Главная страница

балхаш. Темір жол клігі азастан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жктерді тасымалдауды негізгі блігін атару арылы мемлекетті клік жйесіні негізі болып табылады


Скачать 151.2 Kb.
НазваниеТемір жол клігі азастан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жктерді тасымалдауды негізгі блігін атару арылы мемлекетті клік жйесіні негізі болып табылады
Анкорбалхаш
Дата11.08.2019
Размер151.2 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаBalkhash-1_praktika.docx
ТипДокументы
#84998
страница4 из 4
1   2   3   4

  • құқықтық-норманивті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • көліктік, тасымал, құрылымдық, құрылыс материалдары және оларды өндіру технологиялық объектілердің экологиялық қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету;

  • көлік құралдарының қоршаған ортаның ластануынан қорғайтын ресурсқорғау технологиясын өңдеу;

  • көлік объектілерінің және оған қатысты территориялардың қоршаған ортаның техникалық құралдарының мониторингісін және алгаритмін өңдеу;

  • көлік құралдарында табиғатты қорғауды басқару жүйесін оңтайландыру.

Темір жолдармен тасымалдау көлемінің үздіксіз өсуі, куатты локомотивтерді пайдалану, ауыр жүкті пойыздардың карқынды жүрісінің үдеуі, жүріс жылдамдығының жоғарлауы жылжымалы кұрамның станциялар мен перегондар жолдарында жұмыс істеп жүрген адамдарды басып кету кауіптілігін едәуір жоғарлатады. Темір жолдарда болған өндірістік жарақаттану оқиғаларының жартысынан көбі жылжымалы қүрамның жол жұмысшыларын басып, кағып кетуінен болады.Жол жұмыстарының ерекшелігіне мыналар жатады: темір жолмен пойыздардың жан-жақты үздіксіз, карқынды жүрісі; олардың тежелу жолының үзындығы, екі қатар жолдардың және жылжымалы қүрам мен қүрылыстардың шамалы ара қашықтығы, шекті көріністе жүмыс шебінің үзақтығы, сөткенің қараңғы кезінде жүмыс аймағының аз жарықтылығы. Бүгінгі күні тасымалдау үрдісінің басты элементі поездар мен вагондар коммерциялық тексеру бекеттерінде вагондарды коммерциялық тексеру операциясы. Бұл операцияның мерзімін қысқарту мақсаты вагон айналымын қысқартуына, вагонайналымның қозғалысын артуына нақты әсерін тигізеді, яғни жүкті мерзімінде жеткізуіне кепілдемені қамтамасыз етеді.

Инженерлі құрылыстар (өтпелер, тұрбалар, көпірлер, қорғаныс құрылғылары, т.б.) қоршаған ортаға өзіндік әсерін тигізеді. Көпірлердің құрылысы кезінде жағалау сызықтарын қайта құрастырады, су ағымы мен бөгендер бағыттарын өзгерту гидравликалық тәртіпті өзгертеді. Балық сақтау орындары мен қыстау ойларын бұзады.

Жолаушылар вагондары арқылы темір жол қабаты құрғақ қоқыстармен және ағыс суларымен ластанады. Әрбір километр жолға 180-200 м дейін ағыс суларымен ластанады, соның ішінде ластанудың 60% аралықта, қалғаны станса территорясында болады [8].

Қазіргі уақытта жолаушы вагондар толығымен электрлік жылытумен қамтамасыздандырылған. Вагондарды пешпен жылыту кезінде ауаға көптеген мөлшерді күкірт, көмірқышқыл, зиянды газдар және тағы да басқа зиянды заттар таралады.

