Главная страница
Навигация по странице:

  • Мамандығы: 0301000 - "Емдеу ісі" Семестр: 2 Курс: 1(11) Шымкент 2021 "Терапия" кафедрасының мәжілісінде қаралды.

  • Келісілді Әдістемелік кабинет меңгерушісі: ___________ Алимханова А.С Тақырып №1

  • Оқу сағатының көлемі

  • Тәрбиелік

  • Пәнаралық және пәншілік байланыс.

  • ІІ. Студенттердің өткен тақырып бойынша білімін тексеру. Қосымша -2 Тексеру әдісі: Сұрақ-жауап.

  • Жалпы патология пәні жайлы жалпы түсінік

  • ІV.Жаңа материалды бекіту (қойылытын сұрақтар мен тапсырмалар). Қосымша-1

  • V.Қорытындылау (білімді бағалау)

  • Сабақтың бөлімінің аты Теориялық, тәжірибелік сабақ- 45 минут-1 сағаттық

  • Барлығы 45 минут Пайдаланған әдебиеттер

  • 1 теориялық сабақ. Шымкент кпсалалы колледжі Бекітемін дістемелік кеесті трайымы


    Скачать 69.03 Kb.
    НазваниеШымкент кпсалалы колледжі Бекітемін дістемелік кеесті трайымы
    Дата02.02.2021
    Размер69.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 теориялық сабақ.docx
    ТипДокументы
    #173221

    Шымкент көпсалалы колледжі

    Бекітемін

    Әдістемелік кеңестің төрайымы

    Жумадуллаева Г.И.____________

    _________________________
    Теориялық сабаққа әдістемелік талдау


    Пәні: Жалпы патология

    Тақырыбы: Жалпы патологияға кіріспе. Денсаулық және аурулар туралы түсінік.

    Мамандығы: 0301000 - "Емдеу ісі"

    Семестр: 2

    Курс: 1(11)

    Шымкент 2021
    "Терапия" кафедрасының мәжілісінде қаралды.

    Кафедра меңгерушісі: ___________ Ханхожаева А.А

    _________ хаттама

    "_____" ___________ 2021ж.
    Құрастырған оқытушы: ___________ ОмароваД.И.
    Келісілді

    Әдістемелік кабинет меңгерушісі: ___________ Алимханова А.С

    Тақырып №1

    Тақырыбы: Жалпы патологияға кіріспе. Денсаулық және аурулар туралы түсінік.

    Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

    Өткізу әдісі: Баяндау,түіндіру.

    Оқу сағатының көлемі: теориялық - 45 минут (1сағаттық)

    Сабақтың мақсаттары:

    Білімділік: Патология пән ретінде және патология міндеттері туралы түсінік. Өзге медициналық ғылымдар арасында патологияның алатын орны Жалпы және жеке патология заманауи клиникалық медицинаның теориялық негізі. Жалпы және жеке патологияның әдістері. Патологиялық анатомиялық зерттеу әдістерін танысып білу.
    Студент білуі қажет: Патология пән ретінде және патология міндеттері туралы түсінік. Өзге медициналық ғылымдар арасында патологияның алатын орны Жалпы және жеке патология заманауи клиникалық медицинаның теориялық негізі. Жалпы және жеке патологияның әдістері. Патологиялық анатомиялық зерттеу әдістері.

    Студент меңгеруі қажет: Биопсиялар және олардың түрлері. Ауруды диагнос тикалауда биопсияның ролі. Патологиялық анатомиялық қызмет және оның денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызы. Патологияның даму тарихы

    Тәрбиелік: Студенттерді ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

    Дамытушылық: Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағдысын қалыптастыру және тақырыпқа сәйкес есептер шығарту арқылы студентердің логикалық ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.

    Пәнаралық және пәншілік байланыс.

    • Пәнаралық байланыс- анотомия, физиология

    • Пәнішілік байланыс- жалпы патология

    І. Сабақтың жабдықталуы: лекция, үлестірмелер мен суреттер.

    Дәрістің құрылымы мен мазмұны

    1. Сәлемдесу.

    2. Дәрісхана тазалығын және студенттердің формасын тексеру.

    3. Студенттерді түгелдеу.

    4. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.

    ІІ. Студенттердің өткен тақырып бойынша білімін тексеру. Қосымша -2

    Тексеру әдісі: Сұрақ-жауап.

    ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

    Түсіндіру әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

    Жоспар:

    1. Патология пән ретінде және патология міндеттері туралы түсінік

    2. Жалпы және жеке патологияның әдістері

    3. Биопсиялар және олардың түрлері

    4. Денсаулық және аурулар туралы түсінік

    Қысқаша мазмұны:
    Жалпы патология пәні жайлы жалпы түсінік

    Патология (грекше pathos – қиналу, ауру, ауырсыну және logos – ілім) патологиялық процестер мен жеке ауруларды зерттейтін ғылым. Медицинаның адам мен жануарлар организміндегі әр түрлі ауытқуларды зерттейтін клиника саласы.
    Патологияның негізгі екі саласы бар: Патологиялық анатомия, Патологиялық физиология.

    Патологиялық анатомия патологияның бір бөлімі, ол биология мен медицинаның ауруларды әр түрлі қырларынан зерттейтін ауқымды саласы болып табылады. Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық негізін зерттейді.

    Патологиялық зерттейтін материалын мәйітті зерттегенде, хирургиялық операция кезінде, биопсия немесе эксперимент жасау арқылы жинақтайды.

    Мәйітті аутопсия әдісімен зерттеу арқылы (грекше autopsia- өз көзімен көру) ауру адамның өлуіне себеп болған, өзгерістермен қатар микроскоппен ғана көрінетін бастама өзгерістер де анықталады. Аутопсия кезінде алынған мүшелер мен тіндерді зерттеу үшін макроскопиялық және микроскопиялық әдістер қолданылады.

    Мәйітті зерттегенде клиникалық диагноздың дұрыстығы анықталып, өлімнің себебі, аурудың ағымының ерекшелігі, қолданылған препараттардың, құрал-саймандардың тиімділігі айқындалып және т.б мәселелер шешімі табылады.

    Биопсия (грекше bios- өмір және opsis – көру) тіндерді тірі организмнен алып, микроскопиялық әдіспен зерттеу. Биопсия арқылы алынған материал – биоптат деп аталады.

    Биопсия арқылы клиникалық диагнозды растап, аурудың даму барысын, ағымы мен болжамының сипатын, қандай да болмасын емнің мақсатқа сәйкестігі мен тиімділігін, дәрі-дәрмектердің қосалқы әсерін дәлелдейтін айқын деректер жинақталады.

    Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.

    Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.

    Патофизиологияның міндеттері

    • Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу

    • Патогенез сұрақтарын зерттеу

    • Экспериментік емдеу тәсілдерін өңдеу

    • Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру

    Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент.

    Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.

    Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).


    • «Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ. Денсаулық дегеніміз-ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі,дамуы және қалыптасуын айтамыз.Қазір-гі кезде денсаулықты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.

    • 1.Физикалық денсаулық-ағза жүйесі мен мүшелердің өсу деңгейі.Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды.Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.

    • 2.Соматикалық денсаулық-Ол адам ағзасы мен мүшелердің арасындағы биологиялық жағдайы.Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

    • 3.Психикалық денсаулық-ол адамның психикалық сферасының жағдайы.Ауруды болдырмау,адам өмірінің мақсатын болжау,мұн-ың бәрі биологиялық және әлеуметтік қажетттілтерден туындайды.

    • 4.Рухани денсаулық-ол адамдардың информацияны қабылдауға де-ген қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді.Оның негізгі баға-лық жүйелері индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнғуы.Ол адамның көңіл күйін анықтайды.

    «Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.

    Аурудың белгілері

    • Науқастың шағымы

    • Дерттің айғақты әйгіленімдері

    • Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі

    • Еңбекке қабілетінің төмендеуі

    Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.

    Ауру алдының белгілері

    • Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі

    • Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы

    • Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)

    Дерттік серпіліс –(re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –

    Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы

    Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы

    Біртектес дерттік үрдістер:

    • Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,

    • Көп себепті (полиэтиологиялы),

    • әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,

    • айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,

    • эволюцияда барысында түзілген

    Дерттік жағдай –организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.

    Аурудың сатылары:

    • аурудың басталуы * нағыз ауру сатысы * аурудың аяқталуы

    Жұқпалы аурулар сатысы:

    • инкубациялық кезең

    • хабаршы сатысы

    • айқындалу кезеңі

    • аурудың аяқталуы Аурудың аяқталуы

    • сауығу (толық, шала)

    • созылмалы түрге ауысуы * өлім


    Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды.

    Ауру - ағзаның тіршілік етіп, өсіп-өну қабілетінің бұзылуы. Ауру туралы ұғымда әр түрлі көз қарастар болып келген.

    Ауруларды жан–жақты талдайтын, олардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беретін ғылым саласын нозология

    ( nosos – ауру ; logos – ілім ) деп атайды.

    Нозологиябұл творчестволық абстракцияның өнімі, медицина дамуының көрсеткіші болып есептеледі (И.В.Довыдовский).

