САЯСАТТАНУ. «Саясаттану о_у ж_не _ылым п_ні ретінде». Саясаттану оу жне ылым пні ретінде
Скачать 69.5 Kb.
|
1 дәріс тақырыбы «Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде». 1 Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны. Саясаттанудың негізгі парадигмалары. 2 Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саяси ғылымның ғылыми-танымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары. 3 Саясаттанудың прагматикалық мәні. Дәріс мақсаты: студенттерге саясаттанудың ғылым ретінде, заманауи қоғам туралы жүйелі зерттеу ретіндегі ерекшелігі мен маңызы жайында мәліметтер беру; саясаттану пәнінің қалыптасуы, мақсаты мен әдістері, функцияларын айқындау. Дәріс мазмұны: 1 сұрақ. Саясаттану – міндетті пәндер қатарына қосылған қоғамдық-гуманитарлық білімнің маңызды пәні болып саналады. Саясаттану – бұл саясат туралы ілім, ол жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Саясаттанудың мазмұны өкімет проблемалары, мемлекет және мемлекетаралық қатынастарды қамтиды. Саяси ғылым ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың ортасына қарай тұрақтандырылған, бірақ саясаттың теориясы көне заманнан бастап өркениет дамуының тарихы барысында дамыды. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің бағдарламасының негізгі нысанының – адамның саяси құқықтары мен мәдениетін көтеруге бағытталып отырған сәтінде әлеуметтік, шығармашылық, бостандық, сонымен бірге адамды өзгеше жаратылыс ретінде сипаттайтын белгілерін анықтауда, дербес ойы бар күрделі саяси мәселелерді шешуде саясаттанудың рөлі зор. Саясаттану пәні мен объектісі. Саясаттану ұғымы гректің (политик) және (логос) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Демек саясаттану дегеніміз – қоғамның саяси өмірінің қалыптасу мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, он ұйымдастыру жолдары, тәсілдері принциптері, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда, саясаттану – саясат сана мен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы. Саясаттанудың 20 ғасырлық тарихы бар; Платон академиясында саясат проблемалары зерттелген және Плотонның шәкірті Аристотельден «саясат» атты көне грек қала мемлекеттерінің саяси жүйелерін зерттеуге арналған күрделі еңбегі қалды. Ал саясаттану тарихына келсек бұл еңбек оқу пәні ретінде 100 жылдай бұрын, ХІХ ғасырда әртүрлі елдердің жоғарғы оқу орындарында оқытыла басталды. Саясаттанудың негізін қалаушы ретінде данышпан ғалым Аристотельді айтады. Өйткені, ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеген. Дегенмен, ол саясатанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздегідей басын ашып бере алмады. Саясаттану ұғымына қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Николко Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық тұрғыдан арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саясаттану объектісі- қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзіне биліктің әрекет ету процесі мен дамуын, бұқараның билікке қатысуын қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет объектісінің барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқа да ғылымдардың философия әлеу-меттану, құқық, тарихты зерттеу объектісі болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзіндік зерттеу пәніне ие болады. Саясаттанудың зерттеу пәні саяси би лікті қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әәдістері болып табылады. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым- қатынастары туралы жинақталған ғылым. Саясат мағынасында трактовкалардың бірнеше негізгі ұстанымдары бар. Біріншіден Аристотельдің түсіндіруінше, саясатқа қоғамдағы проблемалардың барлығы жатады. Аристотельше саясат бұл – «мемлекетті басқару өнері». Дегенмен ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргідей терең түсіндіріп ашып бере алмады. Ол келесі ойларды негіздейді: адам табиғаты бойынша қоғамдық және саяси тіршілік иесі; адам қарым-қатынасының ең жоғарғы формасы – жалпы игілікке жету; барлық қоғам мүшелерінің жақсы өмір сүру мақсатын қойған мемлект үлкен жетістікке жетеді; саясат – «ілім мен мәдениеттің ең маңыздысы», себебі ол алдына «мемлекеттік құрылымның ең үздік түрін» зерттеп және табуды мақсат етеді; Аристотельде саясат моральмен тығыз байланысты. Саясатты моральдан бөліп қарау және жеке пән ретінде (саясатты) зерттеу Н. Макиавелли (ХҮІ ғасыр) есімімен байланысты. Макиавелли бойынша, саясат – бұл «өкімет басына келу, билікті ұстап тұру және тиімді пайдалану» үшін қажетті құралдар жиынтығы. Яғни, саясаткердің негізгі проблемасы ол – мемлекетті басқару және басқару үшін күресу жолдарын айқындау. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу обьектісі – ортақ қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орынын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен ( философиямен ) тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байланыстардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы зандылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетіледі, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда фәлсафа тұжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фәлсафа саясттануға жүгінеді. Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономика саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестрді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс – тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықтық К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың ерік деп атаған. Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі - әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принцптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастық дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі. Саясаттанудың зерттейтін нысаны – саясат, қоғамның саяси өмірі, бүтіндей алғанда, қоғамды қоршаған саяси шындық. Саясаттану пәні дегеніміз бұл – саясаттың ортаңғы звеносы болып саналатын өкіметтің қалыптасуы, қызметі мен дамуы, объективті және субъективті факторларының заңдары және әсер етуші механизмдер мен осы заңдардың орындалу заңдылықтары туралы ғылым. Сондықтан, саясаттану – қоғамдағы саясат пен саяси қарым қатынас туралы, саяси өкіметтің дамуы мен қалыптасу заңдылықтары туралы және адамның қоғамдық өмірдегі орны туралы ғылым. Қарастыратын мәселесіне байланысты саясаттануды келесі бөлімдерге бөлуге болады: 1) саяси теория – саяси процестерді, яғни саяси институттар мен қоғамдық- саяси күштердің жұмыс жасауын зерттейді. Алға қойған мақсаты саяси процесс дамуының ағымдары мен заңдылықтарын анықтау және түсіну болып табылады; 2) саяси философия – саяси процестердің идеялық мазмұнын зерттейді; 3) саяси социология – саяси ақуалдың әлеуметтік жағдайымен байланысын, біржағынан саяси процестердің әлеуметтік мазмұны мен саяси қызметтің әлеуметке әсерін анықтайды; 4) саяси психология – жеке адам мен бұқараның санасы деңгейінде саяси қызметтің психологиялық факторларын қарастырады. Айтылған бөлімдер саясаттануды кең мәнінде қарастырады. Ал, тар мәнде саяси ғылым деп саясат теориясының өзі айтылады. Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі бұл ғылымды сяасат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қатып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрады деп белгіледі: 1) Саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы мен қызметі); 2) Саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару, көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) Партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) Қоғамдық пікір; 5) Халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық). Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерсітің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Сонымен, Саясаттану дегеніміз қоғамдағы саясаттың мән жайын түсіндіретін яки ондағы адам мен қоғамның ара-қатынасын айқындайтын тұжырымдамалардың жиынтығын дәйектейтін ғылым. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуы процесінде тиісті топтар мен мектептер ұстанатын саясат әлемін зерттеудің әртүрлі теориялық тұжырымдамалық тәсілдері (парадигмалары) қалыптасып, бірге өмір сүреді. Саясаттану, басқа әлеуметтік ғылымдар сияқты, полипарадигматикалық пәндер санатына жатады. Саясаттанудағы Парадигма - бұл саяси шындықты бейнелейтін, білімді ұйымдастырудың логикасы мен әлеуметтік құбылыстардың осы тобын теориялық түсіндіру моделін белгілейтін танымдық принциптер мен әдістердің жиынтығы. «Парадигма» терминін 20-шы жылдары ғылыми айналымға енгізген. өткен ғасырда американдық ғылым және философия тарихшысы Т.Кун. Парадигма - бұл шындықты қабылдау және түсіндіру тәсілдерін анықтайтын нақты логикалық, ақыл-ой моделі. Саясаттанудың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар. Теологиялық парадигма. Ол саяси ілімдер дамуының бастапқы кезеңінде, бүкіл әлеуметтік-саяси жүйе Құдай ретінде танылған кезде қалыптасты, ал билік, мемлекет Құдай құрған әмбебап әлемдік тәртіптің бөлігі ретінде ғана қарастырылды. Әрине, саясаттың табиғаты туралы мұндай түсіндіруді Ғылыми деп атауға болмайды. Бұл тәсіл әлемнің басқа әлем көздеріндегі сенім тұрғысынан түсіндірілмейтін сенім қағидаттарына негізделген. Натуралистік парадигма қоғамдық шындықтың бірнеше түсіндірмелері бар деп болжайды. Осы тәсіл аясында жұмыс істейтін зерттеушілердің мақсаты - адамдардың өз шындықтарын әлеуметтік контексте қалай құратынын түсіну. Натуралистік парадигма. Саясатқа натуралистік көзқарас негізінде оның жақтастары оның мәні мен табиғатын Әлеуметтік емес, табиғи сипаттағы факторларға сүйене отырып түсіндіруге тырысады. Оларға мыналар жатады: географиялық орта, адамдардың биологиялық және психикалық қасиеттері, климаттық жағдайлар, адамның нәсілдік ерекшеліктері және т.