Қарапайымдылар типі. арапайымдылар типі
Скачать 367.55 Kb.
|
Сүліктер класы Сүліктің сорғышы -2 (алдыңғы және артқы) Аузы -3 жақты Сүлік сорғаннан кейін жарадан қан тоқтамай көп ағады -себебі, ауыз қуысында қанды ұйытпай сұйылтатын, гирудин деп аталатын ерекше нәруызды зат бөлетін бездері болғандықтан Сүлікті емдік мақсатта пайдаланады -көктамыр бітелгенде, жүрек бұлшық еттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда Сүліктің көзі -оншақты жай көз Көбеюі -қосжынысты, тура дамиды Ұлулар немесе былқылдақденелілер типі Ұлулар немесе былқылдақденелілер - денесі жұмсақ, 3 қабатты, екі жақты симметриялы, көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер Кластары - бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар Денесі тұрады - бас, тұлға, аяқ, бақалшақ, бақалшақ қалдығынан Шапанша (мантия) дегеніміз - тұлғадағы ерекше қатпарлы қабат Бақалшақ қалыптасады - шапаншаның үстіңгі бетінен Негізгі қозғалыс мүшесі - аяқ Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі бұрын кездеспеген өзгешелік - бауыр Тоспа ұлуының тілі - хитинді ұсақ тісшелері бар, "үккі" деп аталады Қантарату жүйесі - ашық Ұлудың қаны - түссіз Көгілдір қанды былқылдақденелілер - басаяқтылар Жүйке жүйесі - жүйке түйіндерінен тұрады (тоспа ұлуында - 5жұп, айқұлақта - 3 жұп) Тоспа ұлуының жүрегі - 2 бөлімді (бір құлақша, бір қарынша) Тоспа ұлуы тыныс алады - өкпесі арқылы Суда тіршілік ететін ұлулар тыныс алады - желбезек Зәр шығаруы - бүйрек Бауыраяқтылардың түр саны - 80 000 Өкілдері - жүзім ұлуы, тоспа ұлуы, жалаңаш шырыш, қошқармүйіз Бауыраяқты деп аталу себебі - аяғы денесінің астыңғы бөлігі бауырын толық қамтығандықтан Тоспа ұлуының зиянды жағы - паразит құрттардың аралық иесі Бау-бақша жүзімдікке зиян келтіреді - жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш Ұлудың екі көзі - құрлықты мекендейтіндерінде қармалауыштарының ұштарында, суда тіршілік ететіндерінде қармалауыштарының негізінде (түбінде) Қосжақтаулы ұлулар - айқұлақ, мидия, устрица, гребешок,інжуір, кемеқұрт Айқұлақтың денесі - тұлға, аяқ Айқұлақтың аузы - аяғының қасында Тілі жоқ ұлу - айқұлақ Сифоны бар жәндік - айқұлақ Қосжақтаулылардың түр саны - 20 000 Көбеюі - даражынысты Тағамға пайдаланылатын түрлері - устрица, мидия, гребешок Тіршілік циклінде уақытша паразиттік тіршілік етеді - айқұлақ Ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін теседі - кемеқұрт Қосжақтаулылардың табиғаттағы маңызы - суды денесі арқылы өткізіп, оны плактондардан тазартады Құрылыста пайдаланылады - ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) Басаяқтылар класының өкілдері - кальмар, каракатица, сегізаяқ Түр саны - 800 Басаяқты аталу себебі - басындағы қармалауыштары аяқ қызметін атқарғандықтан Қармалауыштарының саны - 8-10 Су тереңінде 50 км/сағ жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды - кальмар Реактивті қозғалады - кальмар, каракатица Құмда жасырынып жатқан қорегін суды атқылату арқылы табады - каракатица Сегізаяқты сиқырлап ұйықтатуға болады - аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын салбырату арқылы Адамның көзіне ұқсас құрылысты көзі бар - кальмар Тағамға пайдаланылады - сегізаяқ, каракатица Буынаяқтылар типі Кластары -шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, бунақденелілер Буынаяқтылар -аяғы бунақталған, екі жақты симметриялы, көпжасушалы,денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған жәндіктер Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі -көпқылтанды буылтық құрттар Түр саны - милионнан астам Шаянтәріздестер класы Өкілдері -циклоп, дафния, асшаян, теңізжаңғақ, таңқы шаян Денесі -баскөкірек, құрсақ (екі бөлікті) Қантарату жүйесі -ашық Қанының түсі -түссіз Жүрегінің пішіні -бес бұрышты қалта Зәр шығару жүйесі -бас бөлімінде орналасқан жүп жасыл без Жасыл бездерінің түтікшелері ашылады -мүртшаларының түбінен Мұртшалары -екі жұп (бір жұп ұзын, бір жұп қысқа) Ұзын мұртшаларының қызметі -сипап сезу және иіс сезу Қысқа мұртшаларының қызметі -тепе-теңдік және сезу Көзі орналасқан -қозғалмалы сабақшада Көзі -3020 жай көзден тұратын күрделі көз Жүйке жүйесі -шұбалшаңға ұқсас бірақ кұрделі құрылысты «Ми» түзілген -жұтқыншақасты және жұтқыншақ үсті жүйке сақинасының бірігуінен Өзен шаянының баскөкірек бөлігіндегі аяқтар -1 жұп үстіңгі жақ, 1жұп астыңғы жақ, 2 жұп жақаяқ Көкірек бөлігінде орналасқан -5 жұп аяқтар; 4 жұп жүру яяғы, 1 жұп қысқыш аяқ Қысқыш аяқтың қызметі -қорғану және қорегін аулау Құрсақ бөлімінде орналасқан -жүзу және көбею қызметін атқаратын 5 жұп аяқ Өзен шаяны қозғалады -жүргенде алға, жүзгенде артқа қарай Тыныс алуы -желбезек Шаянның қарыны -2 бөлікті (1 күйіс қарын, 1 сүзгі қарын) Көбеюі -даражынысты, уылдырық салу арқылы Өрмекшітәріздестер класы Өкілдері -құршаян, кенелер, бүйі, қарақұрт, мизан Өрмекшітәрізділер бөлінеді -өрмекшілер және кенелерге Денесі -2 бөлікті: баскөкірек және құрсақ Қанайналым жүйесі -ашық Қанының түсі -түссіз Баскөкірек бөлімінде орналасқан - 6 жұп аяқ: 1жұп күйісаяқ, 1 жұп тұтқыаяқ, 4 жұп жүру аяғы Өрмекшінің құрсақ бөлімінде -аяқ болмайды Иісті сезе алады -тұтқыаяқтары және жүру аяқтарының ұшымен Өрмекшінің дәм сезу мүшесі -жұтқыншақ Өрмекшінің көзі -8 жай көз Зәр шығаруы -Сатанбез және мальпигий түтікшелері Тыныс алуы -өкпе қапшығы және демтүтік Астың ішектен тыс қорытылуы байқалатын жәндік -өрмекші Көбеюі -даражынысты, аталығы аналығынан кішірек болады Жұмыртқасы пілдеде қыстап шығады - айқышты өрмекші Өрмек бездері -3 жұп Ықтырма деп аталатын ау тоқитын өрмекші -қарақұрт Ықтырма дегеніміз -белгілі пішіні жоқ өрмекау Көкшетау маңында мекендейтін өрмекші -бүйі Кененің жүру аяғы -4 жұп (8 аяқ). Аяғы 2 жұп берішкенеде Кененің ауыз аппараты -кеміруші немесе шаншып сорғыш 6 аяқты дернәсілі -нимфе Қансигек ауруын туғызады -жайылым кенесінің нәзікбас деген түрі Қансигек ауруының ғылыми атауы -пираплазмоз Энцефалит ауруын туғызады -тайга немесе ит кенесі Ит кенесі -3 иелі Қышыма ауруын туғызады -мөлшері 0,2-0,5 мм қышыма кенесі Астық қорының зиянкесі -қамба кенесі Құстардың денесінде мекендеп әкаяқ ауруын туғызады -мамық кене өсімдіктердің шырынын сорады -беріш кене Мәдени өсімдіктердің зиянкестерінің бірі -өрмек кене Бунақденелілер класы Түр саны -700 000 Отряд саны -35 Бунақденелілерді зерттейтін ғылым -энтомология Денесі -3 бөлікті (бас, көкірек, құрсақ) Аяқтары -3 жұп Қанаттары орналасқан -көкірегінде Тыныс алуы -демтүтік Бунақденелілердің темтүтігіне ауа өтеді -тыныс саңылауыарқылы Ауыз аппараты -шаншыр сорғыш (маса, қандала), сүзіп жалаушы (шыбын), кеміруші (қоңыз), кеміріп жалаушы (балара), түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек) Үй жәндігіне айналған түр -таракан Инсектицид -зиянды бунақденелілерді жоюға араналған химиялық дәрі Зиян келтіретін бунақденелілерді табиғи жауымен жою әдісі -биологиялық әдіс Ірі малда қарасан ауруын таратады -сона Бөртпе сүзекті адамға таратады -бит Бөртпе сүзекті де, оба ауруын да таратады -бүрге Бидайға зақым келтіретін қандала -қасақы жалпайма Аузы жетілмеген бунақденелі -бөгелек Бөгелектің дернәсілі сиырдың терісінде дамитын болса -оқыра Қойдың кеңсірігінде дамыса -осқырма Қанайналым