|
Ашық сабақ шығаратын. Саба жоспары курсы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
| Курсы:
| 1
| Тобы:
| БШ 18-9(1)
БШ 18-9(2)
| Сабақ №
(қосарланған)
|
| Мамандығы-біліктілігі:
| 0105000 «Бастауыш білім беру»
010503 3 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»
| Модуль атауы:
| Физика
| Сабақ тақырыбы:
| Газдардың электр өткізгіштігі.Тәуелді және тәуелсіз разрядтар
| Уақыты:
| 19.12.19ж
| Сабақтың ұзақтығы:
| 1,5 сағат
(90 мин)
| Сабақтың өткізілу орны:
| 302-аудитория
| Сабақтың мақсаты:
| Студенттерге газдардың электр өткізгіштігі жайлы, газдардағы элетр тогын таситын бөлшектер жайлы түсіндіру
| Сабақтың міндеті:
| Газдардың электр өткізгіштігі туралы білім қалыптастыру.Тәуелді және тәуелсіз разрядтар жайлы түсінік беру.
| Күтілетін нәтижелер:
| Газдарды өндірісте қолданғанда оның қасиетін білу,электр өткізгіштігі туралы хабардар болу
| Сабақ типі:
| Аралас сабақ
| Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық технологиялар:
| Ой қозғау, диалог, көрнекілік-демонстрациялық, танымдық ойындар, зерттеу, миға шабуыл, тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясы, көрнекілік-демонстрациялық, тірек конспекті, ой тұжырымдау
| Қажетті құрал жабдықтар мен аспаптар:
| .Интерактивті тақта, лабораториялық құралдар, плакаттар, «жұмыс дәптері», есептер жинағы.
| Қосымша әдебиеттер мен ақпарат көздері :
| Оқулықтар:
1. «Физика 10», Г.Я..Мякишев, Б.Б.Буховцев, Рауан, Алматы, 1997
2. «Физика 10» Б.Кронгарт, В.Кем, Мектеп, Алматы, 2006
Электронды оқулықтар:
1. «Физика 10 сынып», М.М.Мұхаметов, А.Е.Есжанов, Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы (БАПТО), Алматы, 2008
2. «Физика 10», Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2007
| Оқытушымен байланыс ақпараттары:
| Аты-жөні:
Турдиева Айымжан Бақытжанқызы
| Тел.:
E-mail:
|
САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ
| Сабақ барысы
| Уақыт
(минут)
| Оқытушы
іс-әрекеті
| Білім алушының
әрекеті
| Оқыту ресурстары мен материалдар
| 1
| 2
| 3
| 4
| 5
| 1. Ұйымдастыру кезеңі
| 5
| Сәлемдесу,оқушыларды журнал бойынша тексеру, кабинет тазалығын қадағалау. «Шаттық шеңберін»құру арқылы, балаларды сергітіп,бір бірлеріне деген тілектерін айтқызып, сергітіп алу.
Пазл »әдісі арқылы 3топқа бөлу Ол үшін алдын – ала кесіліп дайындалған сурет қиындылары оқушыларға таратылады . Әр оқушы өзінің қиындысы сәйкес келетін суретке қойып топқа бірігеді .
1. Джоуль тобы
2. Ленц тобы
3. Фарадей тобы
| Кабинет тазалығына назар аудару
| Оқу журналы, тақта, бор
Ғалымның қиылған суреттері
| 2. Үй тапсырмасын тексеру
| 10
| «Домино ойыны» арқылы үй тапсырмасын сұрау
| 1) үйге берілген есепті тексеру
2) жұмыс дәптерлеріндегі есептерді тексеру
|
Слайдтар
Есептер жинағы (А.П.Рымкевич)
| 3. Білім алушыларды негізгі кезеңде жүргізілетін жұмыстарға дайындау
| 5
| Бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын студенттер интерактивті тақтадағы «суреттер» арқылы анықтайды
| Тапсырмаларға мұқият назар аударады, жаңа тақырыпты анықтайды
| Интерактивті тақта
| 4. Білім алушылардың жаңа материалды түсініп және белсенді игеруге дайындық кезеңі
| 5
| Көрсетілген слайдтар арқылы газдардың электр өткізгіштігі туралы мәлімет алады.
