Главная страница
Навигация по странице:

  • Есеп № 44

  • Пат физ. патфиз есептер отв. Шипажайда науаса жылы ккіртті сутекті сумен блау таайындалды


    Скачать 124.95 Kb.
    НазваниеШипажайда науаса жылы ккіртті сутекті сумен блау таайындалды
    АнкорПат физ
    Дата15.10.2021
    Размер124.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапатфиз есептер отв.docx
    ТипДокументы
    #248025
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5
    Есеп № 43

    Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.

    1. Қай қоян және неден өлгендігін көрсетіңіз. Жауапты негіздеңіз.

    Токсинді қабынуы жоқ аймаққа енгізген қоян өліп қалады, себебі токсин бүкіл орг-ге таралып, улы әсер еткен, ал орг-ң иммунды компоненттері қабыну ошағына жұмылдырғандықтан токсинді заласыздандыра алмаған.

    Қабыну ошағының айналасында дәнекер тіннен тұартын тосқауыл түзіледі, ол лимфа ж/е қ.т. бөгеу арқылы әртүрлі у, токсиндерді ошақта ұстап тұрады, ол орг-ке тарамайды, қоян өлмейді.

    1. Организм үшін қабынудың маңызын көрсетіңіз.

    • Жағымды жақтары:

    1. Лейкоцитоз

    2. Улы заттарды залалсыздандыратын ақуыздардың – жіті дамуына тән нәруыздар(С-реактивті белок, альфа-антитрипсин), жедел жауап фазасының ақуыздары синтезі артады, антидене мөлшері ұлғаяды

    3. Иммунды жүйе әсерленеді, пролиферация ж/е регенерация процесстері жоғары дәрежеде болады

    • Жағымсыз жақтары:

    1. Тіндердің улы заттар әсерінен ыдырауы

    2. Экссудат көп болса, тіннің қоектенуі бұзылып, гипоксия дамуы

    3. Лейкоциттердің ыдыратушы ферменттерінің әсерінен көршк қалыпты тіннің зақымы

    4. Склероздану – ағза қызметінің төмендеуі

    1. Қабынуға анықтама беріңіз, қабынудың қрамбөлшектерін атаңыз

    Қабыну – орг-ң жаму сатысында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың , қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістермен көрінетін дерттік үрдіс.

    Компоненттері:

    • Альтерация

    • Экссудациямен жүретін қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруі

    • Пролиферация

    1. Қабыну ошағындағы қанайналым өзгерістерінің сатысын көрсетіп, патогенезін түсіндіріңіз,

    • Қысқа мерзімді қан тамырлар спазмы – қоздырғыштың әсерінен рефлекторлы болады.

    • Артериялық гиперемия – қабыну дәнекерлерінің әсерінен қан тамырлары кеңиді, оларда толаққандылық болады, жана қылтамырлар саны артады.

    • Веналық гиперемия – веналарда қан қоюланып, эритроциттер бір-бірімен жабысып, тромбоз болып, жылдамдық төмендеуден болады.

    • Стаз – қылтамырларда қозғалыс тербелмелі болып – систолада алға, диастолада артқа жылжып тұрады, сосын мүлдем тоқтап стаз болады.


    Есеп № 44.

    Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмониямен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтырау, «құстың терісіндей», тамыр соғысы 98 рет мин, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.

    1. Науқаста дене қызымы көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?

    Науқаста асқын қызба болып жатыр – 40, 41 ж/е одан жоғары.

    1. Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.

    Этиологиясы экзогенді-инфекциялық. Пневмококктрдың токсиндері(экзогенді пироген) лейкоцит, моноцит, макрофагтармен әрекеттесіп, оларды активтейді, олар эндогенді пирогендерді(интерлейкин-1, катиондық нәруыз, өспені жоятын фактор, простогландин(Е1,2)) синтездеуді арттырады, олар гипоталамутағы «орнықтыру нүктесіне» әсер етеді, ол температураны төмен деп танып, сипатик-қ жүйені қоздырып, парасимп-қ жүйені тежеу арқылы, жылу шығаруды тежеп, жылу шығаруды арттыру арқылы, зат алмасуды арттырып, температураны көтереді.

