Қарапайымдылар типі. арапайымдылар типі
Скачать 367.55 Kb.
|
Қарапайымдылар типі Қарапайымдылар -денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ұсақ ағзалар Түр саны -70 мың Қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа иілгіш қорғаныш қабат -пелликула Қарапайымдылардың зиянды заттарды ағзаға бөліп жинақтайтын негізгі мүшесі -жиырылғыш вакуоль Қарапайымдылар тыныс алады - суда еріген оттегі арқылы Қарапайымдылар тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда -циста түзеді Тамыраяқтылар немесе жалғанаяқтылардың өкілі -амеба, арцелла Бақалшақты амеба -арцелла Жалғанаяқтылардың тағы бір атауы -саркодиналылар Саркодиналыларға жататын кейбір ағзалардың дене пішіні тұрақты әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайды, оларға жататын -сәулелі өрмекаяқ, қошқармүйіз көпірме, шұрықденелі бунақай Неге тамыраяқты аталған -денесінің кез-келген жерінен жалған аяғын созып шығара алғандықтан Бақалшақты тамыраяқтылырдың әктен түзілген қаңқалары -геологтарға мұнай қабаты мен жердің жасын анықтауға көмектеседі Бақалшақты қарапайымдылардың қалдықтарынан түзіледі -мұнай Амебаның мекені -су қойма түбіндегі тұнба Амебаның аяқтарының саны -тұрақсыз Амебаның денесін қаптап тұрған өте жұқа серпімді жарғақшалаы қабат -мембрана Амебаның қоректенуі -ұсақ балдырлар мен бактериялар Амебаның қозғалуы -жалғанаяқтары арқылы (сағатына 1 см) Амебаның көбеюі -көлденеңінен екіге бөлініп Қантышқақ амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы - адамның ішегінде паразитті тіршілік етеді Дизентерия амебасының цисталары жұғады - лас суды ішкеннен, көкөністі, жеміс-жидекті жумай жегеннен Талшықтылар Талшықтылардың өкілдері -эвглена, вольвокс, лямблия, лейшмания, трипаносома, бодо Эвгленаны өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өтпелі форма деп айтқан ғалым -Аристотель Талшықтылар қозғалады -талшықтары арқылы Жасыл эвгленаның қоректенуі -жарықта фотосинтез, қараңғыда дайын органикалық заттармен Эвгленаның жарықты сезуі -қызыл көзшесімен Жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден ерекшелігі -жарық сезгіш көзшенің болуы Эвгленаның көбеюі -ұзынынан екіге бөлініп Вольвокстің пішіні -шар тәрізді Вольвокс шоғырындағы жеке жасушалар бір-бірімен байлаысады -цитоплазмалық көпіршелер арқылы Вольвокстың жасыл эвгленадан ерекшелігі -шоғырланып тіршілік етуге бейімделген Қауіпті тері ауруы лейшманиозды туғызып паразиттік жолмен тіршілік етеді -лейшмания Лейшманияны таратушы -үлкен құм тышқанының інінде өмір сүретін құм шіркейлері Төрт талшықты адамның аш ішегінің жоғарғы бөлігінде, өтте жиі кездесіп лямблиоз ауруын туғызады -лямблия Ұйқы ауруының қоздырғышы -трипаносома Ұйқы ауруының таратушысы -цеце шыбыны Трипаносома паразиттік өмір сүреді -қан плпзмасында Қазақстан даласында трипаносома қоздыратын аурулар -түйеде – су ауруы, жылқыда – қараталақ Шығыс Үндістан мен Бангладешке індет болып тиген ауру - кала-азар Теңізде тіршілік етіп, денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейді -түншырақ Бақаның артқы ішегінде болатын паразит -опалина Кірпікшелілер Кірпікшелілердің өкілі - кірпікшелі кебісше Жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ойық тәрізді аузы бар жәндік - кірпікшелі кебісше Дене тұрқы 0,2 мм, алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір, дене пішіні тұрақты жәндік - кірпікшелі кебісше Кебісшенің басқа қарапайымдылардан ерекшелігі - екі ядролы (үлкен және кіші) Кіші ядроның қызметі -көбеюге қатысу Үлкен ядроның қызметі - тыныс алу, зәр шығару, Кебісше қозғалады - кірпікшелері арқылы Кірпікшелерінің саны -2000-2500 Кебісшенің жиырылғыш вакуолінің пішіні - жұлдызша тәрізді Кірпікшелі кебісшенің жиырылғыш вакуолінің саны - екеу Кебісшенің көбеюі - жынысты, жыныссыз Жанасу әдісімен жынысты көбейетін жәндік - кірпікшелі кебісше Кебісшенің су қоймасындағы маңызы - су жануарларына қорек Споралылар Споралылар өкілі - қантұрғын (безгек паразиті), құртамыш 1181 жылы безгек паразитін ашқан - Лаверан 1886 жылы қантұрғынның споралыларға жататынын дәлелдеген - Мечников Безгекті таратушы - безгек масасы Безгек ауруының таралуы - эритроцит арқылы Безгекпен ауырған адамның дене қызуы +40°-тан көтеріліп, жиі-жиі қалтырау себебі - қантұрғынның жасуша ішінде көбейіп, қанға улы зат бөлуінен Қантұрғынның бір қан түйіршігінен екіншісіне ауысуы созылады - 2-3 тәулікке Безгек ауруын емдейтін дәрілер - хинин, акрихин Безгек масаларын құрту шаралары - олар қыстайтын жерлерге гексахлоран сиқты улы химикаттарды шашу, батпақты құрғату, маса дернәсілімен қоректенетін гамбузия балығын өсіру Құртамыш өмір сүреді - ішек, бауыр, бүйрек және өзге мүшелерде Құртамыш туғызатын ауру - кокцидоз (бұл аурумен үйқоян, тауық, сиыр, балық тіпті адам да ауырады) Ішекқуыстылар типі Ішекқуыстылар -Екі қабатты, сәулелі симметриялы жәндіктер Ішекқуыстылардың сыртқы қабаты -эктодерма Ішекқуыстылардың ішкі қабаты -энтодерма Эктодермада орналасқан -атпа, жүйке, жыныс, тері-бұлшықет жасушалары Энтодермада орналасқан -ас қорыту және безді жасушалар Атпа жасушалары тән -барлық ішекқуыстыларға Гидраның атпа жасушаларының көп шоғырланған жері -эктодермасында Атпа жасушаларының қызметі -қорғаныш және қорегін аулау Аралық жасушалар -эктодерма қабатындағы ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар. Регенерацияға жауап береді. Регенерация құбылысы -дененің жойылған немесе зақымдалған бөліктерін қалпына келтіру. Көпшілік ішекқуыстыларға тән Гидра денесі зақымданғанда өсуі күшейе түседі -аралық жасушалардың Гидратектестер -гидра, обелия Жануарға қарағанда өсімдікке ұқсайды -гидра Гидраның ауыз қуысы айналасындағы қармалауышының саны -5-8 Гидраның қозғалуы -адымдап, тоңқаңдап (төңкеріліп) Гидраның көбеюі -жынысты ,жыныссыз Жыныссыз көбеюі -жаздың жылы күндерінде бүршіктеніп Жынысты көбеюі -қосжынысты, ұрықтанған жұмырқа жасушасы қыстап шығып, көктемде қабығы жарылып, тіршілігін жалғастырады. Гидра тіршілік етеді -суы таза, оттегіне бай, баяу ағатын өзендерде, көлдерде, тоғандарда Гидра төсемікке бекінеді -табаны арқылы Жүйке жасушасының пішіні -жұлдызша тәрізді Гидраның денесіне инемен әсер еткенде, тітіркенуге жауап беретін жасушалар -жүйке Жүйке жасушалары түзеді -жүйке торын Ең алғаш тек ішекқуыстыларда байқалады -жүйке торы Гидраның қорытылмаған ас қалдықтары шығарылады -ауыз қуысы арқылы Тітіркенгіштік дегеніміз -жүйке жасушасы арқылы сырқы әртүрлі қимылдарға жауап беруі Рефлекс дегеніміз -тірі ағзалардың сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы жауап беруі Гидраның қоректенуі -жыртқыш, ұсақ шаянтәрізділермен және балықтардың кішкене шабақтарымен Гидрада бар ұлпалар -жабын, жүйке, асқорыту Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүреді - обелия Обелияның көбеюі - жынысты, жыныссыз Жынысты жолмен көбеюі шағын денелі дара медуза (қармалауыштары және аузы жоқ) арқылы жүзеге асады - обелия Сцифоид сөзінің мағынасы -табақша Медузалар -еркін тіршілік етеді, мөлдір денелі Медуза өмір сүреді -теңіздерде Медузада дамыған сезім мүшелері -жарық сезу, иіс сезу Медузада жоқ мүше -табан Планула -ішекқуыстылардың кірпікшелі дернәсілі Денесі бағана тәрізді, әдемі гүлге ұқсас жырқыш ішекқуысты жәндәік -актиния Арал және каспий теңіздерінде тіршілік ететін көпаяқты -актиния Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар - көпқармалауыштылар (полиптер) Көп қармалауышты маржандар - тек теңізде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер Көп қармалауышты маржандардың әктенген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында пайда болады -риф (үйінді) Рифтің түрлері -тосқауыл, жағалық, шеңберлі Шеңберлі риф -атолл 1842 жылы «Риф түзілу» теориясын жазған -Ч. Дарвин Ең ірі ішекқуысты жәндік -цианеа капиллата Дыбыс тербелісін сезетін ішекқуысты -медуза Жалпақ құрттар типі Жалпақ құрттар типінің кластары - кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, таспа құрттар Мезодерма қабаты пайда болған - эктодерма мен энтодерма аралығынан Жалпаққұрттардың басым бөлігі - паразиттер Паразит құрттарды зерттейтін ғылым - гельминтология Жалпақ құрт аталу себебі - бауыр жағы арқасына жабысып денесі жалпақ пішінді болғандықтан Кірпікшелі құрттар класы Кірпікшелі құрт - ақ сұлама, еркін жүзіп тіршілік етеді Ақ сұламаның жүйке жүйесі - денені бойлай созылған екі бағана Бұрын болмаған жаңа жүйе - зәр шығару жүйесі Жоқ жүйелер -қан тарату және тынысалу Ақ сұламаның ас қорыту жүйесі - ауыз→жұтқыншақ→ішек Аузынан жұтқыншағын шығарып, қорегіне сұғындыра қоректенетін жіндік - ақ сұлама Қорытылмаған ас қалдықтарын шығарады - ауыз арқылы Сезім мүшелері - тепе-теңдік сақтау, қарапайым көзшелер, сипап сезу Көбеюі - қосжынысты Аналық без орналасқан - дененің алдыңғы жағында екі денешік ретінде Аталық без орналасқан -бүкіл денеге таралып, көпіршік тәрізді Зәр шығаруы - бүкіл денесіне таралған нәзік өзекшелер Сұлама қозғалады (суда еркін жүзеді) - кірпікшелері арқылы Сақиналы бұлшықеттері -сыртқы қимылдарға қатысады Бірыңғай салалы бұлшықеттер - ішкі қимылдарға қатысады Қиғаш бұлшықеттер - аралық қабат қимылына Сорғыш құрттар класы Өкілдері -бауыр сорғыш, мысық сорғыш, қаншыл сорғыш немесе айыр дене Бауырсорғыштың сорғышы - ауыз және құрсақ Құрсақ сорғышының қызметі - қоректік денеге жабысу Құрсақсорғыштың қоректенеді - өт пен бауыр жасушасымен Бауырсорғышта кірпікше болады - тек дернәсіл сатысында Көбеюі - қосжынысты Даражынысты соғыш құрт - қаншыл сорғыш немесе айырдене Бауырсорғыштың тіршілік циклі - жұмыртқа →кірпікшелі дернәсіл →құйрықты дернәсіл →құйрықсыз дернәсіл →циста →жас бауырсорғыш Бауырсорғыш - 2 иелі (аралық иесі - тоспа ұлуы, негізгі иесі - сүтқоректі) Жұмыртқадан құйрықты дернәсілге айналуға қажет - 2,5 - 3 ай 1891 жылы мысық сорғышынан туындайтын "описторхоз" ауруын сипаттап жазды - Виноградов Қаншылсорғыш немесе айырдене - құрсаққуысы және қуық ірі веналарында тіршілік етіп, шистозомоз ауруын туғызады Сорғыш құрттарды кейде атайды - трематод деп Жануарларда және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді - эндопаразиттер Бауырсорғыштың денесін қаптайды - кутикула (сірқабық) Таспа құрттар Өкілдері - цепен, эхинококк Таспа құрт аталу себебі - денесі жалпақ таспа тәрізді болғандықтан (ұзындығы 1-10 м) Цепен - 2 иелі (негізгісі - адам, аралық иесі - сиыр) Сиыр цепенінің сорғышы - 4 (басында орналасқан) Денесін қаптайды - сірқабық Дененің алдыңғы бөлігіндеқысқа мойында басы, басында 4 дөңгелек сорғышы бар, дененің сыртын сірқабық қаптаған - сиыр таспақұрты (цепен) Жүйке жүйесі - басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіп, 2 желілі жүйке құрттың денесін бойлай құйрығына дейін созылып жатады Көзі, асқорыту, тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі - болмайды Зәршығару жүйесі - дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәр шығару түтіктерінен құралады Көбеюі - қосжынысты Тіршілік циклі - жұмыртқа →алты қармақшалы дернәсіл →финка →ересек құрт Финна дегеніміз - цепеннің көпіршікті