|
газдардағы электр тогы. Саба жоспары курсы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
| Курсы:
| 1
| Тобы:
| БШ 18-9(1)
БШ 18-9(2)
| Сабақ №
(қосарланған)
|
| Мамандығы-біліктілігі:
| 0105000 «Бастауыш білім беру»
010503 3 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»
| Модуль атауы:
| Физика
| Сабақ тақырыбы:
| Газдардың электр өткізгіштігі.Тәуелді және тәуелсіз разрядтар
| Уақыты:
| 19.12.19ж
| Сабақтың ұзақтығы:
| 1,5 сағат
(90 мин)
| Сабақтың өткізілу орны:
| 302-аудитория
| Сабақтың мақсаты:
| Студенттерге газдардың электр өткізгіштігі жайлы, газдардағы элетр тогын таситын бөлшектер жайлы түсіндіру
| Сабақтың міндеті:
| Газдардың электр өткізгіштігі туралы білім қалыптастыру.Тәуелді және тәуелсіз разрядтар жайлы түсінік беру.
| Күтілетін нәтижелер:
| Газдарды өндірісте қолданғанда оның қасиетін білу,электр өткізгіштігі туралы хабардар болу
| Сабақ типі:
| Аралас сабақ
| Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық технологиялар:
| Ой қозғау, диалог, көрнекілік-демонстрациялық, танымдық ойындар, зерттеу, миға шабуыл, тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясы, көрнекілік-демонстрациялық, тірек конспекті, ой тұжырымдау
| Қажетті құрал жабдықтар мен аспаптар:
| .Интерактивті тақта, лабораториялық құралдар, плакаттар, «жұмыс дәптері», есептер жинағы.
| Қосымша әдебиеттер мен ақпарат көздері :
| Оқулықтар:
1. «Физика 10», Г.Я..Мякишев, Б.Б.Буховцев, Рауан, Алматы, 1997
2. «Физика 10» Б.Кронгарт, В.Кем, Мектеп, Алматы, 2006
Электронды оқулықтар:
1. «Физика 10 сынып», М.М.Мұхаметов, А.Е.Есжанов, Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы (БАПТО), Алматы, 2008
2. «Физика 10», Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2007
| Оқытушымен байланыс ақпараттары:
| Аты-жөні:
Турдиева Айымжан Бақытжанқызы
| Тел.:
E-mail:
|
САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ
| Сабақ барысы
| Уақыт
(минут)
| Оқытушы
іс-әрекеті
| Білім алушының
әрекеті
| Оқыту ресурстары мен материалдар
| 1
| 2
| 3
| 4
| 5
| 1. Ұйымдастыру кезеңі
| 5
| Сәлемдесу,оқушыларды журнал бойынша тексеру, кабинет тазалығын қадағалау. «Шаттық шеңберін»құру арқылы, балаларды сергітіп,бір бірлеріне деген тілектерін айтқызып, сергітіп алу.
Пазл »әдісі арқылы 3топқа бөлу Ол үшін алдын – ала кесіліп дайындалған сурет қиындылары оқушыларға таратылады . Әр оқушы өзінің қиындысы сәйкес келетін суретке қойып топқа бірігеді .
1. Джоуль тобы
2. Ленц тобы
3. Фарадей тобы
| Кабинет тазалығына назар аудару
| Оқу журналы, тақта, бор
Ғалымның қиылған суреттері
| 2. Үй тапсырмасын тексеру
| 10
| «Домино ойыны» арқылы үй тапсырмасын сұрау
| 1) үйге берілген есепті тексеру
2) жұмыс дәптерлеріндегі есептерді тексеру
|
Слайдтар
Есептер жинағы (А.П.Рымкевич)
| 3. Білім алушыларды негізгі кезеңде жүргізілетін жұмыстарға дайындау
| 5
| Бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын студенттер интерактивті тақтадағы «суреттер» арқылы анықтайды
| Тапсырмаларға мұқият назар аударады, жаңа тақырыпты анықтайды
| Интерактивті тақта
| 4. Білім алушылардың жаңа материалды түсініп және белсенді игеруге дайындық кезеңі
| 5
| Көрсетілген слайдтар арқылы газдардың электр өткізгіштігі туралы мәлімет алады.
| Назар аударады, сұрақтарға жауап береді
| Тірек-сызбалар, анимациялық файлдар
| 5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі
| 25
| 1.Газдардың қасиетін;
2. Газдардағы электр тогын тасымалдайтын бөлшектер
3.Иондану, тәуелді және тәуелсіз разрядтар
деген тақырыпшаларға жете тоқталады
| Түртіп алу стратегиясы арқылы дәптерге жазба түсіреді
| Сызбалар, фотосуреттер, слайдтар
| 6. Жаңа тақырып бойынша қалыптастырған білімін мамандық саласында қолдана білуі
|
|
|
|
| 7. Білімді жалпылау және жүйелеу
| 5
| «жұмыс дәптеріндегі»сұрақтарға жауап беру
| Өз білген деректерімен бөліседі
| Жұмыс дәптер
| 8. Жаңа білімді бекіту, білімді меңгергендігін бақылау және тексеру
| 15
|
«Ойлан. Жұптас. Талқыла» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылау.Плакатка жазылған кестелерді беремін, ішінен өтілген тақырыпқа сай сөздерді тауып, мағынасын түсіндірәп беру.
| Өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды
| Деңгейлік тапсырмалар,
плакаттар
| 9. Оқушылардың жауаптарын түзету, толықтыру
| 5
|
«Kahoot»программасымен жұмыс
| Тапсырмалардың жауабын табады, белгілейді
| Интерактивті тақтадағы тесттер
| 10. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі
| 5
| Физика, 10 сынып (Б.Кронгарт) оқулығындағы §12.3-12.4 тақырыбын қайталап оқу .(122-бет).
| Келесі сабақта сұрақтарға физикалық ұғым төңірегінде жауап береді
| Оқулық, қосымша әдебиеттер, есептер жинағы
| 11. Сабақты қорытындылау, рефлексия (кері байланыс)
| 10
| «Құмыра»
Мақсаты: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетін, бүгінгі тақырып бойынша қай деңгейде тұрғандығын анықтау.
Сабақты жақсы түсіндім-су толы құмыра
Түсіндім, есептер қиындау-жартылай су құйылған құмыра
Тақырыпты түсінбедім-бос құмыра
| Өтілген жаңа тақырып бойынша физикалық ұғымдарға тоқталу
| Слайдтар
|
Оқытушы: _____________Турдиева. А.Б. |
|
|