Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты: Білім, білік, дағдыны меңгерту, қалыптастыру;Мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;Оқушылардың барлығын табысты оқыту.Ерекшелігі

  • Әдістемелік ерекшелігі

  • Бекіту сұрақтары: 1. С.Н.Лысенкованың түсіндіре басқарып, оза оқыту технологиясы нені көздейді

  • 3. Ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді дегенді қалай түсінесіз Жаңашыл педагог неге осыны қайталай береді

  • Тапсырма

  • Методика. Сабаты таырыбы С. Н. Лысенкованы тсіндіре басарып оза оыту технологиясы


    Скачать 16.02 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы С. Н. Лысенкованы тсіндіре басарып оза оыту технологиясы
    АнкорМетодика
    Дата09.04.2023
    Размер16.02 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаf60a76caa95c040.docx
    ТипДокументы
    #1047278

    Сабақтың тақырыбы: С.Н.Лысенкованың түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы

    Софья Николаевна Лысенкова-Ресей Мәскеу мектебінің

    жаңашыл педагогы. 1924 жылы өмірге келіп, 2012 жылы өмірден өтті. Тірек сигналдары арқылы оқытудың алтыншы тізбегі осы С.Н. Лысенкованың «Оза оқыту технологиясы». Жаңашыл педагог В.Ф.Шаталов екеуі Мәскеуде бір мектепте қызмет жасаған.

    Қазіргі мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Олар мыналар: Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту т.б.

    С.Н. Лысенкова «Оза оқыту технологиясы».

    Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.

    Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.

    Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.

    Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.
    С.Н.Лысенкованың технологиясы тірек сигналдарын пайдалана отырып, перспективалық-жеделдете оқытудың

    Мақсаты:

    Білім, білік, дағдыны меңгерту, қалыптастыру;

    Мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;

    Оқушылардың барлығын табысты оқыту.

    Ерекшелігі:

    С.Н.Лысенкованыңоза оқыту технологиясы қиын материалды әр сабақта үзік-үзік түрде беру арқылы меңгертуді мақсат етеді. Бір оқушы берілген тапсырманы қалай орындайтынын дауыстап айтып отырып жасайды. Қалғандары да осы тапсырманы тыңдап отырып, орындайды.Тапсырманы бұлай орындату нашар оқитын оқушыға қиындық тудырмайды деп есептеледі.Оқушылар арасында:

    педагогикалық ынтымақтастық;

    тұлғалық қарым-қатынас;

    оқу материалының мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;

    материалдардың сабақтастығы;

    саралау,әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;

    білетін оқушы арқылы , білмейтін оқушыны оқыту;

    түсінбегенді қайта түсіндіру.

    табыс – баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты;

    сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек);

    қателікті ескерту, оқушыны жазғырмау;

    бірте-бірте толық дербестікке жету;

    Әдістемелік ерекшелігі:

    Болашақ білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала енгізу;

    жаңа ұғым, түсінікті нақтылау, қолдану;

    оқу әрекеті мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту;

    үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік жұмыс орындау үшін, тиімділігіне қарай беріледі;

    ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;

    ата-аналардың өзара әрекет жасауы;

    оқу жылдарының аралық байланысы;

    мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі;

    Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін, оза оқыту әдісін қолданады:

    қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;

    сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;

    1-сыныпта үйге тапсырма берілмейді;

    үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана беріледі;

    ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді;

    баланы жинақылыққа баулу.

    Бекіту сұрақтары:


    1. С.Н.Лысенкованың түсіндіре басқарып, оза оқыту технологиясы нені көздейді?


    2. Оның жаңашылдығы неге негізделген? Ол Шаталов технологиясын қалай дамытады?


    3. Ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді дегенді қалай түсінесіз? Жаңашыл педагог неге осыны қайталай береді?
    3. С.Н.Лысенкованың жаңашылдығы жөнінде өз біліміңізді толықтырыңыз.

    Тапсырма: 1. Берілген дәрісті түсініп, мұқият оқыңыз.

    2. Ы. Алтынсариннің «Салақтық» әңгімесін түсініп оқыңыз. С.Н.Лысенкованың түсіндіре басқарып, оза оқыту технологиясына 4 студент бірігіп салыңыз.


    написать администратору сайта