Практикалық сабақ.Қатемен жұмыс. Ауызша сөйлеу мазмұнына қойыла. Сабаты таырыбы атемен жмыс. Ауызша сйлеу мазмнына ойылатын талаптар. Сабаты масаты
Скачать 28.93 Kb.
|
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Ауызша сөйлеу мазмұнына қойылатын талаптар. Сабақтың мақсаты: Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателерді көрсетіп, болдырмау жолдарын қарастыру. Бір-бірімен қарым-қатынас барысында адамдардың тілінде көптеген қателерді кездестіруге болады. Тілдерінде икемсіз, дұрыс құрылмаған сөйлемдер, бір –бірімен байланыспайтын ұғымдар кездеседі.Белгілі бір ұғымды аша алмайтын сөздер пайдаланады. Сондықтан айтылмақшы пікір түсініксіз шығады. Бұл олардың орфоэпиялық, орфографиялық, граматикалық нормаларыды білу қатар стилистикалық талаптарды сақтамайтындығын аңғартады. 1.Фонетикалық қате. Мұндай қателер адамдардың ауызекі сөйлеу барысында көптеп ұшырасады. а) Сөздегі кейбір дыбысты алмастырып қолдану. Мысалы, бітірді-пітірді, жүз- дүз, ұқсап-құсап т.б. ә) Сөздегі кейбір дыбыстарды түсіріп қолдану. Мысалы, алыпты- апты, қалыпты-қапты, атағанбыз-атағамыз, көргенбіз- көргеміз т.б. а) Кейбір екі сөзден тұратын тіркестердегі бірінші сөздің соңындағы дыбыстарды түсіріп, қысқартып, екі сөзді біріктіріп қолдану. Мысалы, барған соң - барғасын, келген соң – келгесін, алып барды - апарды, алып келді - әкелді т.б. б)Кейбір сөздерге артық дыбыстар қосып қолдану. Мысалы, тағы - тағын, барасыз - барасыңыз т.б. 2. Лексикалық қате. Адамдардың тілінде ең көп кездесетін қателердің бірі-лексикалық қате. Оның мына сияқты түрлері кездеседі. а) Бір сөзді қайталап қолдана беру. Мысалы, Динара ерте тұрды. Динара дене қимылдарын жасап, беті- қолын жуды. Динара тамақтанып, мектепке кетті.Мұндай қателерді адам мына себептерден жіберетіндігі байқалады.біріншіден, оның ой-өрісі тар, екіншіден, сөздік қоры тапшы, сол қолданылатын сөздердің синонимімен немесе басқа сөздермен ауыстырып қолдануға дағдыланбаған. ә) Сөздің беретін мағынасын түсінбегендіктен орынды қолданбайды.Мысалы,Махамбеттің Исатай мақты жолдасы болды. Бұл сөйлемдегі «мықты» деген сөзді ауыс мағынада қолданғысы келгенмен, бұл сөйлемде ойды тиімді де көркем беруді септігін тигізіп тұрған жоқ. б) Кейде адамдар тілінде жергілікті диалект сөздер қолданады. Мысалы, Ер Төстік сосын жер астына түсіп кетті. Азанда ауқатын ішіп, мектепке кетті. в) Ойға қатыссыз артық немесе даяр «штамп» сөздерді пайдалану. Мысалы: 1. Бала атасымен жолға шықты. 2. Содан соң бала сынған тағаны көрді. 3. Сөйтіп оны алмады. Кейбір адамдар ауызекі сөздерін де ғана емес, жазба жұмыстарында да басқа тілден енген сөздерді қалай болса солай қолданатындығы байқалады. Әсіресе, орыс тілінен енген сөздердің аудармасы бола тұра, орынсыз, бей-берекет қолдана береді. Мысалы, дежурный болдым, остановкада тұр, светті жақ т.б. 3. Морфологиялық қате. Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі.Адамдардың ауызекі сөздері мен жазба жұмыстарында оның мынадай түрлері кездеседі: ә) Кейбір септік жалғауларынан мағыналық реңдерін түсінбей ауыстырып қолдана береді. Мысалы: Абай жас кезінде молдаға оқыды. б) Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау немесе көптік жалғаудың көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданады. Мысалы: Егістіктерде малдар жайылып жүр. Биылғы көктемде жауындар көп болды. в) Сөз таптарының жұрнақтарын сөйлем мен сөйлемді байланыстыру мақсатында немесе негізгі сөздер мен көмекші сөздерді пайдалануда қатар қолданып, ойды түсінуді қиындатады. Мысалы, Төстік жоғалып кеткен ағаларын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шықты. Мұнда етістіктің қосымша түрінің жұрнағын қайталау үсті-үстіне қолдану жай сөйлемдерді тиянақсыз айтайын деген ойын түсінуді қиындатады. Сөздік Тілдеріне икемсіз дұрыс құрылмаған сөйлемдер - Негибкие, неправильно построенные предложения в языке ауызекі сөйлеу- разговорный речь байланыспайтын ұғымдар- несвязанные понятия айтылмақшы пікір түсініксіз шығады- высказанное мнение выходит неоднозначным артық дыбыстар қосып қолдану- использование с добавлением лишних звуков Ойға қатыссыз артық немесе даяр сөздер- Лишние или готовые слова, не связанные с мыслью Сөздің беретін мағынасын түсінбегендіктен- Из-за непонимания значения, которое дает слово Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау- Присоединение множественного числа к словам с некоторым значением множественного числа көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданады- использует, не зная особенностей придания тона, кроме значения множественного числа 1.Тапсырма.Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз. Терең (өзен, білім, ой); қатты (сөз, құрт); қара (көйлек, жұмыс, су, өлең, ниет); жұмсақ (адам, мінез, орындық). Тура мағыналы сөз Ауыспалы мағыналы сөз Терең өзен Терең білім 2.Тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп, тура және ауыспалы мағыналы сөздердің астын сыз. Қанат – құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесі, алдымен қанат ақ орданы тігуге кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік. 3.Тапсырма.Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданған. 1.Маржан ауыр жүк көтерді. 2.Ол – тобымыздағы мінезі ауыр баланың бірі. 3.Дастарқанға ыстық тамақ келді. 4.Қуаныштан оның бойын ыстық сезім биледі. 4.Тапсырма.«Қол» деген сөзді бірде тура мағынада, бірде ауыспалымағынада қолданып екі сөйлем жаз. 5.Тапсырма.Төмендегі берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру. Жұлдыз. Күн. Асем. Қымбат. Қыздар. 2.Мына омоним сөздерді төменде берілген үлгі бойынша жаз. От. Ат. Ақ. Үлгі: От – зат есім (от отынға тоймайды). От – сын есім, шөбі мол жер деген мағынада (қойлар от жерге келіп тоқтады). 6.Тапсырма.Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын жаз. Санын соғып қалу – Ит өлген жер – Аузына құм құйылды – Көзді ашып-жұмғанша – Екі аяғын бір етікке тықты – Жегенін желкесінен шығарды – Ескі жараның аузын ашу – Қой аузына шөп алмас – Зәресі кету – Сөзіне құлақ аспау – Он саусағынан өнер тамған – Ит терісін басына қаптау – Үріп ауызға салғандай – Төбеге жай түскендей – Су жүрек – Ала көзімен атты – Арқасы мұздап қоя берді – Дәм-тұзы жараспады – Ереуіл атқа ер салу – Иненің көзінен өткендей – 7.Тапсырма. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты ә әрпі бар бірнеше сөз теріп, оларды қатыстыра отырып сөйлем құрастырыңыздар. 8.Тапсырма. Төмендегі сөздердің екінші буынында ұ, ү, ө дыбыстары айтылғанымен, олардың жазылмау себебін түсіндіріңіздер. Жұдырық, жауын, жұлын, құлын, құрық, бөрене, дөңгелек, түлкі, бұғы, жауырын, қауын, ғұмыр, домбыра, дүкен, дүние, жұлдыз, жұмыс, көбік, көгершін, көжек, көде, қоңырау, мүйіз, мойын, мұқият, мұхит, өлең, өрік, өсек, самауыр, соғым, суыр, төсеніш. Ауызша сөйлеу мазмұнына қойылатын талаптар. Академиялық шешендік сөзге жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндамалар,ғылыми хабарламалар,шолулар,ғылыми-көпшілік дәрістер жатады.Тыңдаушылармен бетпе-бет отырып сөйлеу шешеннің ерекше қырағылығын талап етеді.