Главная страница

Әдебиеттану семинар сұрақтары Microsoft Word. Семинар сабатары


Скачать 20.52 Kb.
НазваниеСеминар сабатары
Дата08.09.2022
Размер20.52 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаӘдебиеттану семинар сұрақтары Microsoft Word.docx
ТипСеминар
#667525

Семинар сабақтары

Аптасы

Тақырыбы

Мазмұны

1.

Кіріспе. Әдебиет – сөз өнері

  1. Сөз өнерінің табиғаты.

  2. Әдебиеттің халықтығы туралы түсінік

  3. Әдебиеттану ғылымының салалары //




2.

Эстетикалық ойдың даму кезеңдері. Сөз өнері туралы ой-толғамдар.


1. Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі. Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. («Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік пен достық, махаббат идеялары

2.Әдебиет теориясының эстетика, өнер теориясы, философия, тіл білімі т.б. ғылымдармен байланысы //

3. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері

3.

Көркем туынды табиғаты


1.Сөз өнерінің образдылық – суреттілік табиғаты //

  1. 2. Образ туралы ұғым. Образдың жіктелу принциптері Көркем бейненің танымдық, эстетикалық, философиялық мәні. Көркем образдың тарихи жағдайға, ортаға тәуелділігі

3.Көркем туындыдағы образ сомдау тәсілдері. Жинақтау және даралау //

4.

Сөз өнеріндегі мазмұн мен пішін мәселесі

1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі.

2. Көркем шығармадағы сюжет мәселесі. Оның атқаратын көркемдік-идеялық функциясы. Сюжет және фабула туралы ой-пікірлер

3. Композициялық элементтер және композициялық бүтіндік мәселесі

5.

Көркем шығарма тілі


1.Тіл байлығы-мазмұн байлығы //

2.Көркем туындыдағы тілдік қолданыстардың маңызы//

3.Шығарманы ажарлау тәсілдері

6.

Көркем шығарманың поэтикалық тілі

1. Құбылту тәсілдері және оның шығармадағы қолданысы

2.Айшықтау тәсілдерінің түрлері.

Көркем туындыдағы қолданылу маңызы /

7.

Сөз өнеріндегі тек және түр мәселесі

1.Әдебиеттің тегі мен түрі туралы жалпы ұғым

2.Қазақ әдебиетіндегі жанрлардың қалыптасу, даму тарихы //

3.Эпостық тек.Эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшеліктері

4. Эпикалық жанр түрлері

8.

Лирика және драмалық жанрлар табиғаты

1.Лирикалық жанр табиғаты. Лирикалық туындылардағы ішкі ғалам сыры, субъективтілік сипат //

2.Драмалық жанр ерекшелігі

3. Драмалық жанр түрлері. (Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов, Горький т.б.) //

4. Аралас жанрлар теориясы

9.

Өлең теориясы

  1. Өлең сөз туралы ұғым. ///

  2. Өлең жүйелері. Силлабикалық өлең жүйесінің ерекшелігі

  3. Ұйқас және оның түрлері

  4. Өлеңнің талданатын компоненттері және талдау принциптері //

10.

Стиль – суреткер ерекшелігі

  1. Стиль – өнерге тән ерекшелік

  2. Стиль туралы ғылыми пікірлер

  3. Суреткер стилін танудың жолдары

11.



1.Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. Көркемдік даму және оның заңдылықтары //

2.Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар. Көркемдік әдістер арасындағы байланыс-сабақтастық

3. Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі. Төл әдебиетіміздегі көркемдік дәстүрлер. Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы. Әуезовтың тарихи роман дәстүрі.

5. Орыс («Гогольдің натуралдық мектебі», «Некрасов мектебі т.б.») және қазақ («Абайдың ақындық мектебі») әдеби мектептері

12.

Батыс Еуропа эстетикасы тарихынан (XVII-XVIII ғ.ғ.)

Классицизм эстетикасы.

1.Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы. //

2. Классицизм эстетикасының көне грек өнері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысты.

3.Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты-классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы.

13.

XVII ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы.


1. XVII ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары.

2.Д.Дидроның, И.Гердердің, Лессингтің еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы, өмірмен байланысын күшейту, шынайылығы т.б. озық ой-толғамдар.

3.Лессингтің «Лаоокон...» еңбегінің маңызы.

4.Ағартушылық дәуір эстетикасының озық және әлсіз жақтары.

5. И.Кант эстетикасындағы қисындылық ұғымы, әсемдік, асқақтық, олардың шарттары.

6. Г.В.Гегель эстетикасындағы қайшылықты және құнды пайымдаулар.

14.

Г.В.Плехановтың әдеби-эстетикалық көзқарасы.


1.Г.В.Плеханов – орыстың классикалық сынын XIX ғ. аяғында жалғастырушы сыншы, эстет, әдебиет теоретигі.

2. Г.В.Плеханов эстетикасындағы басты мәселелер.

3.Г.В.Плехановтың жаңа әдебиет, өнер жайлы ойлары. Әдебиеттің, өнердің партиялылығын сынға алуы.

15.

Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.


1.XIX ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар. Олардың пайда болу себебі, мақсаты, адамды, өмірді нақтылы суреттеуден бас тартуы.

2. Модернистік әдебиет түрлері (экзистенциализм, абстракционизм, символизм, сюрреализм, футуризм т.б.) өкілдері. XX ғ. басындағы орыс әдебиетіндегі модернистік-декаденттік бағыт-ағымдар. //

3.Модернистік бағыттағы туындылар үлгілеріндегі пішін тұрғысындағы, адамның ішкі әлемін танытудағы кейбір көркемдік жетістіктер.




написать администратору сайта