Главная страница
Навигация по странице:

  • ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

  • Қанатты сөздердің тәрбиелік мәні

  • А. Құнанбаев, Б. Момышұлының қанатты сөздері

  • Әдебиеттер тізімі

  • статья. статья Сабиля. С. Абжанова, М.дайбергенова,Сандыбай . Б


    Скачать 159 Kb.
    НазваниеС. Абжанова, М.дайбергенова,Сандыбай . Б
    Анкорстатья
    Дата17.12.2021
    Размер159 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файластатья Сабиля.doc
    ТипДокументы
    #307442

    УДК 347.129

    Абай Құнанбаев афоризмдерінің тәрбиелік мәні

    С.Абжанова, М.Құдайбергенова,Сандыбай Қ.Б.

    М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
    Резюме

    В статье рассматривается воспитательное значение афоризмов из «Назиданий» Абая Кунанбаева
    Summary

    This article is devoted to Abay Kunanbayev's «Words of wisdom» contain aphorisms, used in educational purposes.
    Қоғамға қатысты әрбір ой өз дәуірінде ғана туа алады. Ал әдебиетте осы ойды беретін тәсіл – белгілі бір жанрды тарихи қажеттіктер негізінде белгілі бір дәуірде ғана туып отырады. Бұл дәуірді халықтардың бәрі бірдей өз басынан бір мезгілде өткізіп отырмайтындықтан, мұның өзі әрбір халықтың әлеуметтік, қоғамдық жағдайларына байланысты ертелі кеш үздік-создық етіп отыратындықтан, осы қоғамдық жағдайдың әмір үкімінен туатын ой-пікірді әдебиетте беретін тәсіл - әдеби жанрлардың туып, қалыптасуында да үздік – создықтық та бола береді. Айталық, қайсыбір халық әдебиеттің барынша жетілген, кемеліне келген озық үлгілеріне мұрагер болып отырған кезде, екінші бір халық өзінің әдеби мәдениетін жаңа бастап, әдебиеттің барша халықтар сөзсіз иелік ететін алғашқы үлгілерін ғана тұтынып отырса, мұның өзі табиғи нәрсе.

    Сөз жоқ, қазақ халқының сол тұстағы қоғамдық жағдайы Абайдың алдында өткен ақындардан да әдебиетті жасауды керек етті. Ал қазақтың бұқар бастаған ауызша әдебиетінің аты белгілі және аты белгісіз көп ақындары әдебиеттің осы қызметіне орай қажетті шығармаларды өз шамаларынша туғызды да. Абайдың өз жеке басының жағдайы бұл дала әдебиетінің көшпелі халық әдебиетінің өкілдерінен гөрі басқаша болды. Қараңғы сахарада етек басты елдің төрінде тұрмыс құрғанына қарамай, Абай сонау Ресейдегі озық идея мен – орыстың классикалық әдебиеті өкілдері Крылов пен Пушкин, Лермонтов пен Салтыковтың, Толстойдың, революционер – демократ, сыншыл жазушылар Белинский, Чернышевский, Добролюбовтың идеяларымен үндес болды. Абайдың осы мектептен ең бірінші алған «түсінігі, үлгісі, ақындық халыққа қызмет етудің үлкен бір жолы», «ақын шығармалары қоғамның тәрбиесіне, өсіп дамуына, дүние тануына, жәрдем ететін еңбек», - деген көзқарас болды /1/.

    Осы мектеп бағытымен Абай да қазақ топырағында әдебиеті - өз шығармаларын мешеу тұрмысқа мұрындық, соқыр кеудеге сәуле, надан өмірге өнеге – үлгі, тез деп білді. Бірақ Абай әдебиетті қару еткенде біріңғай пушкиндік, лермонтовтық, некрасовтық поэзия үлгісінен кете алған жоқ. Қазақ жағдайы ақынды еріксіз өзге тәсілге бұрылуға мәжбүр етті. Халық өміріне еншілес болған қараңғылық, надандық өз тұстарынан бір дәуір ілгері кеткен, кеудесі құдыреттей ақындық талантқа толы Абай қаламын поэзияның көркем үлгілерін жасау жолынан әр кез қақпалай берді. Данышпан ақын осы тарихи шындықтың шегінен асып кете алмады. Осы тарихи шындық ақынды заманынан өрісіне лайық әдеби үлгіні қару етіп, тар өрістіліктің негізгі тамыры-надандылыққа соққы беруге міндеттеді; мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қалған халықтың түсінігіне қозғау салу үшін, құлақ түбінен дауыстап, таза ақыл күйінде үгітші, насихатшы, өнеге үйретуші болуға бой ұрғыза берді. Осының нәтижесінде көп жағдайда көркем поэзияға тән шығарма бояуының әсерлі жарқылы, шарықтап шалқи атқыған әсем фонтандық тасқыны, ақын қиялының кереметтей құлаш жаюы т.с.с. екінші қатарға шегіндіріліп, оның орнын мысқылдай ұсынып, батпаңдап жүк артатын өнеге тілі – дидактикалық поэзия басты.

    Абайдың ақындық мектебі сөз болғанда біріншіден, өзіне дейінгі қазақ әдебиетінің бай қазынасы, екіншіден, Таяу Шығыстың орта ғасырда жасаған алыптары мұралары, үшіншіден, орыс әдебиеті классиктерінің еңбектері аталып жүр. Ал ақын афоризмдерін сөз еткен шақта да осы әдебиеттердің әсері болғандығын есте сақтау керек.Абай шығармаларындағы афоризмді, оның бесігі-дидактикалық поэзияны әңгіме еткенде, ең алдыменен оны ақынның әдеби жанр ретінде тұтынуына түрткі болған ең негізгі себепті қоғамдық жағдаймен қоғамдық қажеттілікпен бірлікте сөз еткенде ғана толық түсінуге болады.

    Афоризм – бірінші кезекте дидактикалық поэзияның жемісі. Ал Абай шығармаларындағы афоризмдер – жалпы әлем әдебиетіне ортақ заңдылық негізінде, - абайлық өсиет сөздердің, дидактикалық-философиялық, тілдік-стильдік тәсіл. Ақынның бұл дидактикалық поэзиясының да, дидактикалық-философиялық қара сөздерінің де негізгі тілдік құралы –афоризмдер. Бұлар бір-екі өлең жолында; я бір-екі сөйлем аясында тұжырымдалып отыратын мақал сипаттас көркем сөздер болып келеді. Осы себепті де оларды ақын өлеңдері мен қара сөздерінің тұтас желісінен үзіп алып қарауға келе береді.

