лекция. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001 Л. П. Зуева, Р. Х. Яфаев Эпидемиология Учебникспб ООО Издательство фолиант
Скачать 67.91 Kb.
|
Бактериологиялық қарудың индикациясы. Индикация әдістері. Арнайы емес индикация. Биологиялық соғыс жағдайында қорғаныс шараларынан маңызды жетістіктері биологиялық агенттерді дер кезінде анықтап, индикацияны тез арада жүргізуіне байланысты болады. Биологиялық заттардың индикациясында көптеген қиыншылықтар кездеседі, қоздырғыштардың ұқсастығы қазіргі кездегі лабораторлық әдістерімен анықталады. Осыны ескере отырып, қазіргі уақытта БҚ индикациясын 2 сатыға бөлу туралы жүйе қабылданды.
Индикация дегеніміз– қарсыласы БҚ қолдану фактісін және қоздырушының қандай түрі қолданғанын анықтауға бағытталған арнайы шаралар кешені. Қарсыласы БҚ қолдану фактісін анықтау арнайы емес индикациядеп аталады. Қолданылған қоздырғыштардың түрін анықтау және БҚ қолдану фактісін дәлелдеу арнайы индикациядеп аталады. Арнайы емес индикация қарсыласы БҚ-ды қолданған сәтте жүргізіледі, ал арнайы индикация – биологиялық шабуылдың салдарынан жою үшін жүргізіледі. Индикацияны іске асыру кезінде негізінде химиялық күштер мен құралдар қолданылады. Спецификалық емес индикацияның алдына қойған тапсырмасы ауадағы және жергілікті жердегі қарсыласы қолданған БҚ фактілерін анықтау. БҚ-ды қолдану кезіндегі жанама белгілер:
Санитарлық-эпидемиологиялық, бактериологиялық барлауды жүргізетін барлаушылар тобы төмендегі жабдықтар мен жабдықталады: ХБӘЖ, табельдік құралдар (химиялық барлаудың әскери жабдықтары), Табельсіз құралдар (биологиялық сынамалары алатын медициналық жабдықтар), (БСМЖ). Сынама алатын жинақ (СДЖ-I), жеке қорғаныс құралдары. Америка әдебиеттерінің мәліметтері бойынша қарсыласы БҚ қолдану фактісін көзбен шалып анықтау тиімсіз, сондықтан ауаның биологиялық зақымдалу белгілерін жедел тіркеп, сигнал беру тиімді болып табылады. Ең алдымен ауа сынамасының арнайы емес индикациясы қолданылады. Ауаның арнайы емес индикациясына қоспаның автоматты сигнализаторы қолданылады (КАС), ол 1972 жылдан бастап жабдықталған. Сигнализатор химиялық барлаудың автомашинасына орнатылған, сонымен қатар әскери медициналық лабораториясы (ЭМЛ –ВМЛ) бар, минутына 200 л қосындыны өткізеді, белокты анықтайды, дыбыстық, жарықтық және радиосигналды іске қосады. Аспанның сезімталдығы төмен, аэрозоль көзінен 100 м қашықтықта іске қосылады. Мүмкін болатын қарсылысының аспабы ХМ-19, қуаттылығы 1000л/мин. Дивизияға осындай 2 аспап қажет, ал бізде АСП дивизияда 19-24 қолданылады. Қазіргі кезде лазерлік құралдарды шығаруға жұмыс жүргізіліп отыр, ол 3 км қашықтықта аэрозольдің бар екенін анықтайды. Қазіргі уақытта химиялық қызмет вертолетпен қамтамасыз етілген, олардың атқаратын жұмысы ауадан сынама алып, барлау жүргізеді, бірақ оларды жеткізу жүйесі қарастырылмаған. Сынаманы жеткізіп беру барлық командирлердің міндеті. БҚ арнайы емес индикациясы әскер арасында және тыл бөлімшелері мен мекемелерде соғыс тәртібімен жүргізіледі. Арнайы емес индикация тапсырманы жартылай ғана шешеді, бактериологиялық заттардың ең жоғарғы мөлшерінде ғана қоздырғыштың түрін анықтауға болады. БҚ қолдану фактісін анықтағаннан кейін жалпы эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруға болады (жеке және қорғаныс заттарын қолдану, обсервация ұжымдық режимін тағайындау, жартылай және толық санитарлық өңдеуді жүргізу, жалпы жедел профилактиканы бастап ұйымдастыру, медициналық эвакуация сатысында эпидемияға қарсы режим орнату және т.