Главная страница
Навигация по странице:

  • Іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбы

  • Күтілетін нәтиже

  • Әдіс тәсілдері

  • Жұмыс кезеңі: Кезеңнің мазмұны Қатысушылардың іс-әрекеті Уақыты

  • Ой қозғау Мағынаны ашу

  • Мәтінмен жұмыс

  • 3. «Қар кесектері» стратегиясы.

  • Рефлексия Қорытынды «Шығыс базары »

  • «Сәтті күннің мәзірі» Осындай сабақтардан кейін

  • ШЕБЕРЛІК. Шеберліксынып жоспары Кні 17. 02. 2022 Шеберлік сыныпты ткізуші


    Скачать 28.83 Kb.
    НазваниеШеберліксынып жоспары Кні 17. 02. 2022 Шеберлік сыныпты ткізуші
    Дата09.01.2023
    Размер28.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаШЕБЕРЛІК.docx
    ТипДокументы
    #877584

    ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:

    Күні: 17.02.2022

    Шеберлік- сыныпты өткізуші: қазақ тілі пәнінің мұғалімі : Нурсеитова Жумабике Сейілғазымқызы

    Іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында шығармашлық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой сауаттылығын дамыту»

    Шеберлік- сыныптың мақсаттары мен міндеттері: Сабақта пікірлесу ортасын құрудың, сындарлы диолог жүргізудің жолдарын үйреніп, іс-тәжірибеде оқушылардың ой сауаттылығын шығармашылық тапсырмалар прқылы арттыру.

    Күтілетін нәтиже: диалогтік оқыту туралы өзара пікірлесе отыра, өзіндік ерекшелігін саралап, өзектендіреді,оқушылардың ой сауаттылығы артады.

    Мақсаты бағытталған аудитория: семинарға қатысушы мұғалімдер

    Әдіс тәсілдері: әңгіме, диалог, топпен жұмыс.

    Құрал жабдықтар: Слайд-таныстырылым, түрлі-түсті маркер, стикер, кеспе қағаздар

    Дидактикалық материалдар: үлестірме материалдар 

     Шеберлік- сынып барысы:

    Жұмыс кезеңі:

    Кезеңнің мазмұны

    Қатысушылардың іс-әрекеті

    Уақыты

    Ресурстар

    Қызығушылықты ояту



    Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жайлы ахуал туғызу. Қатысушыларды топқа бөлу.

    «Әр сағатқа бір дос». Қатысушыларға сағаттың суреті салынған қағаз беріледі. Танысу мақсатында шеңберде тұрған мұғалімдер өздерін таныстырып, аттарын айтады. Қатысушылар аттарды сағаттың әр тіліне жазып тұрады.Содан соң нұсқаушының айтқан нұсқаулары бойынша тапсырмаларды орындайды.

    Кіріспе сөз.«Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж. Аймауытұлы)

    Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – жаңа технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Қазіргі кезде заман талабына сай білім беру үрдісіне 50 – ден астам жаңа технология қолданылады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтемін. :

    Жаңаша оқыту технологиясы – күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзін өзгертуші субъекті дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын жаңа технология элменттері оқушылардың оқу сауаттылығын, ой сауаттылығын көтеруге көмектеседі.


    Мұғалімдер сәлемдеседі

    Топтарға бөлінеді.

    Ынтымақтастық орта қалыптасады.

    3 мин

    Сағаттың суреті салынған қағаздар

    Топқа бөлу карточка-

    лары

    Ой қозғау
    Мағынаны ашу

    Презентация арқылы тақырыпқа түсініктеме беру: «Шығармашлық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой сауаттылығын дамыту»

    Топқа бөлу «Суреттерді құастыр» Әр бала қиылған суреттерді таңдайды. Содан соң оларды құрастырады. Тұтас турет құрастырылып болған соң топ-топ болып отырады.  (Табиғаттың, ағып жатқан бұлық, жолдаушының суреті)

    1. «Жигсо» стратегиясы.

    Тақтада үш сөз жазылып тұр. Олар: «Табиғат», «Бұлақ», «Жолаушы» - Осы тақырыптарда мәтін беріледі. - Табиғат- тіршілік нәрі. Қоршаған орта. Туған елім мен жерім. - Бұлақ- ағып жатқан таза, сөздір су. - Жолаушы- белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам.

    Мәтінмен жұмыс. 2. «Түртіп алу әдісі» Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі топтарға беріледі.
     Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
    — Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
    — Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
    Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
    — Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
    Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады.
    Жігіт айтты:
    — Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді
    3. «Қар кесектері» стратегиясы.

    Мәтін бойынша сұрақтар құрастырылып,оған жауаптар алынады

    1 топқа

    1. Бұлақ басында кімдер кездесті?
    2. Таста не деп жазылған?
    2 топқа

    3. Бірінші жолаушының пікірі қандай болды?.
    4. Екінші жолаушының сөзі туралы не айтасың?.
    3- топқа

    5. Жас жігіттің сөзін оқып көр?.
    6. Тастағы жазудың мәнін түсіндір?.


    4. РАФТ әдісі «Менің де айтарым бар» айдары бойынша
    оқушыларға , осы мәтіндегі таста жазылған сөзге сен қандай пікір білдірер едің? Өз ойларыңды ортаға салыңдар деп тапсырма беріледі.



     Презентациядан өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады.

     

     

     

     

    «Жигсо» стратегиясы.Топ мүшелері мәтінді абзацтар бойынша топқа бөліп оқиды. Содан кейін топ құрамы өзгертіледі.№1-лер бір топқа, № 2-лер бір топқа, №3 –тер бір топқа жинақталады.Бір-біріне айтып шығады.


    Оқыған мәтінді талдап топ бойынша «Түртіп алу» әдісімен кестені толтырады.

    Білемін

    Білгім келеді

    Мен үшін жаңалық











    Кестені «+», «-», «V» белгісімен түртіп жазады.

    Бірінші топ жазылған сұрағымен жауабын екінші топқа, екінші үшінші, үшінші бірінші топқа домаланған қарға ұқсатып, умаждайды да, белгі бойынша лақтырады. Содан соң оны топпен жазып, оқып береді.

    Әр топ мүшелері кейіпкер атынан(оқушы) хат жазады. — Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол» деген тақырып төңірегінде роль бұлақ, аудитория- сынып, форма- хат ,тақырып адамгершілік

    5 мин


    5 мин

    4 мин

    1 мин

    4 мин

    3 мин

    1 топ - «Табиғат» 2-топ-  «Бұлақ» 3 топ- «Жолаушы»
    «Таза бұлақ» әңгімесі

    Ақ қағаздар, қаламдар
    Ақ қағаздар
    Ақ қағаздар


    Кеспе қағаздар, сандық проектр

    Ой - толғаныс кезеңі

    5. Ой - толғаныс кезеңі. «Су – тіршілік көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу

    Әр топ шағын эссе жазады. Постер қорғайды.




    Кеспе қағаздар,түрлі түсті қалам

    Эмоция графигі

    6.Эмоция графигі Үш жолаушыға мінездеме жазады

    1-2-3 жолаушылға мінездеме береді. Оны «Эмоция графигінде»орналастырады. Бұл жерде ескеретін жағдай әр жолаушының қайсысының айтқан пікірі дұрыс деп ойлайды соны тура жолаққа салып жазады.







    Рефлексия

    Қорытынды

     

    «Шығыс базары »

    Қатысушы қораптан бір есімді суырады, ал есім иесі өз есімін оның сұрағына жауап беру арқылы сатып алады (сұрақтар сабақ тақырыбына қатысты болады).
    «Сәтті күннің мәзірі»

    Осындай сабақтардан кейін :
    — Оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп , жақын арадағы даму аймағы жүреді
    — Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды, емес құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
    -Оқу оқушылардың әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

    • Оқушылар топтық, жұптық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп, жақын арадағы даму аймағы жүрді
      - Оқу оқушылардың әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.

    Жаңа әдіс –тәсілдердің  оқушылардың білімін, қызығушылығын жетілдіруге одан әрі септігін тигізетін жан –жақты , қазіргі заман талабына сай оқушылардың да білімге деген талпынысына өте қажет әдіс – тәсілдер екен, осындай әдіс – тәсілдерді қолдана білсек, нұр үстіне нұр болар еді.

    Сабақты жақсы көңіл күймен аяқтау. Күнді аламыз, оны жеккөрушіліктен, қызғаныштан, ренжу мен салғырттықтан, жалқаулық пен қырсықтықтан, өзімшілдік пен бейжайлықтан тазартамыз. Оған үш қасық белсенділік,екі қасық шығармашылық, бір уыс сенімділік пен үміт, бір кесе шыдамдылық пен мейірім салып араластырамыз. Дайын тағамға сүйіспеншілік құямыз. Оны әдемі күлкі мен мейіріммен безендіріп, жылы сөзбен ұсынамыз.Сонда сіздердің күндеріңіз әрқашан Сәтті болатынына сенімдімін.


    .

    Қатысушыларға іштерінде осы сөздер бар күннің суреттері таратылып беріледі.Бұл жерде қатысушы әріптестерге аттарын жазып қорапқа салу ұсынылады. Және де әр есім жазылған сөздің астында тақырыппен байланысты сұорақтар болады.






     сұрақтар жазылған қағаздар.

    Күннің суреті


    написать администратору сайта