Теміржол көлігінде 35970 жуық ауаға зиянды қалдықтар таралады. Олардан атмосфера 197 мың тонна зиянды заттар таралады. 90%-ға жуық қалдықтардан катлоагрегаттар түзіледі. Ереже бойынша, әрбір теміржол көлігі жөндеу орындарында өздерінің жеке газбен немесе мазутпен жұмыс істейтін от жағатын орындары болады. Локомотивтер, вагондар деполарда, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, жылжымалы құрамдарды жөндеу зауыттарында көліктердің барлық түрлеріне жөндеу және техникалық қызмет көрсететін өндірістері болады. Олардың ластағыш заттарының түрлері мен құрамы бірдей болады. Мысалы, теміржол көлігін бояу жұмыстарын бояу кезінде кәсіпорындарда 70 мың тонна әр түрлі лак бояу материалдарын пайдаланады, сондай-ақ атмосфераға жылына 27 мың тонна зиянды заттар шығады.

Локомотив деполарында локомотивтердің тежеу жүйесі үшін құрғақ құм тасылады. Құмды пайдаланудың техникалық барысы газ немесе мазутты кептіру пештерінде жүргізіледі. Осындай жұмыстар барысында қоршаған ортаға шаңды заттар тарайды. Қазіргі уақытта стансада шаңжұтқыш құрылғылармен вагон деполарының 1,8%-ы, локомотив деполарының 4,6%-ы ғана жабдықталған. Локомотив деполарында 30-180 мың м, ал жүк вагон деполарында 20-150 мың м ағымды сулармен қоршаған орта ластанады.

Вагон депосының құрамында цистерналарды мұнай өнімдерінен тазалау үшін бумен жуғыш құрылғылар бар. Цистерналарды тазалауда келесідей оталар орындалады: цистерналардың ішін бумен буландырады, ыстық сумен жуылады, қалдықтардан тазартылады.

Көлік құралдарының қоршаған ортаға кері әсер етуі мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауды одан әрі күшейту керектігін көрсетеді. Экологиялық қауіпсіздікті түсіну негізінде тек деке дара адамның өмірлік қызығушылығын ғана емес, сонымен қоса барлық қоғамды антропологиялық немесе қоршаған ортаға нақты әсер ететін зиянды заттардан сақтау түсінігі жатыр.

Көлік құралдарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты мәселе ауаның ластануы, жер және кен ресурстары, көлік шуынан және дірілден сақтау, пайда болған жағдайлар мен экологиялық опат жағдайларын алдын ала хабарлар ету, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғат ресурстарының зияндылығын төмендету, табиғи ортаның қалпын сақтау болып табылады [8].

Теміржол көлігінің экологиялық артықшылығы болып жұмыс орындау бірлігінде ауаға зиянды заттардың аз таралуы болып табылады. Ауаны ластаудың қайнар көзі тепловоз дизелдерінен өндірілетін газдар болып табылады. Оның құрамында азот қышқылы, сутек, ангидрид және сажа тәрізді зиянды заттар бар. Ангидрид құрамының көп болуы дизельді жанармай көлеміне байланысты, ал басқалары оның жануы кезіндегі үрілу мен жүктеме кезінде пайда болады.

Дизельдерде газдардың пайда болуы зиянды заттардың көп болуы тек ауаның жанармаймен қате алмастырылғанда ғана емес, сонымен қоса жанармай төмен температурада жануына да байланысты болады. Бөлінген газдардың 97-98% улағыш заттар, қалған 2-3% картерлі газдар мен жанармай жандықтарынан тұрады.

Тепловоз дизелінен және автомобиль дизелінен бөлінетін зиянды заттардың құрмы бөлек болады. Бірақ тепловоз дизелінің пойыздық жұмыс істеу шарты тұрақты болып келеді. Сондықтан ластағыш заттардың құрамы автомобиль көлігіне қарағанда біршама аз болып келеді. Айлалық тепловоздарға келетін болсақ, олардың жұмыс тәртібі автомобильдың қозғалыс шартына жақын және улы заттардың бөлінуі басқа көліктерге қрағанда жоғары. Локомотивтер ауаны аз мөлшерде ластайды, ал алдағы теміржол көлігінің электрленуі қоршаған ортаны аз мөлшерде ластайды.