б.). Сонымен БҚ әсерін азайтуға болады. Арнайы емес индикацияға көзбен шолып бақылау жатады. (әуедегі аэрозоль қосылыстардың немесе көптеген буынаяқтылардың болуы), бірақ қазіргі уақытта арнайы емес индикация әр түрлі аспаптардың көмегімен іске асырылады, оның негізгі физикалық (аэрозоль бөлшектерінің мөлшерін және концентрациясын анықтау) немесе химиялық (белоктар мен нуклеопротеиндерді анықтау). Бұл БҚ-ды анықтау әдістері. Осыған байланысты, биологиялық құралды аэрозоль түрінде қолдану ауадағы бактериологиялық заттарды анықтау үшін аспаптар өңделіп дайындалуда. Осы аспаптарға бірқатар талаптар қойылады:
А физикалық әдістер. Физикалық әдістердің артықшылығы да кемшілігі де бар. Физикалық әдістерін артықшылығы, аэрозольдің концентрациясын анықтаған кезде метеорологиялық (ылғалдылық, желдің бағыты мен күші т.б.) релеф жағдайларын ескере отырып зақымдалу ошағы нақты толық анықтауға болады. Кемшілігі, биологиялық аэрозольді басқа аэрозльдерден ажыратуға (дифференциация) мүмкіндік жоқ. Физикалық әдістер үшін қолданылатын аспаптар әр түрлі принциптерге негізделген.
Счетчиктің көмегімен 1 мл ауадағы мөлшері 0,6 одан да жоғары микроб концентрациясы 1000 бөлшекті механикалық есептейді. Осы көрсетілген модель әрі қарай жетілдіріп, бытыраған бөлшектерді және олардң жылдамдығын анықтауға бағытталған. Аспап фотоэлектронды тіреуіштен тұрады ол толасыз ультрамикроскопқа ВДК, күшейткішке, есептегішке, импульсті есептегіш және тамақтану көзіне жалғанады. Жарықтандыру патогені, аэрозоль бөлшектерімен фотоэлектрді қосу катодында түседі. Оның шыға берісінде электрлік импульс пайда болады. Жоғары мөлшердегі импульс электрлі механикалық есептегішке түседі, секундына 100 импульс катесіз санайды және органикалық, органикалық емес аэрозольдің санын нақты және тез санауға мүмкіндік жүреді. Химиялық әдістер. Химиялық әдістер биологиялық агенттердің құрамына кіретін әр түрлі химиялық субстанцияларды анықтау үшін құрастырылған. Көбінесе белоктар мен нуклеопротеидтерді анықтайтын аспаптар құрастырылады. Химиялық әдістер физикалық әдістерге қарағанда аэрозольдерді нақты анықтайды, бірақ олар агенттің концентрациясын және зақымдалу аймағын анықтай алмайды. Микроорганизмдердің индикациясына биуретикалық реакциялар қоолдану ұсынылып отыр. Микроорганизмдердің суспензиясына натрий гидрооксиді және мыс сульфатын қосады және фотоэлектрлік абсордиометрдің көмегімен қара қошқыл болудың интенсивтілігін анықтайды. Ол микроорганизмдердің санына пропорционалды болады. Бірақ осы әдістің сезімталдығы аз. Жоғары температурасының әсер етуімен белокты ыдырату реакциясының индикациясы үшін қолданылады және сезімтал. Микроб денелерін 320-4800С температурада қыздырған кезде белоктар ыдырап көрсеткіш қышқыл түзіледі. Ең соңында арнайы индикаторлардың көмегімен қышқылды анықтайды. Американдық зерттеушілердің мәліметтері бойынша осы айтылған әдіс өте қарапайым және сезімталдығы жоғары, бірақ оның көмегімен белоктың пайда болуын анықтау қиынға соғады. Арнайы емес индикация әскерде, бөлім мен бөлімшелерде, жаппай зақымдалу заттарына бақылау жүргізілетін химиялық қызмет жүйелерінде жүргізіледі (химиялық бақылау постылары мен шалғыншылар). Арнайы индикация (АИ) АИ мен БҚ лабораторлық зерттеу ерекшеліктері. Арнайы индикация– арнайы шаралар кешені, БҚ қолдану фактісін дәлелдеу және Б заттардың түрін анықтау үшін медициналық қызметтің көмегімен жүргізіледі. Зерттеу нақты бір жүйелікпен жүргізіледі және 3 сатыға бөлінеді:
