Главная страница

балхаш. Темір жол клігі азастан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жктерді тасымалдауды негізгі блігін атару арылы мемлекетті клік жйесіні негізі болып табылады


Скачать 151.2 Kb.
НазваниеТемір жол клігі азастан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жктерді тасымалдауды негізгі блігін атару арылы мемлекетті клік жйесіні негізі болып табылады
Анкорбалхаш
Дата11.08.2019
Размер151.2 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаBalkhash-1_praktika.docx
ТипДокументы
#84998
страница3 из 4
1   2   3   4



Сурет 2.4 - 1-ші жүктік операция кезінде бос тұру жоспарының орындалуы
Кесте 2.6

2012 жыл бойынша жабдықтың ақаулығы себептерімен вагонаударғыштың бос тұруы


Тоқтау себебі

Уақыт аралығы

Конвеерлік лентаның үзілуі

Вагонаудару ақауы

Дисктітісті дробилканың ақауы

Конвеер қаптамасының үзілуі

Басқа да ақаулықтар

Көмірдің ірі кесектерін қолмен үгіту

12 айда барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

Қаңтар, рет/сағ

18,10

-

928,20

-

38,30

1558,50

28103,5

Ақпан, рет/сағ

-

317,10

1143,45

-

837,20

1650,15

38148,3

Наурыз, рет/сағ

-

513,10

319,30

126,35

416,35

612,10

1988,00

Сәуір, рет/сағ

-

27,50

-

-

12,0

223,55

533,45

Мамыр, рет/сағ

-

17,10

-

-

-

-

17,10

Маусым, рет/сағ

-

-

318,20

-

861,25

-

1179,45

Шілде, рет/сағ

-

623,40

12,00

-

322,20

35,45

1353,45

Тамыз,

рет/сағ

-

-

19,45

-

29,35

-

319,20

Қыркүйек, рет/сағ

-

-

-

-

-

-

-

Қазан ,

рет/сағ

-

463,20

-

-

24,35

11,40

769,35

Қараша, рет/сағ

-

445,00

-

-

-

-

445,00

Желтоқсан,рет/сағ

-

310,20

-

18,15

-

-

418,35

Барлығы, рет/сағ

18,10

28187,4

28121,4

234,50

31162,2

43152,3

133612


Кесте 2.7

‹‹Балхашцветмет›› ӨБ кірме жолында 2012/2013 жылдар бойынша вагондардың бос тұруы

Уақыт аралығы

Вагондар

Вагон/сағаттар

Бос тұру

Барлық төлем

(теңге)




2012

2013

2012

2013

2012

2013

2012

2013

Қаңтар

7533

6452

242375

147462

32,18

22,85

16.533.399

13.693.758

Ақпан

6558

5377

286169

104675

44,49

19,47

22.731.927

8.800.994

Наурыз

7430

6091

162118

112850

21,80

18,53

16.080.926

9.835.931

1-тоқсан

21521

17920

690662

364987

32,83

20,37

55.346.252

32.330.683

Сәуір

7927

7563

146565

113672

18,48

15,03

12.077.300

6.795.161

Мамыр

8803

7576

200102

191059

21,00

25,22

17.570.946

3.046.172

Маусым

8866

7657

214187

126341

22,56

16,50

17.304.579

7.832.401

2-тоқсан

25596

22796

560854

431072

21,91

18,91

46.952.825

17.673.734

Барлы-

ғы

49991

43088

1251516

751886

35,57

17,45

102.299.07

53.355.610

Шілде

8808

6428

176160

95777

20,00

14,90

7.110.746

15.397.030

Тамыз

9679

7953

203259

111342

21,00

14,00

14.694.063

7.452.877

Қыр-күйек

9613

8223

201873

119069

21,00

14,48

23.274.574

8.703.816

Қазан

10570

9067

211508

149606

20,01

16,50

22.470.545

11.776.473

Қараша

8682

7518

164958

182612

19,00

24,29

13.596.879

12.231.683

Желтоқ-сан

8432

8851

227580

236322

26,99

26,70

17.471.238

16.628.308

12 ай

104252

91128

2446485

3825647

23,32

18,06

209.246.03

117.259.51


2.5 Өңделетін транзиттік вагонның тұруы
Өңделетін транзиттік вагонның тұруы мөлшерге қарсы 0,40 сағатқа төмендеген, бұл жоспарға қатысты 103% құрайды. Өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда тұру 0,36 сағатқа көтерілген және 98% құрайды [3].