Дизельдің түтінін азайту үшін, жанармайға арнайы түтінге қарсы құрылғылар пайдаланылады. Зерттеулер бойынша 0,5% құрылғыларды пайдаланады. Осының салдарынан сажамен ластануды 50-90% төмендеген. Дизель мұржасында сажаның болуы қозғалтқыштың техникалық жағдайының төмендігін білдіреді [7].

Шу және оның сипаттамалары.

Шу дегеніміз - әр түрлі жиілікті және қарқындылықты дыбыстардың ретсіз үйлесуі. Шу әр түрлі жиілікті және қарқындылықты дыбыстардың үйлесуі. Шудың негізгі көздері көліктің барлық түрлері, өнеркәсіптік кәсіпорындар және тұрмыстық жабдықтар болып табылады.

Теміржол көлігінің шулылығын біршама азайтуға болады, егер оның техникалық күйін жақсы ұстаса, уақытында техникалық күту және жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бөлшектерін дер кезінде майлап отырса. Физикалық табиғаты бойынша шулардың шығу тегі келесідей болуы мүмкін:

- механикалық, машиналар мен жабдықтардың жұмысына байланысты;

- аэродинамикалық, газдардағы тербелістерден туған;

- гидравликалық, қысым тербелістеріне және сұйықтардағы гидросоққыларға байланысты;

- электромагниттік, айнымалы электромагниттік өріс немесе электр разрядтарының әсер етуімен электромеханикалық құрылғылар элементтерінің тербелістерінен туған.

Шумен ластанудың күресу шаралары.

Қолайлы акустикалық жағдайды жасау әдістерінің бірі кәсіпорындарда, тұрғылықты жайларда, демалыс бөлмелерінде және т.б. шудың шектеулі рауалы деңгейлерін (ШРД) анықтау болып табылады. ШРД мына түрде анықталған: олардың әрекеті организмнің шуға аса сезімтал жүйелерінде физиологиялық өзгерістер тудырмайды, иғни бұл деңгейлердің адам организмі үшін зияны жоқ және рауалы (табалдырықты) болып табылады.

Дыбыс дегеніміз – толқын тәрізді таралатын серпімді орта бөлшектерінің тербелмелі қозғалысы. Ауа бөлшектерінің тербелістері неғұрлым жиі болса, дыбыс та соғұрлым жоғары және жіңішке болады. Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары f жиілік, І қарқындылық, Р дыбыстық қысым болып табылады.

Дыбыстың тербеліс жиілігі герцпен (Гц) анықталады. 1 Гц секундына бір тербеліске тең.Дыбыстың қарқындылығы немесе оның күші толқындардың таралу бағытына перпендикуляр көлденең қиманың 1 м3 ауданының бірлігі арқылы 1 с уақыт бірлігіне дыбыс толқындары ауыстыратын энергиямен өлшенеді. Қарқындылықтың өлшем бірлігі 1 Вт/м2 болып табылады.

Шаралармен қорғалған табиғат кешендерін сипаттау.

Зиянды заттардың пайда болу көздерінен зиянды заттарды тазалау – маңызды және шынайы міндет. Зиянды лақтырысы бар кәсіпорындарда шаң газды ұстайтын қондырғылар болу керек және олар дұрыс жұмыс жасау үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілуі керек. Өнеркәсіптік шаң және тұманнан әуелі бассейнді қорғаудың негізгі шаралары шаң және тұманды ұстайтын аппараттар және жүйелерді кең түрде қолдануды қарастырады. Тазалау процесінің қағидалы ерекшеліктеріне негізделген шаңды ұстау жүйелері классификациясынан шаңды тазалайтын жабдықты бес топқа бөлуге болады: құрғақ түрде шаңды ұстағыштар, сулы түрде шаңды ұстағыштар, электросүзгілер, химиялық және термиялық өңдеу. Зиянды қоспалардан және олардың қосындыларынан ауаны тазалаудың әр түрлі әдістері тазалаудың жоғары нәтижелігімен қамтамасыз етіледі. Әр түрдегі шаңды аулағыштар, оның ішінде электросүзгілер ауадағы концентрация қоспасы жоғары болған уақытта қолданылады. Егер ауадағы концентрация жоғары болып ауаны дұрыс тазалау талап етілсе, онда жүйелі қосылған шаңды аулағыштар және сүзгілер көмегімен тазалайды.

Тұрғындарды электромагниттік сәуле шығарудан қорғау үшін, әсіресе адамдар тұратын құрылысқа арналған аумақты іріктеу кезінде электромагниттік өріс кернеулілігінің рауалы деңгейлері анықталады.

Жоғары жиілікті энергияның организмге жағымсыз әрекетін ескере отырып, мұндай әсерден қажетті қорғау көзделеді. Ең алдымен, қысқа толқынды таратқыштар көтергіш жиіліктер режимінде адамдар тұратын құрылыстан алыста орналасады. Ара қашықтық таратқыштың қуатына байланысты 2 ....15 км ден кем болмау керек. Бұл кезде электрмагниттік сәуле шығару болып табылатын объектілерді орналастыруға қойылатын келесі талаптарды сақтау керек:

  • сәуле шығару көздерін орналастыруға арналған алаңдарды объектілердің қуатын, антенналардың конструкциялық ерекшеліктерін есепке алып таңдау керек;

  • берілген объектілерді электромагниттік сәуле шығарудың белгіленген ШРД сақталуын қамтамасыз ететін шарттардың орындалуымен орналастыру керек;

  • елді мекенді аумақтардың сәулелену дәрежесін төмендету үшін станциялардың антенналарын үйінділерде немесе табиғи қыраттарда орнатады;

  • техникалық аумақтар бұл аумақтарға тұрғындардың келуін болдырмау үшін нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес қоршалу керек;

  • объектілердің техникалық аумақтарында адамдар тұратын және қоғамдық үймереттерді орналастыруға ұлықсат берілмейді;

  • тұрғындарды сәуле шығарулардың әсерінен қорғау үшін сәуле шығару көзі мен адамдар тұратын құрылыстар арасында санитариялық-қорғау аймақтары белгіленеді. Санитариялық-қорғау аймағының шекарасында электрмагниттік өрістің кернеулігі 4 В/м ден жоғары болмауы керек [8].

Сонымен, Балқаш-1 стансасы басқа да теміржол стансалары секілді қоршаған ортаға тигізер әсері зор. Атмосфераға, топыраққа, су көзіне газдар мен катлогенді қалдықтардың бөлінуі вагон мен локомотив жөндеу деполарында жүргізілетін жұмыстар әсерінен, локомотивтер қозғалтқыштары, мұнай өнімдерімен жұмыс және басқа да қалдықтар мен жұмыстар әсерінен болады. Атмосфера арқылы шу, діріл, стансадағы қондырғылар жұмысы әсері, тоқ көзіндегі электромагниттік сәулелену, от жағатын орындар, улы және шаңды жүктер тиелген вагондар қоршаған ортаға әсер етеді. Одан басқа жолаушы пойыздары арқылы жолаушылардың стансада, аралықта қоқыс лақтыруы, вагондарды санитарлы өңдеу кезіндегі қалдықтар қарастырылады. Стансаға жататын ғимараттар, құрылыстар, қондырғылар осының бәрі жергілікті экожүйеге өзіндік әсер етеді.

Қорытынды
Бұл есеп жұмыста Балқаш-1 стансасын жан-жақты қарастырдым. Балқаш-1 стансасының техникалық және пайдалану сипаттамасын стансаның техникалық жарғы актісі және стансалық құжаттары арқылы сипатталды. Балқаш стансасы негізгі тағайындалуы мен жұмыс сипаты бойынша телімдік станса, атқарылатын жұмыстың көлемі мен ауырлығы бойынша сыныптан тыс стансаға жатады. Станса Мойынты – Саяқ телімінің 1198 км орналасқан. Станса жолдары үш паркке біріктірілген: қабылдаужөнелту паркі, сұрыптау - жөнелту паркі, сұрыптау паркі. Қабылдау-жөнелту паркі 7 жолдан тұрады, сұрыптау паркі 5 жолдан тұрады.