    Сайып келгенде, ақынның қара сөздері де осылайша, өз дәуіріндегі оқушы, тыңдаушы жұрттың ой-өрісі талабынан кенеліп туған. Өз дәуірі жағдайлары қажетінен келіп туған дидактикалық-философиялық шығармалар. Жұртқа белгілі, халықтың ауыз әдебиеті көркем жазба әдебиеттің қалыптасу, даму жолында елеулі қызмет етті. Ол әлемге аты белгілі ақын-жазушылар үшін таусылмас мол қазына болды. Тілдік көркемдікті әрбір ақынға, жазушыға өз халқының ауыз әдебиетін берді. Бұл тұрғыда көркем жазба әдебиет ауыз әдебиетіне әр уақытта да борыштар

    Жұртқа белгілі, халықтың ауыз әдебиеті көркем жазба әдебиеттің қалыптасу, даму жолында елеулі қызмет етті. Ол әлемге аты белгілі ақын-жазушылар үшін таусылмас мол қазына болды. Тілдік көркемдікті әрбір ақынға, жазушыға өз халқының ауыз әдебиеті берді. Бұл тұрғыда көркем жазба әдебиет ауыз әдебиетіне әр уақытта да борыштар.

    Абай да өз халқының ауыз әдебиетінен жоғарғы классиктерше үйренді. Ол осылай үйрене отырып, жазба әдебиеттің шебер зергері, асқақ тіл ұстасы, ғажайып сөз мүсіндеушісі ретінде қазақ әдебиетінің бір биік шыңын жасаған ұлы тұлға дәрежесіне көтерілді. Ақындық құдіреттің тағына мініп, сөз патшасы болды. Ол өз халқының тілін соншалық терең игере отырып айтса, «менің сөзім» деп айтатын, тыңдаса, «маған арнап тұр» дейтін, естісе, «мен туралы айтып отыр» дерлік әркімнің көкейкесті тілегін дәл жеткізе білді...

    Абай ауызекі тілдің осы мақалшыл үлгісін, оны терме-толғау өлеңдерінің негізгі өзегі еткен ақындар салтын аса жоғары бағалады. Халық жасаған осынау бай мұраның көп үлгісі ақын қаламына оралып, көркем тілі аясына қайта туған. Жіксіз, төл жолдар сипаттас бір қалыптан шыққан. Бірлі –жарым болмаса, халық мақалдарын жалаң сол қалпында қолданған емес. Ақынның бағалауынша, мақалдың қадірі - жарасты тон құшағында болуы, теңдес, тел сөздер қатарында тұруы. Сөз жоқ бұл талап, халық мақалын оның қуатты ойынан тасқындай шығып құралған сан алтын сөздерінен бөліп алғысыз түрде келтіріп отырады.

    Қайтіп келер есікті,

    Қатты серіппе жарқын-ау.

    Жетілсең де, жетсең де

    Керек күні бір бар-ау.

    Осындағы «Қайтіп келер есікті қатты серіппе», деген өлең ұйқасына келтірілген халық мақалдары. Ал Абай болса, бұл мақалдарды қолдана отырып, оған түсініктеме береді. Немесе өзі айтқан ақыл сөзіне халық мақалы түсінік береді. Мұнысы жай бір өлең жолын емес сол мақалға пара-пар тең, мақалдық үлгіге түскен афоризм: «Арамдықтан жамандық көрмей қалмас» /2/.

    Міне, абайлық афоризмдердің тууына, жасалуында халық мақалдарының азды-көпті әсері болды дегенде, осыларды ескеріп барып айтамыз.

    Қысқасы, абай афоризмдері – ақынның дидактикалық поэзиясы мен өнеге сөздерінің жемісі. Ал олар болса Абайдың еңбекке, өнер-білімге, адамгершілікке т.б. үндеген ағартушылық идеяларының жемісі. Сондықтан да ақынның осынау афоризмдері оның осы ағартушылық идеяларының, адамгершілік оқуының кодекстері іспетті. Абай нақыл сөздері ақынның арман еткен білім-тәрбие, еңбек, бірлік, адамгершілік, т.б. сан алуан тақырыптардағы өлмес пікірлерінің бұзылмас форма, айнымас мазмұн тапқан кодекстік үлгілері. Сол үшін де Абай нақыл сөздерінің тақырыбы – оның тұтас шығармасына тән тақырыптар. Олар ақынның өз шығармасында берген асыл ойларының, пікір түйіндерінің сығынды нәрлерінен құралған. Өзі көтерген мәселелерді шешуде және оны афоризммен түйіндеуде халық туғызған мақал сөздердің таңдаулы үлгілерін пайдаланып отырды. Әрине, халықтың қоғамдық мәселелердің бәріне бірдей бұзылмас мақала боларлық сөз келісімін жасауына мүмкіндік бола бермеді. Ондай жағдайларда халық айтып тастамаған сөз үлгісін дәуірінен озып, ілгері кеткен ақынның жаңадан туғызуына тура келді. өйткені дәуірлер жасап, халық қанына сіңіскен, өзіне төл тума мақалдық үлгінің халыққа оңай ұғынылатынын, тыңдаушы жұрттың тез үйіріліп, ықыласпен етене боп қабыл алатынын Абай білді.

    Абай өз халқының мешеу тұрмысына, мәдениетсіздігіне, надандығына кесім ретінде «Надандық ғылым-білімнің жоқтығы», «Білімсіздік – хайуандық» деген нақыл сөз туғызды. Шығар жол, қарманар тал, сүйенер асқар ретінде ұсынғаны орыс халқы, оның ғылымы болды. «Орыстың ғылымы - өнер, Дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанырақ түседі»

    Халық өз асыл сөздерінде мал туралы, малға адамның қатынасы т.б. туралы ғана айта алды. Ал мал табу жолын, мал табуда білімнің орны дегенді өнердің маңызы дегенді айта алған емес. Халықтың «Шебердің қолы ортақ» деген ең жаңа мақалының өзінде де дәл басу жоқ еді.

    Абай афоризмі білімді күрделі мақсат үшін үйрену керектігін, жеке, болымсыз себептер үшін үйрену ұзаққа бармайтынын аңғартады. «Білім ғылымды бір нәрсеге себеп қана үшін үйренсең, білімге деген көңіліңнің мейірімі асырап алған шешенің мейірімі сияқты болады».

    Абайға дейінгі халық нақыл сөздерінде еңбекке нағыз өз тұрғысынан баға беру сирек ұшырайды. Өйткені еңбек дегеннің мағынасы қазақ бұқарасына дәл бүгінгі сипатта естілген емес. Ол тек қана «Бейнет, сор, азап» т.б. мағынасында қолданылады. Мұның заңдылығы бар-ды. Еңбек қазақ халқына ерте келіп, өте кеш түсініле бастады. Абай нақыл сөздерінде тіленіп сөзді сатуды, телміріп көзін сатуды өнер көрген, еп көрген адамдар туралы: «Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық» деп өткір сын айтады. Абай афоризмі адал еңбек бойға құт, малды адал еңбекпен тап деген данышпан қорытынды жасайды.

