№9 лекция (1). Сайлау демократияны міндетті шарты ретінде. Сайлау жйелеріні мні мен сайлау жйелеріні негізгі трлері
Скачать 29.84 Kb.
|
Лекция-9. Сайлау және сайлау жүйелері Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде. Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері. Сайлау жүйелерінің қазіргі концепциялары. Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы. Пропорционалды сайлау жүйесі, оның түрлі елдердегі ерекшеліктері. Аралас сайлау жүйелері. Көпсатылы сайлау. Сайлау шаралары мен салау кампаниялары. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама. Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары. ҚР электоралдық үдерістің ерекшеліктері.. Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде. Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері. Сайлау тақырыбы қазiргi кезеңде бүкiл адамзат үшiн ең өзектi тақырып болып отыр, өйткенi: сайлау – қоғамның алдыңғы қатарлы өкiлдерiн билiк құрылымдарына әкелу мүмкiндiгi; сайлау – демократия дамуының көрсеткiшi; сайлау – қоғам мен билiк байланысының тиiмдi механизмi; сайлау – азаматтар мүддесi мен талап-тiлектерiн билiк құрылдарына ұсыну. Дегенмен, орыс философы А. Ильин айтуы бойынша «барлық халық барлық уақытта жалпы халықтық сайлауда билiк басына лайықты адамдарды таңдауға қабiлеттi емес». Сайлау нәтижелi болуы бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк және рухани факторларға тәуелдi. Оларға: 1 экономикалық факторларға – жеке меншiктiк, нарықтық қатынастардың, ерiктi кәсiпкерлiктiң дамуы, жеке меншiкке ие экономикалық тәуелсiз адамдардың көбеюi жатады. 2 әлеуметтiк факторлар – қоғамдық тұрақтылықты қолдаушы, экономикалық ауқатты, күштi «орта таптың» өмiр сүруi болып табылады. Сонымен бiрге, отырықшылық, отбасылық қатынас тұрақтылығы сияқты жағдайлар да ықпал етедi. 3 сайлауды нәтижелi пайдаланудың рухани негiзiне – халықтың патриотизмдi сезiнуi, заңға деген құрмет, мемлекеттiк жауапкершiлiк сезiмi жатады. Мұнда әсiресе маңызды нәрселер халықтың жоғарғы саяси мәдениетi мен бiлiмдiлiгi, оның демократиялық дәстүрi болып табылады. Сонымен бiрге, сайлау нәтижесi мен өту барысы қоғамның саяси өмiрiнiң көптеген қыр-сырын түсiнуге мүмкiндiк бередi, мәселен: саяси басқару субьектiлерi мен обьектiлерiнiң саяси мәдениетiнiң деңгейi мен сипатын; билiк басындағылардың iс-әрекетiнiң халыққа қаншалықты жағымды және жағымсыздығын; сайлау технологиясының жетiлгендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Әлемде саяси билiк ұйымына сайлау өткiзiлмейтiн елдi табу қиын. Бiрақ, барлық елдердегi сайлауды демократиялық деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекетiнiң сипаты маңызды болып табылады. Сайлау классификациясы. Сайлауды билiк тармақтары негiзiнде заңшығарушы, атқарушы және сот ұйымдарын сайлау деп классификациялауға болады. Заңшығарушы ұйымдарды /парламент/ сайлау көп елдерге тән. Қазақстан Республикасында заңшығарушы ұйым ретiнде парламенттiң екi палатасы да сайланбалы. Көптеген демократиялық елдерде атқарушы билiк жетекшiлерi – президент және жергiлiктi атқарушы билiк басшысы сайланады. Қазақстан Республикасында президент сайланады, ал жергiлiктi атқарушы билiк басшыларын (әкiмдер) президент тағайындайды. Кейбiр елдерде сот билiгi өкiлдерiн де сайлау кездеседi. 1 Территориялық өкiлдiлiкке сай билiктiң мемлекеттiк ұйымын (парламент, президент) және жергiлiктi ұйымын (әкiм)сайлау болып бөлiнедi. 2 Дауыс беру түріне қарай сайлауды: балама (альтернативтi), коммулятивтi, лимиттiк деп бөлемiз. Балама дауыс беруде белсендi сайлаушыда бiр дауыс болады, оны белгiлi бiр кандидат (жеке адам, партия, қозғалыс) үшiн бере алады. Коммулятивтi дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны, тiркелген кандидаттар санынан көп. Сайлаушы барлық дауысты бiр кандидатқа беруге немесе өз еркiмен барлық кандидатқа әртүрлi көрсеткiшпен бөлiп беруге құқылы. Лимиттiк дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны тiркелген кандидаттар санынан кем болады. Мұнда коммулятивтiк дауыс берудегi сияқты сайлаушы дауыстың барлығын бiр кандидатқа немесе барлығына өзi қалаған тепе-теңдiкте бөлiп бере алады. Лимиттiк дауыс беру 1993ж. Ресейде Федерация Кеңесiн сайлауда пайдаланылды, әрбiр сайлаушыда екi дауыстан бар, бiрақ бiр кандидатқа екеуiн де беруге болмайды. 