    1. Берілген көріністер қызбаның қай сатысына тән?

    Темп-ң көтерілу сатысына тән.

    1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

    Бұл кезде шеткі қ.т. тарылады, жылуды сыртқа за шығарады, сон-тан қан қозғалу жыл-ы азайып, бозару, жергілікті темп-а төмендеген, құрғақ болады, зат алмасудан АТФ-ке қарағанда жылу өндірілу артық болады, сон-тан б.е. еріксіз жиырылады, қаотырау болады. Терідегі түктердің тегіс б.е. жиырылып қалуынан, түктер тікірейіп, құс терісіндей болады. Симп-қ жүйке жүйесі қозудан жүрек соғысы артады.
    Есеп №45.

    Миокард инфарктымен ауыратын науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары анықталды.

    1. Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.

    Этиологиясы эндогендік инфекциялық емес. Некроз ошағында лейкоцит, макрофагтар жиналып, олар гидролазалық ферменттерді, интерлейкин-1 ж/е т.б син-п, катиондық нәруыздар, жедел жауап нәруыздары пайда болу арқылы қызбаны көтерді.

    1. Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары пайда болу патогенезін түсіндіріңіз.

    Некроз ошағында қабыну үрдісі басталып, лейкоцит, макрофаг, моноциттер активтеліп , сол жерге жылжиды, олар медаторлар(ИЛ-1, ИЛ-6, ӨНФ, гамма-интерферон) бөліп шығарады. Ал ол медаторлар жүйелі әсер етеді. Гипоталамусқа әсер етіп қызба, гипофизге әсер етіп АКТГ, симп-қ жүйке жүйесін қоздырады, бауырға әсер етіп жедел жауап белоктарының син-н арт-ы, сүйек емігіне әсер етіп, лейкоцитоз, иммунды жүйеге ісер етіп лимфоциттердің активтілігін көтереді.

    С-реактивті белок, сарысулық белок А, фибриноген, гаптоглобин лимфоциттерді активтейтін, комплемент жүйесін активтейтін, бактериялардың лизисін тудыратын, қабыну шақыратын ісер етеді.

    1. Қызбаның сатысын атаңыз, әр сатыда жылу реттелу өзгерістерін көрсетіңіз.

    • Көтерілу сатысы – жылу өндіру жылу шығарудан жоғары болады, шеткері қ.т. тарылады, симп-қ жүйке қозады, парасимп-қ – тежеледі, зат алмасу артады, АТФ син-не қарағанда жылу көп өндіріледі.

    • Жоғары деңгейде тұрақтану сатысы – қызу реттелуі жаңа жоғары деңгейде теңеседі. Жылу өндірілу де, шығару да арта түседі: тері қызарады, ысыйды, тыныс алу жиілейді.

    • Қалыпты деңгейге түсу сатысы – жылу шығару жылу өндіруден артады, тері қ.т.-ы кеңейеді, терлейді, жиі тыныс алу арқылы темп-ы қалыпты деңгейге түсіріп алады.

    1. Миокард инфарктында дене қызымы көтерілуінің қорғаныстық маңызы бар ма?

    Неуроз ошағындағы уды залалсыздау мақсатында макрофаг, лейкоцит, моноциттер ферменттер бөле бастайды, осы эндогенді пирогендердің арқсында дене қызымы көтеріледі. Бұлар гипофиз қоздыру арқылы симп-қ жүйені қоздырады, АКТГ син-н артырады, ол өз кезегінде бүйрек үсті безінің функциясын жоғарылату арқылы орг-ң төзімділігін көтереді, адаптациялық фунция.
    Есеп №46.

    Дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма, егер:

    1. Науқас 70-жаста аденовирустық жұқпа әсерінен қызымы - 390С, птамыр соғысы әлсіз, 110 рет мин., жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген.

    2. науқас 18 жаста, жіті аппендицит белгілерімен, дене қызымы - 380С, тамыр соғысы 82 рет мин.

    1. 1) жағдайда дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма?

