Главная страница
Навигация по странице:

  • Мерейлі сәт мерекеге ұласып, Сегізінші наурыз келді қыр асып.Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

  • Дүниеде ең кемеңгер дананы, Ана табады, аялайды бағады.Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,Құрметтейік қасиетті – ананы

  • Поезд гудогы естіледі.

  • 1. Даярлық сыныбының биі –«Арнау»

  • Поезд гудогы естіледі.

  • 2-жүргізуші: Поезд гудогы естіледі. Тарс – тұрс поездің тоқтаған дауысы

  • Поездің тоқтау дауысы

  • Бірге айтады

  • сценарий. Бақыт вагонына. Сценарий Асылбек Есеповты Мелодия любви


    Скачать 18.26 Kb.
    НазваниеСценарий Асылбек Есеповты Мелодия любви
    Анкорсценарий
    Дата17.10.2022
    Размер18.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБақыт вагонына.docx
    ТипСценарий
    #738387

    «Бақыт вагонына» атты 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
    Асылбек Еңсеповтың «Мелодия любви» күйі қосылып тұрады. Сахнаға бастауыш сынып ұлдары үш бұрыш жасап шығып тақпақтарын оқиды оқылады.

    Мерейлі сәт мерекеге ұласып, 
    Сегізінші наурыз келді қыр асып.
    Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
    Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

    Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, 
    Мерекеден шуақты бір із қалды.
    Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
    Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

    Дүниеде ең кемеңгер дананы, 
    Ана табады, аялайды бағады.
    Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
    Құрметтейік қасиетті – ананы

    (Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады). 

    1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. 

    Сенен өскен балалар,

    Батырлар мен даналар.

    Құттықтаймыз мейраммен,

    Құрметті, жан аналар!

    (Жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар, квн ойыншылары секілді қысқа би билейді де, сахнадан шығып кетеді).  

    2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Бүгінгі сіздерге арналған «Бақыт поезіне» қош келдіңіздер!

    1-жүргізуші: 

    Ана десем шешек ашып жанары,

    Өмірімнің бастау алар ажары.

    Ана деген тіршілікке пана боп,

    Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді поезіміздің көшбасшысы мектеп директоры Токтаганов Бауыржан Нуркамзиновичке береміз.

    2-жүргізуші: 

    Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
    Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
    Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
    Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
    Поезд гудогы естіледі.

    1-жүргізуші: 

    Құрметті жолаушылар! Біздің поезымыз «Өнерпаз балдырғандар» бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте жас жеткіншектеріміздің өнерін тамашалаңыздар!

    1. Даярлық сыныбының биі –«Арнау»

    2-жүргізуші: 

    Поезд гудогы естіледі.

    Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
    Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
    Биімен көрерменді тәнті ететін
    Ұлдарымыз келді міне толқып, тасып. Құрметті жолаушылар біздің поезіміз «Бишілер» бекетіне келіп жетті. Ортада 8 сынып ұлдарының ______________________________ биі қарсы алыңыздар!

    Поезд гудогы естіледі.

    1-жүргізуші:

    Мерекеге арналады бүгін билер.

    Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

    Алдарыңызда қазіргі ұлдар биі,

    Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекті 9-сынып ұлдар биі қарсалыңыздар.

    Поезд гудогы естіледі.

    2-жүргізуші:

    Әркімнің де өмірден аласы бар,
    Аласы бар адамның анасы бар.
    Мерекесін құттықтап аналардың,
    Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп – «Екі езу» аялдамасына келіп жеттік. Алдарыңызда 7-сынып ұлдарының көрінісі

    Поезд гудогы естіледі.

    1-жүргізуші: 

    Поезд гудогы естіледі.

    Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

    Әрқашан ана сізбен берекеміз.

    Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

    Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып құрметті жолаушылар! 10-11 сынып ұлдарының биін тамашалаңыздар

    2-жүргізуші: Поезд гудогы естіледі. Тарс – тұрс поездің тоқтаған дауысы

    Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
    Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
    Қыздардың қылығымен өмір қызық,
    Қыздардың ғұмырымен заман құтты!- міне біздің поезімізде соңғы аялдамағада келіп жетті.

    Поездің тоқтау дауысы

    1-жүргізуші:

    Көңілің алатаудың ақ қарындай

    Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

    Қалайша аяулы ана тына алармын,

    Ән болып сағыныштан ақтарылмай. – дей келе аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Сіздерге мектебіміздің ұлдарының орындауында хор «Ана туралы жыр».

    2-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

    Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

    Қош болып тұрыңыздар көріскенше

    Осымен концертіміз аяқталды.

    1-жүргізуші: Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

    Бірге айтады: Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

    БӘРІ: 8 наурыз құтты болсын!
    Қойылымдар тізімі

    1. Тақпақ – бастауыш сынып

    2. Директор құттықтау сөз

    3. Даярлық сыныбының - биі

    4. 8-сынып би

    5. 9-сынып би

    6. 7-сынып көрініс

    7. 10-11 – ұлдар биі

    8. 5-10 сынып ұлдар хор


    написать администратору сайта