Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты себебі

  • Салдары қандай

  • Мәнсұр Айжамал 6 семинар. Семинар Алматы аласыны адам леуетіне тигізетін экологиялы проблемалары


    Скачать 16.95 Kb.
    НазваниеСеминар Алматы аласыны адам леуетіне тигізетін экологиялы проблемалары
    Дата12.03.2023
    Размер16.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМәнсұр Айжамал 6 семинар.docx
    ТипСеминар
    #982875

    6-семинар: «Алматы қаласының адам әлеуетіне тигізетін экологиялық проблемалары»

    Алматы қаласының экологиялық проблемасы және шешу жолдары (автокөліктер, жол кептелісінің экологияға зияны). Алматы қаласының тұрғындары көлік кептелісіне күнде тап болады. Алматы қаласының экологиясына зиянын тигізетін басты факторлар мыналар:

    1. Автокөлік және жол-көлік ережелері заңдық жағынан реттелгенмен, іс-әрекет жүзінде жүзеге аспайды. Яғни заңнаманың, нормативтік құқықтың актілердің орындалмау салдары. Мәселен Заң жүзінде 2011 жылы шығарылған мәслихаттың шешімі бойынша аталмыш 5 жолда (Төле би, Райымбек, Абылайхан, Тимирязев, Абай) көшелері бойында көлік қоюға тыйым салынды. Бірақ іс жүзінде бұл шешім жүзеге асқан жоқ.

    2. Қала ішінде орнатылған бағдаршамдар көбінесе экономикалық монополистердің ыңғайына қарай қойылған. Мәселен, Алматы қаласынан Райымбек даңғылы бойымен кіріп шығатын күре жол бойындағы Момышұлы көшесінен «Алтын орда» базарына дейінгі аралықтағы жасанды көлік кептелісін ерекше атап айтуға болады.

    3. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жүргізу мәдениетінің жоқтығы. Жол ережелерін білмеуі, жүргізуші куәлігін сатып алып жатқандығы.

    4. Көліктердің көптігі

    5. Жанармай-бензиннің сапасыздығы.

    6. Алматы қаласындағы 50% ескірген көліктер. Олардан шығатын улы газдар ауаны ластайды.

    Жоғарда аталған Алматы қаласының негізгі экологиялық мәселесін талдай отырып осы мәселені шешуге келесі жолдары ұсынылды:

    1. Автокөлік және жол жүру ережелерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, қала ішінде адами факторларды жоя отырып, электрондық камералардың санын көбейту; жол ережелерін бұзушыларға қатысты заң талаптарын күшейту және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру үшін айыппұлды көбейту шараларын қолдану;

    2. Қазақстанда жүргізушілерді оқытуға немқұрайлы қараған автомектептерді жауапкершілікке тарту;

    3. Барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет. Газды пайдалану өте тиімді, себебі одан ауа ластанбайды және қолдану өте арзанға түседі.




    • Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты себебі?

    Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі – автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп кетіп жатады.


    • Салдары қандай?

    Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.


    написать администратору сайта