    Ақынның нақыл сөздерінен адамгершіліктің жоғары қасиетіне үндейтін қағида тізбектерін молынан ұшыратасыз. Жалпы тәрбие мектебінің көп түрлері бар, солардың бәрінен де жоғары тұратын, оларға мұрындық болатын теңдессіз мектеп – адамгершілік тәрбиесі. Адам баласына берілер өмірдің әр алуан тәрбиесін бағалауға адамгершілік тұрғысынан қарар көзқарас жетекші болмақ. Өмірде адам баласы тәрбие мектебінің әр түріне қарай не мансап иесі болуы, не ғалым, не ақын, не жазушы, не бір істе маман болуы мүмкін, бірақ оның адамдық қалпы, адамгершілік рухы, ішкі дүниесі бұлардан тәуелсіз, олармен өлшеуге келмейді. Адамгершілік – адамдыққа баға беруге көмекші құбылыстың бірі есебінде адам бойындағы көрсеткіш.

    Қоғамда өз ісінің жақсы шебері ғана болу – сол адамның өз ортасына борышқорлығын түгел ақтай алмақ емес. Бұл дәрежеге жету үшін, сыртқы әрекетіңді емес, ішкі рухани азығыңды бірінші кезекке қой. Қоғам талабына қажетті қасиетіңді осы ішкі рухани азығыңнан ізде. Егер ол қасиет бойыңда бар болса, іс-әрекетіңнің қос тізгінін соған ұстат. Олай етпейінше қоғамға көп пайда келтіруге мүмкіндігі бар іс-әрекетіңнің сол дәрежеде зияны да бірге туады. Жалаң күйінде білім, еңбек, қызмет, т.б. адамның күнделікті тіршілігі үшін тапқан тәсілі, тіршілік құралы, тек қана тіршілік құралы болып қалмақ. өйткені күнделікті өмірде кездесер қиындық, ауыртпалық, өмірдің сан түрлі кездейсоқ кедергілері, керісінше көкке көтерер мадақтауы, рахат жұмағы, т.б. қарсаңында адам баласы жоғарғы күйде болса, шайқалмай қалмақ емес. Бұл сан алуан кездейсоқтар (мұның өзі өмірде болмай қалмайтын заңды кездейсоқтық) тұсында адамды бұзбай, адам күйінде ұстап қалар қуат құдірет-ішкі рухани азағаның молдығы. Міне, адамгершіліктің осы қасиеті үшін Абай нақыл сөздері адам қоғамымен бірге жасайтын адамгершілік қағидаларының бұзылмас кодексіне, қосылған мол үлес.

    «Адамгершіліктің алды – махаббат, әділет, сезім». Абайда бұл үшеуі бірлікте. Бұлар бір жерге түйіскенде ғана өз дәрежесін табады, жеке-жеке күйінде бұлар жарамсыз. «Әділет-ізгіліктің анасы», «кімде әділет жоқ болса, оның ұяты да жоқ». Ұят – адамгершіліктің кісі бойында барлығының сыртқа шыққан белгісі, адамгершіліктің үкім құдіреті. «Ұят – адамның өз бойындағы адамшылығы иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып сөгіс қылған қысымыңның аты», - дейді Абай /3/.

    Адамгершіліктің бір сипаты – достық, бауырмал туыстық. Адамгершіліктің бұл сипаты адам баласы бола білуде, адам баласына дос болуда. «Адамның баласы – бауырың, әкеңнің баласы – дұшпаның», «адам баласына дұшпандық адам баласына айырады», «дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені». «Адам баласына адам баласының бәрі дос», «кімге достығың болса, достық достықты шақырады». Тіршілікте «өсіп-өну жолында адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – дос көбейтпек». Бұл үшін адам баласының жүрегінде адамға деген ізгі тілек жатуы керек: «жүрегі жұмсақ білген құл шын дос таппай тыншымас». Бұл – бірінші іс, жоғарыда айтқан дәреже, мансап, дәулет, қызмет, т.б. нәрселер мұнсыз жалған болмақ. Тек мақтанның, пайданың, құлқынның қызметшісі болмақ. Сол үшін де Абай: «пайда, мақтан бәрі тұл, доссыз ауыз тұшымас», «махаббатсыз дүние бос-хайуанға оны қосыңдар»,-дейді. Адамгершіліктің екінші бір сипаты – сүйіспеншілік. Сүйіспеншіліктің достықтан өзіндік ерекшелігі – достық сүйіспеншілікпен нығаяды. Сүйіспеншіліктің арнасы кең. Оның құшағында достықтың көп түрлері жатпақ. Соның бір түрі жар, махаббат сүйіспеншілігі. Жар сүю – мұның өзі адамгершіліктің жоғары актісінде туады. Сүйіспеншілік – адам табиғатының терең сезінуінен келіп, аса бір ыстық ләззат үшін тұтанған жан дүниенің шөліркеуі. Ол – ешуақытта да жан шөлін басуды тілемейтін шөліркеу. Ол өзінің осы шөліркеуімен де жан сезімін сүйіспеншіліктің дариясына тоғытып жүреді. Бірақ ол еш уақытта да шөлін басып, қануды тілемес еді. Бұл – тілеуден туған тілеместік. Шын мәнінде осы тілеместіктің өзі – тілеу.

    Сүйіспеншілік адамгершіліктің бір сипаты болған себепті де, Абай адам баласының бұл жолда жаңылыс, жансақ баспауы үшін, өз ақыл сөзін арнайы қалдырды. Бұл жолда жансақ баспауы үшін, өз ақыл сөзін арнай қалдырды.Абайдың мұралары – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада сарылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізеді.

    Абайтануға қатысты негізгі ойлардың жиынтығы Абайдың қарасөздерінде екендігі белгілі. Әлемдік әдебиеттен қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтің орнын іздей бастаған, қазіргі қоғамдық өмір мен ғылымда өріс ала бастаған оң өзгерістер мен тарихи шындықты қалпына келтіруге ұмтылыс жасап жатқан жаңа ізденістер кезінде Абай қарасөздері кеңес өкіметі тұсында комунистік партия берік ұстанған таптық көзқарас тұрғысынан зерделеніп жазылды. Ақын қарасөздеріне қатысты мәселелер біржақты, үстіріт қарастырылып, ал кейбір айтулы ойларының мазмұны сол тұстағы саясат ыңғайымен қате, жаңсақ түсіндірілді.

    Абай қазақтың қазіргі ұлттық әдебиетінің негізін салған классик екендігі ешқандай дау тудырмайтыны ақиқат. Абай қазақ халқының рухани мәдениетін әлемдік озық үлгілермен табыстырып, оған өз ұлттың өзіне ғана тән ерекшеліктерін, ой-пікір байлығын, сөз өнерінің үлгісін қосады.

    Абайдың дарын қуаттылығы, жан-дүниесінің кеңдігі және поэтикалық қиялының шексіздігі мен тереңдігі кім – кімді де таң қалдырады. Академик Серік Қирабаев «Абай- қазақ әдебиетінің классигі» деген мақаласында. «Жазу өнерінің қарапайымдылығы мен табиғилығын Абай қазақ поэзиясының ұлттық сипатына айналдырды. Оның ұғымы, танымы, бейнелеу жүйесі түгелдей ұлттық шындықтан өрбіп, біртіндеп тереңдейді. Жаңа ой, жаңа сөзге лайық стильде жаңарып, өзгеше көркемдік қуатқа ие болады. Ондағы тіл байлығы, суреттеу құралдарының әралуан түрлері, теңеулер мен метафора,төгіліп ұйқасып тұрған тармақтар, ішкі үйлесімдер қазақтың сөз өнерін әсемдік әлемінің биігіне көтереді. Осымен Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды» деп бағалайды. «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» деген соңғы жылдары шыққан еңбегінде.

