балхаш. Темір жол клігі азастан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жктерді тасымалдауды негізгі блігін атару арылы мемлекетті клік жйесіні негізі болып табылады
Скачать 151.2 Kb.
|
Сурет 2.2 – Түсіру жоспарының орындалу диаграммасы 2012 жылға орындалмаудың себептері: Желтоқсан айында концентрат, көмір сияқты қатып қалған жүктердің жаппай келуі, бұдан шығатын қорытынды, көмір, концентрат, кен жүк аулаларында жүктік операцияларда тұрып қалады, себебі вагондарды беру қыздыруға арналған жылытқыштардан 6-8 вагоннан партиямен жүзеге асырылады. 2.3 Жергілікті вагонның тұруы Кесте 2.3 2013 жылдың 12 айы бойынша мәліметтер
Жергілікті вагонның бос тұруы мөлшерге қарсы 2,8 сағатқа төмендеген, бұл жоспарға қатысты 108 % құрайды. Өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда бос тұру 0,84 сағатқа жоғарылаған және 97 % құрады [3]. Cурет 2.3 - Жергілікті бос тұру жоспарының орындалуы 2012 жылмен салыстырғанда жергілікті вагонның бос тұруының орындалмау себептері: - жергілікті жүктерді – көмір, концентрат, кен, түсіру орындарының жетіспеушілігі; - қатып қалған жүктердің келуі, вагондарды жылытуға арналған жылытқышқа партиямен беру; - вагон аударғыштардың тоқтап қалуы. Кесте 2.4 ‹‹Балхашцветмет›› ӨБ көрсеткіштері бойынша салыстырмалы көрсеткіші
2012 жылдың осы аралығымен салыстырғанда орындалмаудың себептері: - 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы вагонаударғыштардың тұруы 492,20 сағатты құрады; - қатып қалған жүктердің жаппай келуі. 2.4 Бір жүктік ота кезіндегі бос тұруы Кесте 2.5 Вагондардың бір жүктік ота кезіндегі бос тұруы
1-ші жүктік ота кезінде тұру мөлшерге қарсы 2,98 сағатқа төмендеген, бұл жоспарға қатысты 109 %құрайды. Өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда тұру 0,69 сағатқа көтерілген және 98 % құрады [3]. 2012-нің осындай аралығына қатысты орындамаудың себептері: - вагон төңкергіштердің 2013 жылы тұрып қалулары 740,65 сағатты құрады; - қатып қалған жүктің жаппай келуі. |