Белгілі бір, БЗ (бактериологиялық зат) ретінде барлық аурулардың қоздырушылары қолданылмауы мүмкін, тек қана олардың ішінде бірқатар талаптарға жауап беретіндері қолданылады (жұқпалы дозасы аз, аэрозольді қолдану, жоғары летальділік, қоршаған ортаға жоғары төзімділік, контактілік, т.б.). Бұл арнайы индикация жүргізілетін лабораторияның жұмыстарын қысқартады. Биологиялық соғыста агент терінде қоздырғыштар мен токсиндердің 15 түрі қолданылуы мүмкін. Осы бактериологиялық заттарға далалық жағдайларға индикация жүргізіледі. Кеңейтілген (генттің 15 түрін анқытайды) және қысқартылған (оба, тырысқақ, күйдіргі, ботулотоксин) қоздырғыштарын анықтайды. Сызбалар қолданылады. Осы көрсетілген әдістердің көмегімен зеттелушілер материалдағы қоздырғыштардың саны анықталады. МФА (антиденелердің флюроценттік талдауы) негізіне ізделуші антигенмен флюроценттік антиденелердің арасындағы реакция жатады. РНГА – иммуноадсорбциялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс антигендердің қатысуымен эритроциттердің аглютинациясына негізделген. РТТА – вирусті антигендермен – гемаглютининдердің әсер етуімен эритроциттердің жабысуын тоқтатады. БҚ арнайы индикациясы жүргізіледі.
Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі). Әдебиеттер: 1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет 2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет 3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет 4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет Дәріс 15 Клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен байланысы. 2. Мақсаты: Студенттермен тақырыптың келесі аспектілерін меңгеру:
3. Дәрістің тезисі дәлелді медицинаның негізінде медициналық ақпарат алу үшін тек қана ғылыми факторлармен дәлелденген, жүйелі және кездейсоқ қателіктердің әсер етуін болғызбайтын эпидемиологиялық әдістерді пайдаланатын медицинаның бір саласы болып табылатын бөлім «клиникалық эпидемиологияға» жатады. Клиникалық эпидемиологияның анықтамаларының мәні:
Дәлелді медицинаның принциптері. «Дәлелдерге негізделген медицина» немесе «дәлелді медицина» (evidence based medicine) термині қазіргі кезде негізгі медициналық мамандардың лексиконына жақын арада пайда болды, соған қарамастан шамалы уақыт ішінде осы термин мәнісінің негізгі принциптері XXI ғасырдағы медицинасының басым идеологиясына айналды. «Дәлелділік» көмегімен медицинаны дәл ғылым саласына айналдырмаса да, оған жақындату мүмкіндігі пайда болды. Бұл терминді Торонто (Канада) қаласындағы Мак Мастер университетінің бір топ ғалымдары 1990 ж. ұсынған болатын. Соңғы кезде «дәлелді медицина» (ДМ) түсінігінің анықтамасы туралы бірнеше варианттар қолданылып жүр:
Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі). Әдебиеттер: 1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет 2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет 3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет 4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет |