Главная страница

квота. журек окпе реанимациясы. Рындау алгоритмі


Скачать 22.61 Kb.
НазваниеРындау алгоритмі
Анкорквота
Дата30.08.2021
Размер22.61 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлажурек окпе реанимациясы.docx
ТипДокументы
#228367

РЫНДАУ АЛГОРИТМІ



Қадамдар

Орындау критерийлері

 

Науқастың жағдайын бағалады. Көмекке шақырды.

Иықтан абайлап қағып, анық дауыспен «Сізге не болды?» деп сұрау керек. Қасындағы адамдардан жедел жәрдем бригадасын шақыруларын сұрану керек.

 

Өзіндік тыныс алуын анықтады.

Есту, көру және сезе білу керек. Құлақты зақым алған адам ауызы маңына алып барып, науқас тыныс алады ма, кеуде қуысы немесе іші көтеріледі ме, өз бетінде науқас тынысын сезіну.

 

Қанайналымның болуын анықтады.

Ұйқы артериясында пульсті пальпациялау. Тыныс және қанайналым анықталмаса жүрек- өкпелік реанимацияны жүргізуді бастау.

 

Науқасты дұрыс жатқыздырды.

Зақым алған адамды тегіс қатты горизонталды беткейге жатқыздыру (жерге,еденге), екі қолын денесінің бойымен созу, мойын және кеудесін қысып тұратын киімінен босату.

5.

Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етті.

Зақым алған адамның басын бір жаққа қарай бұру, ауыз қуысын қарау, ауыз қуысын бар бөгде заттардан тазарту (шырыш, құсық массалары, тіс протездері және т.б.) Сафар үштік әдісін орындау: басты артқа шалқайтып, төменгі жақты алға қарай тарту және ауызын ашу (егер омыртқа бағанының мойын бөлімінің жарақатына күдік туатын болса, онда басты нейтралды қалыпта орнатып, төменгі жағын алға қарай тарту). Реанимациялық іс-шараларды бастау уақытын белгілеу.

 

Өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізді.

Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» әдісімен ылғалды салфетка немесе дәке арқылы жүргізу. · зақым алған адамның маңдайына орнатылған қолмен оның басын артқа қарай тартып, мойын және шүйде астына орнатылған екінші қолымен басты ұстап тұру; · маңдайда орнатылған қол саусақтарымен мұрын саңылауларын қысу; · өз аузымен зақым алған адам аузын тығыз қысып, оның тыныс жолдарына дем шығару (тиңмділікті бақылау критерийі- кеуде торының көтерілуі); · өз басын көтеріп, зақым алушының тынысты шығаруы кезінде кеуде торының төмен түсуін бақылау; · тағы бір жасанды тыныс алуды орындау (барлығы 2 вентиляцияны жүргізу керек).

 

Жүректің тікелей емес массажын жүргізді.

Компрессияларды орындау үшін қолды дұрыс орнату керек: бірінші қолдын алақанының негізін төстің төменгі үштен бір бөлігіне орнату, екінші қолды параллельді үстіне орнату керек, шынтақтарды тік ұстап, денені зақым алған адамның кеуде торының үстінен вертикалды орналасуы тиіс. Компрессияларды жылдам түрткі қимылдарымен орындау, әр қимылдан кейін қолды кеуде торынан алмай, кеуде торының кеңеюіне мүмкіндік беру. 1 минутта 100 компрессиядан кем емес жылдамыдқта, және 5 см кем емес тереңдікте, компрессиялар арасында минималды үзіліс жасап, 30 компрессия жүргізу.

 

Жүрек-өкпелік реанимацияның бір кезеңін жүргізді.

Жүрек- өкпелік реанимацияның бір кезеңін жүргізу – 5 цикл (2 вентиляция, 30 компрессия) 2 минут ішінде.

 

Стоп-талдау жүргізді.

5 секунд ішінде ұйқы артериясы пульсациясының барын анықтау.

 

Науқастың кейінгі бағытын анықтады.

Егер жүрек- өкпелік реанимацияның бір кезеңінен кейін тыныс алу мен қанайналым қалпына келсе, онда зақым алушының кейінгі бағытын айқындау. Егер тыныс алу мен қанайналым қалпына келмесе, онда жүрек- өкпелік реанимацмяны оң нәтижеге дейін жалғастыру (жүрек- өкпелік реанимацияның жалпы ұзақтығы 30 минутқа дейін)


написать администратору сайта