3 Билiк органдарын сайлау жаппай және оқшау болады. Жаппай сайлау бүкiл мемлекеттiк немесе өлке көлемiнде өткiзiледi. Оқшау сайлау белгiлi бiр себептерге байланысты (қызметке қабiлетсiздiк немесе қайтыс болуы, сайлау заңы бұзылған жағдайда) белгiлi бiр участоктерде сайлау өткiзiлуi мүмкiн. 4 Сайлау сонымен бiрге кезектi немесе кезектен тыс болуы мүмкiн. Билік ұйымдарын сайлаудың негізгі қызметтері мен қағидалары. Саяси билiк ұйымдарын сайлаудың негiзгi мақсаты – қоғамды басқаруға өзiнiң алдыңғы қатарлы өкiлдерiн тарту ғана емес, сондай-ақ бiрқатар күрделi әлеуметтiк-саяси қызметтердi орындау да болып табылады: 1 Әлеуметтiк топтардың мүдделерiн артикуляциялау қызметi. Ең алдымен, сайлау әртүрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiн артикуляциялаудың ерекше механизмiн көрсетедi. Сайлау науқаны кезеңiнде адамдар өмiрлiк маңызы бар мәселелердi ойлайды, сондықтан кандидаттар тұғырнамалары осы мәселелердi жинақтауы, әрбiр әлеуметтiк топтардың мүдделерiн қамти бiлуi тиiс. Демек, сайлау өзiнше нарық (рынок) болып табылады, яғни кандидат өзiнiң сайлауалды бағдарламасын өкiлдiкке айырбастайды. Бiрақ сайлаушылар үшiн бағдарлама ғана құнды болып табылады. 2 Әртүрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметi. Әлеуметтiк топтардың мүдделерi әртүрлi болып қана қоймай, ол қарама-қайшылықты болуы да мүмкiн, сайлау тұрғындардың әртүрлi топтары мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметiн атқарады. Сайлауалды күрес саяси бағытты халық бұқарасы қолдайтын бағытта құруға мәжбүр етедi. Мұнда сайлау әлеуметтiк шиеленiстердi институттандыру мен шешудiң тәсiлi болып табылады. Яғни, шиеленiстер ашық, жария жүргiзiледi, ал бүкiл қоғам оның төрешісі болады, сөйтіп, әдiл бәсекелестiк күрес өтедi. 3 Сайлаудың өкiлдiлiк қатынастың қалыптасуы мен институттануы қызметi. Теория бойынша қоғамның әрбiр мүшесi қандай да бiр әлеуметтiк қауымдастықтың мүддесiн бейнелеуге, билiк ұйымында оның өкiлi болуға құқылы. Бiрақ, шын мәнiнде бұл бәрiнiң қолынан келе бермейдi. Сайлау процесiнде өз өкiлдiгiн қолдау базасын қалыптастыру өте маңызды, ол коммуникациялық каналдар мен сайлаушылармен өзара әрекетте болуға байланысты. Қайсы саясаткер бұны табысты, жемiстi ұйымдастыра алса, онда ол саяси элита қатарына табиғи таңдау негiзiнде өте алады. 4 Сайлаушылардың саяси белсендiлiгiн арттыру қызметi. Сайлау науқаны кезеңiнде сайлаушылар әртүрлi саяси бағыттарды, әлеуметтiк-саяси күштердi қарастырады. Олардың iшiнен өз мүддесiне лайықтысын, қанағаттандыру мүмкiндiгi барын таңдайды. Дегенмен, сайлаудың әдiлеттi өтуi көбiнесе сол электораттың саяси белсендiлiгiне байланысты екендiгiн ұмытпау керек. Сайлаудың демократиялығын бiрнеше қағидалар анықтайды: 1 Жалпыға бiрдей сайлау құқығы қағидасы жынысына, нәсiлiне, дiнге көзқарасына, әлеуметтiк шығу тегiне және т.б. қарамастан белгiлi бiр жасқа толған барлық азамат сайлауға және сайлануға құқылы. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы болып бөлiнедi. Белсендi сайлау құқығы – ол 18 жасқа толған азаматтың сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы. Бәсең сайлау құқығы – ол заң белгiлеген шектеулер: жастық шектеу (18 жасқа дейiнгiлер қатыса алмайды); қабiлетсiздiк шектеу (жүйке аурулар); моралдық шектеу (сот тәртiбiн бұзғандар); тұрғын жерi мен азаматтығына байланысты шектеулер. 