Главная страница
Навигация по странице:

  • Дәріс 8 Жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу. Мақсаты

  • Иллюстративті материал

  • Дәріс 9.Иммунизацияның кеңейтілген ауқымды түрі. Вакциналық алдын алу тиімділігін бағалау. Мақсаты

  • Көрнекі материал

  • Дәріс 10 Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және қағидалары Мақсаты

  • Дәлелді медицинаның принциптері.

  • Дәріс 11. Аурудың таралу көрсеткіштері. Мақсаты

  • Эпидемиялық процесс сандық таралуына сәйкес 4түрлі болып келеді

  • лекция. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001 Л. П. Зуева, Р. Х. Яфаев Эпидемиология Учебникспб ООО Издательство фолиант


    Скачать 67.91 Kb.
    НазваниеРуководство по общей эпидемиологии. М., 2001 Л. П. Зуева, Р. Х. Яфаев Эпидемиология Учебникспб ООО Издательство фолиант
    Дата13.09.2018
    Размер67.91 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлалекция.docx
    ТипРуководство
    #50551
    страница3 из 5
    1   2   3   4   5

    Иллюстративті материал: мультимедиялық дәрістің электронды варианты

    Әдебиет:

    1. Б.Л. Черкасский Руководство по общей эпидемиологии.- М: Медицина, 2001, с.405-423.

    2. Учебно-методическое пособие «Иммунопрофилактика инфекционных болезней», Алматы 2001, с. 4-55.

    3. Пособие для врачей под редакцией Е.Н.Беляева, А.А.Ясинского «Безопасность иммунизации», Москва, 2005, с.8-18, 39-54.

    4. Закон РК от 8 июля 1994 г. “ О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения”.

    5. Приказ № 270 от 26.06. 1995 г. МЗ РК “ О совершенствовании иммунопрофилактики в республике”.

    6. Указ Президента РК от 18 мая 1998 г. “ О первоочередных мерах по улучшению состояния здоровья граждан Республики Казахстан”.

    7. Постановление Правительства РК от 22 января 2008 г. № 40 «О внесении изменений и дополнений в поставноление Правительства РК от 23 мая 2003 года № 488» (сроки проведения профилактических прививок).

    8. Эпиднадзор за побочными реакциями после иммунизации. Методические рекомендации ВОЗ, 1993 г.

    Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1549 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті
    Дәріс 8 Жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу.

    Мақсаты: студенттерді иммундық алдын алу қағидаларымен таныстыру.

    Дәріс тезисі: эпидемиологияның негізгі бөлімдерінің бірі жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасын оқу болып табылады. Эпид. процестің үшінші тізбегіне әсерінің негізі, қабылдағыш коллектив жалпы макроорганизмнің қарсылығын жоғарылатуға және адамдарда иммунитет туғызуға қызмет етеді. Организмнің жұқпалы ауруларға қабылдамаушылығы арнайы профилактикалық препараттарды қолданумен болады және химиопрепараттарды. Иммундық алдын алу эпид процестің әдеттегідей ұяшығының үшінші тізбегіне бағытталған және оның міндеті жұқпалы ауруларға қабылдамаушылықты құру, жоғарылату болып табылады. Ол профилактикалық (алдын ала) екпелер жүргізу арқылы жүзеге асады яғни, иммунобиологиялық препараттарды организмге бір немесе көп реттік енгізу. Иммунды биологиялық препараттар бұл белгілі жұқпалы ауруларға қабылдамаушылық туғызу үшін организмге енгізетін дәрілік препараттар (екпе, анатоксин, иммунды сарысу, иммунды глобулин т.б). Иммундық алдын алу үшін қолданатын препараттарды З топща бөледі: 1) белсенді иммунитет қалыптастыратын 2) енжар қорғанышты қамтамасыз ететін 3) иммунитет дамуын күшейтетін, қоздырғыштың дамуын, көбеюін тоқтататын. Келесі негізгі түрлері бар. Екпе, анатоксиндер, им.сарысулар, иммунды глобулиндер, иммунды модуляторлар. Белсенді иммунитет түзетін препараттарға тірі, өлі, комбинирленген екпелер жатады.

    Иллюстративті материал: мультимедиялық дәрістің электронды варианты

    Әдебиет:

    1. Б.Л. Черкасский Руководство по общей эпидемиологии.- М: Медицина, 2001, с.405-423.

    2. Учебно-методическое пособие «Иммунопрофилактика инфекционных болезней», Алматы 2001, с. 4-55.

    3. Пособие для врачей под редакцией Е.Н.Беляева, А.А.Ясинского «Безопасность иммунизации», Москва, 2005, с.8-18, 39-54.

    4. Закон РК от 8 июля 1994 г. “ О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения”.

