сценарий на наурыз. Сценарий внеклассного мероприятия Тема Наурыз Класс 9 б Классный Нриманова А. Е. Алматы, 2023 г
Скачать 30.52 Kb.
|
КГУ «Школа-гимназия №44» Сценарий внеклассного мероприятия Тема: Наурыз Класс: 9 «б» Классный руководитель: Нұриманова А.Е. Алматы, 2023 г. Внеклассное мероприятие: Наурыз Класс: 9 б Классный руководитель: Нұриманова Ақмарал Ержанқызы Цели: 1)Познакомить учащихся и родителей с казахскими обычаями и обрядами, национальными блюдами, ритуалами встречи праздника «Наурыз»; 2) Воспитывать культуру общения, толерантности, уважения к семейным традициям. Ведущий 1. Здравствуйте дорогие гости, добро пожаловаться на наше мероприятие, посвященное празднику "Наурыз" Ведущий 2. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Біздің мерекелік іс-шараға қош келдіңіз. Ведущий 1. Сегодня наш класс приготовил выступление в честь этого весеннего праздника Ведущий 2. Бүгін біздің сынып осы көктем мерекесіне орай сыныптан тыс іс шара дайындады. Ведущий 1. Наурыз - это главный праздник в году как у казахов, так и у многих народов Азии, отмечаемый уже более пяти тысяч лет. Это праздник весны, обновления природы, начала нового года, новой жизни. Празднование Наурыза имеет языческие корни, это праздник поклонения природе. Ведущий 2. Наурыз – қазақтар үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де бес мың жылдан астам тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы. Наурыз мейрамының тамыры пұтқа табынушылық, табиғатқа табыну мерекесі. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жылбасы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Ведущий 1: Дорогие наши учителя в этот прекрасный праздничный день наша с вами задача сегодня -сделать эту встречу яркой, веселой и незабываемой. Ведь считается, что чем больше радости человек впустит в свою душу в эти весенние дни, тем богаче будет весь год. Чем веселее пройдет Наурыз, тем щедрее будет природа. Поэтому, сегодня мы подготовили для вас: игры, состязания, стихи, песни и угощения. Принимайте активное участие. Ведущий 2: Дәл қазір ауылымыздың ақ сақалы, ақ тілегің, батасын беруге ортамызға Кәмілжан атамызды ортаға шақырамыз. Ерасыл –читает бата Ведущий 2: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. Ведущий 1 Март — первый месяц года по восточному календарю. В этот месяц года день и ночь равны, поэтому Наурыз - считается началом года. Ведущий 2. Білесіздерме осы наурыз мерекесінде, біздің қасиетті домбырамыздың үні еліміздің әр жерінде ерекше ойналатынын. Домбыра — қазақтар, ноғайлар және қалмақтар мәдениетінде бар екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы екеніне бәрімізге мәлім, сондықтан қазір сіздерге арнап домбырада біздің кішкентай қонағымыз керемет күйін шертіп береді. Ведущий 1. Все мы знаем наш национальный инструмент домбыра, нам удостоилась честь услышать прекрасный куй от нашего маленького гостя _____________________. Ведущий 1. Ваши апплодисменты дорогие ученики и гости нашего ауыла. Спасибо большое маленькой принцессе __________, что согласилась прийти и сыграть нам этот прекрасный куй. Ведущий 2 Өте жақсы. Рахмет үлкен! Ал енді біздің сынып оқушылары қазақша, орысша өлең жолдарын оқып береді. Ведущий 1 А сейчас ученики