Главная страница
Навигация по странице:

  • Пікір жазған

  • Бағдарламаның міндеттері

  • Бағдарламаның өзектілігі

  • Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі. І.

  • Тақырыбы сағат саны Өткізу түрлері

  • II.АЙНЫМАЛЫ БӨЛІМІ 16 сағ

  • IV.МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР БӨЛІМІ 12 сағ

  • Ақпараттық-әдістемелік бөлім

  • Курсты оқу барысында кұтілетін нәтижелер

  • Курстың нәтижесінде оқушылардың білуі керек

  • Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  • Оқушылардың білімін бағалау

  • Бағалау құралдары мен әдістері

  • Төменде кейбір есептердің шығару үлгілері көрсетілген

  • Бетті цифрға айналдыру формуласы: Бет цифр

  • Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  • матем сауаттылық 6,7,8 Серботаева. Серботаева Инжу Майлыбаевна кмм 59 мектепгимназиясыны математика пні малімі Пікір жазан


    Скачать 53.77 Kb.
    НазваниеСерботаева Инжу Майлыбаевна кмм 59 мектепгимназиясыны математика пні малімі Пікір жазан
    Анкорматем сауаттылық 6,7,8 Серботаева
    Дата03.09.2022
    Размер53.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламатем сауаттылық 6,7,8 Серботаева.docx
    ТипДокументы
    #660713

    Б А Ғ Д А Р Л А М А

    элективті курс

    МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
    6,7,8-сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы

    (аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)
    Серботаева Инжу Майлыбаевна

    КММ № 59 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі

    Пікір жазған: М.А.Бетемесов Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы,профессор.
    Түсініктеме хат мазмұны

    Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген.  Ондағы басты мақсат – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл үлкен жауапкершілік артатын үлкен мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.Қойылған міндеттерді шешу үшін оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалардың дамуы үшін мүмкін жағдайлар жасау қажет. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады.

    Функционалдық сауаттылық - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.

    Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың бір тармағы болып табылады. Сауаттылық қызметі – алған білім,білік,дағдысын күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі.

    Бағдарламада оқушылар меңгеруге тиісті білім,білік,дағды мөлшері көрсетіледі.Бұл білім мөлшері оқушының жалпы білім беретін орта мектепке міндетті түрде барлық оқушы алатын білім мөлшеріне енеді.

    Бағдарламаның мақсаты:

    • Оқушылардың математика пәні бойынша сауаттылығын арттыру, математикалық қабілетін анықтау және дамыту;

    • Бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау;

    • Стандартты емес,логикалық,күрделі есептерді шығару дағдыларын дамыту;

    • Дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

    • Есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

    • Математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

    • Шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;

    • Мәселелерді тани білу: әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

    • Бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

    • Бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;

    • Қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;

    • Ауызша, жазбаша, аспаптық есеп шығару үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру

    • Дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;

    Бағдарламаның міндеттері:

    • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ізденіс жасау арқылы зерттеушілік қабілетінің дамуына ықпал жасау;

    • Практикалық мазмұнды есептерді шешудің әр түрлі тәсілдерін қолданып шешу,есептеу мәдениетін дамыту;

    • Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, есеп шығару тәсілдері мен әдістерін меңгерулеріне көмектесу;

    • Қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;

    • Есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында нақты іс тәжірибені қолдану;

    • Күрделі есептерді шешуде қиындықтарды жеңе білуге және күрделі түрден қарапайым түрге келтіру әдісін үйренуге тәрбиелеу.

    Бағдарламаның өзектілігі:

    • Математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;

    • Оқу материалдарын жүйелі ұйымдастыру;

    • Дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

    • Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы, даму деңгейлерімен сипатталады;

    • Еске түсіру (білу)

    • Байланыстарды орнату (қолдану)

    • Пайымдау (ойлау)

    • Диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;


    Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі.

