Главная страница

балхаш. Темір жол клігі азастан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жктерді тасымалдауды негізгі блігін атару арылы мемлекетті клік жйесіні негізі болып табылады


Скачать 151.2 Kb.
НазваниеТемір жол клігі азастан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жктерді тасымалдауды негізгі блігін атару арылы мемлекетті клік жйесіні негізі болып табылады
Анкорбалхаш
Дата11.08.2019
Размер151.2 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаBalkhash-1_praktika.docx
ТипДокументы
#84998
страница1 из 4
  1   2   3   4

Кіріспе
Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен. Қазақстан Республикасының территориясының үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің темір жолдарының ролі барлық отандық экономика үшін стратегиялық маңызды.

Республикамыздағы ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, ЖАҚ ҰК Қазақстан темір жолы 85 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Халық шаруашылығының барлық салаларын біріңғай жүйеге біріктіретін теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуі, Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің қажетті шарты болып табылады. Осыған орай, оның тұрақты қызмет етуі үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету белгілі бір ресурстарды қажет етеді. Бірақ та, объективті себептерге байланысты соңғы 10 жыл ішінде қозғалмалы құраммен инфрақұрылымға инвестициялар бағытталмаған десе де болады. Сонымен қатар, кез-келген шаруашылық субъектінің қызметінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігі, ең алдымен оның айналадағы орта мен ішкі қажеттіліктерінің тұрақты өзгеруі кезінде даму қабілеттілігімен сипатталады. Бұл тезис өте дұрыс, әсіресе теміржол саласы сияқты өте ірі жүйе үшін. Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету,тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады. Басқару мен құрылымын жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық бағытталған қызметіне негіз қаланды. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл әлі де болса жеткіліксіз. Теміржол саласын реформалау процесі, мемлекеттің жалпы және инвестициялық саясатын, сонымен қатар басқару процесін де өзгертуі керек. Жалпы айтқанда, Қазақстанның теміржол көлігінің тиімді қызмет етуіне жету үшін бірталай күрделі жұмыстар жасау керек. Мені бұл мәселелер іштей өте қызықтырды. Сондықтан да мен бітіру жұмысымның тақырыбын осы мәселелерге сай таңдадым. Бұл жұмысымда Қазақстан теміржолдарының жалпы жағдайы, мәселелері және оны шешу жолдарына назар аударылған [1].

Қазақстан Республикасының территориясы 2,7 млн. шаршы км. құрап, ұзындығы 14000 км-ге жуық теміржол торабына ие. Бұл темір жолдар қазіргі кезде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының иелігінде болып, мемлекетіміздің басты көлік артериясы болып табылады. Оның экономикасының негізін металлургиялық, отын, минералды тыңайтқыштар, мұнай, ауыл шаруашылық салалары құрайды.

1 Станса жұмысының техникалық және пайдалану сипаттамасы
1.1 Балқаш-1 стансасының жалпы мәліметі
Балқаш стансасы негізгі тағайындалуы мен жұмыс сипаты бойынша телімдік станса, атқарылатын жұмыстың көлемі мен ауырлығы бойынша сыныптан тыс стансаға жатады [2].

Станса Мойынты - Саяқ телімінің 1198 км орналасқан.

Тақ бағытта стансаға дара жолды оздырма жанасады:

Балхаш-1 - Көкдомбақ тұрақты тоқты импульсті-желілі автоматты блоктаумен жабдықталған.

Жұп бағытта стансаға дара жолды оздырма жанасады:

Балқаш-1 - Балқаш-2 - 25 гц жиілікті санды кодты автоматты блоктаумен жабдықталған.

Станса жолдары үш паркке біріктірілген:

- қабылдау-жөнелту паркі;

- сұрыптау-жөнелту паркі;

- сұрыптау паркі;

Қабылдау-жөнелту паркі 7 жолдан тұрады:

  • 1 - жұп және тақ бағытта жүк және жолаушы поездарын қабылдау мен жөнелту үшін басты, сыйымдылығы - 56/32 шартты вагон, 1 ВМ сыныпты қауіпті жүктері бар поездардан басқа;

  • 2 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын қабылдау-жөнелту - 62 шартты вагон;

  • 3 - жұп және тақ бағыттағы жүк және жолаушы поездарын қабылдау мен жөнелтуге арналған қабылдаужөнелту, сыйымдылығы - 45/26 шартты вагон, 1 ВМ сыныпты қауіпті жүктері бар, ұзынқұрамды және ауырсалмақты поездардан басқа.

