№7 ШЖЖ АФФЕРЕНТТІК ИННЕРВАЦИЯҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛЕР (практика). Шеткері (афференттік) Жйке жйесіне сер ететін дрілік заттар масаты
Скачать 0.62 Mb.
|
ШЕТКЕРІ (АФФЕРЕНТТІК) ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР Мақсаты: Студенттерді афференттік иннервацияда әсер етуші заттардың қасиеттерімен, олардың жағымсыз әсерлерімен, олармен уланған кезде көмек беру шараларымен таныстыру. Афференттік иннервацияда әсер етуші заттардың негізгі жіктелулері мен олардың қасиеттері, қолданылуы мен қолдануға болмайтын жағдайлармен таныстыру. Шеткі жүйке жүйесі жүйкелер мен түйіндерден (нервтер мен ганглийлер) тұрады. Шеткі жүйке жүйесі 2-бөлімнен тұрады: Афференттік Эфференттік Афференттік нервтермен ағзалар мен тіндерденқозу орталық жүйке жүйесіне беріледі. Бұл нервтер сезгіш нерв талшықтары деп аталады. Ал эфференттік нервтермен орталық жүйке жүйесінен қозу ағзалар мен тіндерге беріледі. Сол себептен дәрілер: І. Афференттік жүйкелендіруге әсер ететін дәрілер. 2. Эфференттік жүйкелендіругеәсер ететін дәрілер болып бөлінеді. Ал, афференттік жүйкелендіруге әсер ететін дәрілер өз алдына 2-ге бөлінеді: І. Сезгіш нерв ұшының қозуына кедергі жасаушы дәрілер. 2. Сезгіш нерв ұштарын қоздырушы дәрілер. Сезгіш нерв ұшының қозуына кедергі жасаушы топқа: І. Жергілікті анестезияға қолданатын дәрілер. 2. Тұтастырғыш дәрілер 3. Іркілдек дәрілер 4. Сіңіргіш дәрілер жатады. Жергілікті анестезияға қолданатын дәрілер. Бұл дәрілер уақытша сезгіш нерв ұштарынблоктайды. Бірінші ауру туғызатын рецепторларды, содан дәм беретін, қызу көтеретін, иіс сезгіш рецепторларды блоктайды. Анестезия түрлері: І. Жоғарғы немесе терминалдыанестезия Бұлнегізінен шырышты қабаттардың анестезиясы /көздің, мұрынның, т.б./ Анестезиялық дәріні шырышты қабығына тамызғанда /жаққанда,/ сезгіштік жойылады. 2. Өткізгіш анестезия. Бұл анестезияда, дәрі нерв қабатына жіберіледі. Сол жүйкелендірілетін жердің сезгіштігі жойылады. 3. Инфильтрациялық анестезия. Бұл анестезия түрінде дәрі ерітіндісі көп мөлшерде теріге, тері астына, тері асты майына, бұлшық етке әрі қарай қабат-қабат жіберіледі. Бұл анестезия түрі хирургияда кең қолданады. 4. Жұлын қабының анестезиясы. Анестетик ертіндісі жұлын қабаттарының арасына жіберіледі. Бұл анестезия операцияны аяққа, жамбас ағзаларынажасағанда қолданылады. Анестетик дәрілеріне қояр талаптар. І. Анестетикалық активтілігі жоғары болуы. 2. Әсер ететін ткандарді тітіркендірмеуі. 3. Әсері ұзаққа созылуы. 4. Суда жақсы еритін болуы. 5. Уландырғыш қасиеті төмен болуы. 6. Залалсыздандырылғанда бұзылмауы. 7. Барлық анестезия түрінде қолдануы. Бірінші анестезияға кокаинді қолданған. Бірақ қазір улы және дәріге тәуелсіздік туғызатын болғандықтан көп қолданбайды. Жергілікті анестезияға қолданатын дәрілерге новокаин, дикаин, тримекаин, анестезин, лидокаин т.