    І. САНДАР БӨЛІМІ (21 сағат). Сандардың түрлері. Натурал сандардың бөлінгіштік белгісі.Ең кіші ортақ еселік және ең үлкен ортақ бөлгіш.Координаталық түзудегі сандар.Дәреже ұғымы.Арифметикалық түбір.Күрделі түбір.Қысқаша көбейту формулалары.Кітап беті.Газет-журнал беті.Санның модулі.Арифметикалық өзгеріс ауқымы ,мода, медиана.Сағат,күн,апта,айлар.Өлшем бірліктері.Масштаб.Санды ребустар.Эйлер-Венн диаграммасы. «Спираль » формуласы.

    ІІ. АЙНЫМАЛЫ БӨЛІМІ (16 сағат). Айнымалылыры бар өрнектер.

    Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер.Есеп шарты бойынша теңдеу құру.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі.Есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құру.Квадрат үшмүшені сызықтық көбейткіштерге жіктеу.Квадрат теңдеулер.Бөлшек-рационал теңдеулер.Квадраттық теңдеулер жүйесі.

    ІІІ. ӨЗГЕРІСТЕР мен ТӘУЕЛДІЛІКТЕР (12 сағат). Функционалдық тәуелділік. Тәуелділіктің графикалық кескіні. Диаграммамен берілген тәуелділікке байланысты есептер шығарудың жолдары. Бір шаманың екінші шамаға тәуелді өзгеруіне байланысты есептер шығарудың жолдары.Кестедегі мәліметтер бойынша есептердің шығу жолдары.

    IV. МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР БӨЛІМІ ( 12 сағат). Сандарға байланысты мәселе есептер.Адам жасына байланысты мәселе есептер.Пайызға байланысты мәселе есептер.Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер.Жұмысқа байланысты мәселе есептер.Өзен ағысына байланысты мәселе есептер.Қозғалысқа байланысты мәселе есептер.

    V. Логикалық есептер ( 7 сағат). Шарлар, гүлдер, асықтар туралы есептер. Әр түрлі логикалық есептер.

    Нормативтік бөлім





    Тақырыбы

    сағат саны



    Өткізу түрлері


    Күтілетін нәтиже

    Барлығы

    теория

    практикум




    I.САНДАР БӨЛІМІ

    21 сағ













    1

    Сандардың түрлері

    1




    1

    Талдау дәрісі,өзін-өзі бағалау

    Натурал,бүтін,

    рационал,иррацио

    нал,нақты сандар туралы біледі,

    талдайды

    2

    Натурал сандардың бөлінгіштік белгіс

    1




    1

    Практика

    лық

    Тез есептеу әдістерін үйренеді.

    3

    ЕКОЕ және ЕҮОБ

    1




    1

    Практика

    лық дәріс

    Талдау,саралауға үйрету

    4

    Координаталық түзудегі сандар

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Өз бетімен жұмыстануға үйрету

    5

    Дәреже ұғымы

    Санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталады?

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатындығын анықтайды,қолданады

    6

    Дәреже ұғымы

    Санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталады?

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатындығын талдайды,жинақтайды

    7

    Арифметикалық түбір.Қүрделі түбір

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Күрделі тубірдің қасиеттерін біледі,қолданады

    8

    Арифметикалық түбір.Қүрделі түбір

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Есеп шығаруда қасиеттерін қолданады,

    Жинақтайды

    9

    Қысқаша көбейту формулалары

    1




    1

    Есептер шығару

    Есептер шығару дағдысын дамыту

    10

    Кітаптың бетін нөмірлеуге есептер

    1




    1

    Практика

    лық дәріс

    Цифрды бетке немесе бетті цифрға айналдыру формулаларын біледі,қолданады

    11

    Санның модулі

    1

    1




    Баяндау,

    практика

    лық дәріс

    Заңдылықтарды табуды білу,практикада қолдану

    12

    Санның модулі

    1




    1

    Топтық жұмыс

    Қарым-қатынасқа үйрету

    13


    Арифметикалық өзгеріс ауқымы мода, медиана.

