Главная страница

реф. Темір жол көлігі. Республикамыздаы е ірі компанияларды бірі бола отырып, азастан темір жолыКА 85 мы адамды жмыспен амтамасыз етуде


Скачать 16.84 Kb.
НазваниеРеспубликамыздаы е ірі компанияларды бірі бола отырып, азастан темір жолыКА 85 мы адамды жмыспен амтамасыз етуде
Дата12.02.2023
Размер16.84 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТемір жол көлігі.docx
ТипДокументы
#932432

Темір жол көлігі — Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен.

Қазақстан Республикасының территориясының үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің темір жолдарының ролі барлық отандық экономика үшін стратегиялық маңызды. Жүктердің көптеген түрлері үшін темір жол көлігі бәсекелестігі жоқ көлік болып табылады.

Республикамыздағы ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, «Қазақстан темір жолы»ҰК»АҚ» 85 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Халық шаруашылығының барлық салаларын біріңғай жүйеге біріктіретін теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуі, Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің қажетті шарты болып табылады. Осыған орай, оның тұрақты қызмет етуі үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету белгілі бір ресурстарды қажет етеді. Бірақ та, объективті себептерге байланысты соңғы 10 жыл ішінде қозғалмалы құраммен инфрақұрылымға инвестициялар бағытталмаған десе де болады. Нәтижесінде белгілі бір уақыт ішінде негізгі құралдардың тозуы бет алды.

Сонымен қатар, кез-келген шаруашылық субъектінің қызметінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігі, ең алдымен оның айналадағы орта мен ішкі қажеттіліктерінің тұрақты өзгеруі кезінде даму қабілеттілігімен сипатталады. Бұл тезис өте дұрыс, әсіресе теміржол саласы сияқты өте ірі жүйе үшін. Шаруашылықтың дамуына негізгі шығындардың бірі – бұл қызмет істеп тұрған негізгі өндіріске капиталды салымдар.

Теміржол көлігінің спецификалық ерекшеліктеріне орай оның активтерінің 80% ұзақ мерзімді активтер құрайды. Сондықтан да саланың техникалық қарулануы көліктің негізгі қызметінің – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру үшін анықтаушы ролге ие.

Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету,тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады. Басқару мен құрылымын жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық бағытталған қызметіне негіз қаланды. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл әлі де болса жеткіліксіз. Теміржол саласын реформалау процесі, мемлекеттің жалпы және инвестициялық саясатын, сонымен қатар басқару процесін де өзгертуі керек. Жалпы айтқанда, Қазақстанның теміржол көлігінің тиімді қызмет етуіне жету үшін бірталай күрделі жұмыстар жасау керек.

Теміржол туралы тарихы деректер

Дүние жүзінде тұңғыш теміржолды 1825 жылы Англияда Дж.Стефенсон салдырған, ұзындығы 21 шақырым «Стоктон – Дарлингтон» желісінде қатынады. Мұнан соң ХІХ ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда және Францияда пайда болды.

*Қазақстан аумағында алғашқы теміржол көлігі «Покров – Слободка Урбах» желісімен 1894 жылдың 25 қазанынан бастап қатынай бастады. Бұл жолдың 130 шақырымы Қазақстан жерімен өтті. 1891-1896 жылдары салынған Транссібір (3138 км), 1901-1906 жылдары салынған «Орынбор – Ташкент» (2090) теміржол желілері қазақ даласымен өтті.

*Тарихи деректерді сөйлетсек: ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясындағы өнеркәсіптік және аграрлық қиындықтарды шешу жолында патша үкіметі жаңа шойын жол нысанын салу туралы бастама көтерді. Бұл бастаманың бір тұсы – «Орынбор – Ташкент» теміржолы болатын. Бұл жолдың тиімділігі – Ресейдің орталық аудандарын Қазақстан арқылы Орта Азиямен байланыстыру.