    Нозология принципі ауруды жеке –жеке топтарға бөлуге, олардың патогенезін, клиникасын, морфологиясын үйренуге, емдеу жолдарын табуға мүмкіншілік тудырады.




    Аурудың да, оны тудырғыш факторлардың да алуан түрлі болуына қарамастан, аурудың кезеңі төртке бөлінеді:

    • Аурудың жасырын кезеңі

    • Аурудың басталу кезеңі

    • Аурудың негізгі белгілерінің даму кезеңі

    • Аурудың жазылу кезеңі

    Ауру кезеңдері

    1. Аурудың жасырын (ланетті) кезеңі ауру қоздырушы ағзаға әсерімен аурулардың алғашқы белгілірінің п.б. дейінгі аралықты қамтиды.Бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі.

    2. Басталу (продромальды) кезеңі ауру белгілерінің п.б. Ауруға тән алғашқы белгілердің дамуына дейінгі уақыт.

    3. Аурудың негізгі белгілерінің даму кезеңі тек осы ауру үшін тән клиникалық белгілерінің толық дамуымен сипатталады.

    4. Аурудың жазылу кезеңі (нәтижесі). Бұл кезеңде ауырған адам толық сауығып кетеді немесе ауру созылмалы түр алады.Кейде әртүрлі асқынулар нәтижесінде ауырған кісі өледі.

    Биопсия (био және грек. opsіs — көру) — аурудың сипатын анықтау үшін науқас адамның зақымданған тінін кесіп алып, морфологиялық әдіспен тексеру.

    Биопсия әдісі 19 ғасырдың ортасынан медицинаға ене бастады. Биопсия арқылы алынған затты биоптат деп атайды. Оны әр түрлі жолдармен кез келген органнан алуға болады. Биопсия, негізінен, хирургияда, урологияда, онкологияда, гастроэнтерологияда және пульманологияда кеңінен қолданылады. Ішек-қарын және тыныс алу жолдарынан биоптат аспирация жолымен алынады, яғни зақымданған органдарға жарық беретін, ұшында арнайы пышақшалары бар жіңішке түтікше аспаптар (гастрофиброскоп, бронхоскоп) енгізіледі, сол жерден кішігірім тін кесіп алынады. Бауыр, бүйрек, талақтан пункция әдісімен (теріні жуан инемен тесу арқылы) сұйық зат сорылып алынады.

    Мидан, жілік майынан биоптат алу үшін трепанация әдісі арқылы алдымен сүйекті тесіп, жуан инемен ауырған жерден сұйық алынады. Биопсияның, әсіресе, қатерлі ісіктерді анықтаудағы маңызы зор, сондай-ақ, қатерсіз ісіктердің немесе созылмалы сырқаттардың қатерлі ісікке айналуының алғашқы белгілерін тек биопсия әдісі арқылы ғана анықтауға болады. Биопсияны науқасқа операция жасап жатқан кезде кездейсоқ байқалған сырқаттарды анықтау үшін де қолданады.

    ІV.Жаңа материалды бекіту (қойылытын сұрақтар мен тапсырмалар). Қосымша-1

    Бекіту әдіс сұрақ–жауап арқылы жүргізіледі.

    1. Патология пәні нені зерттейді, ғылымның мақсаты мен міндеттері қандай?

    2. Жалпы және жеке патология заманауи клиникалық медицинаның теориялық негізі мен әдістері?

    3. Патоло гиялық анатомиялық зерттеу әдістері

    4. Биопсиялар және олардың түрлері.

    5. Патологиялық анатомиялық қызмет және оның денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызы?

    V.Қорытындылау (білімді бағалау)Студенттердің жауаптарына талдау жасап, бағалау.

    Үй тапсырмасы: Жалпы патологияға кіріспе. Денсаулық және аурулар туралы түсінік.

    Сабақтың хронокартасы



    Сабақтың бөлімінің аты

    Теориялық, тәжірибелік сабақ-

    45 минут-1 сағаттық

    1.

    Ұйымдастыру кезеңі

    5 минут

    2.

    Өткенді қайталау. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

    10 минут

    3.

    Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

    15 минут

    4.

    Жаңа білімді бекіту кезеңі

    5минут

    5.

    Қортындылау кезеңі

    5 минут

    6.

    Үйге тапсырма

    5 минут




    Барлығы

    45минут

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1.Струков А.И,. Серов В.В « Патологиялық анатомия » -М., ГЭОТАР-Медиа , 2013

    2. Нұрмаханбетов «Патологиялық физиология» , Алматы-2007

    3.Ахметов Ж.Б Патологиялық анатомия.1-2 томдар,Алматы,Білім 2008 ж


    написать администратору сайта