жүйесі -ашық Бунақденелілердің қаны -гемолимфа деп аталады, түссіз, тыныс алуға қатыспайды Жүрегінің пішіні -түтік тәрізді Зәр шығаруы -мальпигий түтікшелері Көбеюі -даражынысты Толық түрленіп даму тұрады -4 сатыдан: жұмыртқа → дернәсіл →қуыршақ → имаго Шала түрленіп даму тұрады - 3 сатыдан: жұмыртқа → дернәсіл → имаго Толық түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтары - қатқылқанаттылар немесе қоңыздар (көмбекей, қанқыз, коларадо); бүргелер; қосқанаттылар (маса, шіркей, шыбын, бөгелек, сона); қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (кәдімгі махаон); жарғаққанаттылар (балара, астық қиғысы, шаншар, құмырсқа) Шала түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтары -турақанаттылар (шегірке, саяқ, шілделік, бұзаубас); таракандар; дәуіттер; инеліктер; биттер; мамықжегі немесе түкжегі; құлықтар; теңқанаттылар (біте, қалқаншалы); шалақатқылқанаттылар немесе қандалалар Зауза қоңызының дернәсілінің дамуы созылады - 4 жылға Шағатын жарғаққанаттыларға жататын бунақденелілер -ара, түкті ара, құмырсқа «Қоғамдық» жануарлар -бүкіл тіршілігін топтасып «тұқымтоп» болып өткізетін ағзалар Жұмысшы құмырсқалардың құрсағының жартысынан артыығын алып жатыр -құмырсқа қышқылын түзетін едәуір үлкен без Аталық және аналық құмырсқаның қызметі -көбею, қоныс аудару Жұмысшы құмырсқалардың қызметі -ұя салу, жыныстық құмырсқларды және ұрықтарды күту,қорек жинап әкелу Жауынгер құмырсқаның қызметі -ұяны жауынан қорғау Ұяны бұлшықеттерінің көмегімен қанаттарын тез-тез қимылдату арқылы температураны қалпына келтіреді -жұмысшы аралар Тікентерілілер типі Жануарлар дүниесін жіктеудегі тікентерілілердің желілерге ұқсас болу себебі - соңғы ауыздың пайда болуы Кластары - теңізжұлдыздары, теіңз кірпілері,теңіз қияры Түр саны - 6 000 Денесі бес тармақты - теңіз жұлдыздары, теңіз рухгүлдері. жыланқұйрықтар Денесі шар пішіндес - теңіз кірпісі Дене жабыны - 2 қабат (сыртқы қабат -эпителий, ішкі қабат - талшықты дәнекер ұлпасы) Тек тікентерілерге ғана тән жүйе - сутүтікшелі Целомның бастамасынан дамитын, ауыз маңындағы шеңберленген және сәулелі өзекшелерден құралған күрделі жүйе - сутүтікшелі жүйе Сутүтікшелі жүйенің қызметі - қозғалып жүру, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, түйсіну Регенерациялануға аса бейім тікентерілі - теңіз жұлдызы Сорғыш табаны бар, сутүтікшелі аяғы бар - теңіз жұлдыздары мен теңіз кірпілерінде Төсемікке сабағымен жабысып, отырықшы өмір сүреді - теңізрухгүлдері Қарапайым құрылысты көзшелері бар - теңіз кірпісінің денесінің үстіңгі бөлігінде, теңіз жұлдыздарының тармақтарының ұшында Теңіз қиярының арнаулы тынысалу, зәршығару мүшесі - суға толы өкпе Аузында бестісті жақсүйегі бар, денесін әктенген тікенектер қаптап тұратын теңіз жәндігі - теңіз кірпісі Қосжынысты тікентерілілердің ұрықтануы жүреді - суда Тікентерілілердің табиғаттағы маңызы - суды радиоактивті заттардан тазартады Құрылыс материалы болып табылады -қазба қалдықтары (Бельгиялық мәрмәр) Тағамға пайдаланылатын тікетерілі -трепанг Қантарату жүйесі - 2 шеңберлі тамырлар (біреуі ауызды, екіншісі аналь тесігін қоршайды) Әктенген тері қаңқасы дамиды - ішкі қабаттан Екі жақты симметриялы қасиет сақталынған - еркін жүзетін дернәсілдерінде Желілілер типі Желілілер - денесі қуысты,3 қабатты, 2 жақты симметриялы, арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі бар жануарлар Жүйке түтігі оналасқан - желі үстінде Желілердің тип тармақтары - 1) бассүйексіздер; 2) қабықтылар; 3) омыртқалылар Бассүйексіздер тип тармағы Өкілі - қандауырша Қандауыршаның дене тұрқы - 5-8 