*Бұл нысан алғашында әскери – стратегиялық мақсатпен салынғанымен кейін экономикалық маңызы болды. Құрылысы 1901 жылы басталып, толықтай 1906 жылы аяқталды. Нәтижесінде Перовск, Қазалы қалаларында вокзалдар мен деполар, көптеген тұрғын үй кешендері салынды. 1905 жылы Орынбор – Ташкент теміржолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды.

*1958 жылы Қазақстанда Кеңес Одағындағы ең үлкен ұйым – «Қазақ теміржолы» құрылды.

*1960 жылдары шөлді өлкенің дамуына себепші болған «Мақат –  Маңғышлақ» және «Маңғышлақ – Өзен» учаскелері салынды.

*1964 жылдан бастап  электрлендіру жүргізіле бастады.

*Қазақстан теміржол саласындағы елеулі оқиғалар тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жалғасты. 2001 жылы ұзындығы 187 км «Ақсу – Дегелең» жаңа  желісі бойынша қозғалыс басталды. Жаңа желі Семейден Павлодарға ең қысқа жолды ашты.

*2004 жылы Қостанай және Ақтөбе облыстарын жалғаған ұзындығы 404 км «Хромтау – Алтынсарин» теміржол желісінің құрылысы аяқталды.

*2008 жылы ұзындығы 150 шақырым «Шар – Өскемен»  желісі пайдалануға берілген соң Қазақстан шекарасы шегінде ұлттық теміржол желісін қосу аяқталды.

*2012 жылы «Жетіген – Алтынкөл» желісінің пайдалануға берілуі Қытаймен шекарадағы екінші теміржол өткелін қамтамасыз етті.

*2011 жылы елімізде «Тұлпар – Тальго» жолаушылар вагонын шығаратын зауыт іске қосылып, 2014 жылы ел игілігін көре бастады.

*Бүгінде елімізде теміржол желісінің жалпы ұзындығы 14,4 мың шақырымнан асады.

Темір жол туралы қызықты деректер

Ең алғашқы темір жол Мәскеу мен Санкт-Петербург сияқты қалаларды жалғаған. Ол алғашқы үш күнде жо­лаушыларды тегін тасыған. Себебі бас кезінде пойызға адамдар қызығушылық таныт­паған.

Ең ұзын темір жол 9300 шақырымға созылған. Ол – Транссібір магистралі.

Ең қызықтысы – доңға­лақ­тарды тексеретін жол қарау­шылардың музыкалық қабілеті керемет болады екен. Өйткені олар ақауды сол арқылы анықтайды.

Ертеректе тек «Париж-Венеция» бағытында қаты­найтын маршрут болған. Оны «махаббат пойызы» деп атаған. Бұл пойыздың өзгелерден айырмашылығы жолаушылар вагонындағы әр жеке бөлмеге ерекше қызмет көрсеткен. Сонымен қатар жолаушыларға арнайы теледидир мен душқа түсетін кабина да тұрған. Ал ең бастысы купеде екі адамға арналған керуерт болған.

Қазақстандағы теміржол жүйесінің алғашқы құрылысы 1893 жылы басталған еді. Бұл ұзындығы 369 шақырымдық Покровская Слобода – Орал тар табанды жүйесі болатын. Оның 13 шақырымы Қазақстан территориясымен өтетін.

Теміржол арқылы қатынау көлікпен жүруге қарағанда 45 есе қауіпсіз. Пойызда апатқа ұшырау қаупі көлікпен салыстырғанда едәуір төмен.

Қазіргі таңда рельстермен емес, магнитпен жүретін пойыздар бар. Дәл осындай таңғажайып техниканы жапондар ойлап тапты және бұл пойыздың жылдамдығы сағатына 517 шақырымға жетеді.

«Түркістан-Сібір» магистральдық теміржолы Орталық Азияны, Қазақстанды және Сібірді байланыстыра­ды. Луговая бекеті мен Семей қаласына дейін мың төрт жүз қырық бес шақырымға созылды.

Түрксібте 1928 жылы – 21 мың, 1929 жылы – 40 мың, 1930 жылы – 50 мың адам жұмыс істеді, көпшілігі жергілікті тұрғындар болды.


написать администратору сайта