    Абай нақыл сөздері – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Ол адам тіршілігінің сан саласын қамтып, бүгінгі мен болашақты ұштастырған өміршеңдігімен, әрқилылығымен қымбат. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның ауызындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала бермек.

    Әдебиеттер

    1 Әшімбаев С. Сын мұраты: Әдеби сын: - Алматы, Жазушы, 1974ж

    2 Өмірәлиев Қ. «Абай афоризмдері». Алматы «Қазақстан» 1993ж (25 б)ж

    3 Шілтерханов Ә. Аталы сөздер. Шымкент, Ордабасы, 2007ж

    ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

    Құдайбергенова М.Б., аға оқытушы, Абжанова С., оқытушы, Оңғарбаева М., студент

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

    Тілдік қатынастың жүзеге асуы хабардың (ақпараттың) айтылуына, жеткізілуіне, қабылдануына тікелей байланысты. Қандай болмасын, хабардың түрі тілдік қарым-қатынас арқылы лексикалық тұлғалардың қатысымен жүзеге асады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік бөлшектердің де, тұрақты тіркестердің де өзіндік атқаратын қызметі бар.

    Қатысымдық әрекетте басты көңіл бөлетін нәрсе-тілдік тұлғалардың жеке қолданылуы емес, олардың бір-бірімен өзара байланысқа түсу арқылы белгілі бір ойды, пікірді жеткізуге себепші болатын заңдылықтары. Тілдік бөлшектер өза алдына жеке, дербес тұрғанда қарым-қатынас құралы бола алмайды, сондықтан мұндай жағдайда түсінісу де болмайды. Белгілі бір хабарды жеткізу мақсатында әрбір сөз нақтылы мағынаны білдіру арқылы бүтіндей жүйелі байланысқа түседі де, адамның ойын екінші біреуге түсінікті етеді [1,272].

    Сөз жеке тұрғанда зат не құбылыстың аталымы ғана болып табылады. Ол басқа тілдік тұлғалармен өзара мағыналық байланысқа түсіп, ойды жеткізу арқылы қатысымдық қызмет атқарады. Бірақ сөздің жеке қолданылуының екінші жағы да бар. Егер сөз белгілі бір ойды жеткізу мақсатында атаулы сөйлем ретінде қолданылса, ол дербес лексикалық тұлға есебінде емес, қатысымдық түлға тұрғысында жұмсалады.

    Қатысымдық тұлға ретінде жеке сөз бен тұрақты сөз тіркестерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

    Егер сөз хабар беру мақсатымен қоса жауап алуды қамтамасыз етсе, онда бұл қатысымдық әрекеттің жүзеге асқандығын білдіреді, ал тек баяндау үшін айтылса, ол хабарлау (информация) ғана болып табылады.

    Тұрақты сөз тіркестерінің қатысымдық ерекшеліктері олардың құрамында бірнеше сөздердің тіркесіп келуі жағынан көрінбейді, керісінше, сол бірнеше сөздердің қатыса келіп, әрі атаулы, әрі экспрессивті мағынаны білдіру арқылы қатысымдық және ақпараттық мәнге ие болуына қатысты қарастырылады. Мысалы, "қой аузынан шөп алмас" деп айту арқылы адам мінезінің жуастығын, момындығын атап қана қоймай, сонымен қатар оған мінездеме де беріп, оның өзіндік ерекшелігін сипаттаймыз. Осындай мінездеме берілген жанмен қандай қарым-қатынас жасауға мүмкіндік болатындығын да түсініп, соған қарай өзімізді бейімдейміз.

    Жалпы, тұрақты тіркестің мағыналық, экспрессивті-эмоциялық ерекшелігіне сай адамдар арасындағы қатысымдық байланыстың алғышарттары қалыптасады. Қатысымдық қасиеттеріне қарай фразеологиялық сөз тіркестері мағыналары жағынан ұқсас болып келуі арқылы бір-бірімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсалады. Мұндай жағдайда мағыналары сәйкес бірнеше сөздер бірыңғай синонимдік қатар жасайды. Бұл тұрақты тіркестердің мағыналық, экспрессивтік сипаты бір-бірімен күшейе түседі де,сөйлеу тілінде заттың, құбылыстың сын-сипатын айқындай түсу үшін пайдаланылады. Мысалы: тайға таңба басқандай - соқырға таяқ ұстатқандай -бесенеден белгілі - айдан анық т.б. Мұнда бір синонимдік қатарға бірнеше тұрақты сөз тіркестері бірігіп келіп, ашық, белгілі, айқын деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл тіркестер өте айқын, тым ашық, анықтың анығы деген экспрессивтік мағынаға да ие болады [2,371].

    Қазақ тіліндегі сын есім синонимдері бірде фразеологиялық сөз тіркестерінің жеке сөзбен синонимдес болып келуі арқылы жасалса, бірде фразелогогиялық сөз тіркестерінің өзара синонимдес болып келуі нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан ақпараттық және қатысымдық мәнге ие болатын сын есімге қатысты фразеологиялық сөз тіркестерін екі топқа жіктеуге болады. Бірінші - фразеологиялық сөз тіркестерінің бір-бірімен өзара мағыналас болуы нәтижесінде пайдаланылатын тұрақты сөз тіркестері. Екінші -фразеологиялық сөз тіркесінің жеке сөздермен мағыналық жағынан ұқсас келуі нәтижесінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Мысалы: мұрнын көкке көтерген, кеудесіне нан піскен, кеудесі зор; тонның ішкі бауындай-қыл өтпестей, сүттей ұйыған; бір ұрты май, бір ұрты қан - шаш ал десе, бас алатын т.б. Немесе, аяғының желі бар - жүйрік; әліпті таяқ деп білмейтін - сауатсыз; ағаштан түйін түйген - шебер т.б.

    Тілдік қолданыста жеке сөздерге қарағанда, тұрақты сөз тіркесінің баяндау, хабарлау, әсіресе, сипаттау ерекшелігі басым. Сондықтан да қатысымдық қызмет атқаратын фразеологиялық сөз тіркестері жеке сөзбен мағынасы жағынан сәйкес болғанымен, тепе-тең бола алмайды. Фразеологиялық тіркестер сөздерге тек балама болады да, эмоциональды-экспрессивті реңкті білдіреді. Осындай қасиетіне байланысты фразеологиялық сөз тіркестері көбінесе стильдік мақсатта жұмсалады [3,9].

    Қорыта келгенде, қазақ тілі пәнін оқыту кезінде лексикалық білім беру барысында оқушылар сөздердің лексикалық мағынасын игеру ғана емес, оның сөйлемде пайдаланылуы, грамматикалық мағынасы және ол мағынаның қолданылуы бойынша жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл дағдыландыру жұмысы сол сөз бен сөз тіркестерінің сөйлеу әрекетіндегі мақсатқа сай қолдана білу икемділігін арттыра отырып, сөздік қорын саны жағынан ғана емес, сапа жағынан да арттыруға ықпал етеді.

    Мектеп оқушыларына лексика туралы білім берумен бірге ол сөздердің қолданылуы, лексикалық стилистика туралы мәлімет беру оқушының тілін дамытуға ықпал етеді. Мәселен, синоним сөздердің мынадай қасиеттері үйретіледі:

    1) Лексикалық синонимдер белгілі бір стильге бағынып, ерекшеленіп қолданылады. Мұндай ерекшелікті белгілі бір синонимдік қатардың құрамындағы сөздердің қолданылуынан аңғаруға болады. Мысалы, "көк", "аспан" деген синонимдік қатардың құрамындағы "аспан" сөзі, "жер жүзі", "жер шары" деген синонимдік қатардағы "жер шары" тіркесі көбінесе ғылыми стильге (астрономияда) қолданылады. Мысалы: халық, жұрт, әлеумет, халайық деген синонимдік қатарлардың құрамындағы сөздерді қолданылу жағынан салыстырып қарағанда (жұрт, әлеумет, халайық) бірінші синонимдік қатардағы "халық", "жұрт" дегендердің жалпылама қолданыла беретіндігін көруге болады. Осы синонимдік қатардағы "жұрт, әлеумет, халайық" деген сөздер көбінесе поэтикалық тілде қолданылады да, ауызекі тіл стилімен байланысты болады.

    1. Синоним сөздер қолданылуда бір-бірінен мағыналық және стильдік ерекшеліктерімен көрінеді. Мысалы, Базаралы науқасынан оңалып, қайтадан азамат қалпына келгенде, қараша үйлердің үлкен-кішісі түгел қуанды. (М.Әуезов). Петербургтағы үлкен доктор - Әбішке қатты сақтандыру айтқан. Бұнда жаңа басталуға мүмкін болып аңғарылған ауру бар. Қаны қатты азаюмен аралас өкпесіне ілінген сырқат бар (М.Әуезов) деген сөйлемдердегі "сырқат", "ауру", "науқас" деген синоним сөздер берілетін ойға таңдап алынған. Өйткені соңғы сөйлемдегі "сырқат" деген сөздің орнына "ауру", "науқас" деген сөзді қойса, ол сөйлемнің стильдік мэні бүзылған болар еді. Мұнда жазушы "сырқат" сөзді "ауру" деген сөздің мағынасына қарағанда тар, жұмсарта қолданған.

    2. Синоним сөздердің айтушы мен жазушы бір зат пен құбылысқа ерекше
      назар аудару мен оның сөйлемдегі мәнін өсіруде қолданады. Мысалы, бұның ар жағындағы ішкі тайталас тартыстың біреуін де Әзімбай айтқан жоқ. Бақ бұтақтан, гүл жапырақтан, дән нәрден айрылыпты. (М.Әуезов).

    4) Синоним сөздерді қолдану, тыңдауда сөйлемнің, сөздің экспрессиялылығы артады. Бәріміздің арамызда өте қайратты, өте қажырлы жолдас Катченко еді (С.Сейфуллин). Ақырын ғана қоңыр үнмен, бөгде біреулер естіп қоймасын дегендей жалтақ көзденіп айтады (М.Әуезов). Бөтенсің, жатсың демеймін (Ғ.Мүстафин).

    5) Синоним сөздер тіл стильдеріне байланысты ерекшеленеді: кенеттен
    (жазба), байқаусызда (ауызекі), толық, жуан т.б.

    Мұңдай ерекшеліктері игертілгеннен кейін синоним сөздерді сөйлеуде қолдана білуге жаттықтырылады: Мысалы:

    Синоним сөздерді мағынасына орай сөйлемдегі басқа сөздермен дұрыс тіркестіре білуге үйрету үшін мынадай тапсырмалар мен жаттығулар орындаттырылады: 1. Берілген сын есім сөздерді жақшаға алынған сөздермен дұрыс тіркестіріп, сөйлем құрату: ұзақ мерзімді, уақыт, кез; 2. Сөйлемдегі баяндауыш сөздің сәйкес синоним сөздердің бірін қойып көшірту. Оны неге дұрыс деп есептегещн түсіндірту: 1) Жазда балалар аулына (барып келді, оралды, барып қайтты) 2) Бала анасына (көмектесті, жәрдемдесті, көмек берді, қолғабыс етті) т.б.

    Сөйлем мақсатсыз құрастырылмайды, тіркестермен, ойды түрлі-түрлі жолмен сөз таңдап, көркемдеп жеткізуге тырысады. Тілімізде ойды көркемдеп жеткізудің сан алуан түрлері мен тәсілдері бар. Мысалы, аспан, су, қызыл т.б. сөздерді алсақ, олардың көркемдік ерекшеліктерін байқамаймыз. Ал осы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, көркемдегіш құралдардың тәсілдерін қолдансақ, түрлі мағыналық мәнге ие болып, стильдік рең жасайды. Мысалы:

    Су сай-саламен ақты. Судай өтірікші білем өзі. Табиғаттың денесі-жер, жаны-су.

    Сөздердің осылай құбылуы, алуан түрлі мағына беру ойды жеткізуге әсерлілік пен көркемдік түстейді. Олар тіл білімінде троптар мен фигуралар деп аталатын сөз қолдану тәсілі арқылы іске асады. Троптардың - тілдегі суреттеме құралдары, сөздің негізгі мағынасын ауыстырып, көркемдеп бейнелі түрде қолданылуы лексикаға байланысты үйретіледі. Фигуралар сөз қолданудың статистикалық, синтаксистік түрлері [4,19].

    Тәжірибемізде тілдің суреттеме құралдарын оқытуда сөздерді қолданудағы стильдік ерекшеліктерін танытуға басты назар аудартылып, сол арқылы оқушылардың сөздерді көркемдік мақсатта қолдана білуге жаттықтыру жүргізіледі.

    Теңеу. Теңеуді үйрету үшін алдын-ала затты салыстыра талдатамыз. Ол үшін мынадай сөйлемдер беріледі: 1. Масатыдай құлпырған жердің жүзі. 2. Қайырға біткен қамыстай қос құлағы тігілді. 3. Шу дегенде жануар қояндай ырғып жөнелді. Соңынан бұл сөйлем бойынша мына сияқты кестені толтырамыз.

    қ/с

    Тура мағынасы

    Теңеу сөз

    Теңелетін сөз

    1.

    масаты

    масатыдай

    Жердің беті

    2.

    қамыс

    қамыстай

    Аттың құлағы

    3.

    қоян

    қояндай

    Аттың шабысы

    Теңеу сөз қолданған сөйлемдегі ой мен теңеу сөздерді қолданылмаған ойдың тыңдаушы мен оқушының сезіміне әсер ету ерекшелігіне, сөйлемді көркемдеу қасиетіне көңіл аударылады. Ол үшін оқушыларға теңеу сөздің жасалу жолдарын мына кесте арқылы көрсетуге болады.