нашего класса прочитают вам прекрасные строчки стихотворения на казахском и русском языке. С Наурызом тебя поздравляю И благодати пожелаю, Желаю терпимости, счастья, добра, Пусть оправдает надежды весна! Пусть оживут сегодня мечты, Пусть будут счастливыми, яркими дни, Наурыв наш город сегодня пришел, Яствами разными наполнен наш стол! (Ратмир) Наурыз көктем, наурыз жыр, Ана мейрім, шуақ нұр. Жан иесін жаңартқан, Аққан бұлақ, нәзік сыр. Наурыз әлем, наурыз құс, Сұлу дала, сағым түз. Самғай ұшқан қарылғаш, Аққу қаздар мамық төс. (Толганай) Весна приходит снова к нам, Вас с этим поздравляю, Дорогу солнцу, ручейкам Сугробы уступают. Пускай душа ваша поет И свету будет рада Тепло к нам всем уже идет, А большего не надо! (Алина) Природа обновляется, Год новый начинается, Живой пробуждается B день праздника весны! В Навруз начнется новый день, Пусть возродится даже пень, От солнца, света, доброты (М.Артем) Пусть на твоей земле, Мой Казахстан прекрасный, Смеются дети и цветут сады В праздник Наурыз чудесный! (Кристина) Ведущий 2: Енді Наурыз туралы ән тыңдап, барлығын бірге караокедегідей ән салайық. Ведущий 1 Сейчас давайте послушаем песню про Наурыз, и споем его все вместе как караоке. Песня Роза Рымбаева Наурыз думан https://youtu.be/Szh0aQ1GKx8 Ведущий 2 - Қара жорға – қазақтың халық биі мен күйі, оның сүйемелдеуімен орындалады. Енді осы ұлттық биді біздің ұлдар орындайды. Ведущий 1 -Кара жорга́ — казахский народный танец и кюй, под аккомпанемент которого он исполняется. Сейчас с этим национальным танцем выступят наши мальчики . (Абдуфарид, Олег...) ТАНЕЦ КАРА ЖОРГА Ведущий 1: Знаешь Дияра в день Наурыза люди выходили на улицу, поздравляли, желали друг другу самые добрые пожелания, прощали обиды и ссоры: ходили другу к другу в гости, в каждом доме готовили традиционный «Наурыз – көже». И угощая, желали друг другу счастья и здоровья. Ведущий 2. Осы наурыз мейрамында қазақтың дәстүрлерін көрсету біздің бүгінгі іс шараның мақсаты болғандықтан, сіздерге Қыздың ұзатуынан бір шағын үзінді көрсетейік деп едік. Ведущий1. Так как наша цель показать традицию Казахской культуры, мы бы хотели показать отрывок Проводы невесты. Вероника прочитает текст во время музыкального сопровождение. Қыз ұзату- ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт-дәстүр. Қызды үйінен ұзатып салу ата-ана үшін өте үлкен бақыт. Себебі кез-келген ата-ана өз қызын таңдаған жары мен құда-құдағиларына аманатпен шығарып салғысы келеді. Сондықтан да қандай ата-ана болмаса да бұл күнге өте мұқият дайындалады. Жігіт пен қыз келіскесін бір-бірінің ата-анасымен танысып алғаны дұрыс. Той кезінде түсініспеушіліктер болмауы үшін құдалар алдын ала киіт анау мынауды алдын ала келісіп алғандары дұрыс (көбіне келіспеушіліктен реніш туып жатады). Қазіргі заманда қызға сырға салу мен бірге қызды ұзатуды бірге бір күнде жасайды. Сонымен қызды ұзатар кезінде мына салт — дәстүрлер жасалады: Келінмен таныстыру Құдалар келе жатқан кезде есік алдына екі адам арқан тартады, арқан тартқан адамдарға құдалар жағы өз жоралғысын (орамал, мата, ақша) береді. Құдалар есіктен кіріп амандасқаннан соң қыздың екі жеңгесі жігітті отқа май құйғызуға алып кетеді. Отқа май құйғызғанан соң жігіт жоралғысын (көбіне ақша, моншақ анау-мынау ұсақ түйектер) береді. Құдалар жайғасып алғасын, болашақ келіндерін таныстырады. Оған құдағи көрімдігін беруге міндетті. Жастарға бір бөлек үлкендерге бөлек дастархан жасалады. Қызға сырға салуТамақтарын ішіп алғасын қоржын ашуға кіріседі. Бірінші кезекте, өлілер риза болсын деп босағаға ер адамға киім қыстырады. Сонан соң қызға әкелінген сырға салынады. Оның қыздың құлағына енесі не қайын әпкелері салады. Қыздың өлі - тірісі деп бір мал атайды. Көбіне қой немесе жылқы әкелінеді. Әкелінген киіттер беріледі, негізі алдын ала келісіп алынса аттарын атап береді. Көбіне алтын заттарын береді. Қыздың анасына «ана сүтінің» ақысы мен құдағи қоржын табыс етіледі. «Ана сүтінің» ақысына көбіне анасына жеке алтын зат алып береді. Құдағи қоржынның ішіне піскен ет, тәттілер, арақ-шарап салады. Қоржынның сырты сақина, білезік, моншақтармен көмкеріледі. Оларды қоржынды ашқан қыз жақтың кісілері бөлісіп алады. Соңында қыздың анасына «қыздың қалыңы» деп ақша беріледі. Бұл ақшаны бұрындары қалың мал деп атаған. Ары қарай той жалғасады. Етке отырған кезде күйеу бала сыбағасы төс тартылады. Төс тартылған табақты қайтарып берген кезде жігіт ішіне ақша салып береді. Үлкендер жағына бауыр асату басталады. Құда, құда дегізген, Құйрық бауыр жегізген. Айналайын баладан, Құдасы бар дегізген, — деп құдаларға бауыр асату басталады. Бауыр асатуда бауыр мен құйрық май ортасына қатық жағып бір — бірден құдалардың бәріне таратып шығады. Бауырдан жеген құдалар табаққа ақша салады. Қызды шығарып салу Дастарханда отырыс біткесін қыз жақ құдаларына киіттерін кигізеді. Сонан кейін, қызды алып кетерде қыздың аяқ кимін тығып қояды. Қыздың аяқ кимін күйеу бала жеңгелерінен сатып алуы керек. Ары қарай той көбіне той залында жалғасады. Тойда жастарға ақ бата беріліп, тілектер айтылады. Көп қыздар қоштасарларында сыңсу айтады. Сыңсыма — қыздың ата-анасымен, туыстарымен қоштасу жыры. Бірақ, қазір көп ешкім айтпайды, арнайы осы әнді орныдайтын әншілерді жалдайды. Ол әнді орындай отырып, қызды бар туысымен қоштастырып шығады. Қызды соңында үлкендердің батасын беріп ақ мата бойы мен шығарып салады. Қызды артына қаратпай алып кету керек. Қыз ұзату тойы көбіне түнгі 00 00 ге шейін жалғасады. https://youtu.be/Q6axcFx4vac Ведущий 2 Ежелден халқымызда қандай жақсы дәстүрлер сақталған. Қазақта да осындай дәстүрлі ұлттық ойын – Қыз қуу бар. Қыз қуумай, қыз күй – Орта Азияда кең тараған ат ойыны. «Қыз қуумай» түркі тілдерінен аударғанда қыз қуу деген мағынаны білдіреді. Ойын шабандоз мен оның серігі жарыс жолына шығуымен басталады. Қыз 12-15 метрге алға шығады. Төрешінің белгісі бойынша жарыс басталады. Біздің сынып оқушылары сендерге осы ұлттық ойынның түсіндірмесін көрсетпекші. Игра Кыз куу Ведущий 1: Уважаемые учителя всех с праздником ВЕСНЫ ! Желаем вам мира и добра, блогополучия в семье, удачи в делах и согласия в обществе! До новых встреч! Ведущий 2 Құрметті ұстаздар баршаңызды КӨКТЕМ мерекесімен! Сізге бейбітшілік пен мейірімділік, отбасыңызға амандық, бизнесте сәттілік пен қоғамдағы келісім! Келесі кездескенше! Ведущий 1: -Спасибо, что пришли на наше празднование. С праздником Наурыз ! Ведущий 2 -Мерекемізге келгендеріңізге рахмет. Наурыз мерекесі құтты болсын! |