    Болады, себебі жүрегі гипертрофияланған, ауырлық түсіп жатыр, ол дәрілер ОЖЖ-ғы қозуларды азайтады, тыныштандырады, жүрек соғысын бәсеңдетеді, жүректің жіті жетіспеушілігінен алдын алады.

    1. 2) жағдайда дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма?

    Аппендицит болған жердегі микробтардың улы өнімдерін, токсиндерін залалсыздандыру мақсатында лимфоцит, лейкоцит, макрофагтар жиналып, олар медиаторларын бөлуде, бұл кезде солардың әсерінен дене қызымы көтеріледі, бұл қалыпты құбылыс. Қызымы аз көтерілген, жүрек соғысы қалыпты, дәрі енгізуге болмайды, себебі қабыну ошағындағы удың орг-ге таралуының алдын алу үшін.

    1. Жұқпалы қызбада дене қызымы көтерілу патогенезін көрсетіңіз.

    Экзогенді пироген лейкоцит, моноцит, макрофагтармен әрекеттесіп, оларды активтейді, олар эндогенді пирогендерді(интерлейкин-1, катиондық нәруыз, өспені жоятын фактор, простогландин(Е1,2)) синтездеуді арттырады, олар гипоталамутағы «орнықтыру нүктесіне» әсер етеді, ол температураны төмен деп танып, сипатик-қ жүйені қоздырып, парасимп-қ жүйені тежеу арқылы, жылу шығаруды тежеп, жылу шығаруды арттыру арқылы, зат алмасуды арттырып, температураны көтереді.

    1. Қызбаның организм үшін маңызын көрсетіңіз.

    Теріс жақтары:

    • Ет ысуы, тырысулар, жүрек жұмысына теріс әсер.

    • Естен тану, 3-сатыда қызда бірден түсуден коллапс дамиды.

    • Жұмысқа қабілеті төмендейді, тәбеті, көңіл-күйі нашарлайды.

    Пайдалы жақтары:

    • Микробтардың өсіп-өнуін баялатады.

    • Зат алмасу үрдісі артады, қызметі жақсарады.

    • Фагоцитоздық активтілігі артады.

    • Бауырдың интоксикациялық қызметі артады.

    • Қабыну ошағындағы иммунды жасушалар бактериоцидтік, антитоксиндік, вирусқа қарсы заттарды өндіреді.


    Есеп №47.

    Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120 рет. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберіп, төсекке жатуын ұсынды. 20 минуттан соң науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшейген тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚ — 75/55 мм с.б. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

    1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?

    Аллергия – анафилаксиялық түрі.

    1. Осы дерттік жағдайдың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.

    Этиологиясы – аллерген – антибиотик.

    Патогенезі : аллерген мен макрофагтың қосылуы, одан Тх2 жас-алр акти-п, В-жас-ды плазмоцитттерге айналдыру, IgЕ мен IgG4 түзілуі, оның аллергенмен қайта бай-сы, лаброциттер(тін базофиль-ң) дегрануляциясы, гистамин, гепарин, эозинофилдер мен нейтрофиль-ң хемотаксис факторы, фосфолипидтерден простогландин, лейкотриендердің син-і, осыдан тамыр соғысы жиілейді, әлсіз болады, бронхоспазм болады, жөтел, ОЖЖ бұзылысы, естен тану, теріде бөртпе, ісіну, ринит, конъюктивит, гиперсаливация(сілекей), шеткері қан тамыры кеңейеді, өткізгіштігі артады, АҚ төмендеп кетеді, маңызды орталықтар(тыныс, жүрек-қ.т.) тежелуден өлім болуы мүмкін.

    1. Туындаған жағдай науқастың өміріне қауіпті ме?

    Тыныс, жүрек-қ.т. орт-ң тежелуінен, тыныс алу жол-ң тегіс б.е. спазмынан, тұншығудан өліп кету мүмкін.

    1. Бұл жағдайдың патогенездік емдеу ұстанымын түсіндіріңіз.

    Аллергеннің енгізілуін тоқтату, бөлмеде ауаның жоғары мөлшерін қам-сыз ету, аллергеннің орнына адреналин енгізу, тегіс салалы б.е.-ң спазмын, гиперсаливацияны тоқтату үшін холиноблокаторларды енгізу(М – атропин ж/е оның туындылары).
    Есеп №48.

    Манго сусынын ішкен 7 жасар балада 40 мин соң жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну тез дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әпкесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.

    1. Науқаста қабынулық ісіну дамыды деп ойлауға бола ма? Егер жоқ болса, ісіну дамуы неге байланысты, және ол қалай аталады? Жоқ, атопиялық ауру дамыған(квинке ісінуі). Атопилық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділік тән. Әпкесінде бронх демікпесінің ұстамалры бар болса, ол інісінде де бар, тек оның дамуы үшін өолайлы жағдай керек. Манго сусыны осы қолайлы жағдай ж/е аллерген болып тұр.

    2. Осы дерттің патогенезін құрастырыңыз.

    Патогенезі алдындағы аурудағыдай, бірақ бұл жерде тек IgЕ-ң син-і жүреді, содан симптомдар дамиды, парасимпатикалық жүйке жүйесі қозады, қанда эозмнофильдер көбейіп, олар шырышты қабаттарда жиналады, лаброциттер мен базолфильдер ешқандай түрткісіз-ақ түйіршіксіздене алады.

    1. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

    Қызару мен ісіну – гистамин мен гепарин қ.т. өткізгіштігін арттырады, сұйық бөлігі тінге өтеді, содан ісіну, қызару болады.

    1. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?

    Гиперсаливацияның, ісінудің әсерінен жоғары тыныс жолы бітеліп жан тапсыруы мүмкін.

    Есеп №49.

    Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты. Дене қызымы – 38-39оС. Науқасқа «Поллиноз» аңғарымы қойылды.

    1. Поллиноздың негізінде сезімталдық жоғарылауының қай түрі жатыр?

    Дереу дамитын сезімталдықтың анафилаксиялық түрі.

    1. Бұл дерттің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

    Алдындағы есептегідей, тек IgЕ н/е IgG4 син-і артады.

    1. IgE және IgG4 иммуноглобулиндердің басқа түрлерінен қалай ерекшеленеді? Неге атопиямен ауырған науқастың қан сарысуында IgE болмауы мүмкін?

    IgG4 н/е IgЕ – реагиндік антиденелер д.а. Олар тек лаброцит ж/е базофильдермен жабысады, ал бұл жасушалар теріде, шырышты қабаттарда, тегіс салалы б.е.-де көп болады. Гендердің ауытқуларынан осы антиденеге жауап беретін геннің функциясы бұзылып, IgЕ-ң син-і болмауы н/е өте азайып кетуі мүмкін.

    1. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

    Алдыңғы есептердегідей болады.
    Есеп №50.

    28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен ісінген күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 С аралығында.

    1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің даму негізінде сезімталдық жоғарылауының қай түрі жатыр?

    Дереу дамитын сезімталдықтың анафилаксиялық түрі.

    1. Бұл дерттің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

    Алдындағы есептердегідей, аллергені – пенициллин. Қатты терлеуден дене қызымы аз көтеріледі.

    1. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

    Алдындағы есептердегідей. Буын ауруының себебі – ісінулік сұйық буын қаптарында да жиналған.

    1. Есекжемде дене қызымы көтерілу патогенезін түсіндіріңіз.

    Простогландин (Е1,2) гипоталамусқа әсерінен, дене қызымы артады. 46 есепте бар.
    Есеп №51.

    Омыртқаның бел бөлігінің остеохондрозын қабынуға қарсы стероид емес дәрілермен емдеу нәтижесінде науқаста дәрінің әсерінен туындаған лейкопения дамыды.

    1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің даму негізінде сезімталдық жоғарылауының қай түрі жатыр?




    1. Бұл аллергиялық серпілісті қандай аллерген (шығу тегіне қарай) дамытуы мүмкін? «Тосқауылдан тыс тіндер» деген не?

    2. Науқаста лейкоцит санының азаю патогенезін түсіндіріңіз (патогенезін құрастырыңыз)

    3. Аллергиялық серпілістің осы түрімен дамитын ауруларды мысалға келтіріңіз


    Есеп №52.

    Науқаста сіреспеге қарсы сарысуды енгізген соң 7 күннен кейін дене қызымы 39 оС-қа көтеріліп, қышитын бөртпе пайда болды. Буындардың зақымдануы байқалды (артралгия, қозғалуы қиындауы). Аурудың 2-аптасында лимфа түйіндері және көкбауыры ұлғайды. Науқас әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағысына, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады.

    1. Науқаста қандай ауру дамыды?

    Сарысулық ауру.

    1. Бұл ауру жоғары сезімталдықтың қай түрімен дамыды?

    Дереу дамитын сезімталдықтың иммундық кешендік түрі.

    1. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

    Темп-а көтерілуі простогландиндердің син-нен болған.

    Қышитын бөртпелер – тамыр өткізгіштігі артудан, ісінулік сұйық жүйке ұштарын тітіркендіреді.

    Әсерленген комплемент бөлшектері тамыр қабырғасына жабысады, нейтрофил ж/е макрофагтраға хемотаксистік әсер етеді(С), осыдан нейтрофилдер антидене-антиген комлексін фагоциттейді, оттегінің бос радикалдарын, лизосомалық ферменттерді бөліп шығарады, олар коллаген талшықтарын ыдыратады, қ.т. өткізгіштігін арттрады. Қабыну дамиды, артралгия, ісіну, лейкотриендер тегіс б.е. спазмын шақырады, одан ентігу, жүрек жұмысындағы ауырлықтар, әлсіздік болады.

    1. дене қызымы көтерілу патогенезін түсіндіріңіз. 46 есеп.


    Есеп №53.

    Балаға Манту сынауын жасады (тері астына туберкулин – туберкулездік тазартылған аллерген). 6-12 минуттан кейін туберкулин енгізілген жерде серпілістің алғашқы белгілері пайда болып, 24-48 сағаттан соң айқын шегіне жетті.

    1. Манту сынауы негізінде жоғары сезімталдықтың қай түрі жатыр?

    Баяу дамитын сезімталдықтың жасушалардың қатысуымен дамитын түрі.

    1. Бұл аллергиялық серпілістің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

    Аллерген мен макрофаг бай-ды, интерлейкин-12 өндіріледі, ол Тх0-дан Тх1 лифоциті түзіледі, одан интерлейкин-2 өн-п ол Т-эффектор лимфоциттерді, Т-киллерлердің син-н арт-ды, олар аллергені бар жасушамен жабысады, содан макрофагтар интерлейкин, интерферон,гистамин, простагландин, ал лимфоциттер интерлейкин, гистамин, базофильді активтейтін фактор, макрофаг стимулдеуші фактор, макрофаг МТФ, лимфотоксин, хемотаксис факторын бөліп шығарады. Осыдан басқа лейкоциттердің (Б,Э,Н) әсерленуі болып, олар простагландин, лейкотриен, ТАФ, гистамин босап шығады, бұдан қ.т.-ң өткізгіштігі артады, қабыну дамиды, ол жерде иммунды жас-р жиналады, жас-ң, тіндердің бүлінісі цитокин, лизосомалық ферм-ң, Т-киллерлердің әсерінен болып, ол жерде тығыз сіңбелі гранулема п.б.

    1. Оң туберкулиндік сынау нені мәлімдейді?

    Оң нәтиже осы енгізілген аллерген ағзаға алдын да әсер еткені туралы, яғни ағзада оған қарсы иммундық серпіліс қалытасқандығын білдіреді, бұл оның туберкулезбен ауырғанын(немесе ауру даму сатысында) білдіреді.

    1. Манту сынауының клиникалық көрінісі қандай? Қабынулық инфильтраттың жасушалық құрамы қандай?

    Диаметрі 3 см-ден асатын, қызарған, ісінген терідегі бөртпе. Жас-қ құрамы – макрофаг, лимфоцит(Т, киллер, Т-жады), моноциттер. Макрофагтардан алып эпителиоидты, одан Пирогов-Лангханс(алып, көп ядролы) жас-ы түзілуі мүмкін.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта