Бөлшек ұғымын оқыту. Саба таырыбы Блшек ымын оыту
Скачать 32.04 Kb.
|
Сабақ тақырыбы: Бөлшек ұғымын оқыту Бөлшек ұғымы. Бөлшектерді салыстыру Бөлшектерді қосу және азайту Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 4-сынып математикасында «Бөлшектер» тақырыбы оқытылады. Оқушылар бөлшек ұғымымен толығырақ танысып, бөлшектерді қосу мен азайтуды, салыстыруды, дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратуды үйренеді. Бұған дейін 3-сыныпта үлес және бөлшек ұғымдарымен танысып, бөлшектерді оқу, жазу, салыстыруды үйренеді. Бүтіннің бірнеше тең бөлігінің әрқайсысы үлес деп аталады. Үлестерді жай бөлшек арқылы жаза аламыз. Бөлшектің көмегімен екі натурал санды бөлу нәтижесін көрсетуге болады. Бөлшектің бөлімі (n) бүтіннің теңдей қанша бөлікке бөлінгенін, ал бөлшектің алымы (m) осындай неше бөлік алынғанын көрсетеді. Алымы мен бөлімін бөліп тұратын сызық бөлшек сызығы деп аталады. Мысалы: Бүтін тең 4 бөлікке бөлінген, оның 3 бөлігі алынған: Бөлшектерді салыстыру: Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы кем болса, сол бөлшек кіші болады. Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі үлкен болса, сол бөлшек кіші болады. Мысал: , Бөлшектерді қосу және азайту: Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқан кезде бөлімі өзгеріссіз қалады да, алымдары бір-біріне қосылады: Кез келген a, b, c натурал сандары үшін: Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқан кезде бөлімі өзгеріссіз қалады да, алымдары бір-бірінен азайтылады. Кез келген a, b, c натурал сандары үшін мұндағы а > b: Дұрыс және бұрыс бөлшектер: Бөлімі мен алымы бірдей бөлшек 1 санына тең болады: =1; 6:6=1. Алымы бөлімінен кем болатын бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Дұрыс бөлшек әрқашан бір санынан кем болады: <1; <1. Алымы бөлімінен артық немесе тең болатын бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Бұрыс бөлшек әрқашан 1 санынан артық немесе тең болады. >1; =1; =1; >1. Натурал сан мен дұрыс бөлшектің қосындысы түрінде жазылған сан аралас сан деп аталады. Мысалы: 2+ =2 Аралас санды бүтін сан мен бөлшектің қосындысы түрінде жазуға болады. Қосу және азайту кезінде бүтін бөлікті бүтін бөлікке қосады (азайтады), бөлшекті бөлшекке қосады (азайтады). Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер Санның бөлшекпен өрнектелген қандай да бір бөлігін табу үшін осы санды бөлшектің бөліміне бөліп, алымына көбейту керек. 126-ның бөлігін табайық. 1) 126 : 6 = 21 (ү.) – бір бөлігінде. 2) 21 · 3 = 63 (ү.) – үш бөлігінде. 126 : 6 · 3 = 63 Есеп. Жол бойына отырғызу үшін 540 түп терек және бірнеше түп қараағаш көшеті әкелінді. Қараағаш – теректің бөлігі. Жол бойына отырғызу үшін барлығы қанша көшет әкелінді? Терек – 540 түп Қараағаш - ?, -сі Барлығы - ? түп Шешуі: 540 : 6 . 2 = 180 (қараағаштың саны) 540 + 180 = 720 (барлық көшет) Жауабы: барлығы 720 түп көшет Бөлігі бойынша бүтінді табуға берілген есептер Бөлшекпен өрнектелген бөлігі бойынша санды табу үшін, осы бөлікті бөлшектің алымына бөліп, бөліміне көбейту керек. Егер бөлігі 63 болса, онда бүтінді табайық. 1) 63 : 3 = 21 (а.) – бір бөлігінде 2) 21 · 6= 126 (а.) – барлығы 63 : 3 · 6 = 126 Есеп. Саябақта 12 терек бар. Бұл қарағайлардың бөлігі. Неше қарағай бар? Терек – 12 Қарағай - ?, бөлігі Шешуі: 12 : 3 = 4 4 · 5 = 20 Жауабы: 20 қарағай. |