    1




    1

    Баяндау,

    практика

    лық дәріс

    Білімін практикада қолданады

    14

    Сағат,күн,апта,

    Айлар

    1




    1

    Талдау

    Математика пәніңін өмірмен байланыстырады

    15

    Өлшем бірліктері.Масштаб

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Өлшем бірліктерін масштабты табуда қолданады

    16

    Масштаб

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Есептер шығару дағдысын дамыту

    17

    Санды ребустар

    1




    1

    Практика

    лық дәріс

    Өз бетімен жұмыс

    18

    Эйлер-Венн диаграммасы

    1




    1

    Ойын дәрісі

    Ойын арқылы оқыту

    19

    «Спираль» формуласы

    1




    1

    Зерттеу сабағы

    Пәнге қызықтыру

    20

    Шығармашылық жұмыстар

    1




    1

    Топтық жұмыс

    Есептерді шығарып,қорғайды

    21

    I-БӨЛІМДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТЕСТІ

    1




    1

    Сынақ сабағы

    Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындайды.




    II.АЙНЫМАЛЫ БӨЛІМІ

    16 сағ













    1.

    Айнымалылыры бар өрнектер

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Айнымалысы бар өрнектерге есептер шығара алады

    2

    Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер.

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Теңдеу шешудің әр түрлі тәсілдерін үйренеді,қолданады

    3

    Есеп шарты бойынша теңдеу құру.

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Есеп шартына байланысты теңдеу құрып,шығарады,

    талдайды

    4

    Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін әр түрлі тәсілдермен шығарады

    5

    Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Білімін практикада қолданады,

    Бағалайды

    6

    Есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құру.

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Теңдеулер жүйесін құру дағдыларын жетілдіру

    7

    Квадрат үшмүшені сызықтық көбейткіштерге жіктеу

    1

    1




    Зерттеу сабағы

    Квадрат үшмүшені сызықтық көбейткіштерге жіктеуді біледі

    8

    Квадрат үшмүшені сызықтық көбейткіштерге жіктеу

    1




    1

    Практика

    Лық талдау

    Квадрат үшмүшені сызықтық көбейткіштерге жіктеуді талдайды

    9

    Квадрат теңдеулер

    1

    1




    Зерттеу сабағы

    Квадрат теңдеулерді шығара алады

    10

    Квадрат теңдеулер

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Квадрат теңдеулерді шығаруда формулаларды қолданады

    11

    Бөлшек-рационал теңдеулер.

    1




    1

    Практика

    лық дәріс

    Бөлшек-рационал теңдеулерді шығарады

    12

    Бөлшек-рационал теңдеулер.

    1

    1




    Практика

    лық талдау

    Бөлшек-рационал теңдеулерді шығару тәсілдерін талдайды

    13

    Квадраттық теңдеулер жүйесі.

    1

    1




    Зерттеу сабағы

    Квадраттық теңдеулер жүйесін түсінеді

    14

    Квадраттық теңдеулер жүйесі.

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Квадраттық теңдеулер жүйесін шығару тәсілдерін бағалайды

    15

    Шығармашылық жұмыстар

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Презентация қорғау

    16

    II-БӨЛІМДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТЕСТІ










    Сынақ сабағы

    Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындайды.




    III.Өзгерістер мен тәуелділіктер

    12

    сағ













    1.

    Функционалдық тәуелділік. Функционалдық тәуелділіктің графикалық кескіні.

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Функционалдық тәуелділік, тәуелділіктің графикалық кескініне берілген есептерді түсінеді, бекітеді.

    2

    Функционалдық тәуелділік. Функционалдық тәуелділіктің графикалық кескіні.

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Есептер шығарады. Білімін практикада қолданады

    3

    Функционалдық тәуелділік. Функционалдық тәуелділіктің графикалық кескіні.