Өңделетін транзитті поездар мыналарға байланысты тұрған: 2013 жыл ағымында Мойынты - Саяқ аралығында өткізілген технологиялық терезелерге; локомотив паркінің жетіспеуінен.

Кесте 2.8

2013 жылдың 12 айы бойынша мәліметтер


Элементтер бойынша

Жоспар

Орындалды

Жалпы тұру

15,33

14,93

Келу паркінде

1,52

1,50

Жинақталу кезінде

11,75

11,37

Жөнелтілу паркінде

2,06

2,06



2.6 Вагон айналымы
Кесте 2.9

Вагон айналымы


Мерзімі

Жоспар

Орындалды

12 ай

438250

450750


Бұл 103 % құрады және жоспарға қатысты өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда 94 % құрады [3].

Бұдан соңғы жылы стансадағы вагон айналымының 9 % артқанын көруге болады.

3 Еңбекті қорғау
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24- бабына сай әрбір азамат еңбек етуге, кез келген жұмыс және мамандықты таңдауға құқылы.

Әрбір жеке тұлға жұмыс жағдайының қауіпсіздігін және тазалығын талап етуге құқылы, жасалынған жұмысы үшін марапатталуға, сонымен қатар жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қорғауға алынуға құқылы.

Еңбекті қорғау – әлеуметтік-экономикалы заңдық, ұйымдық, техникалық жүйе, санитарлы-гигиеналық іс-шараларды және қауіпсіздік жағдайларын жасау, денсаулықты және тұлғаның жұмысқа қабілеттілігін жұмыс барысында сақтау мақсатында құрылған.

Тасымалдаушылар азаматтардың өмірі мен денсаулығының, көлік құралдарының, теміржол, су көлігі мен әуе жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға міндетті.

Станциялар, порттар, жағажай, шағын станциялар, әуежайлардың, автокөліктік ұйым және теміржол бағыттары, сонымен қатар су жолдары аумағы, көлік қозғалыстары бағытталатын және тиеу - түсіру жұмыстары жоғары қауіптілік аумағына жатады. Жоғары қауіп төндіретін аумақта жұмыс жүргізу ҚР Үкіметімен орнатылады. Белгіленген көрсеткіштерді бұзу ҚР заңына сай қарастырылған жауапкершілікке тартылады [5].

Қауіпті жүкті тасымалдау және күзету ҚР Үкіметімен бекітілген жүкті жеткізушілер және қабылдаушылармен жол бойында бақылауға алынады.

Жарылғыш, тез жанғыш, радиоактивті, улы және басқа да қауіпті жүкті жөнелтуші және қабылдаушы оларды тасымалдаудың қауіпсіздігіне кепілдік беруге, керек-жарақпен мобильдендіру бойынша бөлімшелер, жүк тасымалдау кезінде пайда болатын апаттық жағдайды ескертетін құралдармен қамтамасыздандыруға міндетті.

3.1 Балқаш-1 станциясындағы қауіпті өндірістік факторлардың сараптамасы
МЕСТ 12.0.003 Мемлекеттік стандартқа сай - еңбек қауіпсіздігінің 74 стандарттық жүйесі, қауіпті және зиянды өндірістік факторлары табиғи әсеріне байланысты физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып жіктеледі.

Физикалық факторлар құрамындағы шағын топтар:

- механизмдер мен қозғалушы көліктер; қозғалмалы өнім, дайын өнім, материалдар, және т.б. Химиялық факторлар тобы құрамында екі шағын топ, қауіпті және зиянды заттарды біріктіруші адам ағзасына зиян келтіруші қаситеттеріне қарай (жалпы улы, канцерогенді және т.б.) және адам ағзасына енуіне байланысты. Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар микро (бактериялар, вирустар және т. б.) және макро (өсімдіктер мен жануарлар) ағза болып табылады. Психофизиологиялық топқа қауіпті және зиянды өндірістік факторлар физикалық және жүйке-жүйесімен психикалық тозуы жатады.

Теміржол көлігі халықтың тұрмыстық еңбегінің аса қауіптілігі сезілетін тармағына жатады. Темір жол қызметкерлерінің жұмыс орындары мен көптеген мамандықтардың жұмыс аймағы қозғалыс немесе өзгеріске дайындық аймағына жақын орналасқан. Кейбір технологиялық операцияларды орындау үшін жұмыскерлер қозғалыс құрылымымен танысуы қажет. Теміржол жұмысының тудыратын қиыншылығы теміржолда жұмыс күні – түні, кез- келген жыл мезгілінде және ауа-райының өзгерісіне қарамастан жүргізіледі.

