дәрілік заттар. Д_ріс-7Кеуде , __рса__уысы жара_аты. рса уысы азаларыны, тік ішекті хирургиялы аурулары. Іш уысыны жедел хирургиялы аурулары
Скачать 42.53 Kb.
|
Құрсақ қуысы ағзаларының, тік ішектің хирургиялық аурулары. Іш қуысының жедел хирургиялық аурулары Түрі: Перитонит Жедел аппендицит Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасы Өт-тас ауруы Перитонит- іш перденің қабынуы. Түрі: -жайылмалы диффузды -жергілікті шектелген және қоршалған Іш қуысының іріңдіктері (абсцестері) Клиникалық бағытына қарай бөлінуі: -жедел -жеделдеу -созылмалы Іш қуысындағы сұйықтықтың түріне қарай бөлінуі: Сірнелі Фибринозды Фибринозды-іріңді Іріңді Қанды Қоздырғыш затына қарай бөлінуі: Стрептококкты Ішек таяқшалы Стафилакоккты Пневмакоккты Гогококкты Анаэробты Туберкулезді Этиологиясына қарай Асептикалық Бактериялық Біріншілік Екіншілік Олардың пайда болуына қарай: Тесілуден Жарақатты Операциядан кейінгі Гинекологиялық және т.б Төмендегі ауруларды асқынуынан перитонит дамиды: 1. жедел аппендициттен 2. холециститтен 3. панкретиттен 4.Асқазан және 12 елі ішек тесілген жарасынан 5.ішектің механикалық түйілуінен 6.жарықтың қысылуынан 7.іш қуысындағы мүшелердің зақымдалуынан Перитониттің ағымының байланыстығы: -аурудың мінездемесіне -аурудың ұзақтығына -ағзаның реактивтігіне -қолданылған емдердің түріне байланысты Перитониттің ағымы өте ауыр, жас балаларда найзағай тәрізді. Өйткені оларда іштегі шарбы майы жетілмеген. Үлкен жастағы адамдарда айқын көрінуі мүмкін. Жедел іріңді перитонит. Клиникалық ағымының кезеңдері: 1.Реактивті кезеңі – бұл 1-2 тәулік арасында пайда болады. Белгілері: Зақымдалған ағзаның тұсындағы іштің ошақталған қабынудан ауруы (іштегі сұйықтық сірнелі және фибринозды) Мәжбүрлі жағдайда болуы (қырынан, шалқасынан жатып, аяқтарын ішіне жинап жатуы) Асқазан сөлі мен аралас құсу. Ол құсық аурудың жағдайын жақсартады (ол бір рет немесе өте сирек болады.) ҚҚ -100/90, егерде іште қуыс ағзалары тесілсе онда тамыр соғуы сирек болады. Іштегі қуыс ағзалар тесілсе, жараланса (тромбоз, панкреанекроз,іштің түйіліп, есеңгіреу п.б.) Дәретке жиі отырады, зәр шығысы бұзылады жамбас қуысында орналасқан Дене қызуы 38 С жоғарылайды Объективті тексергенде: -іштің алдынғы беті дем алуға қатынасуының тежелуі -іштің пішіні өзгеріп, бір келкі болмауы( ассиметрия) -іштің алдынғы бұлшық етінің қатаюы, оны «дефанс» немесе «доска» тәрізді іш деп атайды -Щеткин-Блюмберг белгісі оң -Қанында- лейкоцитоз,нейтрофилез -ЭТЖ жылдамдайды 2-уыттану кезеңі (токсикалық). Ол 24-72 сағат арасында пайда болады. (Бұл кезде жайылған перитонит, түгел іш перденің зақымдалуы) Белгілері: Жалпы жағдайы өте ауыр болуы Тамыр соғуы 120-ға дейін жылдамдауы Дене қызуы 39 С, қарт адамдарда бұл қайшы тәрізді болуы (дене қызуының тамыр соғуы ретінен қалуы) Объективті тексергенде: Қан қысымынң төмендеуі Іштің шамалы кебуі Щеткин-Блюмберг белгісі оң Ішектің айқын салдануы Ішті түртіп көргенде, онда сұйық пайда болғанын анықтауы Нәжіс пен желдің шықпауы Қанында- лейкоцитоз ЭТЖ- ның ұлғаюы 3-соңғы кезеңі (терминальді). Ол 72 сағаттан асқанда пайда болады. Белгілері: Жағдайының өте ауыр болуы Есінен тануы Масаттануы( эйфория) Селқостануы Күшсіздің (адинамия) Ықылық атуы Нәжіс иісті құсу Терісі сұрланған Дене қызуы жоғарылайды Объективті тексергенде: Гиппократ беті Жабысқақ суық тер басқан Тамыр соғуы 130/140 ҚҚ төмендеген Тыныс алуы жиі Іші біршама кепкен Щеткин- Блюмберг белгісі оң Ішті түртіп көргенде- тимпаникалық дыбыс естіледі Тыңдаған кезде «мәйіт тыныштығы» –дыбыс жоқ Алғашқы көмек пен емі: -тыныштық орнату -мұзды мұйық қою -тасымалдау -ауырсынуды басатын дәрілерді беруге болмайды -хирургиялық ем -антибактериалды ем -іш қуысын жабық түрде жуу (лаваж) -перитониальды диализ Барлық жағдайда есеңгіреу индексін анықтай білу керек.Қалыпты жағдайда ол 0,5-ке тең. Есеңгіреу индексі = тамыр соғу саны / систоликалық ҚҚ. Осы индекс 1,5-ке жетсе өмірге қауіп төнгендігін білдіреді. Шектелген перитонит (іш қуысының іріңдігі) Іш қуысындағы жергілікті қабынуды-шектелген перитонит дейді. Орналасуы: -көк ет астында -Дугласов қуысында Белгілері: Жергілікті ауырсынуы Бұлшық етінің ауырсыну жерде қатаюы Дугласов қуысындағы іріңдікте: -дәретке отырғанда ауырсынудың үдеуі 4. дене қызуы 5. лейкоцитоз Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -мұзды мұйық қою -тасымалдау -хирургиялық ем Жедел аппендицит Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы аппендицит деп аталады. Орналасуы: Жамбас қуысында Оң жақ мықын шұңқырының аймағында 8 көзге қарай (медиальді) Соқыр ішектің артында (ретроцекальды) Соқыр ішектің сыртында (латеральды) Мықын ішектің соңғы бөлігінің астында Аппендициттің жіктелу сатылары: Талаураулы (катарральды) (жәй , беткей) Жайылма іріңдікті (флегманозды) Шіріген түрі (гангренозды) Іріңге толы (эмпиема) Коллесовтың нұсқауы бойынша жіктелуі: Соқыр ішектің шаншуы аппендикулярлы колика Жәй түрі беткей катарральды түрі Құрылысының бұзылу түрі деструктивті -жайылма іріңдікті флегманозды -шіріген гангренозды -Тесілген 4. асқынған аппендицит: -соқыр ішек жайылмасы (инфильтрат) -іріңдік -шоғырланған немесе жайылған перитонит Белгілері: Ауырсынуы Лоқсу, құсуы Дене қызуының жоғарылауы 37,5-38 С (ауыр жағдайда қайшы белгісі оң) Тілдің қабыршақтануы Іштің алдыңғы бқлшық еттің қатаюы Щеткин-Блюмберг белгісі оң Ровзинг Ситковский Воскресенский (көйлек) Бартомье-Михельсон Образцов Қанында лейкоцитоз ЭТЖ ұлғайған Алғашқы көмек пен емі -тыныштандыру -мұзды мұйық қою -тасымалдау -хирургиялық ем Аппендоэктомиядан кейінгі іш қуысында болатын асқынулар Іш қуысының іріңдіктері (жамбас қуысында, ішектердің арасында, іш перде артында) Ішперденің қабынуы (перитонит) Жамбас қуысы көк қантамырының қабынуы пелвиофлебит Ішектің жүрмей қалуы Іш қуысынан қан кетуі Ішектің түйілуі Аппендоэктомия жасағаннан кейінгі жергілікті асқынулар Жара астында қанның ұюуы (гематома) Жараның іріңдеуі Ең қауіптісі-ішкі мүшелердің ақтарылуы (эвентерация) Жара бойындағы тігілген жіптің сөгілуі Ішкі ағзалардың сыртқы шығуы Операциядан кейін іш жарығының (вентральды ) пайда болуы, оның жарылуы Жайылмалы аппендицит (Аппендикулярлы жайылма) Оң жақ өрлеме жиек ішек аймағында шектелген, ауыратын , тығыз және қозғалмайтын әр түрлі көлемдердің пайда болуы. Бұл түйдек- ішек және шажырқай түйіндерімен өзара байланысқаннан пайда болады. Олардың арасында құрт тәрізді өсінді орналасады. Бұл шектелген перитониттің бірі. Белгілері: Шектелген ауырсынуы Щеткин-Блюмберг белгісі оң Қанында лейкоцитоз Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -мұзды мұйық қою -тасымалдау -хирургиялық ем Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасы Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасының хирургиялық асқынуы: Жараның тесілуі 12 елі ішектің тарылуы (стенозы ) Жарадан қан кетуі Айналасындағы мүшелерді тесіп өтуі Ракқа айналу Асқазан ойық жарасының тесілуі Ми қыртысы мен іш құрылысының байланысының бұзылуынан асқазанның қан тамыры және еттерінің тонусының өзгеруінен ойық жара пайда болады. Ойық жараның орналасуына байланысты: А.