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Графикті оқуға үйрету

    4

    Диаграммамен берілген тәуелділікке байланысты есептер

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Диаграммамен берілген есептерді түсінеді, бекітеді

    5

    Диаграммамен берілген тәуелділікке байланысты есептер

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Диаграммамен берілген есептерді түсінеді, бекітеді

    6

    Диаграммамен берілген тәуелділікке байланысты есептер

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Диаграмманы оқуға үйрету

    7

    Бір шаманың екінші шамаға тәуелді өзгеруіне байланысты есептер шығарудың жолдары

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Бір шаманың екінші шамаға тәуелді өзгеруіне байланысты есептерді шығару жолдарын үйренеді

    8

    Бір шаманың екінші шамаға тәуелді өзгеруіне байланысты есептер шығарудың жолдары

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Есептер шығару дағдыларын дамыту

    9

    Кестедегі мәліметтер бойынша есептерді шығару жолдары

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Кестедегі заңдылықты,оның мүшесін табу

    10

    Кестедегі мәліметтер бойынша есептерді шығару жолдары

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Кестедегі мәліметтерді түсінеді, мағынасын ажыратады, есептерді шығара алады

    11

    Кестедегі мәліметтер бойынша есептерді шығару жолдары

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Кестедегі мәліметтерді түсінеді, мағынасын ажыратады, есептерді шығаруда қолданады

    12

    III-БӨЛІМДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТЕСТІ

    1




    1

    Сынақ сабағы

    Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындайды, білімдерін бекітеді




    IV.МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР БӨЛІМІ

    12 сағ













    1.

    Сандарға байланысты мәселе есептер

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Мәселе есептерді шығару алгоритмін біледі.Екі таңбалы,

    үштаңбалы сандарды жіктей алады

    2

    Адам жасына байланысты мәселе есептер

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Тапсырманы математикалық тілге аударып,шығарады

    3

    Пайызға байланысты мәселе есептер.

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Пайызды табуды біледі,есеп шығаруда қолданады

    4

    Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Мәселе есептерді шығару алгоритмін біледі,математика

    лық тілге ауыстыра алады.

    5

    Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер

    1

    1




    Практика

    лық талдау

    Мәтінге байланысты теңдеу құрып,оны шешу жолдарын талқылайды

    6

    Жұмыс өнімділігіне байланысты мәселе есептер

    1

    1




    Практика

    лық дәріс

    Жұмыс өнімділігі тұрақты болатынын ескеріп, теңдеу құрастыра алады

    7

    Жұмысқа байланысты мәселе есептер

    1

    1




    Практика

    лық талдау

    Сөзбен берілген мәліметтерді математика тіліне аударып,мәселе есепті шығарады

    8

    Өзен ағысына байланысты мәселе есептер

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Керекті шамалар қолдану арқылы теңдеу құрастырып шығарады

    9

    Қозғалысқа байланысты мәселе есептер.

    1




    1

    Практика

    лық дәріс

    Мәселе есептерді шығару алгоритмін біледі,теңдеу шығаруда пайдаланады

    10

    Қозғалысқа байланысты мәселе есептер.