  • 4 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын, оның ішінде ұзынқұрамды және ауырсалмақты поездарға арналған қабылдап-жөнелту, сыйымдылығы - 58 шартты вагон;

  • 5 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын, оның ішінде ұзынқұрамды және ауырсалмақты поездарға арналған қабылдап-жөнелту, сыйымдылығы - 58 шартты вагон;

  • 6 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын, оның ішінде ұзынқұрамды және ауырсалмақты поездарға арналған қабылдапжөнелту, сыйымдылығы - 60 шартты вагон;

  • 7 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын, оның ішінде ұзынқұрамды және ауырсалмақты поездарға арналған қабылдап-жөнелту, сыйымдылығы - 60 шартты вагон.

Сұрыптау-жөнелту паркі 5 жолдан тұралы:

  • 8 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын жинақтауға, құрастыруға және жөнелтуге арналған сұрыптау-жөнелту, сыйымдылығы 59 шартты вагон;

  • 9 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын жинақтауға, құрастыруға және жөнелтуге арналған сұрыптау-жөнелту, сыйымдылығы 59 шартты вагон;

  • 10 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын жинақтауға, құрастыруға және жөнелтуге арналған сұрыптау-жөнелту, сыйымдылығы 61 шартты вагон;

  • 11 - жұп және тақ бағыттағы жүк поездарын жинақтауға, құрастыруға және жөнелтуге арналған сұрыптау-жөнелту, сыйымдылығы 60 шартты вагон;

  • 12 - жұп бағыттағы және ЖШС «Қазақмыс Корпорациясы» филиалы ӨБ «Балхашцветмет» кірме жолына жүк поездарын жинақтауға, құрастыруға және жөнелтуге арналған сұрыптау-жөнелту, сыйымдылығы 22 шартты вагон.

Сұрыптау паркі 5 жолдан тұрады:

  • 12а - сұрыптау, вагондарды жинауға арналған, сыйымдылығы 31 шартты вагон;

  • 13 - сұрыптау, вагондарды жинауға арналған, сыйымдылығы 31 шартты вагон;

  • 14 - сұрыптау, вагондарды жинауға арналған, сыйымдылығы 28 шартты вагон;

  • 15 - сұрыптау, вагондарды жинауға арналған, сыйымдылығы 21 шартты вагон;

  • 16 - поездан ажыратылған ЖМ жүктері бар вагондарды қою арналған, сыйымдылығы 36 шартты вагон.

Тартым жолдары:

  • 17 - тартым, сыйымдылығы 28 шартты вагон;

  • 21 - тартым, сыйымдылығы 23 шартты вагон;

  • 33 - тартым, сыйымдылығы 4 шартты вагон.

Басқа жолдар:

  • 18 - қосатын, сыйымдылығы 10 шартты вагон;

  • 19 - қосатын, сыйымдылығы 22 шартты вагон;

  • 35 - шығарма, сыйымдылығы 5 шартты вагон;

  • 35a - шығарма, сыйымдылығы 2 шартты вагон;

  • 37 - шығарма, сыйымдылығы 5 шартты вагон;

  • 38 - жолаушы вагондарын қоюға және сумен жарақтауға арналған, сыйымдылығы 23/13 шартты вагон;

  • 39 - жолаушы вагондарын және су цистерналарын қоюға және сумен жарақтауға арналған, сыйымдылығы 25/14 шартты вагон;

  • 40 - қалыпқа келтіргіш және өрт сөндіру поездарын қоюға және жөнелтуге арналған, сыйымдылығы 20 шартты вагон;

  • 46 - жүктердің ағып кету, төгілуі, өрт болған жағдайларда авариялық карточкада көрсетілген шараларды орындау үшін қауіпті жүгі бар вагондарды қоюға арналған, сыйымдылығы 17 шартты вагон;

  • 47 - тиеп-түсіру, сыйымдылығы 2 шартты вагон;

  • 71 - салмақты, сыйымдылығы 11 шартты вагон [2].