    5. Приказ № 270 от 26.06. 1995 г. МЗ РК “ О совершенствовании иммунопрофилактики в республике”.

    6. Указ Президента РК от 18 мая 1998 г. “ О первоочередных мерах по улучшению состояния здоровья граждан Республики Казахстан”.

    7. Постановление Правительства РК от 22 января 2008 г. № 40 «О внесении изменений и дополнений в поставноление Правительства РК от 23 мая 2003 года № 488» (сроки проведения профилактических прививок).

    8. Эпиднадзор за побочными реакциями после иммунизации. Методические рекомендации ВОЗ, 1993 г.


    Дәріс 9.Иммунизацияның кеңейтілген ауқымды түрі. Вакциналық алдын алу тиімділігін бағалау.

    Мақсаты: студенттерде иммунизацияның кеңейтілген ауқымды түрі. Вакциналық алдын алу тиімділігін бағалау жөніндегі білімін қалыптастыру.

    Дәрістің тезисі: ммунизацияның кеңейтілген бағдарламасы (икб). (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы) Бағдарламаның басты мақсаты — тұрғылықты халықтың көпшілігіне егу жұмыстарын жүргізу, егу жұмыстарының деңгейін жоғарылатудың негізгі жолдары: негізі жоқ әдіс жолдарының санын азайту және уақытша қарсылықтан соң дер кезінде егу жұмыстарын жүргізу; алдын алу егу жұмыстарына қарсы ата-аналар санын азайту. Иммунизацияның құқықтық негіздері: 18.09.2009 жылғы ҚР «халық денсаулығы мен денсаулықты сақтау жүйесі туралы» кодексі 156 бап. Алдын алу егу жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы аумағындағы жеке тұлғалар кепілдік тегін медициналық көмек көрсету аясында инфекциялы және паразитті ауруларға қарсы алдын алу егу жұмыстарын алуға міндетті. Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды. 2009 жылдың 30 желтоқсанынан ҚР Үкіметінің Жарғысы «Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтар туралы бекіту (2010 жылдың 29 маусымынан өзгерістері мен қосымшасымен). ҚР-да балалар мыналардан қарсы иммунизацияланады: вирусты гепатит В гемофильді инфекция күл көкжөтел қызылша қызамық пневмококкты инфекция полиомиелит тырыспа туберкулез эпидемиялық паротит Қазақстан Республикасының алдын алу егу жұмыстарының стратегиясы Загрузка... Тизерная сеть GlobalTeaser Қолжетімділік Тегін Эффективті иммунизация Иммунизацияның қауіпсіздігі Жаңа, соның ішінде комбинирленген ваакциналарды енгізу Медициналық кадрларды дайындау Тұрғылықты халықпен жұмыс жасау Нормотивті-құқықтық актілерді дайындау Қауіпсіздік Тұрғылықты халыққа екпе жұмыстарын жасау алдын алу іс-шараларына жатады және де ол тегін кепілденген медициналық көмек көрсету ауқымына енеді. Республика бюджеті көлемінде 14 инфекцияға қарсы екпе (вакцина) сатып алынса, жергілікті бюджет көлемінде 4 инфекцияға қарсы екпе (вакцина) алынады. ҚР халқын иммунизациялау құжаттарының негізгі нормативтері 2009 жылдың 18 қыркүйегінен ҚР Кодексінің 156 бабы «Халық денсаулығы мен денсаулықты сақтау жүйесі». 2009 жылдың 30 желтоқсаны №2295 ҚР Үкіметінің Жарғысы «Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтар туралы бекіту (2010 жылдың 29 маусымы өзгерістері мен қосымшасымен). 2008 жылдың 04 желтоқсанынан №636 бұйрығы «Иммунизацияға қарсы көрсеткіш жайында, екпеден кейінгі асқынуларды анықтау және есеп жүргізу». Астана қаласы, 2015 жылдың 06 наурызынан ҚР ДСМ бұйрығы. Санитарлық ережелерді нақтылау «Халық арасында профилактикалық екпелерді жүргізудегі санитарлы-эпидемиология талаптар». Астана қаласы 2015жылдың 17 наурызынан ДСМ ҚР №215 бұйрығы. Санитарлы ережелерін бекіту жайында «Инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін профилактикалық екпелер шараларын жүргізуге қажетті санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». 2015 жылдың «24» қаңтарынан ҚР халықтық экономикалық министрлігінің бұйрығы. Санитарлық бұйрық «Денсаулық сақтау нысандарына санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». Профилактикалық препараттарды(иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфицирлеуші) сақтау және транспортировкасы жайлы ережелерді бекіту. Иммунизацияның эффективтілігі Кепілдігі бар екпені қолдану, яғни ҚР тіркелген (БСҰ сертифицияланған балаларға арналған екпе). Екпемен үздіксіз қамсыздандыру. Екпелермен қамтылу– әр әкімшілік территорияларында 95% кем емес. Екпе алмағандарды күнделікті анықтау және оларды иммунизациялау. Иммунизациялау апталығының өткізуде халықты ақпараттандыруды күшейту. Халықтық екпе салу күнтізбесімен бекітілген мерзімге сәйкес екпе жасау жұмысының уақтылығы: тұрғылықты жеріне қарамастан Республиканың қай облысында орналасуына қарамастан әрбір бала кезекті екпені уақтылы алуы тиіс. Бұл ретте біріңғай екпе алу паспорты көрсетілген жағдайда иммундеудің медициналық ұйымының балаларды түрлі тексеріс жасауды қолдану екпелерді біріктіру, сондай-ақ аралас екпе жасау Иммунизациялаудың қауіпсіздігі: Екпе алушыға қауіпсіздік. Екпе салушыға қауіпсіздік . Халық пен қоршаған ортаға қауіпсіздік. Комплексті жеткізу ұстанымы – өзіндік бұзылатын (өзіндік жабылатын) шприцтермен екпелерді сатып алу және қолданылған шприцтерді қауіпсіз жинау және жою қораптарын алу. Жаңа екпелерді енгізу, соның ішінде аралас екпелер 1998 жылдан бастап ВГ қарсы «В» екпесі. 2005 жылдан бастап желшешекке қарсы екпе . 2005 жылдан бастап ККП екпесі мен АКДС+ВГВ енгізілген. 2008 жылдан бастап b типті «гемофильді» инфекцияға қарсы – АКДС + ВГВ + Хиб екпесі, АКДС + Хиб екпесі (тетравакцина) енгізілген. 2010 жылдың 1 желтоқсанынан бастап пневмококті инфекцияяға қарсы Превенар – 13 Медициналық кадрларды дайындау Екпе салу ісіне қатысты дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер жыл сайын екпе сұрақтарына байланысты дайындық пен аттестациялаудан өтеді, екпе салуға рұқсат кәуілігін алып шығады (№ 2295 ҚР Үкіметінің Жарғысы). Тұрғылықты жұртпен жұмыс 1.Жыл сайын иммунизация апталығын өткізу: брошюралар, парақтар, үндеулер, плакаттар дайындау, жүгіртпе жолақты қолдану; баспаларда мәлімет беру, теледидар, радиоларда үн салу, дөңгелек үстелде кездесу өткізу, пресс- конференциялар; тұрғылықты елмен кездесулер, қызығушылығы бар ұйымдармен, басшылармен кездесулер т.б. өткізу 2. Ата-аналармен жұмыс, медициналық ұйымдардың келуімен босану үйінен бастап жұмыс жасау.

    Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

    Әдебиеттер:

    1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет

    2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет

    3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет

    4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет

    Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/4602

    Дәріс 10 Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және қағидалары

    Мақсаты студенттерді «Клиникалық эпидемиология» терминінің маңызы және мәні, сонымен бірге клиникалық шешімдерді қабылдау үшін диагностикалық тестілер жөнінде білімдерін қалыптастыру.

    Дәрістің тезисі «Клиникалық эпидемиология» (clinical epidemiology) – бұл «клиникалық» ғылым, өйткені өте сенімді фактыларға негізделген клиникалық сұрақтарға жауап беруге және клиникалық шешімдер ұсынуға ұмтылады. Басқаша айтқанда «клиникалық эпидемиология» - клиникалық зерттеу әдістерін жасайтын ғылым, ол жүйелі және кездейсоқ қателіктердің әсерін бақылай отырып, әділ қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді;эпидемиологиялық тұрғыдан – ол медициналық ақпарат алу үшін тек қана ғылыми факторлармен дәлелденген, жүйелі және кездейсоқ қателіктердің әсер етуін болғызбайтын эпидемиологиялық әдістерді пайдаланатын медицинаның бір тарауы;

    • клиникалық эпидемиологияда эпидемиолог пен клиницистің арасында өзара тығыз байланыс қажет, онсыз нақты адамның және жалпы тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге олардың іс-әрекеті шектеулі және тиімділігі аз болады.

    Дәлелді медицинаның принциптері. «Дәлелдерге негізделген медицина» немесе «дәлелді медицина» (evidence based medicine) термині қазіргі кезде негізгі медициналық мамандардың лексиконына жақын арада пайда болды, соған қарамастан шамалы уақыт ішінде осы термин мәнісінің негізгі принциптері XXI ғасырдағы медицинасының басым идеологиясына айналды. «Дәлелділік» көмегімен медицинаны дәл ғылым саласына айналдырмаса да, оған жақындату мүмкіндігі пайда болды.