Шешен мен аудиторияның арасында біртұтастық,тікелей байланыс болады. Ауызша сөздің монологтік түрлерінің ішінен мыналар жиі кездеседі: Дәріс – материалды белгілі мақсатқа сай баяндау (мысалы, банк салымдарының түрлері туралы дәріс). Хабарлама – (ақпараттау) – тыңдаушыларға әр түрлі оқиғалар, жағдаяттар туралы жедел ақпарат беру, аудиторияға басқа деректерден белгілі ақпараттарға түсініктеме беру, мекемеде жедел жиындар өткізу, т.б. Әңгімелесу – бірнеше оқиға мен фактіні білдіретін хабарламадан айырмашылығы – бір фактіні не оқиғаны баяндайды. Әңгіменің тұлғалық сипаты оны қызықты етіп, эмоциялық тартымдылық береді.(Мысалы, экскурсия жүргізушінің мұражайдағы суреттің жазылу туралы әңгімесі). Шолу – аудиторияға бір тақырыпқа жататын бірнеше факті мен оқиғаны біртіндеп, егжей тегжейлі түсіндіріп, шолу жасау. Баяндама – адамдарға толық, жан жақты ақпарат берудің кең тараған түрі, белгілі бір міндеттерді тұжырымдауға (фирма басшысының жарты жылдық жұмыс қорытындысы туралы баяндамасы) арналады. Презентация — өзіне, фирмаға, идеяға, тауарға, қызметке, жобаға, т.б.көңіл аудару үшін, бір нәрсеге сендіру үшін айтылатын сөздер. Аудиторияны өзіне бағындыру,ықыласына бөлену-үлкен өнер. Академиялық шешендіктің басты ерекшелігі-шешендік сөздің ғылыми,танымдық негіздерінің мықты болуы,деректік мағлұматтардың дәлдігі,пайымдама,тұжырымдардың обьективтілігі,түйіндеулердің дәйектілігі.Академиялық шешендікте дәріскер мен аудиторияның жиі кездесуі,қарым-қатынасының біршама тұрақтылығы да оның өзіндік ерекшелігі болып табылады. «Сөз шешендік қисынға,ой-пікір жүйелілігіне,ұғымдар үйлесіміне негізделуі тиіс»,-деген әл-Фараби тұжырымы осы академиялық шешендікке сәйкес келеді.Академиялық шешендікте формалдық пен әсіребоямалыққа орын жоқ.Шешеннен психологиялық мәдениет талап етіледі. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді Айтылуы Жазылуы Жақыппек Жақыпбек Көрікпай Көрікбай көк пауыр көк бауыр көк күл көк гүл қаш жау қас жау 2. Түбір «ш» дыбысына аяқталып, қосымша «с» дыбысынан басталса, ол «ш» болып айтылады, «с» - мен жазылады. Мысалы, Айтылуы Жазылуы ашша ашса ішше ішсе шашша шашса өшшің өшсің 3. Сөз дауыстыға, ұяңға, үндіге аяқталып, оған жалғанатын қосымша қатаң «қ,к» дыбыстарынан басталса, ол ұяң «ғ, г» дыбыстарына айналып естіледі, жазуда сөздің түбірі сақталады. Мысалы, Айтылуы Жазылуы малғора мал қора алағол ала қол қара гөк қара көк ала гөз ала көз Кейінді ықпал деп түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы іргелес дыбыстардың соңғысы алдыңғысына әсер етіп өзгертуін айтамыз. Қазақ тілінде қолданылатын кейінді ықпал бойынша да бірсыпыра дыбыстар өзгеріп естіледі. 1. Түбір «н» дыбысына аяқталып, қосымша «б, п» дыбыстарынан басталса, онда «н» дыбысы «м» дыбысымен алмасып айтылады да, «н» әріпімен жазылады. Мысалы, Айтылуы Жазылуы Жамбай Жанбай Жампейіс Жанпейіс Егімбай Егінбай Тоғамбек Тоғанбек 2. Алғашқы морфема «з» дыбысына аяқталып, екінші морфема «с»дыбысынан басталса, «з» дыбысы «с» -мен алмасады. Мысалы, Айтылуы Жазылуы көссіз көзсіз қасса қазса бессе безсе жассын жазсын 1.Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыздар. Әлем бейнесі, тірек ұғымдар, ұлттық мінез, ойлауерекшеліктері, әлемнің ұлттық бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі, әлем моделі, когнитивтік модель, әлемнің концептуалды бейнесі, жад, елестету, дүниетаным, шоғырланған, ұғым, ұлттық лексика. 2. Берілген сөздердің синоним, антонимдерін беріңіздер.