    қ/с

    Мысалдар

    Теңеу жасайтын қосымша мен сөздер

    1.

    Шам жарығы түскен тастар, тау сыртындағы тастай емес, қап-қара және тұтас жартастар тәрізді.

    секілді, тәрізді, ұқсап, сияқты

    2.

    Өзеннің суын жаңбырша шашыратып арғы бетке апарып бір-ақ тоқтады.

    -ша, -ше.

    3.

    Ереуіл толқындар8қыр көрсеткендей үдей-үдей боп теңіз бетіне жұлқынып шығады.

    -дай, -дей.

    Соңынан түсініктері бойынша сөйлемдер құраттырылады.

    Теңеу сөздердің қолданылу ерекшелігін үйретуде мына сияқты жұмыс түрлері орындаттырылады: көркем шығармалардың белгілі бір бөлімінен теңеу сөздерді тауып, жасалу жолдарын анықтау; картинка, суреттер бойынша сөйлем құрастырғанда теңеу сөздерді пайдалану (тірек, сөздер беруге болады); өздері көрген табиғат құбылыстары немесе саяхаттары бойынша әңгіме айтып беруге теңеу сөздерді қолдануға жаттықтыру; теңеу туралы теориялық ұғымын әдебиет теориясымен байланыстыра кеңейту; теңеу сөздерді пайдалану мақсатында жазба жұмыстарын орындау (мазмұндама, шығарма). Бұл аталған жұмыстарға жаттықтыру кезінде теңеудің мынадай қолданылу ерекшеліктері ашып түсіндіріледі [5,25].

    1. Теңеу сөз ойды, құбылысты екінші біреуге жеткізуде зат пен құбылысты салыстырып көрсетеді. Мысалы: тұп-тұнық, таза шыныдай, мөп-мөлдір мол су жатты (М.Әуезов).

    1. Теңеу сөздер ойды көркемдеп, бейнелеп жеткізеді. Зат не құбылысты теңей, салыстыра айту ойдың әсерлілігін арттырады. Ойнаған әннің тізбегі жіпке тізген меруерттей тізбектеледі (С.Сейфуллин).

    2. Теңеу сөздер ойды көркемдеп, бейнелеп жеткізеді. Мысалы: Дауылпаз найзағайдай жарқылдайды. Оқтай зымырап бұлтқа енеді (М.Горький). Осы сөйлемде теңелетін дауылпаз, құстың бұрылуын, төмен-жоғары қозғалысын найзағайға, жылдамдығын оқтың жылдамдығына теңеп тұр.

    4. Теңеу сөздерді қолдануда айтушы немесе жазушының көзқарасын, сезімін білдіреді. Мысалы: "Алпамыс" жырындағы Ұлтанның жағымсыз кейіпкер екендігін оның сыртқы пішінін суреттеуде теңеу сөздерді қолданудан-ақ байқауға болады: аузы ошақтай, кеуделері кепедей, мұрындары төбедей, күрек тісі кетпендей, азу тісі пышақтай т.б. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу
    тілі стилінде сүлу дегенді іш тарта суреттегісі келсе, аузы оймақтай, көзі тостағандай, мұрны пістедей деп қолданады [6,312].

    Қорытындыда оқушыларға теңеу сөздерді өз ойларын жеткізуде қолдана білу үшін мынадай білім мен дағды берілген жөн: теңеу сөздердің жасалу жолдарын, теңеу сөздердің қолданылу ерекшеліктерін білу, өз сөйлемдерінде қолдана алу, көркем мәтіннен мәнін түсіне білу, теңеу сөз бен теңелетін сөздің байланыстылығын ажырату.

    Эпитет. Оқушылардың эпитет туралы білімі мен түсінігін арттыру үшін мынадай мысалдарды пайдалануға болады.

    1. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

    Күз болып дымқыл тұман жерді басқан (Абай).

    1. Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық (М.Әуезов).

    2. Жүзі жылы, мінезі майда жан секілді (Газет).

    Бұл мысалдардағы эпитеттердің қолданылуы туралы оқушыларға талдау жүргізу арқылы мәлімет берілгеннен кейін оқулықтардағы жаттығуларды, арнаулы тапсырманы, көркем шығарманың тілін талдауды ауызша немесе жазбаша орындатады. Жаттығуларды орындау барысында эпитет болып түрған сөздерді сөйлем ішінен ажыратып, тану арқылы оқушылар эпитет туралы мынадай қорытындыға келеді: Адамдар өз ойын жеткізуде эрекеттің, табиғаттың көркем бейнесін тыңдаушы мен оқушының көз алдына, қиялына айқын елестету мақсатымен әр түрлі көркемдік құралдар пайдаланады. Сондай құралдардың бірі-эпитет.

    Эпитет туралы оқушылар мәлімет алғаннан кейін, эпитеттердің кейбір өзіндік ерекшеліктері таныстырылады:

    1. Оқушыларға эпитеттің көркем анықтауыштық қызмет атқаратындығы түсіндіріліп, ол өзі анықтайтын сөздердің алдында түратындығы бойынша жаттықтырылады. Мысалы, Қоңыр салқын майда жел жұмсақ демалысымен жан иесін түгел сергіткендей. Маужыраған ұйқылы түн желсіз, тынық болса да, жастардың денесін жайлы тынысымен тоңазытып түр (М.Әуезов) деген сөйлемдердегі "қоңыр салқын", "майда", "жұмсақ", "маужыраған"', "ұйқылы" деген эпитет сөздер анықтайтын "жел", "түн", "тынысы" деген сөздердің алдына келіп көркемдік мән жасап тұр.

    2.Сөз шеберлері көркем әдебиетте ерекше суреттейін деген нәрсесін сипаттауда эпитеттерді үстемелеп, түйдектеп қолданады. Мысалы:

    Ел бағы үшін туған ер, Халықтың кегін қуған ер, Қасық қанын қиған ер, Шүберекке жанын түйген ер, Жасындай жауға тиген ер. (Байғанин)

    3. Эпитеттер адамның сезіміне әсер ете отырып айтушының көзқарасын да білдіреді. Мысалы, Абай "Болыс болдым, мінеки" атты өлеңінде "Мақтанып жұр барқылдап" деген эпитет сөзді қолдану арқылы болыстың ұнамсыз әрекетін жақтырмағандығын ашады. Немесе:

    Жұпар иісі бой балқытып, ойды тербер,

    Күміс шық жылтырайды маржандай-ақ (Жамбыл)

    деген сөйлемдегі эпитетті қолдану арқылы ақынның шаттық, қуаныш сезімін білуге болады.

    Қорытындыда оқушыға эпитет туралы мынадай білім мен дағды берілгегіі жөн: мәтіндерден эпитетті таба білу, эпитеттің стильдік мәнін ажырату, өздерінің сөйлемдеріне қолдану [7,12.