Балқаш-1 станциясының жұмыс сараптамасында жұмыс көлемі, вагондарды өңдеу, вагон ағыны, тұрып қалуы 2012-2014 жылдармен салыстырылып қарастырылды. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда түсірудің жоспары 704 вагонға асыра орындалған, бұл жоспарға 101 % құрайды, 2012 жылдың осы аралығымен салыстырғанда түсіру 1 % орындалмаған.Вагондағы тиеу жоспары 8219 вагонға асыра орындалған және 159 % құрады, 2012 жылдың осы аралығымен салыстырғанда вагондардың тиелуі 13 % асыра орындалған.Жергілікті вагонның бос тұруы мөлшерге қарсы 2,8 сағатқа төмендеген, бұл жоспарға қатысты 108 % құрайды. 2012-2013 жылдар аралығымен салыстырғанда бос тұру 0,84 сағатқа жоғарылаған және 97 % құрады. Осы көрсеткіштерге сәйкес жыл сайын тиеу-түсіру жұмыстары, вагондарды өңдеу жоспарлары артуда. Осыған сәйкес стансаның жұмыс көрсеткіші ұлғаюда.

Балқаш-1 стансасы сыныптан тыс жүк стансасы болғандықтан атқарылатын жұмыс көлемі көрсеткіштері жоғары. Бұл стансадағы негізгі жұмыстар:жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап жөнелтеді, тоқтауына жағдай жасайды,пойыздардың басып озуы,пойыздардың қиылысуы, жолаушыларды түсіріп және мінгізу, жүктерді тиеу – түсіру, сақтау, жүк құжаттарын рәсімдеу,құрама пойыздардан вагондарды ағыту және оларға тіркеу, сұрыптау, вагондарды жинау, құраманы өңдеу және жөнелту маршрутының вагондарын құрастыру. Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары сақталуын қадағалау басты міндет.

Өнеркәсіптік экология бөлімі бойынша Балқаш-1 стансасының қоршаған ортамен әсері қарастырылды. Балқаш-1 стансасы басқа да теміржол стансалары секілді қоршаған ортаға тигізер әсері зор. Атмосфераға, топыраққа, су көзіне газдар мен катлогенді қалдықтардың бөлінуі вагон мен локомотив жөндеу деполарында жүргізілетін жұмыстар әсерінен, локомотивтер қозғалтқыштары, мұнай өнімдерімен жұмыс және басқа да қалдықтар мен жұмыстар әсерінен болады. Атмосфера арқылы шу, діріл, стансадағы қондырғылар жұмысы әсері, тоқ көзіндегі электромагниттік сәулелену, от жағатын орындар, улы және шаңды жүктер тиелген вагондар қоршаған ортаға әсер етеді.

Қолданылған әдебиттер тізімі
1. Дедов А.Н., МалыбаевС.Қ. “Бірыңғай көлік жүйесі” Оқу құралы. Қарағанды, 2007.

2. “Балқаш-1” стансасының техникалық жарғы актісі” 2012 жыл.

3. “Балқаш-1 стансасының технологиялық үрдісі” 2012 жыл.

4. Бекжанов З.С. “Теміржол көлігімен тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру” Астана, 2005.

5. Г. К. Сапарова. Еңбекті қорғау - 2011 жылы Қарағанды қаласы «ҚарМТУ» баспасы - 75бет.

6. №125-Ц 21.03.2008 ж «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік менеджменті жүйесі» туралы бұйрығы.

7. «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» (Л.А Муравьевтың редакциялық етуі) М., 2000.

8. Экология және қоршаған ортаны қорғау: жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Асқарова Ұ.Б., Алматы, 2007ж. – 314-316 беттер.


1   2   3   4


написать администратору сайта