екінші дернәсілі Жұмыр құрттар типі Жұмыр құрттар -Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсаған жәндіктер Біріншілік дене қуысы пайда болды - жүмыр құрттарда Құрт денесіндегі қуыс пен сұйықтық - денедегі барлық жасушалармен газ алмасуға қатысады құрт денесінің қабаттары - 1)сірқабық; 2) гиподерма; 3)бірыңғай салалы бұлшық ет Сірқабық - өлі ұлпа, өсуге мүмкіндік бермейді, құрт түлеу арқылы өседі Түр саны - 20 000 Көбеюі - аналығы аталығынан үлкен, көбінесе жұмырқа салу арқылы Дененің аналь тесігінен кейінгі бөлімі - құйрық Тынысалу және қантарату жүйесі - болмайды Жұмырқұрттарды кейде атайды - нематод Өсімдік тамырында ауру туғызатын жұмыр құрт - қызылша жіпшеқұрты Тері астында өмір сүреді - суыртқы Бұлшықеттерде өмір сүреді - трихинелла Ішекте өмір сүреді - үшкірқұрт, ішексорғы Көбінесе жас балалар мен жасөспірімдердің тік ішегіне орнығады - үшкірқұрт Екі сүйір ұштарын қадап, соқырішекте және тоқішекте өмір сүреді - үшкірқұрт Үшкірқұрттың денесін қаптаған - тығыз қабықша (сірқабық) Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша - тері-бұлшықет қапшығы Ішексорғының қоректенуі - үш ерінді ауыз →ішек →аналь тесігі көбеюі - даражынысты, жұмыртқа салу арқылы Ішексорғы тудыратын ауру - бөсір (аскаридоз) Дене пішіні бір жасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмырқұрт түрлері - қылтыңбас, зымырақ, құрсақкірпікшелі құрт Жылқының құйрыққылына ұқсас, шумақталған жіңішке жұмырқұрт - қылқұрт Қылқұрттың зияны - дернәсілі бунақденелілер денесінде паразиттік тіршілік етеді Буылтық құрттар типі Буылтық құрттар -3 қабатты, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты, денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінген, көп жасушалы жәндіктер Соңғы немесе екіншілік дене қуысы -целом Целом дегеніміз -дененің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік Буылтық құрттарда алғаш ретпайда болған -тұйық қанайналым жүйесі Кластары -3 (азқылтандылар, көпқылтандылар, сүліктер) Азқылтанды құрттар Шұбалшаңның қызғылт түсті болуы -қаны қызғылт түсті болғандықтан Қанайналым жүйесі -тұйық, арқа және құрсақ қантамырларымен оларды жалғастыратын жүрекшелерден тұрады. Асқорыту жүйесі -ауыз →жұтқыншақ →өңеш →жемсау →қарын →ішек →аналь тесігі Шұбалшаңның әрбір буылтығында -сегізден қысқа қылтандары болады Қылтандардың қызметі -денені орнықты ұстау Сипап сезу қызметін атқарады -қылтандар Шұбалшаңның бірыңғай салалы бұлшық еті жиырылғанда -қысқарып жуандайды Шұбалшаңның сақиналы бұлшық еті жиырылғанда -ұзарып, жіңішкереді Құрт денесінен бөлінген шырыш -үйкелісті кемітеді Шұбалшаңның қоректенуі -өсімдіктердің шіріген қалдықтарымен Тыныс алуы -ылғалды жұқа тері Зәр шығаруы -шұбалшаңның әрбір буылтығында екі-екіден орналасқан имек түтікшелер арқылы Жүйке жүйесі -жұтқыншақ үсті және құтқыншақ асты жүйке сақинасы мен құрсақ жүйке тізбекшесі «Ми» деп те аталады -бас бөлігінде орналасқандықтан жұтқыншақ үсті жүйке түйіні Көбеюі -айқаспалы тәсілмен ұрықтанатын гермафродит Жас ұрпақтары пілдеде дамып, сыртқа шығатын жануар -шұбалшаң Шұбалшаңның маңызы -топырақты қопсыту, құнарландыру Тұщы су қоймасындағы буылтық құрттардың маңызы -балықтарға жем болу Көпқылтанды буылтық құрттар Өкілдері -құмқазар мен нереида Нереиданың қанының түсі -жасыл Көпқылтанды құрттарға тән ерекшелік -айрықша қозғалыс мүшесінің (дененің екі қапталын бойлай орналасқан қылтандары бар параподия) болуы Көбеюі -жынысты, жыныссыз Трохофора (грекше трохос – дөңгелек) -денесінде кірпікшелері бар дернәсіл Тыныс алуы -желбезек Сезім мүшелері -көздері мен қармалауыштары Түсі қошқыл қоңыр, құмнан ін қазып тіршілік тетін көпқылтанды құрт -құмқазар |