    Тұжырымдағанда, оқушылардың тілдің көркемдегіш құралдары туралы білім мен дағдылары көркем мәтіндердің тілін талдау, жаттығу арқылы дамытылады. Мәселен, сөздің әдеби тіл стильдеріне байланысты таңдап қолданылатындығы туралы білім мен дағды беру үшін қазақ тілін оқытуда мынадай әдістерді қолдану тиімді болып табылады.
    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Хасанұлы Б. Ана тілі – Ата мұра. –Алматы: Жазушы, 1992, -272 бет

    2. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов, -Москва: 1976, -371 стр.

    3. Локк Д. Опыт о человеческом разуме. Книга 3, Изб.фил.произвед. Т.І. гл.1,-Москва:

    1960

    4. Винер Н. Кибернетика и общества, -Москва: ИЛ, 1958

    5. Фердинанд де Соссюр. Курсы общей лингвистики. -Москва: 1977

    6. Жинкин Н.И. Психологические основы развития речи. –Москва: 1966, -312 стр.

    7. Ельмелев А. Пролегомены в теории языка. // Сб. “Новое в лингвистике”, Вып.1., -Москва: ИЛ, 1960.

    Резюме.

    В статье рассматриваются особенности развития речи учащихся, привития умений в процессе обучения казахскому языку

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті




    Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі” кафедрасы





    Тақырыбы: Қанатты сөздердің тәрбиелік мәні


    Орындаған: З.И.Ибрагимова
    Ғылыми жетекші: С.С.Абжанова

    ШЫМКЕНТ




    Жоспар



    I Кіріспе ...............................................................…………. 3
    II Негізгі бөлім:


    1. Қанатты сөздердің тәрбиелік мәні ..................................4




    1. А. Құнанбаев, Б. Момышұлының қанатты сөздері ……6


    III Қорытынды ………………………………………………..8
    IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………................ 10

    “ Биік мансап – биік жартас,

    ерінбей еңбектеп жылан да шығады,

    екпіндеп ұшып қыран да шығады”
    Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы – қасіреттері мен мұң – зары, келешектен күткен арман – тілектері айқын көрініс тапқан.

    Нақыл сөз құралдары ерте кезден қазіргі күнге дейін айтылып, таралып келеді. Қанатты сөздердің түп – төркіні тілдің даму эволюциясымен тікелей байланысты. Әрбір ұлт тілінің өсіп, қалыптасуымен бірге мақал – мәтелдер, қанатты, нақыл сөз тіркестері жетіліп отырады.

    Батыстың, шығыстың және орыстың классикалық әдебиетіндегі мұндай ұтқыр нақыл сөздерді жинап, қарастырып, оны зерттеушілер нақыл сөздердің тіптен ертеден – ақ бар екенін айтады. Ежелгі Грецияның атақты ақыны Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссеясындағы» және сол замандағы гректің белгілі дәрігері Гиппократтың тапқыр нақылдары осы кезге дейін халық арасында айтылып жүр.

    Қазақ әдебиетінің классик ақыны Абай: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, іштен біл» т.б. көптеген өсиет, нақыл сөздер айтқан.Қазақ әдебиетінде нақыл сөз қазынасына Абайдан кейінгі үлес қосушылар: М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов. Ал, мен бүгінгі мақаламда Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлының тәрбиелік мәні бар қанатты сөздері туралы сөз қозғаймын.

    Қазақ халқының қанатты нақылдарының мән – мағынасы, ішкі философиялық, эстетикалық, этикалық сыр - сипаты әр алуан. Ел аузында, жазба әдеби шығармаларда және баспасөз беттерінде мақал – мәтелдер сияқты «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіретін нақыл, қанатты сөздер көп кездеседі. Мысалы: “Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің”.

    Қанатты сөздердің тәрбиелік мәні
    Қанатты сөздер ақын – жазушылар шығармасында, ғалымдардың еңбектерінде, мемлекет басшыларының сөйлеген сөздерінде, қарапайым еңбек адамдарының өзара әңгімелерінде айтылып, ел аузында жүреді, немесе түрлі кітаптар, газеттер, журналдар және радио, теледидар хабарлары арқылы қалың бұқараға таралып келеді. Мұндай қанатты, нақыл сөздер мақал – мәтелдерге өте ұқсас. Бұлардың өзара жақындығы сонша, ішкі – сыртқы құрылысы, мазмұны жағынан бір – бірінен ажырату қиын. Кейде жеке адам айтқан немесе белгілі бір оқиғадан, құбылыстардан шыққан, тарихи дерегі бар нақыл сөздер мақал – мәтел ретінде айтылады.

    Өзара жақындастарымен бірге қанатты нақылдардың мақал – мәтелдерден айырмасы да бар. Нақыл сөздердің көбінесе белгілі өз авторлары болады.

    Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор туындылары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерінен шет жырланған емес. Оның басты айтар ойы – халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дұшпанға берік бол, жас та болсаң, елге ағалық көрсете біл, өмірден үйрен де өрге, өнерге ұмтыл дейтін ғибрат. Мұның бәрі адам, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет. [1. 13б]

    Бала тәрбиелеуде, жастарға ақыл – кеңес берерде халық барлық асыл сөз, даналық ойларын жеткіншектерге арнаған. Өз өмірінің ғасырлық тәжірибе-сінен алған бай мұра – қанатты сөздерді үлгі - өнеге ретінде беріп отырған.

    Өткір, тапқыр нақыл сөздер – тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен атқаратын ролі зор. Нақыл сөздер үгітші мен насихатшы, жұмысшы мен колхозшы, жазушы мен журналист, оқушы мен студент және өнер қызметкерлері, педагогтар үшін қажет. Бейнелі сөздер айтайын деген ойдың ажарын кіргізеді.

    Пайдалану жағынан алып қарағанда, нақыл, ұтқыр сөздерді де мақал – мәтелдер сияқты адамдар сөйлеген сөзінде, әдеби шығармаларда, ғылыми еңбектерінде, әңгіме – лекцияларында бейнелеу, суреттеу құралы есебінде жиі қолданылады. Қанатты сөздерді автор өздерінің шығармаларына үзінді, тақырып, эпиграф, фрагмент етіп алады. Нақылдар газет, журналдардағы әртүрлі жанрға тақырыпша есебінде де жүреді. Қазіргі таңда кітап сөрелерінен, газет – журнал беттерінен нақыл сөздерді көп оқимыз. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін» қанатты сөздерді бірінші бетіне цитата түрінде жазып қою сәнге айналған. Газеттің бірінші бетіне қанатты сөзді жазып қояды. Сол сөзді оқи отырып, газеттің сол санында қандай жаңалықтар бар екенін бірден білеміз. Мысалы“Алматы ақшамы” газетінің 11 санында Қадыр Мырзалиевтің “Айлықтың байлыққа бір әрпі жетпей қалған” деген нақыл сөзі жазылған. Ішін ашып қарасақ негізгі көтерілетін мәселе айлықты көбейту, жалақы, үй мәселесінің қымбаттауы туралы жазылған. Яғни бәрі ақшаға келіп тіреледі.


