Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз елге – дені сау ұрпақ Мектеп: 273

  • Өтілетін орны: акт зал Уақыты: 12.30 Сабақтың мақсаты

  • Сабақ барысы Сабақтың кезеңдері Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

  • Біз бақытты баламыз,Тәуелсіз елдің ұланы.Мәңгі жасап, гүлденеміз,Ұлы елдің қыраны. (

  • 1 тапсырма. Үй тапсырмасы №2 тапсырма

  • I= m : h

  • Дене массасы индексі Адамның массасы мен бойының сәйкестігі

  • тауелсиз елге дени сау урпак-2019-5сынып2. Саба таырыбы Туелсіз елге дені сау рпа


    Скачать 0.68 Mb.
    НазваниеСаба таырыбы Туелсіз елге дені сау рпа
    Дата26.12.2019
    Размер0.68 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлатауелсиз елге дени сау урпак-2019-5сынып2.doc
    ТипДокументы
    #102240
    страница1 из 2
      1   2

    Бекітемін

    Оқу – ісі жөніндегі орынбасары ___________________

    Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз елге – дені сау ұрпақ

    Мектеп: 273

    Күні: 4.12.2019ж.

    Мұғалімнің аты-жөні: Байдилдаева Г. Н.

    Сынып: 5 сынып

    Өтілетін орны: акт зал

    Уақыты: 12.30

    Сабақтың мақсаты

    Оқушылар түрлі тапсырмалар орындай отырып, білімдерін қайталайды. Логикалық ойлау қабілеттері артады, денсаулықты сақтау туралы түсініктері толығады.

    Жетістік критерийлері

    Оқушылар білімдерін қайталайды;

    шапшаң және логикалық ойлауға дағдыланады,

    денсаулық күту түсініктері толығады.

    Құндылықтарды дамыту

    Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу

    Сабақ барысы

    Сабақтың кезеңдері

    Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

    Оқыту ресурстары

    Басы

    5 минут

    І. Ұйымдастыру

    1. Сәлемдесу. Топқа бөлу тақырып ашу

    2. Мақсатын айту, кезеңдерімен таныстыру.

    Кезеңдері:

    1. Бақыт – дегеніміз денсаулық

    2. Ас – адам арқауы

    3. Спорт – денсаулық жемісі

    4. Логика

    5. Бұл кім?

    3. Психологиялық ахуал

    Біз бақытты баламыз,
    Тәуелсіз елдің ұланы.
    Мәңгі жасап, гүлденеміз,
    Ұлы елдің қыраны. (
    хормен оқу)

    «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»- деп Ш.Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оны ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтереді»-деп Қ.Сәтбаев айтып кеткендей болашақ тек білімді жастар екені даусыз.




    слайд


    ІІ. Негізгі бөлім

    Керемет біздің оқушылар!

    Нақты ғылымдарға қызығушылар.

    Естігенін есте тұтып,

    Оқығанын миға тоқушылар.
    Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

    Арасында ойын ойнап жарысамыз.

    Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

    Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
    Миға шабуыл

    • Экранға назар аударайық

    1. Артығын тап



    Неліктен чипсы зиянды?

    1. Артығын тап




    1. Ортақ не?



    Математика және денсаулық, дәрумендер қанша керектігін есептеу.


    1. Суреттердің қандай байланысы бар?



    , , ,

    1-кезең. Бақыт дегеніміз- денсаулық. Осы бақытымызды қадірлеу үшін күтіну, тазалық сақтау, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын жас ұрпақ бүгіннен денсаулық мәселесіне жіті көңіл аударса, келешегіміз жарқын болары сөзсіз. Денсаулығы нашар адамның көңіл-күйі болмайды, ешқандай жұмысқа жарамсыз болады, табыс тауып қоғамға пайдасын тигізбейді.

    1 тапсырма. Үй тапсырмасы

    2 тапсырма. Қалыпты адамның дене-бітімі 25 жасқа келгенше жетіледі. Оның бойы өсіп қана қоймай, салмағы да бойымен сәйкес келуі керек.
    Дене массасының индексі, ДМИ (ағылш. body mass index (BMI)) — адамның салмағы мен бойының сәйкестік дәрежесін анықтауға көмектесетін шама. Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Емделуге қажеттілікті анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.

    Дене массасы индексі келесі формула бойынша анықталады:

    I= m : h2

    мұндағы:

    • m — дене массасы, килограмм

    • h — дене бойы, метр

    және кг/м² бойынша өлшенеді.

    Мысалы, адам массасы = 85 кг, бойы = 164 см. Яғни, бұл жағдайда дене массасының индексі:

    ДМИ = 85 : (1,64x1,64) = 31,6

    Дене массасының көрсеткіші бельгиялық социолог, әрі статистик Адольф Кетеле тарапынан 1869 жылы дамытылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген кеңестеріне сәйкес ДМИ көрсеткіштерінің келесідей интерпритациясы келтіріледі 

    Дене массасы индексі

    Адамның массасы мен бойының сәйкестігі
      1   2


    написать администратору сайта