Балқаштық жол дистанциясының қарамағына берілген станциялық жолдар тізімі:

  • 41 - ПЧ жылжымалы құрамын қоюға арналған;

  • 42 - ПЧ жылжымалы құрамын қоюға арналған;

  • 42a - тиеп-түсіру;

  • 67 - қар тазалау техникасын қоюға арналған.

Балқаш пайдалану вагондық депоның қарамағына берілген станциалық жолдар:

  • 66 - вагондарды жөндеуге арналған;

  • 20 - жарамсыз вагондарды қоюға арналған;

  • 69 - жарамсыз вагондарды қоюға арналған;

  • 70 - жарамсыз вагондарды қоюға арналған;

  • 20a - тиеп-түсіру.

Балқаштық электрмен қамту дистанциясының қарамағына берілген станциялық жолдар:

  • 61 - ЭЧ жылжымалы құрамын қоюға арналған;

Балқаштық белгі беру мен байланыс дистанциясының қарамағына берілген станциялық жолдар:

  • 72 -вагон - ұшқырды қоюға арналған;

  • 73 - вагон - ұшқырды қоюға арналған.

Қалыпқа келтіруші поездың жүргізуіне берілген станциялық жолдар:

  • 68 - вагондарды қоюға арналған;

  • 59 - вагондарды қоюға арналған.

Локомотив сервистік орталықтың қарамағына берілген станциялық жолдар:

  • 52 - тиеп-түсіру;

  • 53 - тиеп-түсіру;

  • 47a - локомотивтерді жөндеу үшін;

  • 48 - локомотивтерді жөндеу үшін;

  • 49 - локомотивтерді жөндеу үшін;

  • 63 - тиеп-түсіру;

  • 20 - жарамсыз вагондарды қоюға арналған;

  • 69 - жарамсыз вагондарды қоюға арналған.

Балқаштық локомотив депосының қарамағына берілген станциялық жолдар:

  • 64 - локомотивтерді қою үшін;

  • 64a - локомотивтерді қою үшін;

  • 65 - локомотивтерді қою үшін;

  • 51 - оздырма.

Дабыл және байланыс құралдары Балқаш-1 станциясы маршрутты-релейялы орталықтандырылған атқыштан және блок тәріздес балдан және СП түріндегі электрожабдықтармен жабдықталған [2].

Орталықтандырылған маршруттық-релейяның негізгі сипаттамасы бағыттармен дабылдарды басқаруды қамтамасыз ететіндігі.

Жабдықтың бағыттары:

- басқару жүйесі бар электроприводтар;

- пневматикалық атқыш.

Балқаш-1 станциясының сұрыптау дөңі Мойынты, Саяқ станцияларынан және «Қарағанды цветмет» Өндірістік бірлестігі кірме жолдарынан келген вагондарды реттейді.

1.2 Стансаның қызмет ету кірме жолдары
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС – «Қарағанды цветмет» Өндірістік бірлестігі (әрі қарай «Қарағанды цветмет» ӨБ) №5 бағыттағышпен аяқталады, Балқаш-1 станциясының тақ бас жағында №2 жолдың жалғасымен аяқталады. №1 бағыттаушы ауысым Балқаш-1 станциясының Балқаш дистанциялық жолдарының балансында. «Қарағанды цветмет» кірме жолы «Қазақмыс Корпроациясы» ЖШС жеке меншік филиалы болып табылады – «Қарағанды цветмет» өндірістік бірлестігі.

№5 бағыттаушы ауысым Балқаш-1 станциясының Балқаш дистанциялық жолдарының балансында.

«Қарағанды цветмет» ӨБ кірме жолы - 178300 метрлі 4 станцияны біріктіреді: «Заводская», «Пирозавод», «Обогатительная» және «Новорудная», Балқаш-1 станциясы Заводская станциясымен шектеледі.

Заводская станциясындағы кірме жолдың шекарасында «Кірме жолдың шекарасы» деген белгі бар.

«Заводская» станциясы –Балқаш-1 станциясы арасындағы жол «Қарағанды цветмет» ӨБ кірме жолына қарай максималды түрде 2,0 % еңкіш. «Заводская» станциясы – Балқаш- 1 станциясы арасындағы ара қашықтық 250 метрді құрайды.

«Қарағанды цветмет» ӨБ кірме жолдарында жүру жылдамдығы - 15 км/сағаттан артық болмауы тиіс.

«Қарағанды цветмет» ӨБ кірме жолынан жылжымалы құрамның өздігінен жүріп кетуін болдырмас үшін №5 бағытты ауысыммен М-3 бағдаршам арасында №3 СО тежегіш орналастырылған. №3 СО тежегіші автоматты түрде бірінші қалыпқа түсіреді. Заводская станциясы және «Қарағандыцветмет» ӨБ кірме жолына көмір, мыс концентрат, цинк концентраты, мыс рудасы, күкірт қышқылы, дизельдік отын, өндірістік жабдық, жарылғыш материалдар, селитра және т.б. заттар сияқты жүктер келеді [2].

Қауіпті жүктері бар маневрлік вагондардың жүк тасымалдау тәртібі жергілікті нұсқауға сәйкес жүзеге асырылады, яғни қауіпті жүктері бар вагондарды қозғалу жылдамдығы 10 км/сағаттан артық болмауы тиіс.

«Қарағандыцветмет» ӨБ жолы ТЭМ-2 сериялы жеке меншік локомативімен, Балқаш-1 станциясының кезекшісінің радио байланысымен, қауіпсіздік аспаптарымен қызмет көрсетіледі. Балқаш-1 станциясына кіруге құқығы бар локоматив бригадасының тобы Балқаш локоматив депосын пайдалану директорының қатысуымен ұйымдастырылған комиссия мүшелерінің алдында Балқаш-1 станциясының технико-жарлық актісін ИСИ, ИДП, ПТЭ бойынша сынақтан өтуі тиіс. «Қарағанды цветмет» ӨБ жолындағы вагондарды жинақтау ТЭМ-2 сериялы локомотивпен жүзеге асырылады. «Қарағанды цветмет» ӨБ жолындағы вагондарды қабылдау және жөнелту ГУ-46 үлгісімен тізбеге алынып ресімделеді және Балқаш-1 станциясының қабылдап тапсырущысы мен «Қарағанды цвет мет» ӨБ қабылдауп тапсырушысы аралығында қол қою құжаттары арқылы рәсімделеді. Поездарды жасақтау Балқаш-1станциясының №12 жолында жүзеге асырылады.

Техникалық шарттарға сәйкес жүк тиеу кезінде сәйкессіздіктер анықталса, вагон қабылданбауы тиіс және «Қарағанды цветмет» ӨБ жолына бұзылулары жөндеу үшін кері қайтарылады. Вагондрдың техникалық жағдайын тәртіп бойынша бір жақты маман тексереді және ВУ-15 үлгісіндегі кітапшаға қол қою арқылы тіркейді. Егер вагонның бұзылғаны анықталатын болса, онда вагондарды техникалық жөнелтетін ВУ-15 үлгісі бойынша кітапшаға бұзылғандығы туралы сипаттап тіркеп жазады.

«Қарағанды цветмет» ӨБ жолынан вагондарды алмас бұрын Заводская станциясының тексерушілері вагондарды көрінетін және көрінбейтін ақауларға, техникалық бұзылуларға тексереді. Көзге көрінетін техникалық бұзылулар анықталмаса «Қарағанды цветмет» ӨБ жолынан вагондар Балқаш-1 станциясына қарай жөнелтіледі және ол жерде вагондарды тексерушілер вагондарды тексереді. Егер вагон «Қарағанды цветмет» ӨБ жолына бұзылмаған күйінде жөнелтіліп, бұзылған күйінде қері қайтарылса онда ол жазба ВУ-15 үлгілі кітапшасының 2 тармағына тіркеліп жазылады.

Вагондар «Қарағанды цветмет» ӨБ жолына жөндеу үшін қайта қайтарылады. «Қарағанды цветмет» ӨБ тұрған вагондар жөнделгенге дейін есепке алынады.

Вагондарды қабылдау немесе жөнелтуден кейін вагондарда коммерциялық және техникалық жағынан ешқандай шағым болмаса жүк тасымалдау Ережелеріне сәйкес Балқаш-1 станциясының қабылдау тапсыру бекетіне жөнелтіледі. «Қарағанды цветмет» ӨБ жолындағы және Балқаш-1 станциясы арасындағы вагондардың ұзындығы 50 вагоннан кем болмауы тиіс және максималды салмағы 4500 тонна болуы керек [2].

Ескерту: Саяқтан 252 өсті, 6000 тонналы 63 вагоннан «Қарағанды цветмет» ӨБ жолына қабылданады.

Поездардың белгіленген ұзындық нормасы 50 дана вагон, салмағы 4500 тонна. Егерде вагондардан белгіленген ереже бойынша сәйкес келмейтін ұзындықпен және салмақпен жөнелтетін болса Балқаш-1-Заводская поезд диспетчерлеріне жөнелтілген вагондардың бұйрық нөмерін айтады. Балқаш-1-Заводская аралығына шартты есеппен ұзындығы 63 вагоннан асатын, салмағы 6000 тоннадан асатын вагондарды жөнелтуге жол берілмейді. Балқаш-1 –Заводская станциясы арасында поезд қозғалысы поездға нөмір тіркеледі. Поездарды Балқаш-1 станциясына Балқаш-1 станциясымен Заводская станциясының кезекшілерімен келісе отырп жүзеге асырады.

«Қарағанды цветмет» ӨБ жолына вагондарды жөнелту және жинақтау локомативпен жүзеге асырылады.

«Қарағанды цветмет» ӨБ жолындағы вагондарды жәнау және жөнелту автотежегіштерді тексеру арқылы орындалады. Автотежегіштерді тексеру және пайдаланып көру «Қарағанды цветмет» ӨБ және Заводская станциясының тексерушілеріне жүктеледі.

Балқаш стансасы қызмет көрсететін 6 кірме жолдар бар. Осы кірме жолдардың тізімі мен олардың жанасу орындары кесте 1.1-де көрсетілген [1].
Кесте 1.1

Кірме жолдардың тізімі мен олардың жанасу орындары


№ п/п

Кірме жолдар арналған кәсіпорынның (мекеменің) атауы

Тиістілігі


Жанасу орны мен кірме жолдың шекарасы

Жылжымалы құрамның кірме жолдан шығуын ескерту сақтық құралы болуы

1

2

3

4

5

1

ТОО «Корпорация Казахмыс» филиалы ПО «Балхашцвет-мет»

ТОО «Корпора-ция Казахмыс» филиалы

Балқаш-1 стасасының тақ мойнындағы №2 жолдың жалғасы №5 бұрмалы бағыттамаға жанасады.

Кірме жолдың шекарасы М-3 айлалық бағдаршамының оқшауланған ұшына қарама қарсы орналасқан «Граница подъездного пути» белгісі

Автоқайтар-масы бар 3СО лақтырма острягі

2

ТОО «Бертыс-М»

№ 56 жол

ТОО «Бертыс-М»


Балқаш-1 стансасына №126 бағыттамамен жанасады.

Кірме жолдың шекарасы - №126 бағыттаманың шекті столбигінің артында орналасқан рамды рельстің ұшы.

-



кесте 1.1-дің жалғасы


3

АО «Казтеміртранс» филиалы Балқаш вагон жөндеу депосы

№ 22, 23, 23а, 24, 25, 26 жолдар

АО

«Казтемір-

транс» филиалы

Балқаш-1 стансасының тақ мойнағына №151 бағыттамамен жанасады.

Кірме жолдың шекарасы - № 151 бұрмалы бағыттаманың

қабылдау ұшына қарама қарсы орналасқан «Граница подъездного пути» белгісі




4

ТОО

«Айрон инк. Корпарейтед»

№ 27, 28, 29, 30 жолдар

ТОО

«Айрон инк. Корпарейтед»


Балқаш -1 стансасына № 11, 47 бағыттамалармен жанасады. Шекаралар:

- кіру қақпалары жағынан 73 метрқашықтықта М-37 айлалық бағдаршамның ұштасуындаорналасқан «Граница подъездного пути» белгісі

бағдаршамның ұштасуында орналасқан «Граница подъездного пути» белгісі;

- № 73 бұрманың рамдық релсінің ұштасуы;

- № 85 бұрманың шекті столбигі

Автоқайтар-масы бар 49/51 бұрмалар

5

ТОО МФ «Центрснаб»

№ 33 жол

ТОО МФ «Центр-снаб»


Балқаш-1 стансасының №33 шығарма жолының созындысына жалғасады. Шекаралар:

-№ 71 бұрманың шекті таяқшасынан 79 метр қашықтықта орналасқан, ТОО МФ «Центрснаб» кәсіпорнының шығу қақпалары;

-№71 бұрманың шекті таяқшасынан 251,28 м. қашықтықта орналасқан және «Балхаш» КФ ТОО

Оң қалыпты бақылама шығарылатын 9/11 бұрмалар.

кесте 1.1-дің жалғасы











«Гелиос» мұнай базасының кірме жолымен шекараласатын, ТОО МФ «Центрснаб» кәсіп шығу қақпалары.




6

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Балқаштық аудандық пайдалану бөлімі.

№54 жол

(әрекет етпейтін кірме жол)

Балқаш-1 стансасының сұрыптау дөңесінің № 16 сұрыптау жолына № 58 бұрмамен жалғасады.

Шекарасы- № 58 бұрманың шекті таяқшасына қарама қарсы орналасқан «Граница подъездного пути» белгісі.

-



1.3 Белгі беру мен байланыс құралдары
Балқаш-1 стансасы бағыттамалар мен блоктік типті белгілердің бағытты -релелік орталықтандыруымен және СП қиыспалы типті электожетектермен жабдықталған. Бағытты-релелік орталықтандырудың негізгі ерекшелігіне - бағытты орнатуды, нәтижесінде бағытқа кіретін және күзеттік бағыттамалар автоматты түрде қажетті қалыпқа орнатылып, кейін белгілер ашылатын пульттағы екі батырманы – біреуін маршруттың басында, екіншісін аяғында басу арқылы орындайтын бағыттамалар мен белгілерді басқарудың маршрутты тәсілі жатады. Поездың бағыт бойынша өтуі кезінде соңғысы секциялы түрде поездің өзімен ажыратылады, ал пультта маршрутты бөлу бойынша ешқандай қосымша әрекеттерді орындау қажет етілмейді [2].

Бағыттамалар жабдықталған:

- тұрақты тоқпен басқару схемасы бар неврезді типті электржетектермен;

- бағыттамалардың пневматикалык үрілуімен.

Балқаш-1 стансасы орталық посттан бағыттамалар мен белгілерді басқару құқығынсыз, бірақ поездарды қабылдау мен жөнелту және жолдардың бостығын бақылау құқығымен диспетчерлік орталықтандыруға қосылған.

Нақты және бірқалыпты жұмысты ұйымдастыру үшін стансада төмендегідей байланыс құралдары бар:

- поездық диспетчерлік;

- поездық стансааралық;

- стансалық;

- дөңес бойынша кезекшімен, локомотивтік депо кезекшісімен, вагондық депоның техникалық бақылау бекеті (әрі қарай ТББ) операторымен, Балқаш-2 стансасының кезекшісімен, СТО операторымен, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушымен, Заводская стансасының БЖДК диспетчерлерімен тік стансаішілік;

-екіжақты хабарламалы парктік;

-ақпараттық (АСОУП АРМАГКР).

1.4 Стансаның сұрыптау дөңесі
Мойынты – Саяқ стансасы жағынан және ӨБ «БЦМ» кірме жолынан келетін вагонағынын өңдейді. Сұрыптау дөңесі 8-ден 15-ке дейінгі сегіз сұрыптау жолдарына жұмыс жасайды. № 17 тартым жолы № 18 қосатын жол арқылы қабылдап-жөнелту паркімен қосылған.

Сұрыптау паркінің жолдары екі торапқа бөлінген:

  • № 1 торап – № 8-ден 11-ке дейінгі сұрыптау жолдары;

  • № 2 торап – № 12-ден 15-ке деінгі сұрыптау жолдар.