Теміржолдарының қызметімен тасымалдаудың үздіксіз өсуі, пойыздар қозғалысының үздіксіз өсуіне әкеліп соғады, олардың массасы мен жылдамдығының жоғарлауына әсер етеді. Нәтижесінде тежеу жолдары кеңейеді, сонымен қатар адамға төнетін қауіп қатер артады. Көлік астына түсіп қалу қауіпінің жартысынан көп мөлшері теміржолда алынған өндірістік жарақат болып табылады. Теміржол қызметкерлерінің жартысынан көп бөлігі жөнелту және станцияларда жұмыспен қамтамасыздандырылған [5].

Теміржол көлігінде ең негізгі қауіп төндіретін себептің бірі белгілі бір аумақта шектеулі қозғалыс құрамында жұмыс істеу қажеттілігі.

Климаттық факторлардың әсері қосымша ауыртпашылықтар тудырады. Қыстың кезінде өндірістік аймақтың жағдайы бірден төмендейді. Боранның салдарынан жолдардан, жоларалық ауысулар қиындайды. Қатқақ күні құлау қауіпі артады. Суық жыл мезгілдерінде қимылдауға ыңғайсыз, дауыстарды естуге кедергі келтіретін арнайы киімдерді киінуге тура келеді. Аяз күні ұзақ уақыт бойы таза ауада жұмыс істеу үсіп кету қауіпін төндіреді. Сондықтан теміржол жұмысшыларының арнай киімі мен арнайы аяқ киімі аяқ асты өзгерген жұмысқа да сай жағдай жасалынған болуы тиіс.

Ауа - райы жағдайының өзгерістері үнемі қозғалыста болады. Тайғанақ күні хабар алмасу сымының үзілу қауіпі төнеді. Қардың көп мөлшерде түсуі Үнемі қар жауу салдары бағыттау аударылымдарының жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Техникалық құралдардың істен шығуын қалпына келтіру жоғарғы қауіптілікке тең, себебі қозғалмалы құрамдардың жанында немесе қауіпті аумақтарда өндіріледі.

Жұмысшыларға контактілік жүйелерді жөндеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан қауіп төнеді. Байланыс жүйесіндегі жұмыс жабық аумақта және биіктікте орындалады. Жұмыскерлердің тоққа тусуі электр жүйесі тартылған шағын станцияларда кауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аса қауіптілік элекротравма электр қозғалмалы жүйе мен тепловоздарды жөндеу кезінде туындайды. Жол жұмыстарын істеу кезінде қозғалмалы поезд құрамынан басқа жүк көтеруші механизмдер, гидравикалық тартылу, электрфицирленген құралдарды қолданудан да қауіптілік туындайды. Монтерлердің қолданатын жұмыс құралдары механикалық травмалық қауіптілікке қарағанда, физикалық ауыртпашылық тудырады.

Өндірістік факторларлар қатары келешекте жеңілдіктер мен еңбек жағдайын сауықтыруды талап етеді. Еңбекті қорғау бойынша бағытталған іс-шаралар адамның организміне әртүрлі факторлардың әсер ету объективті бағалануына, жұмыс өндіру ережесін бұзу және техникалық кауіпсіздік талаптарына сай сәйкестендіріледі.

3.2 Қауіпті өндірістік факторлардың қаупін төмендетуге бағытталған іс-шаралар
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан жұмысшыларды қорғау жоспарланған тексеріс еңбекті қорғау бойыша жоспарлау және құрылыс кезінде, сонымен қатар теміржол көлігі объектісін эксплуатациялау кезінде жүзеге асырылады. Жұмыстың қауіпсіздігі қамтамсыз етілмеген жағдайда, жұмыскерлерді қорғау әдісі қолданылады. Жұмыскерлерді қорғау әдісі ол- жұмыскерлерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың алдын алу немесе әсерін өзгертуші зат. Бұл әдістер адам ағзасына қоршаған ортамен жағымды байланыс орнатады және келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:

- жұмыс аумағынан қауіпті және зиянды өнімдер мен материалдарды жою;

- қауіпті факторлардың төмендеуі, әрекет етуші санитарлық нормаға сай бекітілген;

- жұмыскерлерді қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен технологиялық және жұмыспен байланыстырылған, сонымен қатар технологиялық процесті бұзу әсерінен.

Индивидуалдық қорғау әдісіне жұмыскерлердің индивидуалдық қабылдануына жататын әдістер танылады. Оларды тағайындауына байланысты 2 сыныпқа бөледі. Олар изолирленген киімдер, дем алу органдарын қорғаушы заттар, басты, бетті, қолды және тағыда басқаларды қорғаушы заттар.

Субъектілік заттар деп жұмыскерлерді қорғаушы әрекеттер, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін жоятын немесе төмендететін заттарды атайды. Субъектілік әдістердің қорғаушылық әсері адамның сеінуші әсерінен туындайды. Өндірістік саралаудың өмірлік тәжірибенің негізінде, білім және қауіпсіздік ережесін сақтау ережелерінен туындайды. Осы негізде адам қауіпті жағдайлардың туындауын, бақытсыз жағдайларды байқай алады.

Жұмыскерлердің ұжымдық жұмыстарың субъектлік әдістердің негізгі түрлері ретінде автоматтық бақылау және сигнализациялар,қауіпсіздік белгілері, әр түрлі плакаттар болып танылады [5].

Теміржол көлігінде кең таралған электрлі қондырғылар, электр тасымалдаушы және маторвагондық орындарда кең ауқымда пайдаланылатын екі түсті сигнализация. Мысалы: жөндеу канавасының астында орналасқан қызыл түсті сигнал, байланыс жүйесінің тоқтың шамадан тыс көп екенін көрсетеді. Мұндай жағдайда канавада осы тоқ астында тоқ тасымалдаушыларда тиым салынады. Жасыл түсті шам жаңған жағдайда тоқ ретке келгендіктен барлық жұмыспен айналысуға рұқсат. Егер екі шамда жанбаса тоқтың жоғары емес екендігі анықталғанша ешқандай жұмыс түрімен айналысуға рұқсат етілмейді. Өзін-өзі қорғаудың объективті тәсіліне жұмысшының жұмыс тәжірибесі, квалификациясы, физикалық және техникалық немесе оған әсерін тигізетін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың алдын алу. Жақсы жарықтандырылған жер жұмысшының ынтасын арттырады және травматизімнің алдын алуға әсерін тигізеді. Өндірістік жердегі жарық үш фактор арқылы анықталады: көру ұшқырлығы, көру қабілетінің жылдамдығына және көрініп тұрған суреттің тұрақтылығына байланысты.

Еңбек гигиенасы ең алдымен максималды түрде табиғи жарықты қолдануды талап етеді, себебі күндізгі жарықты адам ағзасы жақсы қабылдайды. Көбінесе қабырға, төбе немесе құралдардың түсіне көп көңіл қойылады. Мекеменің дұрыс боялуы және рационалды түрде жарықтандырылуы дәл сондай энергия шығынымен еңбек өндірісін 15% пайызға көтереді.

Мекемені табиғи әдіспен жарықтандыру ол жарық өткізуші жермен немесе жоғары (жарық беруші фонарь) жақпен орындалуы, жанынан ( сыртқы қабырғада орналасқан терезе арқылы) және аралас (фонарьлар және терезе) арқылы жүзеге асырылады. Табиғи жарық жиі ауысады бірнеше минут ішінде жарық бірнеше рет ауысуы мүмкін. Мекеме ішіндегі жарық табиғи жарық коэфицентімен бейнеленеді (Кео).

Әр бір жұмыс жүргізілетін өндірістік мекеме және ашық аумақтар жасанды жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Ол келесі талаптарға сай болуы тиіс:

- жұмыс орындарында бір келкі жарықпен қамтамасыз етілуі қажет;

- уақытқа сай жарықпен үнемі қамтамасыз етілуі;

- авариялық жағдайда жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жасанды жарықтың екі типі бар: жалпы және аралас.

Жалпы жарық барлық мекемедегі жарықтың қажетті және біркелкілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Жалпы жарық мәдени, емдеу, конторлық және тұрғын үйлерде орнатылады.

Өндірістік орындарда жалпы жарық жұмыс орындарының тығыз болғандығынан, жұмысты бүкіл аумақта жүргізгенде құралдар мен жұмысшыларды мекеме ішінде бір орыннан екіншіге ауыстыру қажеттілігінде қолданылады [6].

Жүйе - ол жалпы және жергілікті жарық аралас жарықты қолданғанда.

Жұмыскерлерді мекемеден эвакуациялау және жұмысты жалғастыру кезінде кезекте жұмыс жарығымен қатар авариялық жағдайда қолданылатын жарықты да пайдаланады. Авариялық жарық 50 адам жұмыс істейтін және қараңғыдағы жұмыс құралдарының қауіпі бар жерлерде ғана орнатылады.

Арнайы киім, аяқ киім, әр түрлі қорғаушы жабдықтарды көбінесе техникалық жағдайға сай пайдаланылады, ол жұмысшылардың қауіпсіздігін және оларды зиянды метеорологиялық, химиялық, жылулық, электрлік және басқа да өндірістік жағдайлардың әсерінен сақтану үшін қолданылады.

Өндіріспен мамандық бойынша жұмыс істейтін, аталған саланың көрсеткішіне сай арнайы киім, аяқ киім және қорғаушы құрал- жабдықтар профилі мен ұйымның бағынуына қарамастан жұмысшылар мен қызмет етушілерге беріледі.

Қойылған талаптар мен мерзімдерге (жарамдылығына) сай әкімшілік жұмысшыларды арнайы киім, аяқ киім және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге міндетті.

Жұмыс барысында жұмысшылар мен кызмет етушілер берілген арнайы киім, аяқ киімді және қажетті құрал-жабдықтарды қолдануға міндеті. Кәсіпорын әкімшілігі жұмысшылар мен қызмет етушілердің жұмыс барысында берілген арнайы киім, аяқ киімді және құрал-жабдықтарды киуін қадағалауға, және берілген арнайы киімсіз немесе жөнделмеген, былғанған, құрал-жабдықтары істен шыққан жұмысшыларды жұмысқа кіргізбеуге міндетті.

Нормаға сай қарастырылған жылы арнайы киім мен аяқ киім (мақтадан дайындалған костюм, күртеше, шалбар, тұлып, қысқа шапан, пима, малақай,жылы қолғап және т.с.с.) жұмысшылар мен қызмет етушілерге суық жыл мезгілі басталғанда және жылы жыл мезгілі келгенде кәсіпорынға келесі мерзімге дейін сақталуға қайтарылуы тиіс [6].

Жұмысшылар мен қызметкерлер қолдануға берілген арнайы киімді, аяқ киім, және құрал-жабдықтарды ұқыпты және күтіп ұстауы қажет, сонымен қатар әкімшілікке алдын-ала арнайы киімді жуу, кептіру, жөндеу туралы ескерту қажет.

3.3 Құраманы өңдеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Балқаш-1 стансасы сыныптан тыс жүк стансасы болғандықтан атқарылатын жұмыс көлемі көрсеткіштері жоғары. Бұл стансадағы негізгі жұмыстар:

- жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап жөнелтеді, тоқтауына жағдай жасайды;

- пойыздардың басып озуы;

- пойыздардың қиылысуы;

- жолаушыларды түсіріп және мінгізу;

- жүктерді тиеу – түсіру, сақтау, жүк құжаттарын рәсімдеу;

- құрама пойыздардан вагондарды ағыту және оларға тіркеу, сұрыптау;
- вагондарды жинау, құраманы өңдеу және жөнелту маршрутының вагондарын құрастыру.

Жылжымалы құраманы өңдеу кезінде маневрлік жұмыстар жүргізіледі.

Стансада маневрлік жұмыстарды құрама пойыздың локомотивімен орындайды, бір немесе бірнеше стансаға бекітілген арнайы локомотивтермен, ал кейбір кезде итергіш және тартқыш локомотивтерді қолданады. Егер стансаға қызмет ету кезінде арнайы локомотив бөлінетін болса, оның жұмысы кесте бойынша орындалады. Пойыздың соңғы жағындағы маневрларды мұндай стансада маневр локомотиві орындайды, ал пойыздың басты бөлігінде құрама пойыздың локомотиві орындайды. Құрама пойызды шығарып салатын басты кондуктор стансадағы жинақталуды, құрамдағы вагондарды дұрыс орналасуын тексереді.

Жол бойында тіркелетін вагон құжаттарын жинайды, ал стансада вагондардың ажыратылуын және тіркелуін басқарады.

Құрама пойыздың өңдеу уақыт нормасын техналогиялық операциямен бірге анықтайды, екуінің біреуінің параллель орындалуын ескере отырып маневрлік жұмыстардың уақыт нормасын анықтау үшін алдымен вагондардың ажыратылу және тіркелуінің орташа көлемін, вагондарды беру және жүк жұмысының пункттерін жинақтау мөлшерін анықтайды [6].

Кәсіпорын, ұйым басшылығы өздеріне қатысты қозғалмалы жөндеуден өтілген және оның жұмысының қауіпсіздігін , жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.

Мұндай жағдайда, олардың қауіпсіз эксплуатациясына жауапты адам тағайындалады, жөндеу қызметі сайланады, оқу тәртібі орнатылады және қызмет етуші құрамның, инженерлік-техникалық жұмысшының білімі тексеріледі, соңғы ескерілген адамның қондырғы тәртібінің сақталғаны және қозғалыс құрамының қауіпсіз эксплуатациясы қадағаланады.

Кәсіпорындағы қозғалғыш құрамының эксплуатацияның қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыру үшін бұйрық бойынша (маневрлі) локомотивтерді қадағалаудағы инженерлік-техникалық жұмысшының Ережені қаншалықты меңгергенін инспектор қоластындағы кәсіпорын комиссиясы тексеру және сәйкес келген куәлікті тапсыру.

Локомотивтің жөндеуге келмейтіндігі анықталған соң, сонымен қатар машинаға қызмет көрсету тәртібі бұзылса, атаулы жұмысшы себебін анықтап, жөндеуге келмейтіндіктің және бұзылғанын, қажет болған жағдайда машинаны тоқтатуы керек.

Тұлғаның ережені қаншалықты меңгергендігін тексеру, локомотив қозғалысының өндіретін жұмысының қауіпсіздігі кәсіпорынның техникалық басшысымен және инженерлік-техникалық жұмысшының, тұлғаның қадағалауына жөнделген локомотивтердің дұрыс ұсталуына жауапты.

Машиналарды тек толық жөндеуден өткеннен соң іске қосуға болады, құрамында конструктивті қауіпті орындардан қорғаушы болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қауіпсіздік құрал-жабдықтары мен приборлардың, сонымен қатар паспорт және қауіпсіздік ережесіне сай негізгі талаптар. Басқармаға машинамен кіруге өзінің жеке куәлігімен берілген машинаны жүргізуге берілген (право) рұқсат қағазы болуы тиіс.

Әр бір жұмысшы машинаның эксплуатациясына қатысты оның қондырғылары жайында жақсы білуі қажет, уақытында эксплуатация нормасынан ауытқууымен істен шыққан жер анықтай білуі керек, жұмысты қауіпсіздік ережесіне бағына отырып жүргізу.

Машинаның қауіптілігі машина істен шыққанда, қозғалыс және эксплуатация кезінде пайда болады, сондықтан еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін уақытылы профилактикалық бақылаудан және қатаң түрде машинаны уақытылы жөндеуден өткізу қажет.

Машина жөндеу, тазалау, бояу, сонымен қатар бақылау, техникалық жағдайын қадағалау машина тек толық өшкен соң ғана рұқсат етіледі.Мұндай жағдайда жүріп тұрған бөлшегі тоқтатылады, «Қоспа, адамдар жұмыс жүргізіп жатыр» сияқты ескертуші жазулар ілінеді.

Қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігі үшін қолданылатын іс- шаралар, машинаға және қауіпті аумақтың көлеміне байланысты, жақын маңда жұмыс істейтін машинаның қозғалу жылдамдығына байланысты, сонымен қатар бірігіп жұмыс жасайтын метеорологиялық жағдай, машиналар мен басқа да бір қатар факторлар [5].

3.4. Теміржол көлігі жұмыскерінің жеке қорғану құралы
Жұмыс беруші:

- еңбекті қорғау шарттарын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге [5];

- жыл сайын мақсатты түрде арнаулы киім, арнаулы аяқ киім, жеке қорғану құралдары (дәрі-дәрмек немесе алғашқы медициналық көмек қобдишалары, емдік-профилактикалық тамақ – сүт, шырындар, жуғыш заттар) шығындарын есептемегенде жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жақсартуға еңбекақы төлеу қорынан кем дегенде 1 пайыз мөлшерінде қаражат бөлуге;

- тұрақты жұмыс орындарының еңбек жағдайлары бойынша аттестация өткізуге;

- еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыс орындарын жою жөнінде шаралар қолдануға;

- жұмыс істеушілер саны әрбір өзгерген сайын цехтардың, учаскелердің, ауысымдар мен жұмыс орындарының технологиялық процестеріне тиісті түзетуер енгізуге;

- жұмыс орындарында санитарлық нормаларға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау жағдайларына бақылау жасау, еңбек ұжымын оның жұмыс нәтижелері туралы дер кезінде хабарлау. Жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайлары қамтамасыз етілмегенде қызметкерлерді міндеттемелерін орындауға тартпау;

- әйелдер мен жасы 18-ден төмен адамдардың ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға қабылдануына жол бермеу;

- қызметкерлердің жуғыш, дезинфекциялаушы және басқа да жеке қорғау құралдарымен (бұдан әрі – СИЗ) белгіленген нормалар мен мерзімдер бойынша қамтамасыз етілуін жүзеге асыру, сондай-ақ арнаулы киіммен және арнаулы аяқ қиіммен мына мерзімдерде: жазғы - 15 сәуірге дейін, қысқы– 1 қазанға дейін қамтамасыз етілуін жүзеге асыруға;

- зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты жұмыстан босаған кезде Қызметкерге оның келісімі бойынша оған берілген арнайы киімді және арнайы аяқ қиімді оның қалған сомасын төлетіп, қалдыруға;

- жеке қорғану құралдары, арнаулы киімдері және арнаулы аяқ қиімдері уақытынан бұрын тозған жағдайда оларды мерзімінен бұрын ауыстыру.

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №184-п бұйрығына сәйкес жұмысшылар үшін бір айға 500г. емдеу-алдын-алу құралдардың беру нормасын белгілеу [6];

- жұмысшылардың ашық (қолдары, беттері) дене бөлігін өндірістік химиялық факторлардың әсер етуінен қорғануға арналған емдеу-алдын-алу құралдарын – жуғыш заттары, сабын, әртүрлі майлар, пасталар және басқа залалсыздандырушы құралдары;

- кәсіптерді қоса атқарғанда, негізгі жұмысты орындауға қатысы жоқ технологиялық, жөндеу-құрылыс және басқа да қосалқы-көмекші жұмыстарға тартылған кезде сол жұмыстарды орындау үшін нормалармен көзделген қосымша жеке қорғану құралдарын беруге;

- жұмысы поездар қозғалысына және жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты, Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыс уақытында нысандық киім кию міндетті болып табылатын қызметкерлерге белгіленген нормативтер бойынша нысандық киімді ақысыз беруге;

- берілген арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді және басқа да жеке қорғану құралдарын пайдаланбайтын адамдарды жұмысқа жібермеуге;

- жұмысқа жаңадан кірісіп жатқандардан басқа, станцияларда тұратын құрылымдық бөлімшелердің, филиалдардың қызметкерлеріне кезекті міндетті медициналық тексеруден өту кезінде іссапар шығыстарын (тәуліктік ақы, жол ақысы, тұру ақысы) төлеу және орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

- өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде зардап шеккен қызметкерге (жұмыс берушінің кінәсі деп тануымен) орташа еңбекақысын сақтай отырып, емделу шығыстарын өтеуге;

- өндірісте қаза болған қызметкерлерге, сондай-ақ өндірістік жарақат немесе кәсіби ауру нәтижесінде зардап шеккен қызметкерлерге (жұмыс берушінің кінәсі деп тануымен) біржолғы жәрдемақы төлеуге:

егер қайтыс болған жағдайда жылдық еңбекақысының бес еселенген көлеміннен асырмай;

- бірінші және екінші топтағы мүгедектікке жатқызылған жағдайда жылдық еңбек ақысының үш еселенген көлеміннен асырмай;

-үшінші топтағы мүгедектікке жатқызылған жағдайда жылдық еңбекақысының екі еселенген көлеміннен асырмай;

- мүгедектік белгілемей, бірақ еңбекке жарамсыздығы танылған жағдайда жылдық еңбекақысы көлеміндей асырмай;

- Жұмыскердің өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды, сондай-ақ егер зардап шегуші осы көмек түрлеріне мұқтаж деп танылса және оларды ақысыз алмаса, денсаулығының зақымдануынан туындаған емдеуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмекті сатып алуға, протездеуге, басқа күтім, санаторлық-курорттық емделуге, арнаулы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке дайындалуға және т.б. байланысты шығыстарын өтеуге [5];

- емдеуге, протездеуге, санаторлық-курорттық емдеуге арналған шығыстарды төлеуді растайтын құжаттарды ұсыну бойынша еңбек міндеттерін орындаған кезде келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға нақты шығындары бойынша жүргізуге санаториялық -курорттық емдеуге арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан санаторийларға жолдамалар бойынша, сондай-ақ егер зардап шегуші денсаулық жағдайына байланысты Қазақстан Республикасында берілмейтін санаторлық –курорттық емдеуді алуға мұқтаж болса, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан санаторийларға жолдамалар бойынша өтеуге;

- біржолғы өтемақы және жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуді сақтандыру өтемі болмаған кезде оларды алуға құқығы бар тұлғаға төлуге;

- өндірістік жарақат алған мүгедектердің жұмысқа орналастырылуын, қажет болғанда қайта оқытылуын қамтамасыз етуге;

- кәсіби ауру анықталған кезде медициналық қорытындыға сәйкес қызметкерді еңбек қабілеті қалпына келгенде немесе мүгедектігі анықталғанға дейін орташа еңбекақысын сақтап, басқа жұмысқа ауыстыруға;

- еңбек міндеттемелерін орындаған кезде қызметкер мертігуіне, кесіби ауруға шалдығуына немесе денсаулығының басқаша зақымдануына байланысты келтірілген залалды өтеу есебіне төленетін сомалардың қайта есептелуін Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген тәртіппен жүргізуге;

- жылдың суық кезінде ашық ауада жұмыс істейтін қызметкерге әрбір сағат сайын жылынуға он минут беруге. Бұл уақытты жұмыс уақытына кіргізуге. Аталған қызметкерлерді жылыну мен демалу үшін жабдықталған жаймен қамтамасыз етуге;

- басқа ұйымдармен көліктік қызмет көрсетуге шаруашылық шарттар жасасқан кезде олардың қаражаты есебінен еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақыларды көздеуге;

- мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талабы бойынша жұмыс тоқтатылған жағдайда, орташа еңбекақысын сақтай отырып, қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыруға [5];

- жаңадан ұйымдастырылған өндірістерді олардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, арнаулы киім мен арнаулы аяқ киім беру нормаларын белгілеу;

- кәсіподақ органымен келісу арқылы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ереже мен үлгілік нұсқаулықтардың өңделуін қамтамасыз ету;
4 Өнеркәсіптік экология
Бұл бөлімде АҚ ҰК «ҚТЖ» Балқаш-1 стансасының құраманы өңдеу жұмыстарын жақсарту кезінде осы жұмыстардың әсерінен коршаған ортаға әкелетін зияны және жалпы стансаның әсері қарастырылады.

Балқаш-1 станциясы жұмыс істеу сипаттамасына және негізгі тағайындалуы бойынша - участкелік станция, ал көлемі және жұмыс орындау қиындығына қарағанда – класстан тыс болып саналады. Жұмыс көлемі үлкен станса болғандықтан қоршаған ортаға тигізетін әсері зор, шығарылатын қалдықтар, тиеу-түсіру операциялары кезіндегі ластану, құраманы өңдеу және жолаушы пойыздарын қабылдап-жөнелту кезіндегі ластану және де әртүрлі құрылғылар әсерінен шу-діріл, сәулелену, ток көздері әсері табиғи микроклиматтық өзгерістерге әсері едәуір зор.

Экология – бұл әртүрлі деңгейдегі жүйелердің қызмет істеуі мен ұйымын зерделейтін ғылым. Қазіргі экология табиғат пен қоршаған ортаның қарым-қатынысын зерттейді. Экологиялық қауіпсіздікті сақтау саясаты табиғатты қорғау, яғни жылжымалы құрамдардың және инфрақұрылымды көліктердің экологиялық міндеттерін жоғарылату болып табылатын шараларды жүзеге асыру арқылы болып табылады.

Көлік құралдары денсаулыққа және барынша болатын жол көлік оқиғалары адам өміріне, қоршаған ортаны зиянды заттармен ластауы, көліктік дискомфорты, табиғат ресурстарын пайдалануда аса қауіпті бола отырып, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық әсерін тигізеді.

Сонымен көлік кешендерінің қоршаған ортаға әсерлерінің басты түрлері:

- көліктік инфрақұрылымның объектілері мен жол территорияларының эррозиялық жағдайы, орман ағаштарын аралау, құрылыс материалдарын карьерлі өңдеу;

- табиғат минералдарын, сәулелерін, энергия ресурстарын пайдалану;

- техникалық және көлік құралдарының зиянды заттары, яғни шу, діріл, жылы, электрлі және қоршаған ортаны ионды сәулелермен атқылау.

Көлік кешендерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендететін шаралар:
1   2   3   4


написать администратору сайта