Главная страница
Навигация по странице:

  • Қауіп-қатерлі факторлар

  • Шағымдар мен анамнез

  • Инструменталдық зерттеулер

  • Негізгі диагностикалық шаралар тізімі

  • Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

  • Дəрі-дəрмексіз ем

  • Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

  • Біріншілік профилактика

  • Профилактикалық шаралар

  • Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері

  • Документ (1). Ревматизм


    Скачать 19.48 Kb.
    НазваниеРевматизм
    Дата03.02.2021
    Размер19.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент (1).docx
    ТипДокументы
    #173725

    Ревматизм – генетикалық бейімді адамдарда туындайтын, А тобының гемолиздік стрептокогымен шақырылған, патологиялық процесске жүрек пен буындарды қосумен дəнекер тінінің жүйелік қабынбалы ауруы.

    Қауіп-қатерлі факторлар: дымқыл климат, нашар əлеуметтік-экономикалық жағдай, генетикалық бейімділік

    Диагностика критерилері

    В-гемолиттік стрептококкты инфекция туындататын, екі үлкен немесе бір үлкен жəне 2 кіші критерилердің болуы (аңқадан алынған позитивті А- стрептококкты культура немесе А-стрептококкты антигенді анықтауға оң тест, жоғары немесе жоғарылап жатқан стрептококкқа қарсы АСЛ-О, анти-ДНК-аза В антитденелерінің титрі аурудың жоғары ықтималдылығын дəлелдейді.
     

    Аурудың басы, бұрынғы стрептококкты мұрынжұтқыншақ инфекциясымен байланысты, уыттану симтомымен бірге жүреді, активті жəне пассивті қозғалыстардың шектелуімен артралгиялар, жиірек ірі буындар зақымдалады, зақымдалудың ұшпалылығы, симметриялылығы тəн. Жіті ревматизмдік қызба кезінде: қызба 90% науқастарда, тері асты түйіндері, сақинатəрізді эритема, хорея, ревмокардит кардиалгиялармен, ентікпемен, ортопноэмен, аритмиямен көрініс табады, аускультация кезінде – жүректің белгілі ақауы үшін мінезді шулық көрініс.
     

    Шағымдар мен анамнез: жүрек тұсындағы ауырсынулар жəне қолайсыздық, ентікпе, жүректің қағуы, тахикардия.
     

    Физикалық тексеру:

    1. Үлкен критерилер - кардит, полиартрит, хорея, сақинатəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер.

    2. Кіші критерилер - клиникалық: артралгиялар, қызба.
     

    Инструменталдық зерттеулер:

    1. ЭКГ: өтімділіктің баяулауы, прекордиальді бөліктерде Т амплитудасының жəне S-T интервалының төмендеуі, аритмиялар.

    2. Допплер-ЭхоКГ кезінде митралды жəне аорталық регургитации белгілері.

    3. Жүрек рентгенографиясы: жүрек көлемінің ұлғаюы, жиырылғыштық қасиеттің төмендеуі.

    Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

    1. Қанның жалпы анализі.

    2. Зəрдің жалпы анализі.

    3. Ле-клеткаларды анықтау - көрсетімдер бойынша.

    4. Коагулограмма көрсетімдер бойынша.

    5. Жалпы ақуыздарды анықтау.

    6. Ақуыздық фракцияларды анықтау.

    7. С-реактивті ақуызды анықтау.

    8. Электрокардиография.

    9. Стрептокиназаны анықтау.

    10. Контрасттық өңешпен 3 проекциядағы жүрек рентгенографиясы.

    11. ЭХОКГ (ДОППЛЕР ЭХОКГ).

    Емі: қозғалмай жату, диета сақтау. Глюкокортикоидтық гормондар (преднизолонтриамсинолон), стероидтық емес қабынуды басатын препараттар (вольтарениндолитацин) және холин туындыларын (делагилплаквенил) қабылдау; курортсанаторийлерде емделу қажет. Ревматизмнің қайталануын тоқтату үшін бициллинмен емдейді, суықтан сақтану керек.
     

    Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: аңқадан жағындыны бактериологиялық зерттеу.

    Емдеу тактикасы
    Ревматизмдік қызбаны, ревматизмді емдеу стационарда жүргізіледі. Амбулаторлы кезеңде жедел ревматизмдік қызбаның (ЖРҚ) екіншілік профилактикасы жүзеге асырылады - бензатин - бензилпенициллинмен:

    1. Кардитсіз ЖРҚ ауырған науқастар үшін (полиартрит, хорея) – 5 жыл.

    2. Кардитпен ЖРҚ ауырған науқастар үшін, профилактиканы 5 жылдан астам жүргізу қажет (ең болмағанда науқасқа 25 жас толғанша).

    3. Жүректің қақпақшалық ақауымен науқастарға жəне жүрек ақауын хирургиялық түзету орындалған науқастарға - өмір бойы.


    Ем мақсаты:

    1. Жіті ревматизмдік қызбаның қайта шабуылы мен жүрек ревматизмдік ақауының алдын алу жəне (диспансерлік бақылау).

    2. Медициналық емшараларды орындау кезінде туындайтын бактериемияны қайтару.


    Дəрі-дəрмексіз ем: № 10 емдік стол.

    Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:

    1. *Бензатин-бензилпенициллин құтыдағы инъекция үшін ұнтағы 1 200 000 ЕД, 2 400 000 ЕД.

    2. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг.

    3. *Калий диклофенагы 12,5 мг, табл.

    4.  Натрий диклофенагы 25 мг, табл, сыртқы пайдалану 1% гель.


    Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

    1. *Преднизолон 5 мг, табл.

    2. *Дигоксин 0,025 мг, табл.

    3. *Амиодарон 200 мг, табл.

    4. *Фуросемид 40 мг, табл.

    5. *Аспаркам 0,5 г, табл.

    6. *Варфарин 2,5 мг, табл.

    Біріншілік профилактика:

    - біріншілік аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған жеке, қоғамдық шаралар кешені (организмді шынықтыру, өмір деңгейінің артуы, тұрмыстық жағдайының жақсаруы);

    - ревматизмнің біріншілік шабуылын алдын алу мақсатында жоғарғы тыныс жолдарының өзге жіті стрептококктық аурулар жəне баспаны ерте жəне тиімді емдеу.
    Профилактикалық шаралар:

    Науқаста жүректің ревматизмдік ақауы болған кезде, бірнеше рет бактериалды эндокардиттің екіншілік профилактикасы жүргізіледі.

    Профилактика:  бензатин бензилпенициллин* 2,4млн бұлшықет ішіне 3 аптада 1 рет.

    Екіншілік профилактика: D бензатин-бензилпенициллинмен – 2,4 млн БІРЛІК 3 аптада 1 рет – жыл бойы.
     

    Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: ОРЛ қайта шабуылын жəне жүректің ревматизмдік ақауының үдеуін алдын алу.


    написать администратору сайта