    А. Құнанбаев, Б. Момышұлының қанатты сөздері
    « Ар ұялар іс қылмас ақыл зерек ». Бұл егер ақыл, санасы болса, ар ұялар іс қылмас еді дегенде қолданылатын Абай сөзі. Сонымен қатар;

    « Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол »,
    « Алдыңғы толқын – ағалар,

    Артқы толқын – інілер»
    « Әрбір жаңалықтың түбі – кеніш »
    «Баяғы жартас – бір жартас »
    « Мансап биігі бір күндік,
    Мақсат биігі – мың күндік », -


    деп Абай Құанбаев айтса, Бауыржан Момышұлы:
    « Отан үшін отқа түс, күймейсің »,
    « Тірескеннің тізесін бүктір,

    Белдескеннің белін сындыр »
    « Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды »
    « Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

    Әдісіңе ақылыңды жолдас ет » [2.11б] –
    деп, жүректен жарып шыққан нақыл сөздерін халыққа осылай жеткізді. Яғни халық «Абай айтқан екен» , «Бауыржанның сөзі» деп нақыл сөздердің кімнен шыққанын айтып отырады. Әрбір нақыл сөз қандай оқиғаға байланысты шыққанын аңғартады.

    Сонымен бірге қанатты, нақыл сөздер шешендік толғау, шешендік арнау сөздер, фразалық, идиомалық тіркестердің өзара жақындықтары және өзге-шеліктері бар. Нақыл сөздер сыртқы түзілісі жағынан бір немесе бір – екі құрмалас сөйлем болып, көп мағына білдіреді. Нақыл сөз тармақтары 4 – 6 өлең жолдарынан асып кетсе, онда нақыл өлең, нақыл термеге айналып отырады. Мысалы, Абай Құнанбаевтың төмендегі нақыл сөздері айтқан сөзімізді толық дәлелдейді:
    « Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,

    Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.

    Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,

    Мың күн сынбас, бір күн сынар шөлмек ».

    Оңына айналдырап айтқанда бұл сөзде қаншама жасырғаныңмен ақыры бір күн сырың ашылып, жұртқа мәлім боласың деген мағыа жатыр.

    [2. 170б]

    « Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

    Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

    Өзімдікі дей алмай, өз малыңды,

    Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың »

    Абайдың бұл сөзі адал еңбек ету орнына сөз қуған өсекші, еріншектерге, ас ішіп – аяқ босатарларға қолданады. [2. 36б]

    Жинақтай айтқанда мақалға тән – ақыл, өсиет, қағидалық мазмұн; шешен-дік сөзге тән – тапқырлық, шешендік сөз өнері, фразалық тіркеске тән – аяқ-талған ұтымды ой, жинақылық; мәтел мен идиомаға тән – астарлы, бейнелі қасиеттердің бәрі өз авторы бар, шыққан тегі белгілі нақыл, қанатты сөздер бойына топталған.

    Ал, мақал құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбысты не бір бір сөзді қайталаушылық, сөз ұйқасымы айрықша орын алады. Мақалды бұлай етіп құру, оның мазмұнын тереңдете түсумен қатар, айтылатын негізгі ойды көркемдеп жеткізуге себепкер болады, соған көңіл аударады. «Болған іске болаттай берік бол» , « Үміт үзілмес » , « Ерлік - елдің сыны »,

    «Болған кісі болдым демес, болдым десе, болғаны емес» дегендерден дыбыс қайталаушы-лықтың, дыбыс үндестігінің үлгілерін көреміз.

    Қорытынды

    Қанатты сөздер түрлі тақырыптарда қолданылады. Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері көбінесе патриоттық тақырыпта келеді. Абай Құнанбаевтің кез-келген шығармаларын алып қарасақ ішінен үлгі-өнеге беретін қанатты сөздерді аламыз. Жазып кеткен 45-тен аса қара сөздерінің өзі тұнып тұрған қанатты сөзден құралған. Әрбір сөзі жастарға үлгі-өнеге, өсиет, ақыл береді. “Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы тиетін жайдақ су болған артық”. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы тек ел басына туған батыр ғана емес, кең тынысты суреткер де болды. Кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен асыл мұралы соның ішінде аузынан шыққан нақыл сөздері бүгінде ел аузында жатталып жүр.

    Батыр өз әлеміндегі бай өмір тәжірибесінен алған философиялық ой қорытындыларын нақыл сөз ретінде мақал – мәтелдеп келешек ұрпаққа ұсынды. Бұл нақыл сөздердің қазіргі жас ұрпақ тәрбиелеуде маңызы ерекше. Бауыржан Момышұлының бізге белгілі қырық шақты нақыл сөздері бар. Олардың тақырыптары адамгершілік, тәртіп, батырлық, ерлік, отансүйгіштік, ептілік, саналылық т. б. Философиялық терең мағынада келеді. Батыр ең алдымен тек пен арды ең жоғары сатыға қояды. Бауыржанның намыс туралы айтқан нақыл сөзінде философиялық ойлардың мәні ерекше. Батыр «Намысты нанға сатпа» дейді ұрпаққа. Ол үшін ұрпақты төмендегідей ерлікке үндейді:

    1. Жанын аяған тәніне жау




    1. Өмір үшін өлгенше күрес.




    1. Ердің Еділ тобығынан келмейді,

    Қорқақ қаққа шөгіп өледі.


    1. Тірескеннің тізесін бүктірген ер,

    Белдескеннің белін сындырған ер,

    Жағаласқанның жалын жаһаннамға тапсырған ер ,- деп оқырманды дұшпанмен тек аянбай жалаң шайқасуға үгіттейді [3.352 б]

    Ол үшін ептілікті ептілікке, қырағылықты қырағылыққа, әдісті әдіске, ал әдіске – ақылды жолдас ет дейді. Мысалы:

    1. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

    Әдісіңе қайратыңды жолдас ет.


    1. Әдіссіздік - әлсіздік,

    Ептілік те ерлік.


    1. Қырағылық өзі де көзі де батыр, - деп дәл тауып айтқан.


    Бауыржан Момышұлының әрбір нақыл сөзінде осындай үлкен пәлсапалық ой – үрдісі және терең мағына жатады. Бұл нақылдардың күн өткен сайын құны артып, ұрпақ кеудесіне жарары хақ.

    Бүгінгі таңда әрбір жас осындай ақын-жазушылардың қанатты сөздерін жазып, жаттап әр сөзінің соңында түйіндеп айтып отыратын болса нұр үстіне нұр болар еді!

    Қазақ халқының ауыз әдебиетінің бұл нәрімен сусындаған әрбір баланың адамгершілігі мол, ақылы толыққанды сонымен қатар патриоттық намысты азамат болатынына күмән келтірмейміз. Бала бойында асыл, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда халықтық өнегенің, салт – дәстүрдің маңыздылығы осында!

    Әдебиеттер тізімі:
    1.Әуелбек Қоңыратбаев « Қазақ фольклорының тарихы » Алматы « Ана

    тілі » 1991 ж
    2 Нысанбек Төреқұлов « Қанатты сөздер » Алматы 1977 ж
    3 Бауыржан батыр Алматы « Жалын » 1991 ж


    написать администратору сайта