    1

    1




    Практика

    лық талдау

    Теңдеулерді шешудің әр түрлі тәсілдерін қолданады

    11

    Шығармашылық жұмыстар

    1




    1

    Топтық жұмыс

    Есептерді шығарып,қорғайды

    12

    IV-БӨЛІМДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТЕСТІ

    1




    1

    Сынақ сабағы

    Мәселе есептерді шығаруға байланысты, алған білімдерін шыңдайды




    VЛогикалық есептер

    7 с













    1

    Шарлар, гүлдер, асықтар туралы есептер

    1

    1



    Гипотеза

    ны дәлелдеу

    Түрлі фигуралармен берілген логикалық есептерді шешеді

    2

    Шарлар, гүлдер, асықтар туралы есептер

    1




    1

    Топтық жұмыс

    Түрлі фигуралармен берілген логикалық есептерді шешеді

    3

    Әр түрлі логикалық есептер

    1




    1

    Ойын дәрісі

    Ойын арқылы оқыту

    4

    Әр түрлі логикалық есептер

    1




    1

    Ойын дәрісі

    Эйлер-Венн дөңгелектерін пайдаланып логикалық есептер шығарады

    5

    Есептер шығару

    1




    1

    Практика

    лық талдау

    Ойлау қабілетін дамыту

    6

    Оқушылардың кіші ғылыми жұмыстары

    1




    1

    Шағын жобаны қорғау

    Шағын ғылыми жұмыстар дайындайды, қорғайды

    7

    Оқушылардың кіші ғылыми жұмыстары

    1




    1

    Шағын жобаны қорғау

    Шағын ғылыми жұмыстар дайындайды, қорғайды


    Ақпараттық-әдістемелік бөлім

    Курсты оқу нәтижесінде оқушылардың санасындағы математиканы нақты есептелермен,формулаларымен және көптеген тәсілдерді жаттап,дәлме-дәл орындалатын көп ережелерден тұратын қатып қалған ғылым деген түсінігі жойылып,математикадан ойлауға,сөйлеуге,жазуға үйрететін ғылым екеніне көз жеткізуіне көмектеседі.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын негізге ала отырып құрастырылған «Математикалық сауаттылық» курс бағдарламасы  6,7-сынып оқушыларына математика пәнінен элективті курстарды оқытуға  арналған. Бағдарлама құрылымында  оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескерілген. Курс мазмұны тарауларға бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы тақырыптарды қамтиды. Берілген курста «Математикалық сауаттылық» бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп, оқушылардың теориялық білімдерін кеңейтеді, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

    Барлық тапсырмалар мәселелі және өзіндік жұмыстарды қамтуы тиіс.Курстың жақсы меңгерілгені оқушының өзіндік шығармашылық жұмысымен анықталады. Ойдағыдай ұйымдастырылған сабақтар курс мақсатын іске асыруға көмектеседі. Курс тақырыбы бойынша өз жобасын қорғау не болмаса сынақ жұмысы, қорытынды тест тапсыру тексеру түрі бола алады.

    Бағдарламада оқушылардың өздігінен іздену,ақпарат алу,жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіру мақсаты қамтылды.

    Курсты оқу барысында кұтілетін нәтижелер:

    • Берілген тапсырмаларды математикалық тілде жаза білуге дағдылану.

    • Математиканы қолдану мен пайдалану мүмкіндіктерін анықтай білу,яғни түжырымдау.

    • Математикалық білімді, ұғымды, құралдарды есеп шығаруда пайдалана білу,яғни қолдану.

    • Математикалық шешімдердің таңдау, ұтымдылық, мақсатқа сәйкестіліктері туралы ойлауды және нақты бір міндетке қатысты пайымдауды қарастырады,яғни талдап түсіндіреді.

    • Зерттеушілік және шығармашылық тәжірибе жинауға дағдылану.

    • Оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады;

    Курстың нәтижесінде оқушылардың білуі керек:

    Сандар теориясында сандардың турлерін,бөлінгіштік белгілерін,Евклид алгоритмін есептер шығаруда қолдану әдістерін білу;Эйлер дөңгелегі көмегімен логикалық есептерді шеше отырып,жиындарға амалдар қолдана білу;Санның соңғы цифрын табуға байланысты есептерде салыстырулар теориясын, одан шығатын салдарды тиімді қолдана білуі тиіс. Қарапайым функциялардың қасиеттерін және графиктерін зерттей білу, нақты тәуелділікті сипаттау және талдау үшін функционалды-графикалық түсініктерді пайдалана білу,шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;шынайы үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеу, аса маңызды құрал ретінде оқып жатқан ұғымдар мен әдістер туралы түсінік қалыптасуы тиіс.

    Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

    Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:

    - қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;

    - ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;

    - нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;

    - диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;

    Оқушылардың білімін бағалау:

    Оқушылардың білімін бағалау шынайылық, жүйелілік, бірізділік, дәлдік, мінсіздік, өзектілік сияқты нақтылық қағидалары негізге алынады. Бағалаудың екі түрі қалыптастырушы және жиынтық бағалау қамтылады:оқушылардың оқу нәтижелері алдын-ала ұсынылған критерийлер бойынша бағаланады және жоспарланған оқу мақсаттарына сай оқушылардың шынайы жеткен нәтижелерінің сатылары белгіленеді.

    Оқушыларды бағалау алдын-ала ұсынылған өлшем арқылы (өте жақсы орындалған жұмыстың бейнесі) салыстырылады.

    Бағалау критерийлері:

    • теорияны меңгеруі,тақырып мазмұнын түсінуі;

    • тапсырмаларды орындаудағы тиімді тәсілдерді қолдану біліктілігі;

    • есептерді шығаруда анықтама,формулаларды қолдану машықтығы;

    • тест тапсырмаларын орындау деңгейі;

    Бағалау құралдары мен әдістері:

    • Оқытудың аралық нәтижелерін бағалау

    • Қорытынды бақылау :

    1. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;

    2. Тест.

    Бағалау оқушылардың бағдарламаның мазмұнының элементтерін меңгеру деңгейі өзіндік жұмыстар нәтижесімен,өзін-өзі бағалаудың жоғары көрсеткішіне мүмкіндік беретін қосымша бөліктегі шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың орындау деңгейі тест тапсырмаларының нәтижесімен бағаланады.

    Төменде кейбір есептердің шығару үлгілері көрсетілген:

    Цифрды бетке айналдыру формуласы :

    9

    189

    2889

    Бетті цифрға айналдыру формуласы:

    Бет цифр

    Екі таңбалы х

    Үш таңбалы х

    Төрт таңбалы х

    Мыслы: Кітаптың бетін нөмірлеу үшін 3301 цифр қолданылды. Кітапта неше бет бар?

    Шешуі:

    Жаңа үйдегі 113 пәтерді нөмірлеп шығу үшін қанша цифр қажет?



    Мысалы: - 5 пен аяқталады,

    дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын табу үшін дәрежесін қарастырамыз. Соңғы цифры дәреже көрсеткішті 4-ке бөлгендегі қалдыққа байланысты, қалдық 1 болса 7-мен, қалдық 2 болса 9-бен, қалдық 3 болса дәреже 3-пен, қалдық 4 болса дәреже 1-мен аяқталады.

    Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    1.Айтолқын жазғы демалысын Оңтүстік Африкада өткізуді шешті. Төменде ақша айырбастау пунктінің кестесі көрсетілген.

    2.Сату құны Сатып алу құны

    3. ZAR 15.5 KZT 15.0 KZT

    4.*ZAR – Оңтүстік Африка рэнді

    5.KZT – Қазақстан теңгесі

    2.1) Айтолқын жазғы демалысына 341000 теңге алып шықты. Оңтүстік Африкаға жеткенде ақшасын неше рэндіге айырбастай алады?

    1. А) 21500

    2. В) 22000

    3. С) 23750

    4. Д) 23700

    5.Е) 22250

    1. Шешімі: ZAR

    2. Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    Дөңгелек диаграммада дүкенге келетін бір күндік тауарлардың төлемінің көрсеткіші берілген.


    2.1) Егер барлық тауар үшін 35000 теңге төленетін болса, онда сүтке неше теңге төленетінін табыңыз.

    А) 5250

    В) 8750

    С) 7000

    Д) 3500

    Е) 1750

    Шешімі: Шеңбер 360°-қа тең. Сүт 10%-ке сәйкес.

    35000-100%

    Х -10%

    2.2) Егер қаймаққа 15000 теңге төленетін болса, онда нанға қарағанда жұмыртқаға неше теңге артық төленетінін табыңыз.

    А) 9000

    В) 22500

    С) 13500

    Д) 4500

    Е) 18000

    Шешімі: Қаймақ-25%

    30%-15%=15%

    25%-15000

    15%-х

    3. Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    Ағайындылар Асан, Есен және Үсен дүниенің үш түрлі қаласында өмір сүреді. Төменде тұратын қалаларының сағаттық белдеулері көрсетілген.


    3.1) Сингапурда сағат 11:40 болса, онда Астанада жергілікті уақыт қандай?