б дәрілер жатады. Новокаин Novocainum Ұнтақ, ампулада І, 2, 5, 10, 20 мл 0,25% - 0,5%;І, 2, 5, 10 мл – І% - 2% ерітінді; Флаконда 200-400 мл 0,25% - 0,5% стерилді ерітінді;май 5%; 10%; балауыз 0,1 г. Активті анестетик, әсері 30-60 мин. созылады. Суда жақсы ериді, залалсыздандырғанда бұзылмайды, уландырғыш қасиеттері төмен. Хирургияда инфильтрациялық анестезия үшін /0,25%, 0,5%/, өткізгіш анестезия үшін /І%-2%/ және жұлын анестезиясы үшін қолданады. Дикаин Dicainum Ұнтақ, қолдануға ерітінді дайындайды. Суда жақсы ериді, улы зат, тек жоғарғы анестезияға қолданады. Көз ауруларында /0,25% - 2%/; Отоларингологияда /1% - 3%/; Дикаиннің резорбтивтік әсері: Орталық жүйке жүйесін қоздырады,содан күйзелтіп салдандырады. АнестезинAnaesthesinum Ұнтақ, таблетка 0,3 г;май 5% Суда нашар ериді, майда спиртте, эфирде жақсы ериді. Жоғарғы анестезия үшін қолданады /тері ауруларында, балауыз ретінде, тік ішектің ауруларында/. Құсқанда, асқазан ауырғандаішке қолданады. Лидокаин /ксикаин, ксилокаин/ Lidocainumампулада 10-20 мл І %;2,10 мл 2 %ерітінді;2 мл 10% ерітінді.Суда жақсы ериді, өте активті препарат, әсері 2 сағатқа созылады, бірақ уландырғыш қасиеті новокаиннан жоғары. Барлық анестезия түрінде қолданылады. ТримекаинTrimecainum 10 мл 0,25% 2,5 10 мл 0,5% 1,2 мл 2% 5-10 мл 5% Инфильтрациялық, өткізгіш анестезия үшін қолданады. Совкаин Covcainum Ұнтақ, ампула 1 мл 0,5% І% Жұлын анестезиясы үшін қолданады. Қан қысымы төмендейді, аллергиялық реакциялар туғызады. Тұтастырғыш дәрілер Бұл дәрілер шырыш қабығына, теріге қолданғанда белок қабыршығын құрып, сезгіш нерв талшықтарын тітіркендіргіш заттардан қорғайды. Тұтастырғыш дәрілер 2 – топқа бөлінеді: Өсімдіктен алынатын дәрілер: танин, еменнің қабығының қайнатпасы, қайнатпалар шай қурай шөбінен, түймедағы гүлінен, қара жидектен т.б. өсімдіктен алынады. Бейорганикалық тотықтырғыш дәрілер: висмуттың негізгі нитраты, ксероформ, дерматол, ашудас жатады. Тұтастырғыш дәрілер сыртқа, шайуға, жууға, ішке, спринцевания үшін қолданады. Көбіне шырышты қабынуында /ауыз, мұрын/, ал көп концентрацияда күйгенді, жараны емдеуге қолданады. Қабынуды, ауыруды, басады. Препараттары: Танин TanninumҰнтақ ретінде шығады. Суда, глицеринде, спиртте ерітіп, ерітінді ретінде қолданады. Емен қабығының қайнатпасы Decoctum corticis Quercus І:10 концентрациясында шайқау үшін қолданады. Висмуттың негізгі нитраты. Bismuthi subnitrasҰнтақ, таблетка 0,25г; 0,5 г;Май 10% КсероформXeroformiumСарғыш түсті ұнтақ, суда ерімейді. ДерматолЛимон түстес ұнтақ, суда ерімейді. Присыпка немесе май ретінде және тік ішекке балауыз ретінде қолданылады. АшудасКристалл тәрізді ақ ұнтақ, суда ериді, 0,5% - І% ерітінді ретінде суда ерітіп жеңіл жараларды жуу, шаю үшін қолданады Іркілдек дәрілер. Іркілдек дәрілер шырыш қабығына қолданғанда қабыршық жасап, сезімтал нерв талшықтарын механикалық және химиялық тітіркендіргіш затардан қорғайды. Бұл дәрілерді асқазан ауруларында, және тітіркендіргіш дәрілермен бірге сұйық қоспа, клизма ретінде қолданады. Бұл дәрілерге зығыр және крахмал қоймалжыңы жатады. Сіңіргіш дәрілер Бұл дәрілердің сіңіргіш активтігі жоғары, суда ерімейді, ткандерді тітіркендірмейді, өзгермей организмнен шығады. Бұл топқа активтендірілген көмір жатады. Активтендірілген көмірCarbo activatusҰнтақ , таблеткада 0,25г 0,5г Бұл дәріні 20 -30гр суға қосып, алкалоидтармен ауыр металл тұздары мен тамақпен уланғанда қолданады. Активтендірілген көмір токсикалықзаттарды өзіне сіңіру арқылы олардың асқазан – ішек жолдарына токсиннің сіңірілуіне кедергі жасайды. Сол себептен уланғанда, іш кепкенде қолданады. Сезгіш нерв ұштарын тітіркендіргіш дәрілер. Бұл топқа: тітіркендіргіш дәрілер ащы дәмді дәрілер құстыратын дәрілер іш жүргізетін дәрілер жатады. Тітіркендіргіш дәрілер: Бұл дәрілер терідегі немесе шырыш қабығындағы сезімтал нерв ұштарын қоздырады. Препараттары: Аммиак ерітіндісі /нашатыр спирті/ Solutio Ammonii causticiФлаконда 10,40 100 мл-дан Ампулада 1 мл-ден шығады.Ес танған жағдайда1-2 тамшы аммиак ерітіндісін мақтаға тамызып, мұрынға иіскетукерек. Жоғарғы тыныс рецепторларын қоздырады, рефлекторлық жолмен тыныс орталығына әсер етеді. Ментол MentholumЕрітінді 2% спирттегіМай 10%Стенокардия ұстамасын басу үшін қолданады. Ментолды қолданғанда ол ауыз қуысының шырышты қабатының рецепторларын қоздыру арқылы, жүрек қантамырларын кеңейтеді. Мұрынға тамшы ретінде ринит ауруларында, сыртқа, бұлшық еттің, нервтің, буынның қабынған ауруларында қолданады. Осы ішкі ағзалардың қабынуы кезінде қыша қағазы қолданылады. Қыша қағазыТітіркендіргіш зат – қыша эфир майы Жоғарғы тыныс органдарының ауруларында қолданылады. Қыша қағазын жылы суға малып, стенокардия кезінде сыртқы аймақта қолданылады. Медициналық практикада қыша қағаздарының орнына тітіркендіргіш дәрі ретінде спиртпен компресті қолданады. Дәріліктүрі:1.Ұнтақ. 2. Ректальдібалауыз 0,1 г3. Ампула 1 мл 2%,2 мл 0,5, 1 ,2%,5 мл 0,5%-2%,10 мл 0,5, 1,2%4. Флакон 200,400 мл 0,25%-0,5%,май Қолданылуы:операция кезінде ауырсынуды басу үшін(жергіліктіанестезия:инфильтрациялық,өткізгіш)мүшелердегі ауырсынуды басу үшін(новокаиновая блокада),парентеральді(көктамырға,бұлшықетке)асқазан,12 елі ішек жарасы кезінде ауырсынуды басу үшін; балауыз түрінде:геморрой,тік ішек жарасы,колит кезінде қолданады; май түрінде:дерматоз,экзема,нейродермит к.