Сұрыптау дөңесі жабдықталған:

а) бірінші, екінші және үшінші тежеу позицияларында (8-ден 15-ке дейінгі жолдарда) интервалдық және нысаналы тежеуді жүзеге асыру үшін жартыкресттік типтегі башмаклақтырғыштармен. Сұрыптау паркі жодарында вагондарды тежеу Ш-2 типтегі тежеу башмактарымен жүзеге асырылады (полоздың ені 72 мм);

б) бағдаршамдық белгі берумен:

- «Г» – дөңес төбесінің алдында, № 56 бағдаршамнан кейін;

- «ПГ-1» – № 54 бағдаршамның алдында;

- «ПГ-2» – №17 тартым жолында;

- «МГ» – дөңес төбесінде, № 62 бағдаршамнан кейін.

- «Г», «ПГ-1», «ПГ-2», «МГ» бағдаршамдарын дөңес бойынша кезекші басқарады.

Дөңестік бағдаршам шамдармен белгі береді:

- жасыл – дөңеске 7 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықмен итеру;

- сары – дөңеске 5 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықмен итеру;

- қызыл –«ТОҚТА»;

- қызыл шам және ақ түсті шамдардан құралған Н әрпі – вагондарды дөңестен итеру жолына отырғызу;

в) командалар беру және дөңес жұмыскерлерін ағытпалардың тағайындалуы, көлемі және ерекшеліктері жайлы ақпараттандыру мен алда тұрған айлалық жұмыс жөнінде нұсқамалар беру үшін ТУ-600 типтегі екіжақты парктік байланыспен;

г) айлалық және диспетчерлік локомотивпен, поез құрастырушыларымен, станция бойынша кезекшімен байланысу үшін радиобайланыспен;

д) станция бойынша кезекшімен байланысу үшін тіке телефондық байланыспен;

е) автоматты телемеханикалық байланыс телефонымен;

ж) поездік локомотивтермен байланысу үшін радиобайланыспен.

з) бұрмалы бағыттамалар СПГ-2 типтегі электржетектермен жабдықталған.

Құрамды дөңестен тарқату автоматтандырылмаған режимде орындалады, ағыту жүргізілетін маршрут бойындағы әр бағыттаманы дөңес бойынша кезекші басқару пультындағы бағыттамалық тұтқаларды ауыстыру арқылы индивидуальді тәртіпте орнатады. Ағытпалардың тежелуі әр сұрыптау жолының басында орналасқан екінші тежеу позициясында вагондар қозғалысы жылдамдығын аға реттеушімен орындалады. Сұрыптау паркінің түбінде оның барлық жолдарындағы нысандық тежеу мен ағытпалардың қосылуы осы жолдарда қызмет көрсететін вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеушімен орындалады. Балқаш-1 стансасында ТЭМ2, 2ТЭ10М, 2ТЭМ10У сериялы локомотивтер жұмыс жасайды [2].

Поездарды қабылдау және жөнелту ТЭ33А магистральды тепловоз тягалы тоқалмастырғышы бар 3356 кВт қуатты алты өсті бір секциялы сериялы локомотивпен жүзеге асырылады. Локоматив ұзындығы 21894 мм.

2 Балқаш-1 станциясының жұмыс сараптамасы
2.1 Тиеу жұмыстары
Кесте 2.1

2013 жылдың 12 айы бойынша


Көрсеткіштер

Жоспар

Орындалды

Вагон

13415 / 37

21634 / 59

Тонна

791077 / 2167

1352241 / 3705

Статикалық жүктеме

58,97

62,51


Вагондағы тиеу жоспары 8219 вагонға асыра орындалған және 159 % құрады, өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда вагондардың тиелуі 13 % асыра орындалған [3].

Сурет 2.1 - Тиеу жоспарының орындалу диаграммасы
Тоннадағы тиеу жоспары 561164 тоннаға асыра орындалған және 171 % құрады, өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда тоннадағы тиеу 14 % көтерілген.
2.2 Түсіру жұмыстары
Кесте 2.2

Стансаның түсіру жұмыстары (вагонмен)


Мерзімі

Жоспар

Орындалды

12 ай

6200/200

6935/191


Түсірудің жоспары 704 вагонға асыра орындалған, бұл жоспарға 101% құрайды, өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда түсіру жоспары 1 % орындалмаған [3].
  1   2   3   4


написать администратору сайта