Главная страница
Навигация по странице:

  • Үгіт-насихат технологиялары

  • Халықаралық қатынас

  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

  • Мәдени мұра

  • Тапсырма. тапсыима 2. Шиеленістен ашу дісі бл, мысалы, саяси сахнадан кету немесе саяси ызметкерліктен


    Скачать 21.58 Kb.
    НазваниеШиеленістен ашу дісі бл, мысалы, саяси сахнадан кету немесе саяси ызметкерліктен
    АнкорТапсырма
    Дата20.09.2022
    Размер21.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатапсыима 2.docx
    ТипДокументы
    #687101

    1. Шиеленістен қашу әдісі – бұл, мысалы, саяси сахнадан кету немесе саяси қызметкерліктен кетуімен қорқыту; қарсыласымен кездесуден қашу т.б. 

    2. Кез келген елдерде сияқты, Қазақстанда да экономикалық дағдарыс өз түзетулерін еңгізді. Қаржылық дағдарыс экономикалық дағдарысқа ұласты.

    3. Қазақстан жеріне әртүрлі кезеңдерде тағдырдың жазуымен қоныс аударып келіп, тұрақтанған өзге ұлт өкілдері баршылық. Олар бүгінгі күні әлемдік қауымдастыққа Қазақстан Республикасы атауымен енген елдің азаматтары ретінде өмір сүруде. Көпшілігі кеңестік тоталитарлық жүйе үстемдік құрған шақта күштеп көшірілген халықтар еді. Олар тағдырдың тәлкегіне ұшырап қуғындалып келгенде, жергілікті қазақтар өз жағдайлары аса мәз болмаса да, қолдан келген көмектерін жасап, аман-есен тұрып кетулеріне жәрдемдесті. Бірқатар ұлттардың өкілдері саяси қуғындау аяқталып, құқықтары қайта келтірілген уақытта Отандарына қайтты. Кейбіреулері тұрақтап қалды. Қазіргі уақытта олар Қазақстан азаматтары ретінде барлық салада еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосуда. 

    4. Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс — бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді.

    5. Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет. Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасынқұрайды.

    6. Үгіт-насихат технологиялары - жалпы адамдардың санасезімін бақылап, арбауға бағытталған технологиялар. Мұндай жағдайларда қолданылатын қоғамдық пікірмен байланыс және ақпараттандырутәсілдері мен техникалары саяси реакциялар мен қалың қауымның, халықтың қалауын жасанды түрде түзуге бағытталған.

    7. Үгіт-насихат технологиялары - жалпы адамдардың санасезімін бақылап, арбауға бағытталған технологиялар. Мұндай жағдайларда қолданылатын қоғамдық пікірмен байланыс және ақпараттандырутәсілдері мен техникалары саяси реакциялар мен қалың қауымның, халықтың қалауын жасанды түрде түзуге бағытталған.

    8. Адамзат дамуының тарихи өткелдеріне көз жүгіртсек жеке-жеке мемлекет болып өмір сүрген халықтар ежелден өзара қарым-қатынастарда болған. Ертеректегі қатынастардың көбі бір-бірін қорқытып күш қолдану арқылы, мықтысы әлсізіне айтқанын істеткен, ол саясатпен реттеліп отырылған. Ол кездерде тікелей күш қолдану соғыс жиірек болған. 

    9. Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат.

    10. Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. 

    11. Саяси кеңістік ұғымы халықаралық саяси институттар мен ұйымдар жиынтығын қамтиды. Бұл мағынада саяси кеңістіктің шекарасы жоқ. Халықаралық саяси кеңістік мемлекеттің экономикалық және әскери күшіне байланысты бөлінеді. Экономикалық және әскери күші бар мемлекеттің саяси кеңестігі де кеңірек. 

    12. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.

    13. Зерттеуде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы мен жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларын және экология саласындағы мемлекетаралық байланыстардың әртүрлі салалары баяндалып, оларға талдау жасалған. Қазақстан, Ресей және Орталық Азия эколог, саясатшы, тарихшы ғалымдарының зерттеулері мен монографиялары құрайды. Тангян С.А. Олардың ішінде қырғыз зерттеушісі Ж. Сааданбековтың, өзбек ғалымдары В.А. Духовный мен П.Д. Умаровтың, қазақ зерттеушілері А. Тұрсынов, Ж. Достай, Р. Жанғазы еңбектерін атап өтуге болады.

    14. XX ғ. соңғы он жылдығында халықара-лық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды.

    15. Саяси тәжірибедегі табыстар мүмкіндігі мен мінез-құлық стратегиясынбағалау нақты нәтижелерғе алып келеді. Бірақ саяси болжамдаудың негізгі мәселесі - зерттеушінің саяси даму мүмкіндігін алдын ала болжау, көре алу. Алғашқы талап-тілек пен олардың нәтижелерін жүзеге асыруда сәйкессіздік болуы мүмкін.

    16. Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.

    17. Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олар-дың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардын 16 өкілдігі жұмыс істейді.

    18. Елбасының өз халқымен қоян-қолтық араласып, ежелгі таныстарынша қарым-қатынас жасауы үлкен өнер. Бұл тұрғыдан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың алдына шығатын президент бүкіл ТМД елдерінде жоқ шығар деп ойлаймыз. Рас, кезінде бұрынғы КСРО президенті ел аралап жүрген кезінде ат төбеліндей жұртпен завод, фабрикаларда, кәсіпорын, мекемелерде жөн сұрасып, әңгімелескен кездер болған. Бірақ, ол бүкіл халықпен қоян-қолтық араласқандай әсер ете қоймап еді. Ал, біздің Президеңтіміз өз халқымен қарым-қатынас жасаудың бұрын-сонды болмаған жаңа үрдісін тауып, соны жүзеге асырып келеді.

    19. Демократия қазіргі қоғамның тиімді өмір сүруінің тәсілі. Сондықтан тереңірек зерттеу әдісін қолдану қажет. Әсіресе демократия принциптерін және оның тарихи даму барысындағы ерекшеліктерін ашып көрсетпей болмайды. Сонымен қатар азаматтарды демократиялық көзқарасқа тәрбиелеу жолдарын да қарастырған жөн.

    20. Бүгінде әлемдегі барлық мемлекеттер ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде бірінші орынға шығарады. Бұл үшін мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғам ретінде азаматтық қоғамды құру болып табылады, өйткені ХХІ ғасырда азаматтар мен мемлекеттің дамуындағы ақпарат, ақпараттық ресурстар мен технологиялар рөлінің өсуі байқалады.

    21. Публицистикалық ой барлық қазақ интеллигенциясын қамтыды, ол өз идеялары мен ұсыныстарын БАҚ арқылы жаңғыртылған ұлттық сана-сезімнің барлық аспектілері мен бағыттары бойынша жеткізе бастады. Осы жылдардың публицистикалық мақалалары сол кездегі ұлттық сана-сезімді көтеру ісінде маңызды рөл атқарды және кейіннен Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жаңа бірегейліктің қалыптасуының рухани негізі болды

    22. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына және 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласына; Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.

    23. Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

    24. Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды.

    25. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.


    написать администратору сайта