2 Сайлау құқығындағы тепе-теңдiк қағидасы, яғни, сайлаушылардың барлығының бiрдей дауысты иеленiп қатысуы, бiр сайлаушының басқа сайлаушыларға қарағанда ешқандай жеңiлдiкке ие болмауы. Сонымен бiрге, сайланушылар құқығының да бiрдей болуы. Мұнда өкiлдiк нормаларына сәйкес халықтың саны бойынша тепе-теңдiк сайлау округтерi құрылады. Барлық азаматтардың сайлау құқығы заңмен бiрдей деңгейде қорғалады. 3 Төте сайлау құқығы қағидасы, азаматтардың тiкелей сайлауынан көрiнедi. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президент, Парламент мәжiлiсi депутаттары, мәслихат депутаттары төте сайлау құқығы негiзiнде сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламенттiң жоғары палатасы Сенат депутаттарын сайлауға енгiзiлген. 4 Жабық сайлау қағидасы немесе жасырын сайлау қағидасы, бұл қағида дауыс берушiлердi сыртқы қысымдар болудан қорғайды, егер жасырын дауыс беру қағидасы бұзылса заң алдында жауап бередi. 5 Бәсекелестiк қағидасы, сайлауға бәсекелесушi партиялар, қозғалыстар, кандидаттар т.б. қатысуы. Олардың арасында бейбiт бәсеке болып, жеңгенi өкiлдiк орынға ие болады. 4 Сайлау жүйелері. Сайлау жүйесiнiң екi түрi қалыптасқан: 1 мажоритарлық; 2 тепе-тең (пропорционалды). Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң мәнi әрбiр округтегi депутаттық орын белгiленген көпшiлiк дауысты жинаған партия кандидаттарына берiледi, ал қалған азшылық дауысты жинаған партия кандидаттары ұсынылмай (орынсыз) қалады. Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң: абсолюттiк көпшiлiк және бiршама көпшiлiк деген екi жүйесi бар. Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң мынадай артықшылықтары бар: 1 депутаттар мен сайлаушылар арасында тығыз, тiкелей байланыс қалыптасады, көбiнесе жекелiк сипатқа ие болады. Депутат өзiнiң сайлау округын, оның проблемалары мен мүдделерiн жақсы бiледi. Депутаттың өз сайлаушыларымен тiкелей тығыз байланысы, оның парламенттегi ықпалын күшейтедi, оған сыртқы ықпалдардың әсерiн әлсiретедi, саяси қысымға ұшырамайды. 2 мажоритарлық сайлау жүйесi ең күштi саяси ағымның жеңуiне мүмкiндiк бередi, парламентке орта және ұсақ ықпалдағы партиялардың өтуiне мүмкiндiк бермейдi, сөйтiп екi немесе үш партиялық жүйенi қалыптастырады, атқарушы билiктiң қызметiнде жетiстiктерге жетуiне мүмкiндiктер жасайды. Бiрақ, мажоритарлық сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi де бар: 1 ең алдымен ол елдегi саяси күштердiң ақиқат жағдайын көрсетуге қабiлетсiз. Себебi олардың көпшiлiгi парламенттiк қызметтен тыс қалады. Сонымен бiрге, қоғамда кейбiр азшылық топтар өкiлсiз қалуы мүмкiн, яғни олардың мүддесiн қорғаушылар заңшығарушы билiк құрылымында жоқ деген сөз; 2 мажоритарлық сайлау жүйесi депутаттардың жалпыхалықтық, жалпымемлекеттiк мүдделерден топтық және өлкелiк мүдделердi жоғары қоюға итермелейдi. Бұл парламенттiң жалпыхалықтық, жалпымемлекеттiк ұйым ретiндегi рөлiн әлсiретедi; 3 мажоритарлық сайлау жүйесi сайлаушылардың саяси еркiн манипуляциялауға жол бередi, көбiнесе сайлаудың нәтижесi сайлау округтарын дұрыстап бөлуге байланысты. Тепе-тең сайлау жүйесiнiң мәнi мандаттар партиялар арасында жинаған дауыстарына сай бөлiнедi. Тепе-тең сайлау жүйесiнiң артықшылықтары: парламент деңгейiнде саяси күштердiң ақиқат өкiлдерi болуына мүмкiндiк бередi. Парламенттiк саяси шешiм қабылдау нәтижесiнде жекелеген әлеуметтiк және саяси топтар мүдделерi есепке алынады. Тепе-тең сайлау жүйесi азаматтық қоғам мен саяси жүйе, мемлекет арасындағы байланысты нығайтады, плюрализм дамуына мүмкiндiк бередi. Тепе-тең сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi: 1 дауыс беру жеке адамға емес, партияға негiзделген соң сайлаушылар мен парламент депутаттары арасындағы байланыс әлсiрейдi. Кандидаттар тiзiмi әкiмшiлiк-канцеляриялық жолмен әзiрленедi, бұл кандидаттың партиялық-аппараттық құрылымға тәуелдiлiгiн күшейтедi. Бұл бюрократиялық шешiм мүмкiндiктерiн күшейтедi, тұрғындардың өкiлдiлiк ұйымдарға сенiмiн әлсiретедi. 2 тепе-тең сайлау жүйесiнiң бүкiл ел көлемiнде қолдаушылары жоқ саяси күштердiң парламентке келуi Үкiметтi құруда қиындықтар тудырады. Күштi партиялардың жоқ болуы, көппартиялық коалициялардың құрылуына алып келедi, бұл партиялардың бағыттары мен бағдарламалары әр қилы, сонда да олар келiсiмге барады. Бiрақ бұл келiсiмдер тұрақты емес, ол Үкiмет қызметiне де әсер етiп, қайшылықтар тудырады. Мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiн жоя отырып өзiнше бiр аралас сайлау жүйелерi де қалыптасқан: ұсақ партиялар өкiлдiлiгiн шектеу үшiн сайлау өлшемi – шек анықталынады; көпмандатты округ орнына азмандатты құрылады. Сайлауға қатысу құқығы 4-5 партияға ғана берiледi; кандидаттар тiзiмiне партия емес, оның өкiлдерi ендiрiледi, сондықтан дауыс беруде партиялық бағдарламаны емес, жеке адамдарды таңдау жүзеге асырылады. Ел көлемiнде депутаттық мандаттардың бiр бөлiгi мажоритарлық жүйе бойынша, екiншi бөлiгi партиялық тiзiм бойынша жинаған дауыс негiзiнде бөлiнедi. Сөйтiп, мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiнен айырылып, тек артықшылықтарын пайдалануға мүмкiндiк туындайды. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесi. Заң шығарушы (өкілді) мемлекеттік органдарды сайлауда екі сайлау жүйесі қолданылады. Олар – тепе-тең және мажоритарлық жүйелер. Олардың белгілі бір үйлесімі негізінде дауыс берудің аралас жүйесі қалыптасады. Қазақстанда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс» 107 депутаттан тұрады. Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын сайлауда тепе-тең сайлау жүйесі қолданылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Тепе-тең жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. Тепе-тең сайлау жүйесінің негізгі мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың тепе-тең өкілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша жүргізіледі. Парламентке өту үшін партиялар міндетті түрде сайлаушылар дауысының 7% алуы тиіс, бұл заңнамалық кедергі болып табылады. Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді. Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ. Сайлау құқығының түрлері: Жалпыға бірдей сайлау құқығы – Қазақстан азаматтарының он сегіз жасқа толғаннан кейін тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан, немесе кез келген өзге жағдаяттардан тыс, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы. Бәсең сайлау құқығы – Қазақстан азаматтарының, оларға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттарының депутаты, немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы. Тең сайлау құқығы дегеніміз сайлаушылардың Президентті, Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір сайлау бюллетені бойынша бір дауысқа ие дегенді білдіреді. Сайлаушылар жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы тең дауыс санына ие. Кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен белгіленген шекте сайлауға қатысуға құқылы. Төте сайлау құқығы – Президентті, Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауы. Жанама сайлау құқығы – Парламент Сенаты депутаттарын сайлауға таңдаушылардың – мәслихаттар депутаттары болып табылатын Қазақстан азаматтарының қатысуы. Таңдаушылар сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие. Президентті, Парламент пен мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауда дауыс беру сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да болмасын бақылау жүргізілуіне жол берілмейіндей жасырын болып табылады. Дауыстарды санау жүйесі. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның «Сайлау жүйелері» деп аталатын 9-бабына сәйкес, Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: Мыналар: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған; қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидаттар сайланған болып саналады. Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланады. Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады. |