Главная страница
Навигация по странице:

  • Аурудың басталу нұсқалары

  • РА белсен ділігі

  • Қауіп-қатерлі факторлар

  • Тізе буындары

  • Омыртқаның мойын бөлігі

  • Байламдық аппарат жəне синовиалды сөмкелер

  • Конституционалды симптомдар

  • Өкпе

  • Жүйке жүйесі

  • Бүйрек

  • Ревматоидтық артрит. Ревматоидты артрит


    Скачать 29.97 Kb.
    НазваниеРевматоидты артрит
    Дата18.06.2019
    Размер29.97 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРевматоидтық артрит.docx
    ТипДокументы
    #82223


    Ревматоидтық артрит 

    Ревматоидтық артрит – белгісіз этиологиядағы мультифакториалдық аутоиммунндық ауру, оның дамуына көптеген факторлар қатысады: сыртқы орта, иммундық, генетикалық, гармоналдық жəне т.б. Перифериялық буындардың симметриялық созылмалы эрозивтік артритімен (синовиттер) жəне ішкі ағзалардың жүйелік қабынулық зақымдалуымен мінезделеді. Аурудың басталу нұсқалары:1. Көбінесе ұсақ буындарда (50% жағдайда), ауру сезімі мен құрысулардың жайлап күшеюі.2. Саусақтар мен аяқ басы ұсақ буындарының тез арада процесске қосылуымен, тізе немесе иық буындарының моноартриті.3. Септикалық немесе микрокристалдық артритті еске түсіретін, ірі буындардың жіті моноартриті.4. Саусақ, көбінесе тізе мен шынтақ буындарының жіті симметриялық полиартриттері, көптеген қайталама шабуылдармен мінезделетін «палиандромдық ревматизм». Шабуылдар бірнеше сағаттарға немесе күндерге созылады жəне сауығумен аяқталады.5. Ұсақ жəне ірі буындардың көптеген зақымдалуымен, айқын ауыру сезімімен, диффуздық ісіктер мен егде жастағы тұлғаларда қозғалыстың шектелуімен жүретін жіті полиартрит.6. Ревматикалық полимиалгияны еске түсіретін, жайылған полиартралгия (егде жаста).

    РА белсенділігі:

    1. Жеңіл (артралгиялар; кем дегенде 5 буындағы ісінулер/ауру сезім; буыннан тыс көріністердің болмауы; РФ ның болмауы немесе төмен титрі; эритроциттердің тұну жылдамдығы мен СРБ деңгейлерінің қалыпты жағдайы немесе аздап көтерілуі; саусақтар мен аяқ басы ұсақ буындарында рентгенологиялық өзгерістердің болмауы).

    2. Айтарлықтай ауыр (6-20 буындардың артриті; буыннан тыс көріністердің болмауы; РФ ның жоғары титрі; эритроциттердің тұну жылдамдығы мен СРБ ның тұрақты көтерілуі; остеопения, буындық саңылаулардың аздап тарылуы жəне саусақтар мен аяқ басы ұсақ буындарында рентгенологиялық зерттеу кезінде аздаған бірен саран жалақ жаралар (эррозиялар)).
    3. Ауыр (20 дан астам буындардың артриті; буын функциялары бұзылыстарының тез дамуы; эритроциттердің тұну жылдамдығы мен СРБ ның аздап тұрақты көтерілуі; анемия; гипоальбуминемия; РФ жоғары титрлері; буыннан тыс көріністер.
     Қауіп-қатерлі факторлар:1. Экзогендік факторлар: вирустар, бактериалдық суперагенттер, токсиндер, оның ішінде темекі компоненттері (7,9).

    2. Эндогенндік-коллаген II типтегі, стрессорлық ақуыздар жəне басқалар.

    3. Спецификалық емес: жарақат, аллергендер.

    4. Генетикалық бейімділік, əсіресе қаны бір туыстарда, сирек жағдайда II класстағы белгілі бір антигендер тасымалдаушыларында, əсіресе HLADR1, HLA-DR4.

    Диагностикакритерилері
     РА диагностикалау үшін Американдық ревматологиялық ассоциациясының критерилері пайдаланылады (1987 ж.):
     1. Таңертеңгі құрысулық — 1 сағаттан кем уақыт емес сақталатын, буындар немесе буын айналасындағы тіндер айналасының таңертеңгілік құрысуы.

    2. Үш немесе одан да көп буындардың артриті — дəрігермен кем дегенде үш буында анықталған ісінулер мен дөңдер. 14 буынның зақымдалуы мүмкін (2 жақтан): алақан сүйектер бунақтық, проксималды бунақаралық бунақаралық, білезік буындары, шынтақтық, сирақ асықтық.

    3. Саусақ буындарының артриті — кем дегенде келесі топ буындарының бірінің ісінуі: білезік, алақан сүйектер бунақтық жəне проксималды алақан сүйектер бунақтық.

    4. Симметриялық артрит — тəрізді, бірақ абсолютті симметриясыз, буынның екі жақтық зақымдануы: алақан сүйектер бунақтық, проксималды алақан сүйектер бунақтық, табансүйектік бунақтық.

    5. Ревматоидтық түйіндер — көбінесе дененің шығыңқы учаскелерінде, бүгілетін беттерде немесе буын айналасында орналасатын теріасты түйіндері (дəрігермен анықталған).

    6. РФ — Қан сарысуындағы РФ титрінің артуын кез келген əдіспен байқау.

    7. РА үшін типті рентгенологиялық өзгерістер: саусақ жəне аяқ басы буындарында орналасатын жəне клиникалық зақымдалған буындарда аса байқалатын жалақ жара немесе буын айналасының остеопорозы.
     

    РА диагнозы 7 критерийден кем дегенде 4 болған кезде қойылады, бұл кезде біріншіден төртіншіге дейінгі критерийлер кем дегенде 6 апта бойы сақталуы қажет. Аталған критерийлердің сезімталдығы 91-94% құрайды, ал өзіндік ерекшелігі— 89%.

    Шағымдар мен анамнез:

    Аурудың бастапқы кезінде артриттің клиникалық көріністері аздап айқын болуы мүмкін. Көбінесе, жалпы жағдайдың нашарлауы байқалады (əлсіздік, таңертеңгілік құрысу, артралгиялар, жүдеу, субфебрильді қызба, лимфаденопатия), ол өз кезегінде буындардың айқын клиникалық зақымдануына алып келуі мүмкін.
     Физикалық тексеру:

    Буындардың зақымдануы 2 категорияға бөлінуі мүмкін:

    1. Потенциалды қайтымды (көбінесе ерте) — синовит.

    2. Қайтымсыз құрылымдық өзгерістер (аса кеш) — жалақ жаралар, анкилоз.
    РА кезінде буынның синовиалды қабатының анық қабыну белгілері — көбінесе айқын синовитпен қосарланған жəне бір сағаттан кем емес таңертеңгілік құрысу.
     - Қол ұшы: көбіне ауру басталғаннан кейін 1

    5 жылдан соң дамитын, буындардың алақан сүйектер бунақтық ульнарлық девиациясы; қол ұшы саусақтарының «бутоньерки» типі бойынша (проксималды бунақаралық буындарда бүгілу) немесе «аққу мойын» (проксималды бунақаралық буындарда қайта бүгілу); қол ұшының деформациясы «лорнетпен қол».

    Тізе буындары: бүгілулік жəне вальгустық деформация, тізе буынынң артқы жағындағы синовиалды жылауық (Бейкер жылауығы).

    Аяқ бастары: табан сүйек бунақтық буын бастарының шала таюы, латералдық девиация, басбармақтың деформациясы.

    Омыртқаның мойын бөлігі: сирек жағдайда жұлын немесе омыртқалық күретамыр компрессиясымен асқынатын, атлантоаксиалды буын айналасындағы шала таюлар.

    Сақина тəрізді: дауыстың жуандауы, ентікпе, дисфагия, рецидив беретін бронхит.

    Байламдық аппарат жəне синовиалды сөмкелер: кəріжілік білезік буыны мен қол ұшы айналасындағы тендосиновит, жиірек шынтақ буыны айналасында; Бейкер жылауығы. Буыннан тыс көріністер жиі кездеседі, ал сирек жағдайда клиникалық көрініске көбірек байқалады.

    Конституционалды симптомдар: жайылған əлсіздік, дімкəстік, жүдеу, субфебрильді қызба.

    Жүрек: перикардит, васкулит, жүрек қақпақшаларының гранулематоздық зақымдануы (өте сирек), атеросклероздың ерте дамуы.

    Өкпе: плеврит, өкпенің интерстициалды ауруы, облитерлеуші бронхиолит, өкпедегі ревматоидтық түйіндер (Каплан синдромы).

    Тері: ревматоидтық түйіндер, тері қалыңдауы мен гипотрофиясы; васкулит, торлық ливедо, тырнақтық ложа айналасындағы микроинфаркттар.

    - Жүйке жүйесі: компрессионды невропатия, симметриялық сенсорлық-моторлық невропатия, көптеген мононеврит (васкулит), цервикалды миелит.

    Көз: құрғақ кератоконъюнктивит, эписклерит, склерит, склеромаляция, перифериялық ойық жаралық кератопатия.

    Бүйрек: амилоидоз, васкулит, нефрит.

    Қанжүйесі:анемия,тромбоцитоз,нейтропения.
     Инструменталдық зерттеулер:

    Рентгенологиялықөзгерістер.
    Қол мен аяқ ұштары рентгенологиялық зерделеу, аурудың бірден бір негізгі диагностикасы мен үдеуін бағалаудың əдісі болып табылады.
      буынаумағының остеопорозы;буын беткейі шетінің анықсыздығы;буындық беттердегі жалақ жаралар;остеолиз;анкилоз;буындардың шала таюлары.

    Ем мақсаты:

    - Қабыну симптомдарын азайту;Деструкциялардың, буындар функциясы мен деформациясының алдын алу;Ремиссияға қол жеткізу; Өмір сапасын сақтау Өмір ұзақтығын арттыру.
     Дəрі-дəрмексіз ем

    1. Темекі тартуды тоқтату — темекі тарту РА дамуы мен үдеуінде роль ойнауы мүмкін. Тартылған темекі жəне РФ бойынша позитивтілік буындардағы жалақ жаралы өзгерістер мен С ревматоидтық түйіндердің пайда болуы, сонымен қатар өкпенің зақымдануы (ерлерде) арасында бірлестік анықталған.

    2. Жоғарғы құрамдағы полиқанықпаған май қышқылдары, мысалы балық майы С (РА қабынулық белсенділігін төмендетуге алып келеді), кальций мен витаминдер, əсіресе D витамині (остеопороз қаупін төмендету) жəне фоль қышқылы (сарысудағы гемоцистеин деңгейін төмендету) қосылған теңгермелі диетаны сақтау.
    Гипергомоцистеинемия жиі жағдайда ерекше метотрексат пен сульфасалазинмен емдеу кезінде дамиды жəне қантамырлардың атеросклеротикалық зақымдануының дамуына əсер етуі мүмкін.

     3. Идеалды дене салмағын ұстап тұру.
     Дəрі дəрмектік ем
     РА дəрі дəрмектік емін екі түрге бөледі — қабынуға қарсы жəне базистік. Қабынуға қарсылық емнің мəні, симптоматикалық терапия ретінде пайдаланылатын, стероидтық емес қабынуға қарсы препараттарды жəне глюкокортикоидтық гармондар қолдануда.

    Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар мен глюкокортикоидтық гармондарды қолдану буындардағы ауыру сезім мен қабынуларды тез арада төмендетуге жəне функциялардың жақсаруына жағдай жасайды. Базистік дəрілік заттардың ерекшелігі болып, тиімділіктің жайлап дамуы болып табылады. Олар РА мəні құрайтын, негізгі патогенетикалық механизмдерге тікелей əсер етуге негізделіп, аутоиммундық бұзылыстарды жоюға жəне буындардың деструкциясын тежеуге алып келедіг. Қазіргі таңда кейінгі тиімділікке ие базистік препараттарды ерте тағайындау концепциясы қабылданған.

    Қостанай жоғарғы медициналық колледжі

    РЕФЕРАТ

    Орындаған;Аубакиров.Т

    Тексерген:Оразгожина.А.Н

    Қостанай 2019


    написать администратору сайта