б. бұл идеялар тобының негізі ұтымды көзқарас болып табылады. Биосаяси парадигма. Полиполитикалық теорияларды жақтаушылар тұрғысынан адамдардың инстинктивті, генетикалық туа біткен қасиеттері мен қасиеттерінің приматы тек саяси саланың өмір сүруіне жеткілікті негіз бола алады. Әлеуметтік парадигма. Ол саясаттың пайда болуы мен табиғатын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіруге тырысатын әртүрлі теорияларды біріктіреді. Олар саясатты адам өмірін әлеуметтік ұйымдастырудың бір немесе басқа формасы, қоғам өмірінің белгілі бір жағы ретінде қарастырады. Екінші жағынан, саясат қоғамның басқа салаларына әсер етеді: экономика, әлеуметтік құрылым, құқық, мәдениет және т. б. Рационалды-сыни парадигма саяси өзара әрекеттесудің табиғатын оның ішкі құрылымдарының, қатынастарының, институттары мен механизмдерінің әсерінен түсіндіруге бағытталған. Осылайша, жоғарыда қарастырылған саясатты түсіндірудің маңызды тәсілдері саяси өмірдің күрделілігі мен поливариантын көрсетеді. Сонымен қатар, парадигмаларда бейнеленген әлеуметтік құрылымның әртүрлі суреттері саяси ойдың дамуының жалпы параметрлері мен шекараларын көруге мүмкіндік береді. 2 сұрақ. Саясаттанудың әдіс-тәсілдері - саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп- білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуші ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады. Саясаттанудың қызметі - саясатттанушылар өмірде төмендегідей қызмет атқарады: - гнесоологиялық яғни, саяси өмір шындығын т.сіндіру, саяси болжам жасау, саяси теорияларды тұжырымдау, қортынды жасау; - аксеологиялық яғни, саяси құрылысқа, идеологияға, институттарға, саясатқа қатысушыларға демократиялық, саяси мәдениетті қалыптастыру; - саяси өмірді рационалдандыру, яғни саяси құрылымдарды, саяси реформаларды және жаңартуларды теориялық тұрғыдан дәлелдеу; - тәрбиелеу, яғни азаматтардың саяси мінез – құлқына тікелей әсер ету. Саясаттану әдістері: Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы. Институционалды әдіс арқылы Конституция, мемлекеттің заңдар мен қоғамның нормалары мен тәртібін зерттеу арқылы тұтас дамудың мәнін ашады. Салыстырмалы әдіс ежелден таныс, саяси объектілерді салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын білу. Әлеуметтенулық әдіс арқылы нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның саясатқа қатынасын білуге болады. Антропологиялық әдіс адам табиғаты ерекшелігінен туындайды. Бұл әдіс адам типі мен саясат байланысы, ұлттық сипаттың саяси дамуға әсер етуі немесе керісінше, саяси дамудың ұлт сипатына әсер ету мәселелерін шешуге көмектеседі. Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-құлықтық субъективті механизмдерін және сонымен бірге психологиялық мотивацияның механизмдерін зерттеуге бағытталған. Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға негізделген. Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін қалыптастырады. Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік, т.б. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. Саясаттану ғылымы да мынадай қызметтер атқарады: Танымдық қызметі. Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Бағалау қызметі. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс- әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды бағалау арқылы көпшілік оны ақтайды немесе қаралайды. Саяси әлеуметендіру қызметі. Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Қазіргі кезеңде азаматтарымыздың саяси құндылықтарында қайшылықтық тұстар байқалуда. Бұл саяси әлеуметтендіру жұмысын жетілдіруді қажет етеді. Реттеушілік, басқарушылық қызметі. Бұл қызмет арқылы саясататну ғылымы адамдардың саяси өмірінде өзін- өзі ұстауын іс-әрекетін реттейді. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәліметтер береді. Саяси өмірді жетілдіру қызметі. Бұл ғылым саяси инситуттар мен қатынас-тарда, басқаруда реформалар жасап, оларды байта қарауда теориялық негід болады. Оның көмегімен заңшығарушы атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешімдер алдан- ала тексеріліп зерттеледі, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан тал-данады. Болжау қызметі. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін сол күйінде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиіс. 3 сұрақ. Саяси сананың практикалық (прагматикалық) функциясы теорияда жасалған шешімдер мен тұжырымдар практикалық әлеуметтік-саяси қызметте жүзеге асырылуға жататындығына, яғни басшылық және әлеуметтік-саяси практиканы өзгертудің қажетті шарты болып табылатындығына байланысты. |