| Назар аударады, сұрақтарға жауап береді
| Тірек-сызбалар, анимациялық файлдар
| 5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі
| 25
| 1.Газдардың қасиетін;
2. Газдардағы электр тогын тасымалдайтын бөлшектер
3.Иондану, тәуелді және тәуелсіз разрядтар
деген тақырыпшаларға жете тоқталады
| Түртіп алу стратегиясы арқылы дәптерге жазба түсіреді
| Сызбалар, фотосуреттер, слайдтар
| 6. Жаңа тақырып бойынша қалыптастырған білімін мамандық саласында қолдана білуі
|
|
|
|
| 7. Білімді жалпылау және жүйелеу
| 5
| «жұмыс дәптеріндегі»сұрақтарға жауап беру
| Өз білген деректерімен бөліседі
| Жұмыс дәптер
| 8. Жаңа білімді бекіту, білімді меңгергендігін бақылау және тексеру
| 15
|
«Ойлан. Жұптас. Талқыла» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылау.Плакатка жазылған кестелерді беремін, ішінен өтілген тақырыпқа сай сөздерді тауып, мағынасын түсіндірәп беру.
| Өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды
| Деңгейлік тапсырмалар,
плакаттар
| 9. Оқушылардың жауаптарын түзету, толықтыру
| 5
|
«Kahoot»программасымен жұмыс
| Тапсырмалардың жауабын табады, белгілейді
| Интерактивті тақтадағы тесттер
| 10. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі
| 5
| Физика, 10 сынып (Б.Кронгарт) оқулығындағы §12.3-12.4 тақырыбын қайталап оқу .(122-бет).
| Келесі сабақта сұрақтарға физикалық ұғым төңірегінде жауап береді
| Оқулық, қосымша әдебиеттер, есептер жинағы
| 11. Сабақты қорытындылау, рефлексия (кері байланыс)
| 10
| «Құмыра»
Мақсаты: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетін, бүгінгі тақырып бойынша қай деңгейде тұрғандығын анықтау.
Сабақты жақсы түсіндім-су толы құмыра
Түсіндім, есептер қиындау-жартылай су құйылған құмыра
Тақырыпты түсінбедім-бос құмыра
| Өтілген жаңа тақырып бойынша физикалық ұғымдарға тоқталу
| Слайдтар
|
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп, аудиторияның тазалығын қадағалау. Сабаққа дайындықтарын тексеріп шығу.
2. Шаттық шеңберін құру арқылы, балаларды сергітіп,бір бірлеріне деген тілектерін айтқызып алу.
3. « Пазл» әдісі арқылы 3топқа бөлу .Ол үшін алдын – ала кесіліп дайындалған сурет қиындылары оқушыларға таратылады . Әр оқушы өзінің қиындысы сәйкес келетін суретке қойып топқа бірігеді .
1. Джоуль тобы
2. Ленц тобы
3. Фарадей тобы
4. Өткен тақырып бойынша, үй жұмыстарын тексеру, бағалау.
Домино ойыны. Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады. Барлық топ өз доминоларын толтырып болған соң, басқа топтпен ауысып, бір бірін бағалайды.
Үй жұмысын толықтыру үшін жұмыс дәптеріндегі есептерді шығару.
Сергіту сәті: «Ең зейінді» оқушы.
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
3.Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Сабақтың мақсатын, міндеттерін, жоспарын хабарлау. Оқушыларға ішкі энергияның өзгеруін түсіндіру.
«4cурет 1 сөз»әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
1.Газдардағы электр тогы
2. Электр тогын тасушы бөлшектер
3. Тәуелді разрядтар
4. Тәуелсіз разрядтар
Жаңа тақырыпты баяндау
Оқытушының әрекеті: Жаңа материалды баяндау
Оқушының әрекеті: Мұғалімді мұқият тыңдап, түсініп алу.
Газдар-диэлектриктер.
Төменгі температурада (бөлме температурасы шамасында) және қалыпты атмосфералық қысымда газдар нашар өткізгіштер болып табылады. Бұның себебін былай түсіндіруге болады: газдар бейтарап атомдар немесе молекулалардан тұрады және оларда электр зарядын тасымалдаушылар (электрондар, иондар) жоқ немесе өте аз.
Газдардың иондалуы.
Дегенмен, қыздырудың рентген сәулелерінің, ультракүлгін немесе радиактивті сәуле шығарудың нәтижесінде газ молекулалары мен атомдарының иондалу процесі жүреді. Газдар өткізгішке айналады.
Рекомбинация. Газдардың иондалуымен қатар оған кері процесс, яғни электрондардың оң иондарымен бірігуі рекомбинация (бейтарап атомдардың түзілуі) жүріп жатады. Рекомбинация сыртқы факторлардың әсерінсіз жүреді, сондықтан ионизатордың әсері жойылғанда зарядталған бөлшектер рекомбинация нәтижесінде жойылады да газ диэлектрикке айналады.
|
|
|