    Бұл терминді Торонто (Канада) қаласындағы Мак Мастер университетінің бір топ ғалымдары 1990 ж. ұсынған болатын.

    Соңғы кезде «дәлелді медицина» (ДМ) түсінігінің анықтамасы туралы бірнеше варианттар қолданылып жүр:

    • ДМ – бұл нақты науқасты емдеуге таңдап алу үшін клиникалық зерттеулердің ең жақсы нәтижелерін сапалы, дәл және мәнін түсініп пайдалану (клиникалық эпидемиология);

    • ДМ – бұл пациентпен іс жүргізгенде пайдалылығы сапалы зерттеулермен дәлелденген әдістерді ғана қолданатын медициналық практикалық тәсіл (бір түрі);

    • ДМ – бұл клиницистердің байқауын және пациенттердің шағымын (клиникалық эпидемиология), және де тұрғындар денсаулығының жағдайын (қоғамдық денсаулық сақтау) ескеріп, арнайы зерттеулермен алынған, сенімді, маңызды және практикада қолданылатын дәлелдерді жинау, интерпретациялау мен интерграциялауды қамтамасыз ететін медициналық көмек көрсету амалы;

    • ДМ – бұл медициналық ақпараттарды жинақтау, қорытындылау және түсіндіру технологиясының жаңаша тәсілі.

    Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

    Әдебиеттер:

    1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет

    2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет

    3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет

    4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет


    Дәріс 11. Аурудың таралу көрсеткіштері.

    Мақсаты студентерде эпидемиялық үрдіске байланысты аурудың таралу көрсеткіштері бойынша білімдерін қалыптастыру

    Дәрістің тезисі эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғышпен ие арасындағы әрекеттестік түрлі сыртқы көріністермен сипатталады.Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік- табиғи факторлардың әсері мол болады, эпидемиялық процестің қосымша қозғаушысы болып табылады.

    Эпидемиялық процестің осы қырына Л.В.Громашевский көп көңіл бөлген, ол табиғи және әлеуметтік факторларды эпидемиялық процестің қосымша қозғаушы күштері деп санаған. Эпидемиялық процестің даму барысы табиғи және әлеуметтік құбылыстардың әсерінен сандық және сапалық жағынан өзгереді.

    Эпидемиялық процестің көрінуі  




    Эндемиялық сырқаттанушылық




    Кең мағынадағы эпидемиялық сырқаттанушылық




    Спорадия




    Эпидемия




    Эпидемиялық өршу




    Пандемия




    Экзотикалық сырқаттанушылық


    Эпидемиялық ошақ-бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап,жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады.

    Эпидемиялық процесс сандық таралуына сәйкес 4түрлі болып келеді:

    Спорадиялық,кездейсоқ,бірен Саран сырқаттанушылық-бір белгілі аймаққа тән, белгілі сырқаттанушылық деңгейі, бір- бірімен байланысы жоқ инфекциялық ауру

    Өршу-шектелген аумақта,жеке ұжымда немесе ұжымдардағы топтарда бір мезгілде адамдардың науқастануы

    Эпидемия-инфекциялық аурулардың бүкіл халық,үлкен аймақ,қала,аудан ішінде жаппай науқастануы.

    Пандемия-инфекциялық аурудың жаппай, елден елге таралуы.

     

    Экзотикалық сырқаттанушылық-деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде,осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады.

    Эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады.Эндемиялық аурулар бір белгілі аймақта таралған,сол аймақтың әлеуметтік табиғи жағдайына тән инфекциялық аурулар.Мыс: белгілі аймақтың табиғатында кенелер өмір сүрсе, сол жерде кене энцефалиті аурулары таралады.

    Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіп қатерлі топтарды анықтайды. Аэрозольді механизмімен таралатын аурулар үшін (тұмау,менингит),ұйымдасқан ұжымда өте көп кездеседі(фабрика зауыттар)және т.б

    Қауіп-қатерлі факторлар ұғымдарының қысқаша анықтамасы.

    Түсінік

    Анықтама

    Қауіп –қатерлі аумақ   Қауіп қатерлі әлеуметтік әртүрлі жастағы топтар Қауіп қатерлі ұжым     Қауіп-қатерлі уақыт

    Қоздырғыштың вирулентті түрінің қалыптасуынан және оның таралуын қамтамасыз ететін факторлардың әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші бар аумақ. Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші. Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бар нақты ұжымдар(ясли,мектеп, жатақхана) Эпидемиялық түрге байланысты қоздырғыштың таралу факторларымен анықталатын сырқаттанушылықтың жағдай жасайтын факторлар: Қоздырғыштың эпидемиялық түрін тарататын қауіп қатерлік; Жұғу қауіп қатер; Ауру қауіп қатер;
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта