Главная страница

Пат физ. патфиз есептер отв. Шипажайда науаса жылы ккіртті сутекті сумен блау таайындалды


Скачать 124.95 Kb.
НазваниеШипажайда науаса жылы ккіртті сутекті сумен блау таайындалды
АнкорПат физ
Дата15.10.2021
Размер124.95 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлапатфиз есептер отв.docx
ТипДокументы
#248025
страница3 из 5
1   2   3   4   5

Есеп 31.

Науқастың артериалық қанындағы оксигемоглобин мөлшері - 98%, веналық қанда - 45%, эритроцит саны - 4,9х1012/л; аяқ-қолдарының ұштарында, мұрыны мен еріндерінде айқын цианоз. Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) - 2,5 л. Артериялық қандағы көмір қышқыл газының кернеулігі - 40 мм с.б.

  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамығандығын ойлауға болады?

Қанайналымдық гипоксия дамыған.

  1. Науқастағы оттегілік көрсеткіштерді бағалаңыз. Арт-қ қанда оксигемоглобин мөлшері қалыпты, венада азайған, эритроциттер мөлшері жеткілікті, ЖМК – төмендеген.

  2. Бұл гипоксияда басқа оттегілік көрсеткіштер (раО2, pvO2, оттегі бойынша артерио-веналық айырма, қанның оттегіге сыйымдылығы) қалай өзгеруі мүмкін? жауапты негіздеңіз.

раО2 – қалыпты, pvO2 – төмендеген, оттегі бойынша артерио-веналық айырма – үлкейген, қанның оттегіге сыйымдылығы – қалыпты н/е жоғарылаған.

  1. Гипоксия патогенезінің негізгі тізбегін анықтаңыз.

Ж үрек жетіспеушілігі ЖМК азаюы қылтамырларда қан ағу жыл-ы төмендеген тіннің оттегіні толығымен пай-уы тіндер мен қылтамырларда СО2 жиналып қалуы веналық қанда оксигемоглобин азаюы цианоз.
Есеп 32

Жедел жәрдеммен ес-түссіз жеткізілген науқаста тері мен шырышты қабаттары алқызыл түсті, артериялық қандағы оксигемоглобин - 60%, веналық қанда - 45%, эритроцит - 4,5х1012/л, қанның оттегіге сыйымдылығы – 12 көл.%. Жүректің минуттық көлемі - 4 л.

  1. науқастағы гипоксияның белгілерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

Тері мен шырышты қабаттардың алқызыл түсі, естен тану, оксигемоглобин көрсеткіштері.

Оксигемоглобиннің метгемоглобинге тотығуы(улы газдар – көміртегі тотығы, азот тотығы), оксиНв-ң артериялық ж/е веналық қанда салыстырмалы азаюы, қанның оттекке сиымдылығының азаюы, метгемоглобиннің тіндерге оттекті тасымалдамауы, тіндердегі гипоксия, алқызыл түс, мидың зақымдануы, естен тану, тыныс ж/е жүрек қ.т. орт-ң тежелуі, брадикардия, ЖМК төмендеуі.

  1. Науқаста қанын тексергенде не анықталуы мүмкін? Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?

Науқас қанында метгемоглобин н/е карбоксигемоглобин ан-уы мүмкін – олар оттекті тасымалдау қызметінен айырылған. Гемдік гипоксия дамиды.

  1. науқаста оттегілік көрсеткіштерді бағалаңыз.

Арт-ғы окси-Нв – төмендеген, венадағы окси-Нв – төмендеген, қанның оттекке сиымдылығы – төмендеген, артерио-веналық айырмашылық – қалыпты(салыстырмалы төмендеген).

  1. патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.

Жоғары барометрлік қысымда оттекпен дем алдыру, карбогенмен дем алдыру, төмен барометрлі камераларда гипоксияға машықтандыру.
Есеп 33.

Науқаста артериялық қандағы оксигемоглобин - 78%, веналықта - 40%., оттегі бойынша артерио-веналық айырма 4 көл%, қанның оттегіге сыйымдылығы (ҚОС) 35 көл%. қанда эритроцит және гемоглобин жоғарылаған, жүректің соғу жиілігі (ЖСЖ) - 100 рет минутына, тыныс жиілігі (ТЖ) - 28 рет минутына, өкпенің тіршілік сыйымдылығы - 1,3 л. (қалыптыда 4,5-5л). Науқаста пневмония.

  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?

Тыныстық гипоксия дамыған.

  1. Науқастағы оттегілік көрсеткіштерді бағалаңыз.

Арт-қ қанда оксигем-н – төмендеген, венада – төмендеген, айырымы – қалыпты(салыстырмалы төмен), ҚОС артқан.

  1. Гипоксия патогенезінің негізгі тізбегін анықтаңыз.

Өкпе зақым-уы вентиляция, газдар алмасуының бұзылысы гипоксемия окси-Нв – салыстырмалы төмендеуі, гиперкапния.

  1. Бұл гипоксияда ЖСЖ, ТЖ, эритроцит, гемоглобин саны және ҚОС өзгеруі нені көрсетеді? Бұл өзгерістердің патогенеін түсіндіріңіз.

Гиперкапнияның әсерінен тыныс ж/е жүрек-қ.т.орт-ң қозуы тахипноэ, тахикардия(оттектің өкпедегі мөл-н салыстырмалы көбейту). Өкпенің вентиляциясы бұзылуынан көп мөлшерде оттекті тасымалдау мақсатында компенсаторлы механизм б/ша Нв ж/е эритроцит саны артқан, гемопоэз, оның оттекке сиымдылығы да артқан. Барлығы компенсаторлы қызмет атқарып жатыр.

Есеп № 34.

25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

  1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Ишемия.

  1. Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз.

Суық тем-а қ.т. спазмы қан келуінің азаюы қ.т.ішілік қысым төменлеуі жылдамдығының азаюы коллатеральдардың азаюы ишемия гипоксия, дистрофия мет.ацидоз инфаркт

  1. Шеткері қанайналымының бұл бұзылысында гипоксияның қай түрі дамиды?

Қанайналымдық гипоксия дамыды.

  1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Бозару – жылдамдық азайғандықтан оттектің толық пай-уы цианоз

Жергілікті Т-ң төмендеуі – арт-қ қан аз келгендіктен зат алмасу бұзылысы жылу өндірілмеуі

Ауыру сезімі – нерв ұштарының метаболизм өнімдерімен тітіркенуі(жансыздану да осыған ұқсас – ұзақ әсері).
Есеп № 35.

Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Веналық гиперемия.

  1. Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз.

Жүрек ақауы веналық қанды сору қызметінің әлсіреуі веналық гиперемия ісіну арт-қ қанның азаюы гипоксия жергілікті Т-ң төмендеуі жылдамдықтың баяулауы оттектің толық пай-уы цианоз.

  1. Шеткері қанайналымының бұл бұзылысында гипоксияның қай түрі дамиды?

Қанайналымдық гипоксия.

  1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Веналық іркілу қ.т.қабырғасының өткізгіштігі артуы ісіну.

Арт-қ қанның азаюы гипоксия жылу өндірілу бұзылысы жергілікті Т-ң төмендеуі.

Жергілікті жылдамдықтың төмендеуі оттектің толық пай-уы веналық қанда окси-Нв-ң азаюы цианоз.
Есеп № 36.

56 жастағы ер адам емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны бозарған, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».

  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

Ишемия.

  1. Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз.

Суық темп-а әсерінен қ.т.-ң спазмы шылым уы оның қабырғасын зақымдауы қабынуы қылтамырлардың спазмы қан көл-ң азаюы қ.т.ішілік қысымның төмендеуі жылдамдықтың азаюы гипоксия,дистрофия мет.ацидоз инфракт

  1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Терісі құрғақ, тырнағы сынғыш – қанмен қам-сыз етілуінің бұзылысы, тіндік сұйықтықтың азаюы

Суық темп-а мен шылым уының ұзақ әсірінен қ.т. созылмалы қабыну үрдісі болады, ол саңылаудың бітелуімен көрінеді. Сон-тан пульс сезілмейді.

Қалған симптомдар жоғарыда көрсетілген.

  1. Науқастағы қанайналым бұзылыстарының мүмкін болатын жағымсыз әсерлері қандай?

Қ.т. саңылауының толық бітелуінен қабыну үрдісі өршуі мүмкін, инфаркт болып, гангрена дамуы мүмкін, гангрена емі – ампутация.
Есеп № 37.

Науқас К, 43 жаста, оң жақ бұғанаасты венасын катетерлеген соң тромбоз дамыды.

  1. Тромбоз дегеніміз не?

Тромбоз – тіршілік кезінде тамыр ішінде қан жасушаларынан тұратын қатпарлардың пайда болуы.

  1. Науқаста тромбоз дамуына әкелетін жайттарды атаңыз.

Тамыр қабырғасының тұтастығының бұзылуы, тромбоциттердің адгезия-агрегациялық белсенділігінің артуы, ұюға қарсы жүйенің инактивациясы, қан ұю факторларының әсерленуі, фибринолиздің тежелуі, қан ағымының баяулауы.

  1. Бұғанасты венасының тромбозын сипаттайтын симптомдарды көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

Қолда веналық гиперемия бай-ды, ісіну, жергілікті Т-ң түсуі болады. Жүректің қан лақтырымы азайып ишемияға алып келеді. Өлімге алып келетін жайт – тромбтың венадан үзіліп кіші қ.а.ж.-не түсіп, өкпе капиллярларында тұрып қалуы, өкпе капиллярларының спазмы, рефлексті түрде жүректің коронарлы қ.т. спазмы – пульмокоронарлы рефлекс, ол өлімге алып келеді.

  1. Вена тромбозының салдарын көрсетіңіз.

Вена тромбозының салдары – веналық гиперемия, өкпе капиллярларының тромбозы, тромбтың тек ү.қ.а.ж.-де айналып жүруі, осы жерде капиллярда тұрып қалуынан ағзаның инфаркты.
Есеп № 38.

Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.

  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

Вена тромбозы.

  1. Вена тромбозының патогенезін түсіндіріңіз.

Жүрек қызметінің бұзылысы, веналық гиперемия, жергілікті жылдамдықтың төмендеуі, вена тромбозы.

  1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Ауыру сезімі, цианоз, ісіну, суық Т-ң патогенезі 34, 35-есепте.

  1. Науқастағы қанайналымының өздігінен қалпына келуінің тетіктері қандай?

  • Тромбтың канализациялануы

  • Фибринолиздік ж/е т.б. гидролиздік ферм-ң әсерінен тромбтың асептикалық ыдырауы

  • Кальций тұзы шөгіп кальцификациялануы

  • Дәнекер тін өсіп склероздануы

  • Тромбтың үзілуі, тромбоэмбол

  • Сепсистік ыдырауы


Есеп № 39

Науқаста рентгенографияда сол жағынан плевра қуысында сұйықтық жиналғандығы анықталды. Зертханалық талданымда анықталды: сұйықтық мөлдір емес, рН – 5,0, нәруыз мөлшері – 7%, фибрин бар, микроскопияда – көп мөлшерде лейкоциттер, біріндеген эритроциттер

  1. Пункцияда алынған сұйықтықтың табиғатын сипаттаңыз.

Нейтрофилдер мен фибрин жіпшелерінен тұратын фибринді экссудат.

  1. Науқаста плевра қуысында сұйықтық жиналу тетіктерін түсіндіріңіз.

Флогогенге жауап ретінде қабынудың жасушалық дәнекерлерінің әсерленуі, гистамин, серотонин, лизосомалық ферм-р ж/е т.б. , қ.т. қабырғасының өткізгіштігінің артуы, тінде осмостық ж/е онкотикалық қысымның артуы, қанның сұйық бөлігінің тінге өтуі, сұйықтық жиналу.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

Қабыну – орг-ң жаму сатысында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың , қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістермен көрінетін дерттік үрдіс.

  1. Лейкоциттер эмиграциясының патогенезін түсіндіріңіз.

  • Лейкоциттердің маргинациясы

  1. Қабыну медиаторы

  2. Эндотелий жас-ы

  3. Е, Р селектиндер син-і

  4. Олардың лейкоциттердегі L селектин, интегринмен әрекеттесуі

  5. Роллинг

  • Қабыну мед-ң әсерінен интегрин-ң әсерленуі, лейкоциттердің жалған аятары ар-ы жасуша сыртына шығуы;

  • Лейкоциттердің хемотаксисі:

  1. Интерлейкин-8 –ң син-і

  2. Нейтрофил рецепторының қозуы

  3. Жасуша потенциалының өзгеруі

  4. Цитозольде кальций ионының жиналуы

  5. Жасуша ішілік майда талшықтардың жиырылып, нейтрофил-ң флогогенге қарай қозғалысы

  6. Фагоцитоз.


Есеп40

Науқас тез шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене қызымы 38,30С. Қарап тексергенде сол қолы басбармағының тырнақты бөлігінің көлемі ұлғайған, қызарған, сипағанда ауыру сезімі. Қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, жалпы нәруыз 80 г/л (қалыптыда 65-85 г/л), альбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9 (қалыптыда 1,5-2,0), С-реактивті нәруыз (СРН) артқан.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

Саусақатағы іріңді қабыну үрдісі. Қабыну үрдісі болған жерге лейкоцит, маеһкрофаг, моноциттер жиналып, олар медиаторларды бөле бастайды(ИЛ-1,ИЛ-6, гамма-интерферон ж/е т.б.), олар қанмен бауырға барып , жедел жауап кезеңінің белоктарының син-н арттырады.

  1. Жергілікті белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз.

Қолындағы ауру сезімі, бас бармағының тырнақты бөлігі ұлғайған, қызару, сипағанда ауыру.

Қабыну ошағындағы уытты заттар жүйке ұштарын тітіркендіріп, ауыру сезімін тудырады. Қабыну ошағындағы қан тамырларының өткізгіштігі артып, ол жер ісінеді, қан тамырлары кеңейіп тұрады – қызару, бірақ уытты бүкіл орг-ге таратпау үшін, ошақ айналасында дәнекер тіннен түзілген тосқауыл пайда болады, ол лимфа ж/е қ.т. бітеу арқылы организмге жібермей, өзіне сорып алады.

  1. Жалпы белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз.

Тез шаршағыштық, ұйқышылдық, температура. Қабыну ошағында бөлінген простогландиндер мен лейкотриендер гипоталамуска әсер етіп, темп-ны жоғарылатады, тежегіштік әсер етеді, жүрек соғуы әлсіреп, адам тез шаршайды.

  1. Зертханалық көрсеткіштердегі ауытқуларды тауып, патогенезін түсіндіріңіз.

Қанның сұйық бөлігінің қабыну ошағына шығуынан қан қоюланып, ЭТЖ артады. Қабыну медиаторларының әсерінен бауырда жедел жауап фазасының белок-ң син-і арта түседі(С-реактивті белок қанда көбейеді). ж/е сүйек кемігіне әсер етіп ондағы лейкопоэзді ынталандырады, одан лимфоциттер артады.


Есеп № 41

Науқас Р., 30 жаста, бала емізетін әйел, оң сүт безінде тығыз, ауыратын түзілісті анықтады. Қарап тексергенде терінің қызаруы, ісіну, түзіліс үстінің қызымы жоғарылаған, шеткері лимфа түйіндері ұлғайған. Дене қызымы 38С. Науқасқа қанның жалпы және биохимиялық анализі тағайындалған.

  1. Жергілікті белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз.

Тығыз ауыртатын түзіліс, терінің қызаруы, ісіну, түзіліс үстіндегі Т-ң көтерілуі. Патогенезі алдыңғы ж/е кейінгі есептерде.

  1. Жалпы белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз.

Лимфа түйін-ң ұлғаюы, жалпы Т-ң көтерілуі. Патогенезі алдыңғы ж/е кейінгі есептерде(лимфа түйінінің ісінуі белгісіз сияқты)

  1. Науқаста берілген дерттік үрдісте қан көрсеткіштері қалай өзгереді?

Алдыңғы есептегідей.

  1. Этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз.

Келесі есепте жазылған.

ДҰРЫСТАП ШЫҒУ КЕРЕК!
Есеп № 42

Науқас С., 55 жаста, терінің жиі іріңді ауруларымен дәрігерге қаралды. Ауру тарихынан – қантты диабетпен ауырады, жұмыссыз, материалдық жағдайы өте ауыр. Қарап тексергенде лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі төмендегені анықталды.

  1. Науқастағы лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі төмендеуінің патогенезін түсіндіріңіз.

Қантты диабетпен ауыратын адамдарда ақуыздар глюконеогенезге жұмсалады, олар ыдырайды. Сондықтан да иммунды жүйе әлсірейді, иммунды ақуыздар мөлшері азаяды, теріде ж/е шырышты қабаттарда іріңді қабынулар көбейеді.

  1. лейкоциттер эмиграциясы сатыларын көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

  • Лейкоциттердің маргинациясы

  1. Қабыну медиаторы

  2. Эндотелий жас-ы

  3. Е, Р селектиндер син-і

  4. Олардың лейкоциттердегі L селектин, интегринмен әрекеттесуі

  5. Роллинг

  • Қабыну мед-ң әсерінен интегрин-ң әсерленуі, лейкоциттердің жалған аятары ар-ы жасуша сыртына шығуы;

  • Лейкоциттердің хемотаксисі:

  1. Интерлейкин-8 –ң син-і

  2. Нейтрофил рецепторының қозуы

  3. Жасуша потенциалының өзгеруі

  4. Цитозольде кальций ионының жиналуы

  5. Жасуша ішілік майда талшықтардың жиырылып, нейтрофил-ң флогогенге қарай қозғалысы

  6. Фагоцитоз.




  1. фагоцитоздың тұқымқуатын және жүре пайда болған жеткіліксіздігінің патогенезін түсіндіріңіз.

Тұқымқуатын жеткіліксіздігі:

  • лейкоцит адгезиясы бұзылысы – интегрин н/е Е,Р-селектиндермен бай-н L-селектин син-ң бұзылысы;

  • хемотаксис ақауы – химиялық тартқыштардың жеткіліксіз өн-і, лейкоциттердің ішіндегі талшықатр мен түтікшелердің ақауында – «жалқау лейкоцит» - қозғалмайды.

  • Фагоцит-ң бактериоцидтік жүйесінің ақауы – НАДФ-оксидаза(оттегі бос радикалын түзбей қалады), катиондық нәруыздардың, лизосомалық ферменттердің төмен белсенділігінде.

Жүре пайда болған жеткіліксіздігі:

  • Қантты диабет

  • Ауыр метал-мен улану

  • Сәулесоқ ауруы

  • Тамақ құрамында нәруыз жетіспеуі

  • Стероидтық гормон-мен ұзақ емдеу

  • қартаю

  1. патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз.

  • Қабыну туындатқан себепкер ықпалды аластату

  • Микроциркуляцияны қалпына келтіру – құрғақ қыздыру, физиотерапия

  • Қабыну медиаторларының ферменттерін тежеу арқылы медиаторлардың син-н тоқтату – стероидтық гормондар, стероидтық емес препараттар

  • Жасушалардың мембраналарын тұрақтандыру – антиоксидант, витамин

  • Қан ұю жүйесін реттеу, фибринолизді арттыру

  • Иммуностимуляторларды қолдану

  • Хирургиялық тәсілмен іріңді ошақты алып тастау



1   2   3   4   5


написать администратору сайта