Главная страница

Шетел тілін оытуда блум таксономиясын олдану


Скачать 31.07 Kb.
НазваниеШетел тілін оытуда блум таксономиясын олдану
Дата12.12.2022
Размер31.07 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1586522634.docx
ТипДокументы
#841896

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Аңдатпа: Таксономия  — белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн.

Кілт сөздер: Таксономия, критериялар, ұстанымдар, объекті, жүйелеу, топтастыру,жіктеу,Блум таксономиясы,ұйымдастыру,оқушылар,дайын ақпарат, қабылдау, мәселе, зерттеу, талдау, салыстыру, ой толғауы,бағалау, қолдау.

Аннотация: Таксономия-подразумевает систематизацию, классификацию или классификацию объекта по определенным критериям и принципам.Следует отметить, что организация по таксономии Блума поддерживает изучение, анализ и сопоставление поставленных в ней проблем, размышления и оценки, а не восприятия учащимися готовой информации.

Ключевые слова: Таксономия, критерии, принципы, объект, систематизация, группировка,классификация,таксономия,Блума,организация,учащиеся,готоваяинформация,восприятие, проблема, исследование, анализ, сравнение, размышление,оценка, поддержка.

Abstract: Taxonomy-refers to the systematization, classification, or classification of an object according to certain criteria and principles.It should be noted that the bloom taxonomy organization supports the study, analysis, and comparison of its problems, reflection, and evaluation, rather than students ' perception of the finished information. ыя

Keyword: Taxonomy, criteria, principles, object, systematization, grouping, classification, taxonomy, bloom, organization, students, ready information, perception, problem, research, analysis, comparison,reflection, evaluation, support.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді

-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;

-пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;

тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді[1.].

Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия– берілген нысандарды олардың иерархиясын (белгілі бір  құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.Таксономиябарлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды.Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.

Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.

1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;

2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;

3) оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;

 4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы.

Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, яғни когнициясы[2.].

Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады.

Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:

  • адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;

  • адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;

  • дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;

  • тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;

  • ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.

Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

1) Білім; 2) Түсіну;3) Қолдану;4) Талдау; 5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);

6) Бағалау.

І. Білу.Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

ІІ Түсіну.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция– оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация– оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау– оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

ІІІ Талдау.Таным мен ойлау деңгейі–жоғарғы деңгей.Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

IV Қолдану.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

V Синтез (жинақтау, жүйелеу).Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

VI Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді [3.].

Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін  білім игеруге бағытталған 6 қадамға сәйкес  тапсырмаларды құруды қажет етеді.

Олар білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау.

Блум таксономиясының  деңгейлері: білу,түсіну,қолдану қадамы төмен және орта деңгейлер (өнімсіз деңгейлер),талдау,жинақтау,бағалау қадамы жоғары  деңгей (өнімді деңгейлер) болып бөлінеді.

І. Білу.Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Шәкірт:Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

  • Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

ІІ. Түсіну.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау[4.].

Шәкірт:Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрі:Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

ІІІ. Талдау.Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Шәкірт: Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

  • Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Тапсырмалар түрі:Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

IV.Қолдану.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Шәкірт:Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

  • Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

  • Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Тапсырмалар түрі:Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

Синтез (жинақтау, жүйелеу).Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей[5.].

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Шәкірт:Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.

Тапсырмалар түрі:Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Шәкірт:Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

Жаңа мыңжылдық талабына сай, мұғалім – бақылаушы емес, бағалаушы да емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері » ДББҰ, 2012

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші негізгі деңгей, үшінші басылым

  3. Alexander,R.J (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk (4th ed)

  4. [Диалогтік оқыту. Сыныптағы әңгімені қайта қарау. (4-басылым)]. York:Dialogos.

  5. Полякова, Татьяна Юрьевна. Английский язык для диалога с компьютером.-Изд.3-е, стереотип.-М.: Высш.шк. 2005


написать администратору сайта