ақуқулар. аққулар. Сценарий Шымылды ашылады. Еденде бала ауырып, асында ке мен ана тілеуін тілеп отырады. Аула зендегі видио ролик
Скачать 22.84 Kb.
|
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы (М. Мақатаев) Сценарий: Шымылдық ашылады. Еденде бала ауырып, қасында әке мен ана тілеуін тілеп отырады. Аққула өзендегі видио ролик Автор:Қымбат Өзен де жоқ сыймаған арасында, Жылға да жоқ даламен жалғасуға. Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай, Қалай біткен мынау көл тау басына?! Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным, Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын. Бұл көлге мылтық алған саятшы емес, Тірі жан аяқ басып келмейтұғын. Аққулар аман – есен қайтқанынша, Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын. ( Суымен сырқаттарын емдейтұғын) Бала жатыр төсекте күйіп – жанып, Баласының ана отыр күйін бағып. Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар, Миын қарып барады, миын қарып. Әке:Жанаргүл - «Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?! Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті... Ана: Нұрдана - Аққумен баланы аластаңдар, Деді – дағы жәйімен жөнеп кетті...» Әке:Жанаргүл ейии Ана: Нұрдана - Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға, Неткен жансың санасыз жаратылған?! Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі, Ұмытылып кетті ме санатыңнан? Әке: Жанаргүл Апыр – ай, қалай барам, қалай барам?! Атармын аққу құсты қалай ғана?! Айдынның аққулары ұйықтағанда, Өрген мал, өскен шырша абайлаған, Барлығы қасиетке қарайлаған, Оқ атам қасиетке қалай ғана?... Бармаймын, қалай барам бара алмаймын,?! – деп зарланады. Амалы таусылған ана не істерін білмей: Ана: Нұрдана Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі! Балам өлсе, бақыттың керегі не?! Топан су басып кетсін қалғандарын. Перзент сұрап несіне армандадың?! Құрысын онсыз сенің жанған бағың! Мылтықты әкел! Атты ертте! Жалған бәрі! – деп мылтықты қолына алып сахынадан шығып кетеді. Шымылдық. Видео проектордан көл бетінде жүзіп жүрген аққулардың бейнесі көрсетіліп, автор дауысы естіледі. Автор: Қымбат ... Аққулар.... Аққу мойын, сүмбе қанат, Алаңсыз тарануда күнге қарап. Айдынның еркелері, білмей тұрмын, Етермін тағдырыңды кімге аманат?! Шошымай шолжаң өскен батырларың, Ана отырған шыршаға жақындады. Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға, Білмей қалды мылтықтың атылғанын. тарс еткен мылтық дауысы естіледі. Ию – қию көл маңы, астан кестен, Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен. Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр, «Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен. Тау жаңғыртып , тамаша құстың әні, Қош айтысыпкөлменен, ұшты бәрі. Көл бетінде көлбендеп, жаралы аққу, Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады.... «Жетім көлдің» басында жылқы жатқан, Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан: Қария: Мадина «... Апыр – ай, бұл кім болды, таң сәріде, Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?! Құстардың зәре құтын шырқыратқан, Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?! Ей ! Кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма? Аққуды неге атасың , арың бар ма?! Тастағың қаруыңды, келгін бері, Келгің бері, кеуденде жаның барда! Ана: Нұрдана Мана күндіз тәуіп шал келіп,кетті, Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті. Аққумен баланы аластандар,деді дағы, Жайымен жөнеп кетті. Қария: Мадина Әй, балам!.. Болмады ғой, болмады ғой... Қасиет кетті көлден, сорлады ғой... Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік, Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!.. Мін атқа, қайт ауылға , тағат қыл да. ... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?! Аққуға кезенерде, ырым жасап, Тым құрыса саусағынды қанаттың ба? Ана:Нұрдана Жоқ, әлек боп, арпаласып сор- қайғымен, Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен... Жасымнан естігенім бар – тын еді, «Әтеуір аққу атқан оңбайды деп... Қария:Мадина Солай, солай... Аманат бір құдайға... Қай – қайдағы түседі құрғыр ойға.... Құрғыр ойға.... Автор: Қымбат Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда, Өлі менен тірінің арасында. Өліп жатқан ұлына қарасын да, Қалсын ана «Жетім көл» жағасында, Өлі менен тірінің арасында. Шымылдық ашылып, сахынада бала жанында отырған әке көрініп, қастарына еш амалы қалмаған ана келеді. Ана:Нұрдана Күннің күркірегені дыбысталады Жоқ! Мен емес... Мен атпадым... Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!» Қасиет!.. О, қасірет! Осындай ма ең?! Сорымның қалындығы шашымдай ма ең!.. Қасиет!.. Автор: Қымбат Аққула ұшып бара жатқан ролик Орында екен «Жетім көл» жоғалмапты, Ортаймапты немесе толаймапты. Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты. |