3.Мәтіннің негізгі мазмұны мен өзектілігін анықтаңыздар. Төменде берілген кестені толтырыңыздар.
4.Төмендегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап, бағанға бөліп жазыңыздар. І. Көк(найза), сары(жілік), құм(бетеге), бет(орамал), қой(жусан), ақ(қайың), ит(бүлдірген), сары(аяз), бал(қарағай), кіндік(бау), әлде(сиыр), ағаш(төсек), қара(торғай), ақ(қоян), қара(бидай), мүйіз(жапырақ), әр(кім), күрке(тауық), алып(сатар), қос(аяқ), кіндік(бала), қырық(аяқ), бір(жолата), үш(бұрыш), кей(адам), бас(жүлде), бір(жұмыс), шаш(кептіргіш), шолақ(қол), еш(уақытта), мүйіз(төсек). ІІ. Бір(қыдыру), әр(қашан), жол(азық), кіндік(кесер), ағаш(күрек), темір(жол), бас(сүйек), бір(талай), фото(үлкейткіш), бас(жіп), ағаш(балға), шаш(бау), ағаш(ат), темір(қазық), ағаш(тілгіш), үш(аяқ), ақ(жауын), ақ(тілек), темір(күрек), сары(жұлдыз), еш(қандай), үш(жақты), кіндік(шеше), шолақ(жең), электр(қозғалтқыш), мүйіз(дәрі), шаш(тарақ), авто(реферат), үш(таған), тіс(ағаш). 5.Жақша ішіндегі шылау мен қосымшаларды өзара ажыратып, мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыздар. І. Бейбіт ел(де) береке бар. Туған жердің ауасы(да) шипа. Басшысыз ел(де) береке болмас. Есің бар(да) елің тап, есер болмай, етек жап. Естімеген ел(де) көп. Қалыптан шықсаң(да), халықтан шықпа. Көзсіз күнелтсең(де), көпсіз күнелте алмайсың. Біз(де) кісі болармыз, атқа кісен салармыз. Дүние(де) тас қатты, тастан(да) бас қатты. Темір сырын от(та) танытады, адам сырын жоқ(та) танытады. Жақсының басына іс түссе, ашынар(да) ашылар. Жаманның басына іс түссе, бір тулар(да) басылар. Жаман(да) болса аман болсын. Көшкен жұрттың қадірі қонған(да) өтер, ер жігіттің қадірі өлген(де) өтер. Үй(де) оңбаған түз(де)(де) оңбайды. Жақсы(да) жаттық жоқ, жаман(да) жақындық жоқ. 6. Төмендегі сөздерге барыс септік жалғауын қосып, дұрыс жалғануын есте сақтаңыздар. І. Акварель, коллоквиум, диск, актив, заряд, гастроль, дифирамб, гонг, алкалоид, грамм, коттедж, гладиолус, дефольт, инфаркт, аллерголог, колледж, алоэ, аммоний, антибиотик, антрополог, викинг, апартеид, дивиденд, журналист, инстинкт, артикль, археолог, дифтонг, астероид, контакт, аффикс, бактериолог, бенефис, бифштекс, бокс, бромид, диалект, актер, имидж, киоск, консерв, консонанс, конспект, конфликт, коряк. |