Главная страница
Навигация по странице:

  • Сын есімнің сөйлемдегі қызметі Сан есім, оның түрлері Есімдік, түрлеріСан есім

  • қанша, неше 2. Реттік сан есім

  • 4. Болжалдық сан есім

  • 6. Бөлшектік сан есім

  • Сұрақтары, тұлғалары Қатысты сөздер Синтаксистік қызметі 1

  • Етістіктің шақ категориясы

  • Сын есім түрлері, шырайлары-1. Сын есім, трлері. Сын есім шырайлары. Сын есім сйлемдегі ызметі


    Скачать 495.84 Kb.
    НазваниеСын есім, трлері. Сын есім шырайлары. Сын есім сйлемдегі ызметі
    Дата15.03.2023
    Размер495.84 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаСын есім түрлері, шырайлары-1.pptx
    ТипДокументы
    #991236

    Сын есім, түрлері. Сын есім шырайлары. Сын есім сөйлемдегі қызметі.

    Сын есім – заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипатын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы

     

    Түрлері

    Мысалдар

    І.Мағынасына қарай

    сапалық

    қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, ақ

    қатыстық

    көш-пелі (ел), кеш-кі (ауа), өнер-лі (жігіт)

    ІІ.Тұлғасына қарай

    негізгі

    жақсы, әдемі, кең, суық

    туынды

    қысқы, таулы, сынық, өткір

    І. Қосарлы сын есімдер

    а) ұзын-ұзын, биік-биік

    ә) ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі

    б) ұсақ-түйек, жаман-жұман

    в) қоғамдық-саяси, әскери-саяси

    ІІ. Тіркесті сын есімдер

    а) қара қасқа, қызыл ала

    ә) ақ шашты, қысқа бойлы

    б)жібек баулы, ат жақты

    ІІІ. Тұрақты тіркес

    а) қолы ашық, тілі ұзын, басы бос, көзі ашық.

    ә) көңіл көтерерлік, күн көрерлік.

    Қосарлану және тіркесу арқылы жасалған сын есімдер күрделі сын есімдер деп аталады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіңлілі, биік-биік, балалы-шағалы; шұбар ала, қара көк, ақ сақалды, жирен қасқа т. б. Бір ғана түбірден тұратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады.

    Шырай түрлері

    Жұрнақтары

    Мысалдар

    І. Жай шырай

     

    әдемі, жақсы, ақ, көк

    ІІ.Салыстырмалы

    шырай

    -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, - дау, -деу, -тау, -теу, қыл,- ғыл, ғылт, -ғылтым,- қылтым-шыл, -шіл,- шылтым, -шілтім, -ақ

    -қай, -ғыш

    Жақсырақ, ағырақ, көгірек, сұрғылт, ақшылтым, көкшілтім,

    Көкшіл, көкшілтім, ақшыл, ақшылтым, көкшілтім, (алып тастау) көгілдір

    сарғыш, сұрқай

    ІІІ. Күшейтпелі шырай

    1) күшейткіш буын арқылы

    Жап-жақсы, әп-әдемі, сап сары, өте әдемі,

    ІҮ. Асырмалы шырай

    өте, тым, аса, бек, тіпті, нағыз, ең, нақ

    Тым жақсы, аса биік, тіпті жақын

    Сын есімнің шырайлары

    Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

    Сан есім, оның түрлері Есімдік, түрлері

    Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары: қанша, неше, нешеу, нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас). Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Нешеу? – төртеу, алтау).

    Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді:

    1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім.

    1.Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы: үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т.б.

    2. Күрделі сан есім:

    а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б.

    ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.

    б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он

    Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

    1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша, неше?

    2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.

    Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:

    3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

    4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша, неше, қай шамалы, қаншадан?

    5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де нешеден, қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

    Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады.

    6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:

    Есімдер тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттардың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады. Сондықтан оларды орынбасар сөз табы деп те атайды. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді.



    Мағыналық түрлері

    Сұрақтары, тұлғалары

    Қатысты сөздер

    Синтаксистік қызметі

    1

    Жіктеу есімдігі

    Кім? Кімдер?

    Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер

    Бастауыш, толықтауыш, баяндауыш, анықтауыш

    2

    Сілтеу есімдігі

    Қай? Қайсы?

    Бұл, осы, сол, анау, мынау, әні

    Анықтауыш

    3.

    Сұрау есімдігі

    Кім? Не? Неше?қандай?

    Кім? Не?неше? қай?

    Бастауыш, толықтауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш

    4

    Өздік есімдігі

    Тұлғасына қарай сұрақтар ауысып отырады

    Өз

    Барлық мүше қызметін атқарады

    5

    Белгісіздік есімдігі

    Бір, әр, әлде

    Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әлдекім

    Бастауыш, толықтауыш,

    пысықтауыш

    6

    Болымсыздық есімідігі

    Еш (емес, жоқ, сөздерімен байланысады: ешкім айтқан жоқ, айтқан емес)

    Ешкім, ешбір, ештеңе, ешқашан

    Бастауыш, анықтауыш

    7

    Жалпылауыш есімдігі

    Бар

    Бәрі, барлық, бүкіл, түгел

    Анықтауыш, , толықтауыш,

    пысықтауыш бастауыш

    Етістік түрлері. Бастауыш сыныпта етістікті оқыту жолдары

    Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).

    Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді:

    1) дара етістік; 2) күрделі етістік.

    Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы, Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.

    Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралып, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы, Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды

    ЕСІМ СӨЗДЕР

    ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

    Балта

    Би

    Бас

    Үтік

    Дамыл

    Сән

    Рух

    Әдет

    Көмек

    Сыр

    Пікір

    Жиын

    Орын

    Жаман

    Көк

    Екеу

    Балтала

    Биле

    Баста

    Үтікте

    Дамылда

    Сәнде

    Рухтан

    Әдеттен

    Көмектес

    Сырлас

    Пікірлес

    Жина

    Орна

    Жаманда

    Көгер

    Екеуле

    Етістік формаларының жүйесі грамматикалық категорияларға бөлінеді: етістік негізі, қимыл атауы категориясы, салттық және сабақтылық категориясы, етіс категориясы, болымдылық және болымсыздық категориясы, есімшелер, көсемшелер, рай және шақ категориясы.

    Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
    • Болымды етістік; 2) болымсыз етістік.

    • Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.

      Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.

      Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:

      1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе,

    Етістіктің шақ категориясы - іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория.

    Етіс категориясы – амалдың, істің субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ керісінше субъектінің объектіге, амалға қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз (алып тастау).

    Тапсырма
    • Етістіктің грамматикалық формаларына мысалдар келтіру.

    •  

      2. Грамматикалық нормаларды сақтау дағдысына орай, етістіктің шақтарын ажырату тақырыбына оқу мақсатын қойып, ҚМЖ жасаңыз.

       

       

    Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

    Сен бір артық көркемсің

    Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан

    Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез,

    Жақсыдан шарапат,жаманнан кесапат

    Мағынасы жуық сын есімдерді бір бөлек, қарсы мәндес сын есімдерді бір бөлек топтастыру. Неліктен солай топтастырғанызды дәлелдеңіз. Түрлеріне ажыратыңыз.

    Ізетті, кең, аласа, қарт, момын, лай, биік, сұлу, жуас, тұнық, ауыр, кәрі, ибалы, жеңіл, тар, көрікті.

    Тапсырма

     
    • Көркем әдебиеттен шырай категориясы бар сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыз.
    • Төмендегі жұрнақтар арқылы жасалған туынды түбір сын есімдерді тауып, олармен сөйлемдер жазыңыз:-шаң/-шең; -ық/-ік; -қор/-паз; - шыл/-шіл; - ды/-ді

    •  


    написать администратору сайта