асқазан жарасы Орналасуы: -кіші және үлкен иірімінде -жүрек жақтағы (кардиалды) бөлігінде -шығу (пилорлы) бөлімнің айналасында (перипилорлы) -алдығңы және артқы қабатында Б. 12 елі ішек жарасы Орналасуы: -алдыңғы және артқы қабатында Тесілу бағыты: -іш қуысына қарай -айналасындағы қоршаған мүшелерге қарай -өзге түрлілік (атипиялық) жараның тесілуі Белгілері Қанжар сұғып алғандай үдемелі ауырсынуы Іштің тақтай тәрізді болып ішіне қарай тартылуы Щеткин-Блюмберг белгісі оң Бауырдың тұйықталуы білінбейді Мәжбүрлі жағдай Френикус- белгісі оң Рентгенографияда орақ тәрізді ауа- көкет астында пайда болуы Жүрек соғысы жылдам ҚҚ төмендеген Қанында лейкоцитоз Бұл ауру 3 кезеңге бөлінеді: -шок тәрізді болып өтуі -жағдайының дұрысталу кезеңі -перитонитті кезең Ойық жараның те Сілуін мына аурулардан нақты анықтау керек -жедел аппендициттен -жедел холециститтен -жедел панкреатиттен Асқазан ойық жарасының жабық тесілуі Бұл іш қуысының шектелген перитониті Белгілері: Ауырсынудың кезектілігі жойылып, тұрақтануы Тұрақты ауырсыну, арқаға беріледі Әдетте басқа асқынулар кезінде де байқалады (стеноз, қан кету) Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -мұзды мұйық қою -тасымалдау -хирургиялық ем Асқазан ойық жарасының тарылуы (Пилеродуоденальды стенозы) Белгілері: Төс асты аймағын айналдыра ауруы Іштің алдыңғы бетіне күш түсуі Сол жерде іштің тітіркену белгісі Асқазанның тоқтығын сезуі Су мен тұз қатынасының бұзылуы Стеноздың 3 кезеңі болады: Теңгерілген (компенсірленген) Шала теңгерілген (субкомпенсірленген) Теңгерілмеген (декомпенсірленген) 1-теңгерілген кезеңі: -аурудың жалпы жағдайы көп өзгермеген -тамақтануы қалыпты, бұзылмаған -төс асты аймағында ауырсынуы -құсқан соң жағдайының жақсаруы 2 -шала теңгерілген кезеңі: -төс астында тұрақты ауырлық -ауырсыну -желді кекіру -құсу- күніне бірнеше рет болады ,тамақтан кейін немесе тамақ ішіп болған соң 1-2 сағат өткенде -аурудың азуы 3-теңгерілмеген кезеңі: -асқазанның көлемінің кеңеюі -ауру жағдайының нашарлауы -тілі құрғайды -денесінің сусыздануы -әлсіздік -терісі жер түстес болуы -ауру құсықты өзі қоздырады -құсық ішінде күні бұрын жеген асы шығады -жағымсыз иісті болуы -қышқылмен кекіруі -науқастың ішін ашып көргенде- асқазанның қозғалысы (перистальтикасы) білініп тұруы -құм сағат белгісі оң болуы -асқазанды тексеріп, таңдағанда толқынды дыбыс естуге болады, -азуы Тексеру жолдары: -рентгенография -эндоскопия Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -асқазанды жуу -тасымалдау -хирургиялық ем Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасынан қан кету Қан кету-жедел және созылмалы болады.Көбінесе ұйқы безінің басына , бауыр және 12 елі ішектің байланысына қарай өтуі мүмкін Жедел қан кеткенде: Кофе тұнбасы сияқты құсық Нәжісі қара май тәрізді болуы Қан кетудің басқа белгісі –анемия Анықтау жолдары: -лапараскопия -лапарацентез -компьютерлік томография Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -жедел эндоскопиялық тексеру -мұзды мұйық қою Дицинонды енгізу -хирургия бөліміне зембілге жатқызып тасымалдау -егер жағдайы жақсармаса онда оперативті ем Асқазан ойық жарасының ракқа айналуы Көпшілігінде ұзақ мезгілге созылған асқазанның сүйелденген ойық жарасы ракқа айналуы мүмкін. Белгілері: Ауырсынудың тұрақты болуы Тәбетінің нашарлауы Науқастың азуы Ас қабылданғандағы жайсыздық дискомфорт Асқазан сөліндегі қышқылдықтың төмендеп, жоқ болуы- ахилия Жүдеуі кахексия Алғашқы көмек пен емі: -ауырсынуды басу -онкологке жіберу -Хирургиялық ем Жедел холецистит Өт қапшығының қабынуы. Ол тасы бар және тасы жоқ қабыну , жұқпа түскенде пайда болады. Жұқпа асқорыту жолдары және қан арқылы түседі.Холециститтің жедел ұстамасы өт қабының түтігінде тас тұрып қалғанда кездеседі. Тастың пайда болуына 3 жағдай бар: 1.өттің тоқтап қалуынан 2.өт жолдарында жұқпалы аурудың пайда болуынан 3.