Главная страница

мобильді программалау. Сервистер мен жйелерді базалы жиыны


Скачать 16.93 Kb.
НазваниеСервистер мен жйелерді базалы жиыны
Анкормобильді программалау
Дата08.10.2022
Размер16.93 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла5.docx
ТипДокументы
#721402

5. Сервистер мен жүйелердің базалық жиыны. Үлкен көлемдегі және кең көрсетілімдер жиыны. Қосымшаның визуальдық компоненттерін тұрғызу. Контент-провайдерлер (Content Providers), мәлеметтерді басқаушылар, бұл бағдарламалар.Ресурстар менеджері.Ескертулер менеджері. Әрекеттер менеджері. Орналасу менеджері.
Services (сервистер) фондық режимде жұмыс істейтін компоненттерді ұсынады. Ол, әдетте, ұзақ операциялар немесе қиын процесстердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуілуі үшін қажетті, бірақ жалпы жағдайда бұл жай ғана қосымша фокуста емес кезде функционалданатын режим. Процеске мысал ретінде музканы тыңдау бола алады, яғни қолданушы басқа нәрсе істеп жатқанда соңғы қосымшаны тоқтатпай, мәліметтер алмасуын айта аламыз. Сервис өз алдына ешқандай қолданушы интерфейсін ұсынбайды, яғни қолданушымен байланыспаған, тек қосылады, басқарылады және басқа компоненттермен байланысқан, мысалы, activity. Тағы жүйемен бірге қосыла алады.
Content providers Бұл компонент қосымша басқа қосымшаға беретін деректер қорын басқарады. Бұл деректер қоры қосымша қолжеткізе алатын файлдық жүйеде, SQLite деректер қорында, желіде, немесе басқа кез-келген тұрақты жерде сақталуы мүмкін. Сontent provider арқасында басқа қосымша мәліметтер сұрай алады, қолжетімділік құқығы бар жағдайда өзгерте де алады. Мысалы, Android жүйесі қолданушы контакттары жайлы информациясын өзгертетін content provider құрамында бар. Ол кез-келген қосымшаға, қажетті тиісті құқықтары бар ,нақты адам жайлы информация жаза алады, оқып және өзгерту үшін компонент құрамын шақыра алады.
Жалпы жағдайда бағдарламамен қолданылатын және басқаларға жабық мәліметтердіcontent provider арқылы оқып, жазу үшін қолдана аламыз. Мысалы, NotePad қосымшасы мұндай компонентті жазбаларды сақтау үшін қолданады.
Бұл компонент ContentProvider подклассы ретінде жазылған. Және, басқа қосымшалар мәліметтермен операция жасау үшін оларға стандартты API жиынын орнату керек.
Broadcast receivers. Бұл компонент жалпыжүйелік хабарламаларды тарату, бақылау және әрекетке реакция беруге жауап береді. Көптеген хабарламалар жүйеден келеді, мысалы, батарея заряды аз екендігі немесе экран өшірулі екендігі жайлы хабарламалар. Қосымшалар сонымен қоса мынадай хабарлар жіберуі мүмкін, мысалы, информация құрылғыға жүктелгендігі жайлы және қолдануға дайын екендігі жайлы мәліметтер. Сервистер сияқты, broadcast receivers ешқандай қолданушы интерфейсін ұсынбайды, бірақ ол күй жолында хабарламалар жазуы мүмкін, қолданушыны қандай-да бір жағдай болғандығы жайлы ескерту үшін. Бірақ жиі broadcast receivers минималды жұмыс көлемін орындау үшін басқа компоненттермен әрекеттеседі. Осылай ол қандай-да бір әрекетке байланысты сервистерді жұмысқа қоса алады.
Android операциялық жүйесінің архитектурасы


написать администратору сайта