Главная страница
Навигация по странице:

  • 10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция» Бөлім

  • Барлық оқушылар үшін

  • (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп

  • 2. Тапсырма

  • «Еркін микрофон» әдісі.

  • Тиімділігі

  • ксп 7 класс. 7 сын 2 сабак. Сабаты таырыбы Сйылтылан ышылдарды металдармен рекеттесуі. 9 зертханалы тжірибе Мырышты сйылтылан тз ышылымен рекеттесуі


    Скачать 325.87 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Сйылтылан ышылдарды металдармен рекеттесуі. 9 зертханалы тжірибе Мырышты сйылтылан тз ышылымен рекеттесуі
    Анкорксп 7 класс
    Дата20.01.2023
    Размер325.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7 сын 2 сабак.docx
    ТипДокументы
    #895579

    Сабақтың тақырыбы: Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

    9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі».

    10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция»

    Бөлім:

    7.3АХимиялық реакциялар

    Педагогтің аты-жөні:

    Мұратқызы Арна

    Күні:

    20.01.2023

    Сыныбы: 7

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

    №9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі». №10 зертханалық тәжірибе

    «Сутекке сапалық реакция»

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

    7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар үшін:

    Қышқылдарды бейтараптау реакциясын анықтайды.

    Көпшілік оқушылар үшін:

    Сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдар және карбонаттармен әрекеттесуін сипаттайды

    Кейбір оқушылар үшін:

    Сутек пен көмірқышқыл газдарының сапалық реакциясын білеміз және оны жүзеге асырады

    Құндылықтарға баулу:

    «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту.

    7 мин.

    (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

    2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады

    3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


    Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

    1 топ: Кітап

    2 топ: Дәптер

    3 топ: Қаламсап


    Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

    Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

    Оқулық, жұмыс дәптері

    Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
    (Қазіргі жағдайда) ДК экраны

    Жаңа сабаққа кіріспе




    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

    Өзгенің пікірін толықтырады.
    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    1.Бейтараптану реакциясы дегеніміз?
    2. Металдардың белсен-

    ді лік қатары қалай өзгереді?

    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу 26 мин.

    Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

    Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    Қышқылдарды бейтараптау реакциясын анықтайды.


    Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.




    Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    1. Тапсырма

    Кестені дәптерге сызып, металдарды сәйкесінше екі бағанға бөліп

    жазу: K, Hg, Nі, Al, Fe, Pt, Pb, Na, Cu, Sn, Ag, Mg, Au

    Қышқыл ерітіндісінен сутекті

    ығыстыратын металдар

    Қышқыл ерітіндісінен сутекті

    ығыстырмайтын металдар







    .

    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1. Кестені талдау


    ДК экраны

    7-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.

    Жеке жұмыс



    Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    2. Тапсырма

    1. Бейтараптану реакциясы деп қандай реакцияларды айтады?

    2. Бейтараптану реакцияларының қандай практикалық маңызы бар?

    3. Сутектің тазалығын не үшін тексереді және қалай тексереді?

    Дескриптор: Жалпы - 3 балл
    1.Сұрақтарға жауап береді.

    ДК экраны

    7-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.



    «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
    Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


    Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





    Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

    Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


    «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
    Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

    «Мадақтау сөзі» әдісі

    Денсаулық сақтау технологиялары.

    Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

    Осы сабақта қолданылатын

    Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

    Жалпы бағалау

    Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

    1:

    2:


    написать администратору сайта