ерекше зат алмасудың өзгеруінен Жедел холециститтің жіктелуі: -талаурауды (катарральды) -жайылма іріңдікті (флегмонозды) -шіріп тесілген түрі (гангренозды) Белгілері: Толғақ тәрізді ауырсыну күтпеген жерде пайда болуы Ауырсыну күші айналадағы мүшелерге тарауы Рефлекторлы құсық Іші кеуіп ұлғаюы Ұлғайған өт қапшығын анықтауға болады Дене қызуы 38-39 С Жүрек соғысы жылдамдайды, ритмі бұзылады, кейбір жағдайда талыс болуы мүмкін Ішін басып көргенде іші кепкен , ұлғайған өт қапшығын анықтауға болады Ортнер белгісі -оң (оң жақ қабырға қырын соққылау) Кер белгісі –оң (оң жақ қабырға астын қолмен түрту) Мерфи белгісі-оң (оң жақ қабырға астын қолмен басып дем алғанда ауырсыну) Френикс белгіс-оң (төс-бұғана-емізік бұлшықеттің аяқтарының арасын басқанда ауырсынуы) Дененің сарғаюы мүмкін Нәжісі бор тәрізді бозарған Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -мұзды мұйық қою -атропин, промедол,но-шпа ерітінділерін тері асты енгізу -бауыр шаншуын басу үшін ауруханаға жатқызу -хирургия бөліміне зембілге жатқызып тасымалдау -бауыр айналасына айналдыра блокада жасау -холецистит пен панкреатит қосарланған кезде: уыттануға қарсы және антибактериалды ем. Егер сол жерде жұқпа болса онда өттің эмпиемасы пайда болады. Талаураулы (катарральды) холецистит Белгілері: Оң жақ қабырға астындағы үдемелі ауырсынуы Мойынға қарай берілуі Ауырсыну алғашында ұстамалы болуы Алғашында асқазан шығындысымен үдей келе 12 елі ішектің құрамымен құсуы Дене қызуының сәл көтерілуі субфебрильді Ішін басып көргенде іші кепкен, ұлғайған өт қапшығын анықтауға болады Ортнер белгісі -оң (оң жақ қабырға қырын соққылау) Кер белгісі –оң (оң жақ қабырға астын қолмен түрту) Мерфи белгісі-оң (оң жақ қабырға астын қолмен басып дем алғанда ауырсыну) Френикс белгіс-оң (төс-бұғана-емізік бұлшықеттің аяқтарының арасын басқанда ауырсынуы) Шамалы лейкоцитоз -10000-12000 Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -мұзды мұйық қою -атропин, промедол,но-шпа ерітінділерін тері асты енгізу -бауыр шаншуын басу үшін ауруханаға жатқызу -хирургия бөліміне зембіоге жатқызып тасымалдау -бауыр айналассына айналдыра блокада жасау Жайылма іріңдікті холецистит Белгілері: Лоқсу,құсу Дене қызуы көтеріледі Дем алғанда, жөтелгенде, денесін қозғағанда ауырсынуы үдейді Іштің жоғарғы оң бөлігінде –Щеткин-Блюмберг белгісі оң Басқа белгілер оң ЭТЖ жоғарылайды Лейкоцитоз 15000-20000 –ға жетеді Холециститтің шіріген түрі Белгілері: Тілі құрғақ Тамыр соғуы жиі Ішектің салдануынан іші кепкен Тахикардия -120 рет Уыттануы ұлғаяды-жергілікті не іріңді перитонит болғанда Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -мұзды мұйық қою -хирургия бөліміне зембіоге жатқызып тасымалдау -деструктивті түрінде оперативті ем- холецистэктемия, көрсеткіш-перитонит Бауыр шаншуы Себебі: -тастың өт қапшығының мойнына не жолында қысылып қалуынан -емдәм бұзылғанда – майлы тағам не ащы затты қолданғанда -ауыр жүк көтергенде, солқылдап жүргенде( ат ,автокөлік) Белгілері: Лоқсу Жағдайы жақсармайтын өт аралас құсу Шаншу ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін Мазасыз, аурсынуды төмендету үшін денесін ығғайлы жағдайда ұстауы Тахикардия-100 ретке жетеді Тілі ақ түспен өңезденген, ылғалды Дем алғанда іштің оң жақ бөлігі қалып, қатынаспауы Сипап көргенде-жоғарыда көрсетілген белгілердің оң болуы Іш перденің тітіркенуі болмайды Алғашқы көмек пен емі: -тыныштандыру -мұзды мұйық қою -хирургия бөліміне зембіоге жатқызып тасымалдау -спазмолитиктерді қолдану (но-шпа , папаверин, платифилин ) -ауырсынуды басу-баралгин,аналгин, промедол Жедел панкреатит Ол ұйқы безінің әр түрлі себептен қабынуы. Көпшілігінде өт жолы мен қапшығында тас болғанда, ұйқы безінің өзегі бітелгенде немесе оның тарылуынан және де ұйқы безінде қан айналудың бұзылуынан , көп тағам жеу мен шарап ішуден пайда болады. Морфологиялық өзгерістері: -ісінуі -қанталауы -шіруі Жіктелуі: Талаураулы (катарральды) Қанталаған (геморрагиялық) Ұлпа аралық ісінген (интерстициальды) Іріңді Холицистолангиопанкреатит Белгілері: Ауырсынуы Күтпеген жағдайда пайда болуы Үдемелі «қаққан қазық» тай ауырып, естен тануы Сол жақ қабырға астындағы ауырсыну белдік тәрізді болуы Рефлекторлы лоқсу мен құсу, ол науқастың жағдайын жақсартпайды Жан-жаққа тарайтын ауырсыну, ол жүрекке қарай тараса инфаркт миокардтың белгісі болуы мүмкін Қан қысымы төмендейді Іші кебеді,нәжіс пен жел шығу тоқтап сұйық нәжіс пайда болады. Аурудың жағдайы ауырлаған сайын зәр шығуы азаяды Қан мен зәрде диастаза (амилаза) көбейеді (қанда- 8,16,32 ед, ал зірде -64 ед.) Коллапс болуы мүмкін Көздің ағы, терісі сарғаяды, қара пигментация пайда болады Деструктивті панкреатитте-науқастың кеудесі мен ішінде «қызыл тамшы» белгісі пайда болады (оны телеангиоэктазия деп атайды) Тілі құрғақ, өзектенген,ақсары болып қабыршақтанады Төс астындағы аймақта – Щеткин-Блюмберг белгісі –оң, бірақ іші жұмсақ Воскресенский белггісі оң. Ол төс асты мен кіндік үсті айналасында, аорта солқылының білінбеуі Мейо-Робсон белгісі- оң, ол 12 сол қабырға астымен омыртқа қиылысындағы жерде басқанда ауырсынуы Керте белгісі –оң, ол төс астындағы бұлшық еттің қатайып, ұйқы безі бойымен ауырсынуы Қанда-лейкоцитоз ЭТЖ-ның жоғарылауы Тексеру жолдары: -контрасты рентгенмен тексергенде көлденең тоқ ішек кеуіп, оның ұлғайғанын анықтауға болады, ол Гобье белгісі -УДЗ -лапараскопия Алғашқы комек пен емі: аштық, төс асты аймағына мұзды мұйық қою, күніге 1-2 рет асқазанды сұздық сілті (соданың 1-2 қасығын) ерітіндісімен жуу, атропин, промедол, платифилин, папаверин,эуфиллиндерді енгізу -Жедел панкреатите омнопон мен морфинді енгізуге болмайды -уыттануға қарсы- 5-10% глюкозаға инсулин қосып көктамыр арқылы тамшылату -жүрек гликозидтерін қолдану -вагосимпатикалық және бүйрек айналасына блокада жасау -ферментті уыттануға қарсы- трасилол, контрикалды қолдану -цитостатиктерді (циклофосфан, 5- фторурацил, фторафур) қолдану -дене қызуы жоғары болғанда-антибиотиктер -оперативті емнің көрсеткіші: ол – перитониттің болуы және жедел панкреатитдеп диагноз қойылғанда Жедел ішек түйнектері «Ішек түйнектері» деген ұғым жиналмалы мағынан білдіреді, себебі түйнек ішектің кез келген бөлімінде, 12 елі ішектен бастап, тік ішекке дейінгі аралықта пайда болады Жікелуі: 1.Шығу тегіне қарай: -туа біткен -жүре пайда болған 2.Механизміне қарай: -механикалық түйнек А.бітелген (обтурациялық) Б.қысылған (странгуляциялық) -динамикалық (қозғалыс – тербелістің бұзылуынан) түйнек А. Қысылудан (спазмдық) Б.салданудан 3.Клиникалық бағытына қарай -жартылай -толық -жедел -жеделдеу -қайталанушы (рецидивті) Туа біткен түйнектер: өңештің, асқазанның, ішектің ақаулары Динамикалық түйнек. Ішек қозғалысының қызметінің бұзылуынан пайда болуы. Олар көпшілігінде іш қуысы ағзалары мен мүшелерінің қабынуынан: -перитонит -холецистит -аппендицит -жарақатты улану мен уыттанудан -ішектің қан тамырларының тромбозынан -іш перденің артында қан ұюуынан (гематома) Ішектің өткізгіштігі бұзылғанда пайда болатын түйнек. Олар: бөгде заттар, нәжіс тастары, ісік , Крона ауруы, тыртықты стеноз (ішек ішінде) Ішектің сыртынан қысылуынан пайда болатын түйнек Олар: ісік, ішектің жабысуы, әртүрлі жайылмалардың әсерінен Белгілері: Жалпы жағдайы ауыр Іштің кебуі Нәжіс пен желдің шықпауы Нәжіс құрамды құсу Жайылмалы ауырсынуы Іш перденің тітіренген белгісі Түртіп көргенде-жоғарғы тимпанит Ішек тербелісінің болмауы Тахикардия Қан қысымының төмендеуі Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру,мұзды мұйық қою, тасымалдау, ішек қозғалысын жандандыру үшін: прозерин, ацеклидин, хлорлы натрийдің аса қаныққан ерітіндісін (10% - 60 мл) көк тамыр арқылы енгізу, хирургиялық ем Механикалық түйнек Бұл түйнектің бірнеше түрі болады, оның ішінде жиі кездесетіндері екі топқа бөлінеді- обтурациялық және странгуляциялық түйнек деп аталады. Обтурациялық түйнек-ішек қуысының бітелуі. Оның себептері: -ісік -нәжістен пайда болатын құмалақ тастар -аскариданың бір-бірімен жабысып, шүйкеленуінен Белгілері: -белгісі біртіндеп басталуы -толғақ тәрізді үдемелі ауырсыну -ішек толық бітелгенде нәжіс иісті құсық -нәжіс пен желдің шықпауы -іштің қатуы, іш өтумен алмасу -уыттануы Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру,мұзды мұйық қою,тасымалдау, хирургиялық ем Стронгуляциялық-ішек иірімдерінің бір-бірімен жабысып, қысылуы Оның себептері: -іш жарығында -әр түрлі іштегі тыртықтар ішек иірімдеріндегі түйнекті тудырады. Белгілері: Шаншып, толғақ тәрізді ауырсынуы Кейде есеңгіреуі мүмкін Нәжіс пен желдің шықпауы Түйнек ішектің жоғары бөлігінде орналасқан сайын, солғұрлым құсықтың жиілеуі Ішек толық бітелгенде нәжіс иісті тұрақты құсық Іштің қатуы, іш өтумен алмасуы Уыттануы Валье белгісі оң-іштің ассиметриясы Жалпы жағдайы өте ауыр болуы Тамыр соғыс жіптей Суық тер басуы Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, мұзды мұйық қою, тасымалдау, перитонит белгісі болмаса-сифонды клизма жасау, зонд пен асқазанды босату және жуу, бүйрек айналасына блокада, инфузионды-трансфузионды ем, жәрдем болмаса-оперативті ем Инвагинациялық түйнек- бұл кезде ішектің жоғарғы бөлімі, төменгі бөлімінің ішіне еніп, қосарланған обтурациялық және странгуляциялық түйнек пайда болады.Көбінде ащы ішектің бір-бірінің ішіне кіруі. Бұл түйнек балаларда жиі кездеседі. Белгілері: Күтпеген жерден ауырсынудың пайда болуы Оның толғақ тәрізді әрбір 15-20 минутта қайталануы Қатты ауырғаннан науқас қозып, айқайлап, төсекте үстінде жанталасуы Нәжіс пен желдің шықпауы Тік ішекті саусақпен көогенде, оның ұшында қан мен сілемейдің болуы Ұстама болмағанда- іші жұмсақ Инвагинация болған жерде цилиндр тәрізді серпімді тығыздықты өспенің болуы Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, мұзды мұйық қою, тасымалдау, перитонит белгісі болмаса-сифонды клизма жасау, асқазанға түтік салу, уыттануға қарсы ем, хирургиялық ем Тік ішектің хирургиялық аурулары мен зақымданулары Тік ішек Тік ішек екі- сыртқы көтен және ішкі ректальді бөліктен тұрады.Оны сұқ саусақпен екінші тексереді. Ол үшін науқасты бір қырына жатқызып, аяғын жамбас- сан буынында иіп немесе шалқасынан жатқызып сандарын ішіне қарай жинап, тексереді. Тік ішекті тексеру кезінде айналасындағы мүшелерге көңіл бөледі. Олар: -зір шығару жолдарына -гинекологиялық мүшелерге -лабораториялық тесерулерге Арнайы тексеру әдістері: -әйелдерді екі, ал ерлерді бір саусақпен тексеру -тік ішек айнасымен қарау -іш қуысын тесу (пункция жасау) -іш қуысының қабырғасын тесу (лапароцентез) -жамбас қуысының артқы күмбезін инемен тесіп қарау Рентгенологиялық тексерулер: -жалпы рентгенография -контрастық рентгенография -ирригоскопия және графия -фистулография Эндоскопиялық тексерулер: -ректоскоппен тексеру -фиброколоноскоппен -шұғыл лапараскопия жасау Тік ішектің аурулары мен зақымданулары Тік ішектің бөгде заттары Бөгде заттар жоғарыдан жұтып қойғанда түсуі мүмкін: -инелер -тиындар -тіс протездері Бөгде заттар төменнен енуі мүмкін -бұтақтар -үшкір темірлер -бөтелке Тік ішектің зақымдануы Олар: -жұтылған ішкі- бөгде заттардың түсуінен -эндоскопиялық манипуляцияларда -сирек жағдайда босану кезінде Белгілері: Артқы тесіктен аққан қан Іш қуысына өтсе, онда-перитонит дамиды Соғыс кезінде болған жарақатта, зақымдануларда Жамбас сүйектерінің зақымдануында Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, ауырсынуды басу, шлаксыз диета, опий тұнбасын беру, хирургиялық ем Негізгі себептері: іштің қатуы, көтеу, бөгде заттардың паразиттердің әсерінен пайда болады. Белгілері: 1.дәретке отырған кезіндегі ауырсыну 2. дәрет соңындағы қан тамшылауы 3.ауырсыну жамбас қуысына, төменгі бөліктерге таралуы Алғашқы көмек пен емі:тыныштандыру, ауырсынуды басу, шлаксыз диета, опий тұнбасын беру, нәжістің қатуын болдырмау (өрлеуші душ, былауға отырғызу,өсімдік майлары , балауыздар), артқы тесіктің тазалығын сақтау, хирургиялық ем Көтеу (геморрой) Тік ішек өрімдеріндегі көк қантамырдң наркозды кеңеюі, конгломераттардың пайда болуы. Көк қантамырдың кеңеюі және ішкі және сыртқы түйін түрінде болады. Себептері: -іштің қатуынан (қатпа) -қанның тұрып қалуы (ұзақ отырудан, тұрудан) -ішімдіктен -ащы тағамдар қабылдаудан Белгілері: А.көтеудің сыртқы түрінде - сыртқы тесігінің айналасының қышынуы -күшенгенде күшеюі -жұқпаның тез түсуі -ісінуі,аурсынуы -түйіннің тығыздалуы -дәретке отырудың қыйындауы -жедел тромбофлебиттің пайда болуы -сыртқы тесігінің айналасының қышынуы Б.көтеудің ішкі түйіндері Олар сыртқы тесігінен жоғары орналасады және де қан кетудің көзі болып саналады. Тік ішекті тексеретін айнаның көмегімен көрінеді. -негізгі тән белшісі қан кетуі -әрбір дәрет кезіндегі кішігірім қан кету, қан аздыққа анемияға әкеледі -түйін жөтелгенде төмен түсе бастайды -науқас мазасызданады -қан қатпасының пайда болуы -жұқпа түссе дене қызуының көтерілуі -жедел тромбофлебиттің пайда болуы Тромбофлебиттің болжамы Қан қатпасының пйда болуы Тыртықтануы Іріңдікке айналуы Алғашқы көмек пен емі -тыныштандыру, ауырсынуды басу, шлаксыз диета, опий тұнбасын беру, нәжістің қатуын болдырмау (өрлеуші душ, былауға отырғызу,өсімдік майлары , балауыздар), артқы тесіктің тазалығын сақтау, көтеудің асқынуында қан қатпа, қан кету хирургиялық ем Парапроктит– тік ішек айналасындағы тіндердің іріңді қабынуы. Іріңдіктер беткей, шырышты қабат және тері астында орналасуы мүмкін. Түрі: -беткей тері астындағы іріңдік -тік ішектің шырышты қабатының астындағы іріңдік -отырықшы сүйек пен тік ішек арасындағы іріңдік -жамбас қуысы мен тік ішек арасындағы іріңдік Ағымына қарай: -жайылмалы -шектелген Белгілері: Аурудың жедел басталуы Дене қызуы 39-40 С Артқы тесіктегі өте қатты ауырсынуы Дәретке отырғанда ауырсынудың үдеуі Терісінің қызаруы Дәрет пен зәр шығаруғаиінуі Тік ішекте бөгде зат барын сезінуі Аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, ауырсынуды басу, шлаксыз диета, опий тұнбасын беру, нәжістің қатуын болдырмау (өрлеуші душ, былауға отырғызу,өсімдік майлары , балауыздар), артқы тесіктің тазалығын сақтау, хирургиялық ем Тік ішек айналасындағы жыланкөздер- тік ішек айналасындағы іріңдіктердің өздігінен жарылуынан, оның туберкулезінен және жарақаттан пайда болады. Түрі: -толық екі тесікті -толық емес бір тесікті Белгілері: Артқ тесік айналасындағы жыланкөздер Одан шығатын ірің мен сілемейлер Кейбір кезде нәжістің жыланкөз арқылы шығуы Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, ауырсынуды басу, шлаксыз диета опий тұнбасын беру, нәжістің қатуын болдырмау (өрлеуші душ, былауға отырғызу,өсімдік майлары , балауыздар), артқы тесіктің тазалығын сақтау, хирургиялық ем Тік ішектің шығып кетуі - тік ішектің шырышты қабатының сыртқа қарай түсіп не шығып кетуі. Ол толық емес болады. Белгілері: Тіік ішек құрамдарының сыртқа шығуы Қан мен сілемейлердің шығуы Шырышты қабаты ойылып, ісінуі Нәжіс пен газды ұстай алмауы Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, ауырсынуды басу, шлаксыз диета, опий тұнбасын беру, түскен ішек бөлігін қайта орнына өзі не фельдшердің салуы, артқы тесіктің тазалығын сақтау, хирургиялық ем Іштің жарықтары Жарық дегеніміз –іш ағзаларының іш қуысында табиғи не патологиялық тесік арқылы паретальды ішпердені жарып сыртқа бұлтйыып шығуын айтамыз. Олар- ішкі және сыртқы жарықтар болып бөлінеді. Сыртқы жарықтар-іш ағзаларының іш перде арқылы іш қуысының іштің алдыңғы қабатындағы табиғи не жасанды тесік арқылы тері астына бұлтыйып шығуы. Ішкі жарықтар-олар іш қуысында орналасып, ішперденің