№29.ЗТЖ. Сабаты таырыбы 29. Зтж. Денатурация жне ауыздарды тсті реакциялары Реактивтер
Скачать 18.11 Kb.
|
Сабақтың тақырыбы: №29.ЗТЖ.Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары Реактивтер: жұмыртқаның ақуызы, су, натрий гидроксиді, мыс (II) сульфаты ерітінділері, азот, күкірт қышқылдарының концентрлі ерітінділері, спирт, формалин ерітіндісі, сүт, сірке қышқылының концентрлі ерітіндісі. Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар: сынауықтар, сынауықтарға арналған тұрғы, стақан, шымшуыр, спиртшам, сүзгі қағаз. Қауіпсіздік техникасы ережесі. Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеу ережесін сақтау. Жұмыс барысы Нәруыз денатурациясы 1-тәжірибе. Нәруызға спирт пен формалиннің әсері Екі сынауыққа 2 мл-ден жұмыртқаның ақуызын құйып, біріншісіне 2 мл спирт, екіншісіне 2 мл формалиннің ерітіндісін қосыңдар. Химиялық реакцияның қандай белгілері байқалады? Сұрақтар мен тапсырмалар Формалиннің әсерінен нәруыз қандай өзгеріске ұшырайды? Тәжірибе формальдегидтің қандай қасиетін көрсетеді? Бұл реакция тұрмыста қайда қолданылады? Спирттің әсерінен нәруыз қандай өзгеріске ұшырайды? 2-тәжірибе. Казеин нәруызын тұнбаға түсіру Стақанға 5 мл сүт, 10 мл дистилденген су және 2 мл концентрлі сірке қышқылын қосыңдар. Не байқадыңдар? Тұнбаны сүзіп, оны суда ерітіп көріңдер. Ери ме? 3-тәжірибе. Ауыр металл тұздарымен нәруызды тұнбаға түсіру Екі сынауыққа көлемі 1 мл жұмыртқаның ақуызын құйыңдар. Біріншісіне бір тамшы мыс (II) сульфатын, екіншісіне бір тамшы қорғасын ацетатын қосыңдар. Не байқадыңдар? Тұнбаларды суда ерітіп көріңдер. Сұрақтар мен тапсырмалар Нәруыздың ауыр металл тұздарымен әрекеттесуі қандай функционалдық топтарды анықтайды? Нәруыздың ауыр металл тұздарымен әрекеттесу реакция теңдеулерін құрастырыңдар. 4-тәжірибе. Қыздырудың нәруызға ісері Сынауыққа 2 мл нәруыз ерітіндісін құйып, спиртшамның жалынында қыздырыңдар. Сынауық салқындаған соң, түзілген тұнбаға 5-7 мл су қосыңдар. Не байқадыңдар? Нәруыз суда ери ме? Процесс қайтымды ма? Сұрақтар мен тапсырмалар Қыздырғанда нәруыздың құрылымы өзгере ме? Нәруыздың ұюы қалай аталады ? Ұйыған нәруыз неге суда ерімейді? Нәруыздың түсті реакциялары А. Биурет реакциясы Сынауыққа 2-3 мл нәруыз ерітіндісін құйып, оған натрий гидроксиді мен мыс (II) сульфатының ерітіндісін қосыңдар. Не байқадыңдар? Сұрақтар мен тапсырмалар Биурет реакциясының сызбасын жазыңдар. Бұл реакцияның көмегімен нәруыздың қандай құрылымдық фрагменттерін анықтауға болады? Ә. Ксантопротеин реакциясы.Сынауыққа 2-3 мл нәруыз ерітіндісін құйып, оған 0,5-1 мл концентрлі азот қышқылын абайлап қосыңдар. Сынауықты 2-3 мин қыздырыңдар. Не байқадыңдар? Сұрақтар мен тапсырмалар Бұл реакцияның көмегімен қандай аминқышқылдарын анықтауға болады? Тиісті аминқышқылы мен азот қышқылының реакциясын жазыңдар. Бұл реакцияны нәруыздың сапалық реакциясы деуге бола ма? Жіберілген сілтеме бойынша, ондағы видеомен танысамыз. 1.https://www.youtube.com/watch?v=XY60mqS_Um8 2. https://www.youtube.com/watch?v=fU6wSs3Ep48 https://www.youtube.com/watch?v=Dq5mDJXFVc4 https://www.youtube.com/watch?v=dz_uR7j_83o Берілген зертханалық-тәжірибелік жұмыспен танысамыз. Берілген зертханалық-тәжірибелік жұмысты дәптерлеріңе жазамыз Берілген жұмыстағы тапсырманы орындаймыз. Тиісті реакция теңдеулерін, қорытынды жазыңдар. |