қ. Жағымсыз әсері:препаратқа жоғары сезімталдығы бар адамдарда бас ауыруы,әлсіздік,АҚ төмендеуі,аллергиялық реакциялар тудырады. Қолдануға болмайтын жағдайлар: жоғары сезімталдығы бар адамдарға,миастения,гипотония,сульфаниламидпен бірге қолданғанда препараттың әсері тежеледі,жүктілік,18 жасқа дейін. ДИКАИНDicainum ТЕТРАКАИНTetracainumДәріліктүрі: 1.Ұнтақ.2.Көзтамшысы Қолданылуы:терминальды анестезияда қолданады,Офтальмалогияда,Отоларингологияда Жағымсыз әсері: ұзақ қолданғанда-кератит,цианоз, ОЖЖқоздырады,көрудіңбұзылуы, аритмия, анафилаксиялықшок, құсу, жүректіңайнуы, коллапс Қолдануға болмайтын жағдайлар: жоғары сезімталдығы бар адамдарға,кілегейлі қабықша қабынғанда,жүктілік,10 жасқа дейін. СОВКАИНSovcainumДәріліктүрі:1.Ұнтақ. 2.Ампула 1 мл 0,5 % -1 % Қолданылуы:жұлын анестезиясында қолданады,құрсақ қуысына,зәр шығару мүшелеріне,тік ішек,аяққа операция жасағанда Жағымсыз әсері:бозару,салқын тері,әлсіз тамыр соғысы,демікпе,есінен тану Қолдануға болмайтын жағдайлар:егу орнындағы қабынулар, шок,коллапс, жүйкежүйесініңаурулары ЛИДОКАИН Lidocainum Дәрілік түрі: 1.гель 2%, 2. инъекцияға арналған ерітінді 2%, 10%, 1%,3. көз тамшылары 2%, 4%, ампула 10-20 мл 1%,спрей Қолданылуы:барлық анестезияда қолданады,тахиаритмияда,жедел миокардинфаркт кезінде,операциядан кейін,жарақат алғанда ауырсынуды басу,кесар тілігі,хирургиялық араласуда,стоматологияда. Жағымсыз әсері:ОЖЖ қоздырады, бас айналу, бас ауыру, құлақ шуылдауы,невроз,эйфория,ұйқышылдық,дірілдеу,тремор,брадикардия,коллапс,гипотензия Қолдануға болмайтын жағдайлар: жоғары сезімталдығы бар адамдарға,жүктілік,миастения,аса ауыр бауыр ауруында,кардиогенді шок. ДЕРМАТОЛDermatolum Дәріліктүрі: 1.Ұнтақ,2.10% мазь Қолданылуы: тері қабынуында,кілегей қабықша зақымында, экзема,дерматит,ойық жара Жағымсыз әсері:жүрегі айну,құсу,асқазан-ішек жолдарының бұзылуы,бас ауру Қолдануға болмайтын жағдайлар:бүйрек ауруы ТАНИНТanninum Дәрілік түрі: 1.гель 2%, 2.инъекцияға арналған ерітінді 2%, 10%, 1%,3. субстанция, 4. Көз тамшылары 2%, 4%, ампула10-20 мл 1%,спрей Қолданылуы:ауыз қуысы,мұрын,жұтқыншақ,көмей қабынуларында,күйік,ойық жарада Жағымсыз әсері:аллергиялық реакциялар Қолдануға болмайтын жағдайлар:гиперсезімталдық АКТИВТЕНДІРІЛГЕН КӨМІРСarbo activatus Дәрілік түрі:1.Таблетка2.гранула3.капсула Қолданылуы:диспепсия,метеоризм, тамақтан улану. Жағымсыз әсері:іш қату немесе іш өту Қолдануға болмайтын жағдайлар:асқазан-ішек жолдарындағы ойық жара,қан кетуінде. Аммиак ерітіндісіSolutio ammonii caustici Дәріліктүрі: 1.Флаконда 10,40,100 мл2.ампула 1мл, Қолданылуы:жоғары тыныс рецепторларын қоздырады,рефлекторлық жолменжоғары тыныс орталығына әсер етеді,естен танғанда,алкогольден уланған кезде,жәндіктер шаққанда,невралгия,миозит,хирургияда қол өңдеу үшін Жағымсыз әсері:жоғары концентрациясында тыныс алу тоқтайды,араластырылмаған нашатыр спирті асқазан,өңеш күйігіне алып келеді. |