Себебі инфекциялар,уланулар,температураны крт згеруі. Аыры
Скачать 19.71 Kb.
|
Бауырдың майлы дистрофиясы/”қаз бауыр”/. Ағза көлемі аздап ұлғайған,консистенциясы болбыр.Кесіп қарағанда кесінді беті саз балшық түсті,майлы,жылтыр. Капсуласы тегіс. Себебі:инфекциялар,уланулар,температураның күрт өзгеруі. Ақыры: гепотациттерді май басу дәрежесіне байланысты,егер құрылымы бұзылса қолайсыз. Маңызы:ағза қызметінің төмендеуі байқалады. Глазурлы талақ.Ағзаның сыртқы қабықшасы қалыңдаған, тығыз ,гиалинизация салдарында ақшыл сары түсті Себебі:гипертония ауруы, қант диабеті,атересклероз Ақыры : қайтымсыз, бірақ гиалинді массаның сіңірілуі мүмкін Бүйрек амилоидозы. Бүйрек көлемі ұлғайған. Консистенциясы тығыз, кесіндісінде ақшыл сары түсті, майлы «улкен майлы бүйрек» деген атқа ие. Себебі: созылмалы инфекция, созылмалы өкпе абсцессі, ревматизмдік аурулар және т.б. Ақыры: дәнекер ткань өсіп, бүйректің бүрсуі, бүйрек қызметінің бұзылуы, бүйрек жетіспеушілігі. Өт қабының тастары. Өт қабының көлемі ұлғайған, қабырғасы гипертрофия-ланған.Кілегей қабатында қан құйылған ошақтар байқалады.Өт қабы қуысында көптеген тегіс бір-біріне жанасқан қоңып-жасыл түсті тастар анықталады. Себебі:Жалпы факторлар - жалпы семіру, атеросклероз. Жергілікті - өт өзегінің өткізгіштігінің бұзылуы, өт қабының дискенезиясы, қабыну. Ақыры: өт қабы қабырғасының тесілуі(тесілуі),өт перитониті,механикалық сарғаю,холецистит,жабысқақтар,жыланкөз,бауыр циррозы,бауыр жетіспеушілігі. Қолқа атеросклерозы препаратта қолқа қабырғасы бөлігінен көрінеді. Қабырғасы өалыңдаған. Ішкі қабаты түсі піл сүйегі тұстес, беттерінде сары түсті бұрыс пішінді беттері тегіс ошақты томпаюлар байқалады. Оқшауланған ошақтардың беті тегіс диаметрі 0,3-0,5 см, басқаларында бұдыр Талақтың ишемиялық инфарктісі. Некроз ошағының консистенциясы тығыз, ақшыл-сұр түсті, кесіндісінің түрі үш бұрышты негізі қабықшаға бағытталған , ал ұшы ағзаның қақпасына. Бас миына қан құйылу. Ми тканінің кесіндісінде қоныр-қызыл түсті аймақ байқалады, гомогенді түрде, бұрыс дөнгелек пішінді 3,5х 2,0 см. Зақымдалған аймақта ми ткані бұзылған, ұйыған қанмен жұмсарған ми тканімен толған қуыс түзіледі. Себебі: гипертония ауруы, атеросклероз, жарақат нәтижесінен тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы. Ақыры: киста, организация, іріңді инкапсуляция. Гидронефроз . Препаратта бүйрек берілген. Көлемі ұлғайған. Беті тегіс, мүше қабығы қиын сыпырылады, кесіндісінде: табақшалары және бүйрек түбектері кеңіген, лайлы сұйықтыққа толған. Шырышты қабаты іркілген, ұсақ нүктелі қан құйылғанү бүйрек паренхимасы жұқарған, дәнекер тканге айналған. Себебі. Бүйрек тастары, несеп ағар дамуындағы ақаулар. Ақыры: пионефроз, паранефрит, бүйрек жетіспеушілігі Жүректің концентрлі гипертрофиясы. Препаратта жүрек берілген.Көлемі және салмағы ұлғайған.Консистенциясы тығыз.Сол жақ қарыншаның қабырғасы қалыңдаған :2,5 см,оң жақ қарыншасы-0,7см.Кесіндісінде бұлшық ет тканінің туси қара қоңыр.Қарыншаның емізікше және трабекулярлы бұлшық еттері гипертрофияланғаны анықталады. Себебі:журек қақпақшаларының ақаулары, гипертония ауруы. Ақыры:декомпенсация,журек жетиспеушилиги. Талақтың бір камералы эxинококкі. Препаратта талақ берілген,мүшенің көлемі ұлғайған, дөңгелек формалы түзілістің пайда болуынан, көлемі шамамен 9*12см, көпіршікті түрі сұр түсті қатты қабықшалы. Мүше жағынан қалың дәнекер - тканьды капсуламен шектелген. Көпіршік қуысында ақшыл мөлдір сұйықтық бар және қабыршақтанған ұсақ көпіршіктер байқалады. өкпенің миллиарлы туберкулезі Висцеральды плевраның астында және өкпе тканінің кесіндісінде көптеген ақшыл-сұр түсті дән тәрізді(миллиум- тары дән) ошақтар орналасқан, өкпенің консистенциясы тығыз. Себебі: туберкулез микобактериясы. Ақыры және маңызы: қолайлы жағдайда төмпещіктер тыртықтанып және компенсаторлы эмфизема дамиды, ол жүиекке күш түсіріп, оң жақ қарыншаның гипертрофиясының дамуына әкеледі (өкпелік жүрек). Фибринозды перикардит. Препаратта жүрек берілген.Көлемі ұлғайған. Консистенциясы божыраған. Жүректің сырт беткейі көмескі,эпикард үстінде түк тәріздес,лас ақшыл сұр түкті жұқа жіпшелер байқалады олар оңай алынады, өйткені астындағы тканьмен тұтас бірікпеген. Себебі:уремия, миокард инфарктісі,ревматизм, крупозды пневмония Ақыры:перикард жапырақшалары арасында жабысқақтар болуы,үлпершек облитерациясы, кейде склерозданған қабық әктенеді немесе сүйектенеді ішек полипозы. Препаратта ішек берілген. Қабырғасы қалыңдаған.Кілегей қабатында көптеген алуан түрлі,консистенциясы жұмсақ, қоңыр сұр түсті, сырты тегіс бүртіктер көрінеді. Олар ішектің кілегей қабатының бетінде орналасқан Себебі: созылмалы қабыну Ақыры: қатерлі ісікке айналуы эмболиялық іріңді нефрит Бүйрек көлемі біршама ұлғайған, консистенциясы эластикалық. Кесіндіде ткані көмескі, лайлы, көгерген. Қабықша астында және қыртысты затының кечіндісінің беткейінде көптеген қызыл жиекті ұсақ сарғыш-жасыл іріңдіктер анықталады. Ақыры: пери- , паранефрит. 17. Көпіршікті кезбе. Бүрлері бұрыс формалы. Көлемі ұлғаайған, тамырсыз. Бүрлердің стромасы ісінен, базофильді боялған. Пролифеациясы бар жабынды эпителий кей жерлере қабаттар түзеді. Эпителий клеткаларында вакуольді дистрофия белгілері бар. Себебі: аналық безінің гормональды қызметінің бұзылуы. Ақыры: қайтымсыз, кейде жатырдың веналары бойымен өсіп, жатырдың жалпақ жалғамасының терең қабаттарына таралу қабілеті бар. Маңызы: іштің төменгі бөлігінің ауырсыну сезімі, қоңыр қанды сұйықтардың бөлінуі, қан кету көп кездеседі Меланома - злокачественная меланоцитарная опухоль. Рост меланомы может быть в виде пятна в пределах эпителиального пласта (меланома in situ, поверхностно распространяющаяся и лентиго меланома в фазе горизонтального роста), с вер- тикальным типом роста, инвазией эпидермиса в виде узла (узловая мелонома). В зависимости от характера роста и локализации выделяют нодулярную, лентигинозную, поверхностно распространяющуюся, акральную меланому и др |