Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ тақырыбы

  • Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары

  • Математика пәнінен оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар үшін)

  • Математика пәнінен оқу жоспарлары

  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық (оқу-әдістемелік құрал, НЗМ ДББҰ)

  • Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдар

  • Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

  • Пайдаланатын материалдар

  • Тақырып бойынша сілтемелер

  • Саба таырыбы Бастауыш сынып математикасын оытуда басшылыа алынатын жаттар. Пні


    Скачать 22.23 Kb.
    НазваниеСаба таырыбы Бастауыш сынып математикасын оытуда басшылыа алынатын жаттар. Пні
    Дата30.03.2021
    Размер22.23 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла786_9544_56635.docx
    ТипДокументы
    #189684

    • Сәлеметсіздер ме, ББ-Б-18к тобының білім алушылары?! Тақырып бойынша жаңа материалды оқып, дәптерге жазып алыңыздар, тапсырманы орындаңыздар. Тақырып соңындағы сілтемелер және оқулықтар арқылы жаңа материалды толықтырып оқи аласыздар.

    Сабақ тақырыбы: Бастауыш сынып математикасын оқытуда басшылыққа алынатын құжаттар .

    Пәні: Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі

    Күні: 29.03. 2021

    Тобы: ББ-Б-18к

    Оқытушы: Тилемисова М.Ж.

    1. Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандарты

    2. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары

    3. Математика пәнінен оқу бағдарламасы

    4. Математика пәнінен оқу жоспары

    5. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

    6. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

    7. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

    8. Сөздік жұмыс

    9. Үй тапсырмасы



    1. Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандарты

    Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген. Стандарт бастауыш білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

    Стандарт мазмұны:

    1. Жалпы ережелер. Мұнда терминдер мен анықтамалар, стандартты қолдану бағыттары көрсетілген.

    2. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар. Мұнда бастауыш білім беру мазмұнында болуы тиіс құндылықтар, кең ауқымды дағдылар, бастауыш білім берудегі үштілділік, «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» блім беру салаларына енетін пәндер беріледі.

    3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар. Мұнда оқушылардың апталық сағат жүктемелері, олардың денсаулығының қауіпсіздігін нығайту шаралары көрсетіледі.

    4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Мұнда әрбір білім саласы бойынша оқушылардан күтілетін нәтижелер айқындалған.

    5. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар. Мұнда әр сыныптағы оқу жылының ұзақтығы (апта санымен), каникулдар саны белгіленеді.

    1. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары

    Мұнда білім салалары мен оқу пәндері бойынша апталық сағат саны мен жалпы сағат саны саны әрбір сынып үшін белгіленеді.

    1. Математика пәнінен оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар үшін)

    1-тарау. Жалпы ережелер: «Математика» оқу курсының негізгі мақсаты, оқу пәнінің міндеттері

    2-тарау. Математика пәнінің мазмұнын ұйымдастыру: оқу жүктемесінің көлемі, әр сынып бойынша пәннің базалық мазмұны

    3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі: сыныптар бойынша оқу мақсаттары, ұзақ мерзімді жоспар

    1. Математика пәнінен оқу жоспарлары

    Математика пәнінен оқу жоспарлары әр сынып үшін жеке жасалған. Оның мазмұнында ұзақ мерзімді жоспар, тілдік мақсаттар туралы мәліметтер, орта мерзімді жоспар беріледі.

    1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық (оқу-әдістемелік құрал, НЗМ ДББҰ)

    • Критериалды бағалау қағидаттары

    • Критериалды бағалаудың мазмұны

    • Критериалды бағалаудың құрылымы

    • Білім алушы портфолиосы

    • Баға қою механизмі

    1. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдар

    Математикадан жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар әр сыныпқа жеке ұсынылады. Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге білім алушыларға «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

    1. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

    Бұл жинақтарда пән бойынша бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

    8.СӨЗДІК ЖҰМЫС:

    Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты – Государственный общеобязательный стандарт начального образования – State Compulsory Standard of education

    Оқу бағдарламасы – учебная программа – subject programm

    Оқу жоспары – учебный план – subject plan

    Критериалды бағалау – критериальное оценивание – Criteria-basedassesment

    Сабақты жоспарлау – Планирование урока – Lessonplanning

    Пайдаланатын материалдар:

    1. Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандарты

    2. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары

    3. Математика пәнінен оқу бағдарламасы

    4. Математика пәнінен оқу жоспары

    5. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

    6. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

    7. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



    Тақырып бойынша сілтемелер:

      1. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669

      2. http://smk.edu.kz/Course/Type/30/1002?redirectto=1002

      3. http://smk.edu.kz/Course/Type/32/1062?redirectto=1062

    Төмендегі тапсырмаларды үйде орындаңыздар:

    ТАПСЫРМА:

    1 тапсырма

    Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандартының 2-тарауында көрсетілген бастауыш білім беру мазмұнындағы базалық құндылықтарды математика сабағында қандай жолдармен жүзеге асыруға болатынын өз ойыңмен түсіндіріп жаз.

    2 тапсырма

    Математика пәніндегі «Қозғалысқа берілген есептер» тақырыбы бойынша оқу бағдарламасында, оқу жоспарында берілген барлық оқу мақсаттарын тауып жаз.

    Тапсырмаларды қолмен орындап, фото түрінде Ms Word бағдарламасына салып, жіберуге болады.


    написать администратору сайта