Главная страница

экономика. лекционный материал. Сабаты таырыбы Спецификация


Скачать 41.68 Kb.
НазваниеСабаты таырыбы Спецификация
Анкорэкономика
Дата01.09.2022
Размер41.68 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлалекционный материал.docx
ТипДокументы
#658091

Сабақтың тақырыбы: Спецификация

Спецификация – құрастыру бірлігінің құрамын анықтайтын негізгі (мəтіндік) құжат.

ГОСТ 2.106-68 стандарттарды спецификацияны толтырудың формасы мен ретін тағайындайды.

Спецификацияны əр құрастыру бірлігіне форма 1 (1 сурет) жəне 1-А (2 сурет) бойынша бөлек беттерде орындайды.

Спецификацияға спецификацияланатын бұйымға кіретін құрама бөліктерді енгізеді.

Спецификация жалпы жағдайда төменде көрсетілген ретпен орналасатын бөлімдерден тұрады (3 сурет):

  • құжаттар;

  • кешендер;

  • құрастыру бірліктері;

  • тетікбөлшектер;

  • стандартты бұйымдар;

  • материалдар.

«Құжаттар» бөліміне спецификацияланатын бұйымның негізгі конструкторлық

құжаттар жинағын құрайтын құжаттарды енгізеді.

«Комплекстер», «Құрастыру бірліктері» жəне «Тетікбөлшектер» бөлімдеріне спецификацияланатын бұйымға жататын комплекстер, құрастыру бірліктері жəне тетікбөлшектер енгізіледі.

«Стандартты бұйымдар» бөліміне сəйкес стандарттар бойынша қолданылған бұйымдар жазылады.

«Материалдар» бөліміне құрастыру бірлігіне жататын материалдарды жазады. Спецификация графаларын келесі түрде толтырады (3 сурет):

  • «Пішім» графасында «Белгіленуі» графасында көрсетілген құжаттардың форматтары жазылады;

  • «Зона» графасында құрама бөліктің позициясының номері орналасқан зона белгіленеді;

  • «Позиция» графасында құрастыру бірлігінің құрама бөліктерінің спецификацияға жазылу ретімен реттік нөмірлері жазылады;

  • «Белгіленуі» графасында сəйкес классификатор бойынша құжаттардың белгіленуі жазылады. «Стандартты бұйымдар» жəне «Материалдар» бөлімдерінде бұл графа толтырылмайды;

  • «Аталуы» графасына құжаттардың аталуы жазылады, мысалы «Құрастыру сызбасы». Спецификацияның «Құрастыру бірліктері» жəне «Бөлшектер» бөлімдерінде бұйымдардың аталуы əр құжаттың (сызбаның) негізгі жазбасына сəйкес жазылады. «Стандартты бұйымдар» бөлімінде бұйымның аталуы жəне белгіленуі осы бұйымдардың стандарттарына сəйкес жазылады. «Материалдар» бөлімінде материалдардың техникалық шарттары немесе стандарттары орнатқан белгіленулері жазылады;

  • «Саны» графасында бұйымның құрамдас бөліктерінің саны көрсетіледі;

  • «Ескерту» графасында өндірісті жоспарлау жəне ұйымдастыру үшін қажетті қосымша мəліметтер жазылады.

Спецификацияның əр бөлімінің аталуының асты сызылып жазылады; бөлім

аталуының алдында жəне одан соң бір бос қатар қалдырылады.

Жалпы спецификацияны толтыру ережелері толық МЕСТ 2.106-68 сәйкес болуы тиіс.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:

  1. 3 суретте көрсетілген спецификацияны толтыру

  2. Спецификацияны толтыру реттілігі мен стандарт негізі



написать администратору сайта