іш қуысында пйда болған қалташықтарына іш қуысы ағзаларының енуі Жарық элементтері: қақпасы, қапшығы, ішіндегі құрама заты, қабы Егер жарық қапшығындағы құрама заты іш қуысына еркін қайта кіріп, білінбесе, оны еркін не қайта салынатын жрық дейді. Себептері: ауыр жүк көтергенде,жөтелгенде, нәжістің жүрмеу кезінде,іш қуысының қысымы көтерілуінің әсерінен пайда болады. Белгісі: ауырсынуы, оның жүргенде , жұмыс кезінде, жөтелгенде үдеуі, ауырсынуы-жарықтың алғашқы пайда болған кезінде басым болып, жарық ұлғайған сайын бәсеңдеуі, бұлтықтың пайда болуы, оны науқастың өзі анықтап, қайта ішке салуы Анықтау жолдары: науқасты жатқызып не тұрғызып қойып тексеру керек, кеңейген жарық сақинасын шап, кіндік айналасынан табу, тік тұрып ішін жиырғанда жарық бұлтығы шығады, жарық қапшығында ішек түссе, түртіп көргенде- тимпанит, ал тыңдағанда- ішектің жиырылу толқыны естіледі. Егер шарбы май болса, түрткенде дыбыс тұйықталады, ішек өрімі қайта іш қуысына түссе, ішектің құрылдауы естіледі. «Жөтел екпін» белгісі оң болуы, ол жөтел екпінімен, іш ағзаларының жарық қапшығына ығысуы Жарықтың асқынуы: жарықтың қысылуы, ол жарық ішіндегі құрама затының жарық қақпасында қысылуы Жарық асқынғанда: серпімді,нәжісті, ретроградты, іш қабатына жанаса орналасқан түрі кездеседі. Жарық қысылғанда ішек түйнегінің белгісі пайда болады. Асқынуларының белгілері: Іш қабатына жанаса орналасқан жарық асқанғанда, жарық ішіндегі іш бөлігі өлі еттеніп, бөлініп, іш қуысына түседі де сол жерінде тесік пайда болып, нәжіс іш қуысына құйылып, жедел жайылмалы нәжісті іш перденің қабынуы болады. Шарбы майы қысылса- тек қана құсады Қуық қысылса-зәр шығаруға иінудің тездеуі Ішектің қысылуы ұзарған сайынғ ағзаның уыттануы ұлғаяды Бұл кезде тілі құрғап, өңезденеді, бірінші іші құрғап содан кейін кебеді,қысылған жарық қатты ауырады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң, тахикардия Соңғы сатысында-жайылмалы перитонит белгілері Аоғашқы көмек пен емі: -қысылған жарықтың болжамы хирургиялық емнің басталуына байлансыты екенін есте сақтау -науқас адамды 6 сағатқа дейін аурханаға жеткізу міндеттілігн білу -қысылған жарықты еш уақытта іш қуысына қарай қайта салуға болмайтынын есерту -дөрекі манипуляциялар жасауға болмайтынын білу -жарық асқынуына-тек қана операция керектігін білу -қайта салынатын жарықта- бандажды қолдану -жас балаларды тамақтандыру ережесін кіндік күтімін , ішек қызметін тиянақты бақылау -емдік дене шынықтыру -жарық үстіне мұзды мұйық қою -ауырсынуды басатын дәрілерді беруге болмайды -спазмолитиктерді қолдану мүмкін но-шпа -науқасты ауруханаға тасымалдау Сыртқы жарықтар Шап жарығы-ол бір не екі жақты қиғаш және тік болады. Белгілері:шап аймағының бірқалыпты болмауы,ауырсынуы, жүрген кезде, жөтелгенде, күшенгенде және физикалық күш түскенде ауырсынудың үдеуі, тік тұрғанда шап аймағында бұртыйып шыққан өзгерісті көру, жатқан кезде сол өрістің қайта ішке кіруі, егер құрамда ішек болса, оның құрылының естілуі. Анықтау жолдары: -шап сақинасын саусақ ұшымен шап каналының сыртқы тесігінің шеңберін, размерін, «жөтел екпін» белгісін анықтау -қалыпты жағдайда шап каналының сыртқы тесігі саусақ ұшын ғана енгізеді Алғашқы көмек пен емі:тыныштандыру, мұзды мұйық қою, тасымалдау,хирургиялық ем. Сан жарығы- ол пупарт байламының астында, сан каналы көктамырының ішкі шетінен сыртқа шығады. Белгілері:бұлтық, ауырсынуы Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, мұзды мұйық қою, тасымалдау,хирургиялық ем. Кіндік жарығы- ол кіндік байламының айналасынан іш ағзаларының сыртқа шығуы Белгілері:көп босанған, семіз, 40 тан асқан әйелдерде жиі кездеседі, жарық бұлтығы, ауырсынуы. Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, мұзды мұйық қою, тасымалдау,хирургиялық ем. . |