    А) 17:40

    В) 13:40

    С) 05:40

    Д) 09:40

    Е) 21:40

    Шешімі: 11:40 -2 сағ→09:40

    3.2) Асан Мадрид уақытымен 07:35-те Есенге қоңырау шалғанда, Есеннің тұратын қаласының жергілікті уақыты қандай болады?

    А) 01:35

    В) 11:35

    С) 03:35

    Д) 23:35

    Е) 13:35

    Шешімі: 07:35+6 сағ→13:35

    3.3) Үсен Астана уақытымен бауырларына 15:15-те хат жолдады. Асан осы хатты екі сағаттан кейін байқаған болса, онда ол өзінің жергілікті уақытымен хатты нешеде оқиды?

    А) 17:15

    В) 03:15

    С) 11:15

    Д) 13:15

    Е) 09:15

    Шешімі: Асанда Астана уақытымен 17:15. 17:15-4 сағ→13:15

    51=5

    52=25

    53=125

    6. Қазір әкесі 54 жаста. Баласы 20-да, ал қызы 6-да. Неше жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең болады?

    А) 28

    В) 20

    С) 26

    Д) 24

    Е) 30

    Шешімі: 54→54+n

    20→20+n

    6→6+n

    54+n=20+n+6+n

    n=54-26=28

    Қолданылған әдебиеттер.

    1. «Математикалық сауыттылық»-1,Әмбезек Ә.А,Оразкелдиев Н.С.,Алматы-2017жыл.

    2. http://www.akorda.kz/kz/addresses

    3. https://bilimger.kz

    4. «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журналы, 2017

    5. Бейсеков Ж., Мелдебекова З.С «Оқушыларды математикалық олимпиадаға даярлау» Шымкент 2013

    6. «Математикалық сауаттылық» талапкерлерге арналған тест 2017 ж

    7. Т. Т. Абылайханов, Т. Т. Абылайханов «Математика есептері» Алматы «Рауан» 1995ж

    8. Интернет мәліметтері

    9. Қаңлыбаев Қ., Қаңлыбаева Т., Калменов А. «Математикадан логикалық есептер» Алматы 2013 ж.

    10. Жанасбаева Ұ.Б., Жанасбаева К.Б. «Математикалық сауаттылық» Алматы 2017 ж.

    11. Ахметова Қанымкүл «Математикалық сауаттылық» I, II, III, IV-бөлімдер.

    12. Мәди Омар «360 теңдеулер жүйесі» Алматы 2012 ж.

    13. Т. Т. Абылайханов, Т. Т. Абылайханов «Математика есептері» Алматы «Рауан» 1995

    14. Сканави М.И. «Сборник по математике» Москва. Онис. 2009 г.

    15. А.В.Фарков «Внеклассная работа по математике» 5-11 классы Москва «Айрис-пресс» 2009

    16. Бахтина Т.П. «Раз задачка, два задачка» Аңсар, Минск, 2001 г.

    17. Балк М.Б., Балк Г.Д. Математика после уроков. «Просвещение», Москва

    18. Т. А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е. С. Байшоланов «Математика» 5-6 сынып, Алматы «Атамұра» 2017

    19. Л.М.Фридман.Е.Н.Турецкий «Как научить решать задачи»

    20. Н.Н.Забежанская,К.Ш.Шаяхметова,М.Б.Меңдіғалиева «Математикалық мозаика» Алматы «Рауан» 1997ж


    Қосымша

    Бағдарламаға сәйкес шығармашылық жұмыстардың жобалардың төмендегі тапсырмаларын ұсынуға болады:

    1. Презентация: Сандар сыры.

    2. Тақырыптық рефераттар, шағын жобалар

    3. Қазақтың байырғы есептері

    4. Жәутіков О.А.

    5. Гаусс әдісі

    6. Теңдеулерді математикалық модельдеу

    7. Дирихле принципі

    8. Презентациялар (мәтіндік есептерге, процентке байланысты, логикалық тағы да басқаларға)

    9. Шығармашылық тест

    10. Электрондық оқулықтар 6,7,8-сынып


    написать администратору сайта