қиындап, тынысы тарылады, жөтел пайда болады. Аурудың үзікті түрі кезінде дененің ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте мал жазылып кетеді. Қорытынды Аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасы төмендегідей жоғары білікті қызмет көрсетеді: • Адамдарға зоонозды жұқпалар тобына – ( сарып, иерсиниоз, листериоз, лептоспироз, пастереллез), сонымен бірге хламидиоз, бөртпе сүзегіне зерттеу жүргізу; • Адамдарды иерсиниозға қарсы бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық кешенді тексеру; • Адамдарды листериозға қарсы бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық кешенді тексеру; • Сарыпқа бактериологиялық ( гемоөсіндіге қан тапсыру), серологиялық ( Хеддльсон реакциясы, Райта, Розбенгал сынама, РПГА), иммунологиялық кешенді тексеру; • Туляремияға бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық , генетикалық тексеруден өткізу; • Түйнемеге қарсы бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық , генетикалық кешенді тексеру (жедел әдісті қолданудың алдын ала уақыты 3 сағат бұрын); • Тырысқаққа бактериологиялық, микроскопиялық серологиялық, генетикалық зерттеу, тырысқақтың қоздырғыштарын анықтауда жедел әдістің алдын ала уақыты 3-4 сағат бұрын; • Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының бөлінуі кезінде антибиотиктердің негізгі топтарының сезімталдығын анықтау; • Зоонозды жұқпалар тобына ( иерсиниоз, листериоз, пастереллез) қоршаған орта материалдарын бактериологиялық, серологиялық ( тағам өнімдері, тағам өнімдері нысандарынан шайынды, ауру ошағындағы материалдар, өлі материалдар, кеміргіштер) кешенді тексеру; • Аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына қоршаған орта материалдарын ( ашық суқоймасының сулары, су бұрқағыштар, хауыздардағы тырысқақты тексеру, ошақтардағы сарыпқа материал алу: сүт, сүт өнімдері, ет, ет өнімдері, сыртқы орта, туляремияға кеміргіштер, түйнемеге ет және ет өнімдері) бактериологиялық, серологиялық кешенді тексеру; • Зертхана диагностикасы ( ИФТ) иммуноферментті талдау әдісімен M, G иммуноглобулинді класстарын анықтайды; Тыныс алу жолдарының ауыр синдромы, құс тұмауы, КГЛ, бөртпе сүзегі, хламидий, түйнеме, тырысқақ, туляремия, сарып, токсоплазмоз, лептоспироз, пастереллез, иерсиний, листерий диагностикасы; • Полимераздық тізбек реакциясы әдісімен зертханалық диагностика жүргізу. КГЛ, бөртпе сүзегі, хламидий, түйнеме, тырысқақ, туляремия, сарып, токсоплазмоз, лептоспироз, пастереллез, иерсиний, листерий диагностикасы. Пайдаланған әдебиеттер 1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. 2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005. 3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002. 4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012. 5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012. 6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. 7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007. 8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006. 9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005. 10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005. 11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. 12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002 |