см, денесі екі бүйірінен қысыңқы,арқа жүзбеқанаты құйрық және құйрықасты жүзбеқанатымен тұтасып кеткен Қандауырша деп аталу себебі - құйрық жүзбе қанатының пішіні медициналық аспап қандауырға ұқсас болғандықтан Терісі - екі қабаттан тұрады (эпидермис және нағыз тері) Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік - терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы Қаңқа қызметін атқарады - желі Қандауыршаның жүйке жүйесі - жүйке түтігінен тұрады Қандауыршада жоқ мүшелер - бас сүйегі (ми), жүрегі Жүрек қызметін атқарады - құрсақ қолқа қантамыры қантарату жүйесі - тұйық қанының түсі - түссіз Зәршығару түтікшелері орналасқан - жұтқыншақ маңында Орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады - жүйке түтігі Көбеюі - даражынысты Қандауыршаның дернәсілдері су ішінде үш айдай еркін жүзіп жүреді - кірпікшелерімен Жыныс бездері орналасқан - жұтқыншақ маңында Ұрықтануы сырттай Жыныстық жағынан жетіледі - 2-3 жылда Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген - Ковалевский Қабықтылар тип тармағы Өкілі - асцидия Желісі болады - дернәсіл кезінде Қабықты деп аталу себебі - денесі қалың, тығыз құрамы жасұныққа жақын зат қаптағандықтан Кейде дернәсіл желілі деп аталу себебі - желісі тек дернәсіл кезінде болғандықтан Денесі - күбі пішіндес, 1 мм-ден 30 см-ге дейін, ауыз және клоакалық сифоны бар жәндік Тынысалуы - желбезек Қантарату жүйесі - ашық Ішектыныстылар класының өкілі - баланоглосс Ішектыныстылардың дернәсілі торнарияны ашты - 1850 жылы Мюллер Торнарияның баланоглосс дернәсілі екенін дәлелдеді - 1870 жылы Мечников Омыртқалылар тип тармағы Омыртқалылар тип тармағының өкілдері - дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер Омыртқалыларды жақсүйектерінің болу болмауына байланысты бөледі - жақсүйексіздер және жақсүйектілер Жақсүйексіздерге жатады - дөңгелекауыздылар (минога, миксин) Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген - Каспий миногасы Ұрығының даму ерекшелігіне байланысты бөлінеді - қағанақсыздар, қағанақтылар Қағанақсыздар - ұрығы суда дамиды, сыртында арнайы ұрық қабығы болмайды (дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер) Қағанақтылар - іштей ұрықтанады, ұрығы дамыған кезде сыртында арнайы қабықша түзіледі (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) Дене температурасына байланысты бөлінеді - салқынқандылар (дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар) және жылықандылар (құстар, сүтқоректілер) Балықтар класы Балықтарды зерттейтін ғылым - ихтиология Түр саны - 20 000 Денесі - 3 бөліктен тұрады (бас, тұлға, құйрық) Жұп жүзбеқанаттары - көкірек, құрсақ Тақ жүзбеқанаттары - арқа, аналь, құйрық Бағыт береді және алға қарай жүзгенде негізгі роль атқарады - құйрық жүзбеқанаты Судың төменгі қабатына түсіп, беткі қабатына көтеріледі, әрі тепе-теңдігін сақтайды - көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары Денені берік ұстауға көмектеседі - аналь (құйрықасты) Балықтың жүзгіштігін реттейді, кейде дыбыс шығаруға көмектеседі - торсылдақ Сазанның торсылдағы - 2 бөлікті Алабұғаның торсылдағы - 1 бөлікті Торсылдақ дамыған - асқорыту жүйесінен Жүрегі - 2 бөлікті (1 құлақша, 1 қарынша) Балық жүрегінде ағады - вена қаны Қанайналым жүйесі - тұйық, 1 шеңбер Тынысалуы - желбезек Зәр шығаруы - таспа тәрізді жұп бүйрек Ерекше сезім мүшесі - бүйір сызығы - су ағысы ның күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді Тоқ ішегі - жуан, ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтатын оралма тәрізді қатпарлары бар Клоака - тік ішектің кеңейген бөлімі |